ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Постановления  »  Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 25...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Постановления

  Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 25 қарашадағы № 498-IV Заңы

Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөнiндегi Орталық Азия өңiрлiк ақпараттық үйлестiру орталығы арасындағы Алматы қаласында Орталықтың орналасу шарттары туралы келiсiмдi ратификациялау туралы

2009 жылғы 16 қыркүйекте Астанада жасалған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөнiндегi Орталық Азия өңiрлiк ақпараттық үйлестiру орталығы арасындағы Алматы қаласында Орталықтың орналасу шарттары туралы келiсiм ратификациялансын.

Қазақстан Республикасының
Президентi Н. НАЗАРБАЕВ

Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Есiрткi құралдарының,
психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз

айналымына қарсы күрес жөнiндегi Орталық Азия өңiрлiк

ақпараттық үйлестiру орталығы арасындағы Алматы қаласында

оның болу шарттары туралы келiсiм

Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөнiндегi Орталық Азия өңiрлiк ақпараттық үйлестiру орталығы,
2006 жылғы 24 шiлдедегi Әзiрбайжан Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжiкстан Республикасы, Түрiкменстан және Өзбекстан Республикасы арасындағы Есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөнiндегi Орталық Азия өңiрлiк ақпараттық үйлестiру орталығын құру туралы келiсiмдi басшылыққа ала отырып,
Есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөнiндегi Орталық Азия өңiрлiк ақпараттық үйлестiру орталығының орналасқан жерi Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы болып табылатынына келiсе отырып,
Қазақстан Республикасының аумағында Есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөнiндегi Орталық Азия өңiрлiк ақпараттық үйлестiру орталығы өзiнiң мақсаттары мен мiндеттерiн орындауы үшiн қажеттi жағдайларды қамтамасыз етуге ниеттене отырып,
халықаралық құқықтың жалпыға бiрдей танылған қағидаттары мен нормаларын басшылыққа ала отырып,
төмендегiлер туралы келiстi:

1-бап

Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн төменде келтiрiлген ұғымдар мынаны бiлдiредi:
ОАӨАҮО немесе Орталық - Есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөнiндегi Орталық Азия өңiрлiк ақпараттық үйлестiру орталығы;
ОАӨАҮО-ны құру туралы келiсiм - 2006 жылғы 24 шiлдедегi Әзiрбайжан Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжiкстан Республикасы, Түрiкменстан және Өзбекстан Республикасы арасындағы Есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөнiндегi Орталық Азия өңiрлiк ақпараттық үйлестiру орталығын құру туралы келiсiм;
қатысушы мемлекет - ОАӨАҮО құру туралы келiсiмнiң тарапы болып табылатын мемлекет;
жiберушi мемлекет - Орталықта жұмыс iстеу үшiн өз өкiлiн жiберетiн қатысушы мемлекет;
болатын мемлекет - Қазақстан Республикасы;
Үкiмет — Қазақстан Республикасының Үкiметi;
лауазымды тұлға — Орталықта жұмыс iстеу үшiн қатысушы мемлекет жiберген және тиiстi штаттық лауазымға тағайындалған құзыреттi органның өкiлi;
қызметкер - Орталықтың қызметiн әкiмшiлiк және техникалық қамтамасыз етудi жүзеге асыратын Орталықтың штаттық қызметкерi;
Орталықтың персоналы - Орталықтың лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерi;
өкiлеттi өкiл (байланыс офицерi) - осы құзыреттi органның кадрында тұратын және мемлекеттiң құзыреттi органдары мен Орталықтың арасындағы байланысты жүзеге асыру үшiн Орталыққа жiберiлген қатысушы мемлекеттiң құзыреттi органының өкiлi;
бақылаушы - ОАӨАҮО-ны құру туралы Келiсiмнiң Тарапы болып табылмайтын, Орталықтың жанындағы бақылаушы мәртебесi берiлген мемлекет, құзыреттi халықаралық ұйым;
Орталықтың үй-жайлары - меншiк нысанына және құқығының тиесiлiлiгiне қарамастан, осы ғимараттарды немесе ғимараттардың бiр бөлiгiне қызмет көрсететiн жер учаскесiн қоса алғанда, Орталықтың мақсаттары үшiн пайдаланылатын ғимараттар немесе ғимараттардың бiр бөлiгi;
отбасы мүшелерi - лауазымды тұлғалардың, өкiлеттi өкiлдердiң (байланыс офицерлерi) және бақылаушы өкiлдердiң жұбайы (зайыбы), кәмелетке толмаған балалары және олардың асырауындағы және олармен үнемi бiрге тұратын адамдар.

2-бап

Осы Келiсiм Орталықтың Алматы қаласында болуына қатысты мәселелердi реттейдi.

3-бап

Орталық заңды тұлға мәртебесiне ие және осы ретте Орталықтың артықшылықтары мен иммунитеттерiне зиян келтiрмей, ОАӨАҮО құру туралы келiсiмге, осы Келiсiмге және болатын мемлекеттiң заңнамасына сәйкес құқықтарды пайдаланады және мiндет алады.
Осы бапта көзделген құқықтарды Орталықтың атынан оның директоры жүзеге асырады.

I. Орталықтың артықшылықтары мен иммунитеттерi

4-бап

Орталықтың мүлкi мен активтерi әкiмшiлiк немесе соттық араласудың кез келген нысанынан иммунитеттi пайдаланады.
Орталықтың үй-жайлары мен көлiк құралдары, сондай-ақ оның мұрағаттары мен құжаттары, оның iшiнде қызметтiк хат-хабарлары олардың қай жерде екенiне қарамастан, тiнтуге, реквизициялауға, тәркiлеуге және Орталықтың қызметiне бөгет болатын кез келген басқа нысандағы араласуға жатпайды.
Мемлекеттiң билiк және басқару органдарының өкiлдерi Орталықтың үй-жайларына директордың келiсiмiмен және ол мақұлдаған шарттардан өзгеше кiре алмайды.
Мемлекеттiң билiк және басқару органдарының шешiмi бойынша кез келген әрекеттi орындау Орталықтың үй-жайларында директордың келiсiмiмен ғана орын алуы мүмкiн.
Болатын мемлекет Орталықтың үй-жайларын кез келген басып кiруден немесе залал келтiруден сақтау және қорғау жөнiндегi тиiстi шараларды қабылдайды.
Орталықтың үй-жайлары мен көлiк құралдары халықаралық құқық нормаларына сәйкес заңдар бойынша қудаланатын немесе ОАӨАҮО құру туралы келiсiмнiң кез келген Тарапына немесе үшiншi мемлекетке берiлуi тиiс тұлғалар үшiн баспана бола алмайды.
Орталықтың үй-жайлары мен көлiк құралдарының қол сұқпаушылығы Орталықтың мiндеттерiмен және функцияларымен үйлеспейтiн немесе ОАӨАҮО құру туралы келiсiм Тараптарының қауiпсiздiгiне, олардың жеке және заңды тұлғаларының мүдделерiне зиян келтiретiн мақсатта оларды пайдалануға құқық бермейдi.

5-бап

Орталық, оның активтерi және басқа да меншiгi болатын мемлекеттiң заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында алынатын барлық салықтар мен алымдардан босатылады.
Орталықтың ресми пайдалануына арналған мүлiк пен заттар кедендiк баждан, салықтардан және осыған байланысты алымдардан, болатын мемлекеттiң заңнамасына сәйкес бұл үшiн белгiленген орындардан тыс жерлерде немесе тиiстi кеден органының жұмыс уақытынан тыс сақтағаны, кедендiк ресiмдегенi үшiн алымдары қоспағанда, импорттық және экспорттық шектеулер мен тыйым салулардан босатылады.
Жалпы тәртiптен тыс әкелiнетiн мүлiк пен заттарды сатуды және пайдалану құқығын берудi қоса алғанда, өзге мақсаттарда пайдалану кедендiк төлемдердi төлеуге және болатын мемлекеттiң заңнамасына сәйкес өзге де құқықтық салдарларға әкеп соғады.

6-бап

Орталық өзiнiң ресми байланыс құралдары үшiн болатын мемлекет шет мемлекеттердiң дипломатиялық миссияларына ұсынатын қолайлы жағдайлардан кем емес жағдайларды пайдаланады.
Орталық ақпарат берудi қорғауды қамтамасыз ететiн шифрларды, курьерлiк және басқа байланыс түрлерiн пайдалануға құқылы. Орталық дипломатиялық курьерлер мен вализдер пайдаланатын иммунитеттер мен артықшылықтарды пайдаланатын курьерлер немесе вализдер арқылы хат-хабар алуға және жөнелтуге құқылы.
Курьер қызметтiк хат-хабарды құрайтын, оның мәртебесi мен орындарының саны көрсетiлген ресми құжатпен жарақталуы тиiс.
Қызметтiк хат-хабарды құрайтын барлық орындарда олардың сипатын көрсететiн көрiнетiн сыртқы белгiлер болуы тиiс және Орталықтың ресми пайдалануына арналған қызметтiк құжаттар мен заттарды ғана қамтуы мүмкiн.

7-бап

Орталықтың туы, эмблемасы және басқа да символикасы болады және оларды Орталықтың қызметтiк мақсатта пайдаланылатын өздерi орналасқан үй-жайлары мен автокөлiк құралдарында орната алады.

8-бап

Орталық өзiнiң мiндеттерi мен мақсаттарына сәйкес баспа өнiмдерiн шығара және тарата алады.

9-бап

Үкiмет Орталыққа үй-жайды (ғимаратты) Орталық жұмыс iстейтiн барлық кезеңге өтеусiз пайдалануға бередi.
Үй-жайларды (ғимаратты) беру болатын мемлекеттiң заңнамасында белгiленген тәртiппен жасалатын жеке шарттың негiзiнде жүзеге асырылады.

10-бап

Болатын мемлекеттiң ұйымдары Орталықты шарттың негiзiнде Орталықтың есебiнен төленетiн коммуналдық қызметтермен, байланыс қызметтерiмен қамтамасыз етедi.
Коммуналдық қызметтердi, байланыс қызметтерiн болатын мемлекеттiң ұйымдары көрсеткен жағдайда немесе олардың бағаларын олар бақылағанда мұндай қызмет көрсетулер үшiн тарифтер дипломатиялық миссияларға қатысты қолданылатын тарифтерден аспауы тиiс.
Коммуналдық қызметтердi, байланыс қызметтерiн көрсетуде толық немесе iшiнара кiдiрiс келтiретiн форс-мажорлық мән-жайлар басталған кезде Орталық өзiнiң функцияларын орындау мүддесiнде шет мемлекеттердiң дипломатиялық миссияларына ұсынылатын басымдықты пайдаланады.
Коммуналдық қызметтер уәкiлеттi өкiлдерiнiң Орталықтың үй-жайларында қажеттi жұмыстарды жүргiзуге мүмкiндiгi болуы үшiн Орталық тиiстi шаралар қабылдайды.

II. Орталықтың лауазымды тұлғаларының, өкiлеттi өкiлдердiң (байланыс офицерлерi) және бақылаушылар өкiлдерiнiң артықшылықтары мен иммунитеттерi

11-бап

Орталықтың лауазымды тұлғалары халықаралық қызметшiлер болып табылады.
Болатын мемлекет Орталықтың лауазымды тұлғалары функцияларының халықаралық сипатын құрметтеуге және олардың өз қызметтiк мiндеттерiн орындауы кезiнде оларға ықпал етпеуге мiндеттенедi.

12-бап

Лауазымды тұлғалар, өкiлеттi өкiлдер (байланыс офицерлерi) және бақылаушылардың өкiлдерi болатын мемлекеттiң аумағында:
1) мыналарды:
Орталыққа, лауазымды тұлғаға, өкiлеттi өкiлге (байланыс офицерiне) немесе бақылаушылардың өкiлiне тиесiлi не оның басқаруындағы көлiк құралынан болған жол-көлiк оқиғасына байланысты зиянды өтеу туралы талап-арыздарды;
лауазымды тұлғаның, өкiлеттi өкiлдiң (байланыс офицерiнiң) немесе бақылаушылар өкiлiнiң тарапынан болған әрекеттен өлiмге немесе дене жарақатына байланысты зиянды өтеу туралы талап-арыздарды қоспағанда, олар айтқан немесе жазған және барлық жасаған ресми iс-әрекеттерi үшiн қылмыстық, азаматтық және әкiмшiлiк жауапкершiлiкке жатпайды;
2) Орталық төлейтiн еңбекақыға және өзге де сыйақыларға салынатын салықтардан босатылады;
3) мемлекеттiк мiндеткерлiктерден босатылады;
4) отбасы мүшелерiмен бiрге иммиграция бойынша шектеулерден және шетелдiктер ретiнде тiркеуден босатылады;
5) валюталық операциялар саласында дипломатиялық агенттерге берiлетiн артықшылықтарды пайдаланады;
6) халықаралық дағдарыстар кезiнде дипломатиялық агенттер репатриация бойынша қандай жеңiлдiктердi пайдаланатын болса, өздерiнiң отбасы мүшелерiмен бiрге сондай жеңiлдiктердi пайдаланады;
7) лауазымды бастапқы атқарған және келiсiм-шарттың тоқтатылуына байланысты болған мемлекеттен кеткен кезде нақты қызмет көрсету түрлерi (қызметтер) үшiн төлем болып табылатындарды қоспағанда, кедендiк баж, салықтар мен алымдар төлемей өздерi жеке пайдалануға арналған автокөлiк құралын қоса алғанда, мүлiктi болатын мемлекеттiң заңнамасына сәйкес әкелуге/әкетуге құқылы.
Осы баптың 1), 2), 3), 5), 6) және 7) тармақшаларының ережелерi болатын мемлекеттiң азаматтары болып табылатын немесе болатын мемлекетте тұруға ықтиярхаты бар Орталықтың персоналына, өкiлеттi өкiлдер (байланыс офицерлерi) мен олардың отбасы мүшелерiне қолданылмайды. Бұл тұлғалардың жалақысына болатын мемлекеттiң заңнамасына сәйкес салық салынады.

13-бап

Осы Келiсiмнiң 12-бабында бекiтiлген артықшылықтар мен иммунитеттерден басқа, Орталықтың лауазымды тұлғалары, өкiлеттi өкiлдер (байланыс офицерлерi) мен бақылаушылардың өкiлдерi, сондай-ақ олармен бiрге тұратын олардың отбасы мүшелерi халықаралық құқыққа сәйкес дипломатиялық агенттер мен олардың отбасы мүшелерiне берiлетiн басқа да артықшылықтар мен иммунитеттердi пайдаланады.
Бұл ретте, егер осы бапта көрсетiлген тұлғалар болатын мемлекеттiң азаматтары болып табылса немесе болатын мемлекетте тұруға ықтиярхаты болса, олар болатын мемлекеттiң аумағында қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде ғана өздерiнiң осы бапта көрсетiлген артықшылықтары және иммунитеттерiн пайдаланады.

14-бап

Орталықтың лауазымды тұлғалары, өкiлеттi өкiлдер (байланыс офицерлерi) және бақылаушылардың өкiлдерi болатын мемлекетте жеке пайдасы немесе басқа тұлғалардың пайдасы үшiн коммерциялық немесе өзге қызметпен (ғылыми, шығармашылық және оқытушылықтан басқа) айналысуға құқығы жоқ.
Осы Келiсiмнiң 12-бабына сәйкес артықшылықтарды пайдаланатын және болатын мемлекетте салық салудан босатылған тұлғалар, егер олар ғылыми, шығармашылық және оқытушылық қызметтерден табыс алған жағдайда, осындай қызметтен алатын жиынтық табысты декларациялайды және болатын мемлекеттiң заңнамасына сәйкес одан салық төлейдi.

15-бап

Орталықтың лауазымды тұлғалары, өкiлеттi өкiлдер (байланыс офицерлерi), бақылаушылардың өкiлдерi, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерi автокөлiк құралдарын пайдалануға байланысты азаматтық құқықтық жауапкершiлiктi сақтандыруды болатын мемлекеттiң заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

16-бап

Орталықтың лауазымды тұлғалары, өкiлеттi өкiлдер (байланыс офицерлерi), бақылаушылардың өкiлдерi және олардың отбасы мүшелерi осы Келiсiмде көзделген артықшылықтар мен иммунитеттердi баратын жерiне келе жатқанда болатын мемлекеттiң аумағына кiрген сәттен бастап немесе, егер олар сол аумақта болса, лауазымды тұлғалар, өкiлеттi өкiлдер (байланыс офицерлерi), бақылаушылардың өкiлдерi өздерiнiң мiндеттерiн орындауға кiрiскен сәттен бастап пайдаланады.
Орталықтың лауазымды тұлғасының, өкiлеттi өкiлдiң (байланыс офицерiнiң), бақылаушының өкiлiнiң функциялары тоқтатылған кезде олардың артықшылықтары мен иммунитеттерi, сондай-ақ болатын мемлекеттiң азаматтары болып табылмайтын олардың отбасы мүшелерiнiң артықшылықтары мен иммунитеттерi бұл тұлғалар болатын мемлекеттен кеткен сәтте немесе 30 күн өткеннен кейiн тоқтатылады. Отбасы мүшелерi болуды тоқтатса, отбасы мүшелерiнiң артықшылықтары мен иммунитеттерi тоқтатылады, алайда, егер мұндай адамдар болатын мемлекеттен 30 күннiң iшiнде кетуге ниеттенсе, онда артықшылықтары мен иммунитеттерi олар кеткен сәтке дейiн сақталады деген түсiнiктеме берiледi.
Орталықтың лауазымды тұлғасы, өкiлеттi өкiл (байланыс офицерi), бақылаушының өкiлi қайтыс болған жағдайда олардың отбасы мүшелерi олар болатын мемлекеттен кеткен сәтке дейiн, бiрақ 30 күннен аспай оларға берiлген артықшылықтар мен иммунитеттердi пайдалануды жалғастыра бередi.

17-бап

Орталықтың лауазымды тұлғалары мен бақылаушылардың өкiлдерi лауазымды атқару үшiн шақыру-хат немесе iссапар ұйғарымы болған жағдайда визаларды жеделдетiлген тәртiппен және өтеусiз негiзде ресiмдеуге құқылы.
Орталықтың лауазымды тұлғалары, өкiлеттi өкiлдер (байланыс офицерлерi) және бақылаушылардың өкiлдерi Орталықтың iс-шаралары үшiн қажет жағдайда және, егер бұл болатын мемлекеттiң заңнамасына сәйкес келсе, оның аумағында еркiн жүруге құқылы.

18-бап

Орталық болатын мемлекеттiң Сыртқы iстер министрлiгiнiң атынан Үкiметке Орталықтың лауазымды тұлғаларының, өкiлеттi өкiлдер (байланыс офицерлерi) мен бақылаушылар өкiлдерiнiң тегi мен санатын, сондай-ақ олардың мәртебесiнiң кез келген өзгерiсi туралы хабарлайды.
Болатын мемлекеттiң Сыртқы iстер министрлiгi өз Үкiметiнiң атынан Орталықтың ресми өтiнiшi бойынша Орталықтың болатын мемлекеттiң азаматтары болып табылмайтын лауазымды тұлғаларына және өкiлеттi өкiлдерге (байланыс офицерлерiне), сондай-ақ олардың отбасы мүшелерiне осы Келiсiмде белгiленген артықшылықтар мен иммунитеттерге олардың құқықтарын растайтын аккредиттеу карточкаларын бередi.

19-бап

Орталықтың лауазымды тұлғалары, өкiлеттi өкiлдер (байланыс офицерлерi), бақылаушылардың өкiлдерi, сондай-ақ болатын мемлекеттiң аумағында олармен бiрге тұратын олардың отбасы мүшелерi коммуналдық-тұрмыстық, медициналық, санаторийлiк-курорттық, қонақ үй, көлiктiк және қызмет көрсетудiң басқа да түрлерi үшiн ақы төлеу мәселелерiнде болатын мемлекет азаматтарының тиiстi құқықтарын пайдаланады.

20-бап

Осы Келiсiмге сәйкес артықшылықтар мен иммунитеттердi пайдаланатын барлық адамдар олардың артықшылықтары мен иммунитеттерiне зиян келтiрмей болатын мемлекеттiң заңнамасын құрметтеуге және болатын мемлекеттiң iшкi iсiне араласпауға мiндеттi.

III. Қорытынды ережелер

21-бап

Осы Келiсiмдi қолдануға немесе түсiндiруге байланысты даулар мен келiспеушiлiктер мүдделi Тараптар арасында консультациялар мен келiссөздер жолымен шешiледi.

22-бап

Болатын мемлекет осы Келiсiмнiң депозитарийi болып табылады.
Депозитарий әрбiр қатысушы мемлекетке осы Келiсiмнiң расталған көшiрмесiн жiбередi.

23-бап

Осы Келiсiмге Тараптардың өзара келiсiмi бойынша жеке хаттамалармен ресiмделетiн және осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын және осы Келiсiмнiң 24-бабында көзделген тәртiппен күшiне енетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.

24-бап

Осы Келiсiм оған қол қойылған күнiнен бастап Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтiн бөлiгiнде уақытша қолданылады және Орталық оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi Үкiметтiң орындағаны туралы жазбаша хабарлама алған күнiнен бастап күшiне енедi және ОАӨАҮО құру туралы келiсiмнiң әрекетi тоқтатылған күнiнен бастап өзiнiң әрекетiн өздiгiнен тоқтатады.

Астана қаласында 2009 жылғы 16 қыркүйекте қазақ және орыс тiлдерiнде екi данада жасалды және де екi мәтiннiң күшi бiрдей.

Қазақстан Республикасының ОАӨАҮО үшiн
Үкiметi үшiн

Осымен 2009 жылғы 16 қыркүйекте Астана қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөнiндегi Орталық Азия өңiрлiк ақпараттық үйлестiру орталығы арасындағы Алматы қаласында Орталықтың орналасу шарттары туралы келiсiмнiң ажырамас бөлiктерi болып табылатын Қазақстан Республикасы СIМ-нiң 2011 жылғы 16 наурыздағы № 10-2/1068 және Есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөнiндегi Орталық Азия өңiрлiк ақпараттық үйлестiру орталығының 2011 жылғы 15 сәуiрдегi № 3/861 ноталарының куәландырылған көшiрмесi екендiгiн растаймын.

Қазақстан Республикасының
Сыртқы iстер министрлiгi
Халықаралық құқық департаментiнiң
Басқарма бастығы Н. Сәкенов

Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina