ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Положения  »  Қазақстан Республикасының Тәуелсiз...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Положения

  Қазақстан Республикасының Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы Экономикалық кеңесiнің жанындағы Экономикалық мәселелер жөнiндегi комиссиясындағы Өкiлеттi өкiлi туралы ереже
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 9 қарашадағы N 1071 қаулысымен бекiтiлген

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2006 жылғы 9 қарашадағы
N 1071 қаулысымен
бекiтiлген

Қазақстан Республикасының Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы Экономикалық кеңесiнің жанындағы Экономикалық мәселелер жөнiндегi комиссиясындағы Өкiлеттi өкiлi туралы ереже

1. Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасының Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы Экономикалық кеңесiнiң жанындағы Экономикалық мәселелер жөнiндегi комиссиясындағы Өкiлетті өкiлi (бұдан әрi - Өкiлетті өкiл) Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi тағайындайтын және қызметтен босататын лауазымды адам болып табылады.
Өкiлеттi өкiл өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Үкiметiне және Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiне есеп бередi.
2. Өкiлеттi өкiл лауазымы бойынша Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелерiнiң кеңесшi-уәкiлiне теңестiріледi.
3. Өкілетті өкiлге "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылы 7 наурыздағы Заңының ережелерi қолданылады.
4. Өкілетті өкiл өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 20 сәуiрдегi Заңымен ратификацияланған Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының (бұдан әрi - ТМД) Жарғысына, ТМД-ға қатысушы мемлекеттер басшыларының 2000 жылғы 25 қаңтардағы шешiмiмен бекiтiлген ТМД Экономикалық кеңесi туралы ережеге, ТМД Экономикалық кеңесiнің 2000 жылғы 10 наурыздағы шешiмiмен бекiтiлген ТМД Экономикалық кеңесi жанындағы Экономикалық мәселелер жөнiндегi комиссия туралы ережеге, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылы 4 ақпандағы N 1287 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының дипломатиялық және оған теңестiрiлген өкiлдiгi туралы ережеге, ТМД Экономикалық кеңесi жанындағы Экономикалық мәселелер жөнiндегi комиссияның 2000 жылғы 22 наурыздағы шешiмiмен бекітілген ТМД Экономикалық кеңесi жанындағы Экономикалық мәселелер жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) жұмысының регламентiне, осы Ережеге, халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасына сәйкес, болатын мемлекеттің заңнамасын, халықаралық құқықтың жалпыға бiрдей қағидаттары мен нормаларын ескере отырып жүзеге асырады.

2. Өкiлетті өкiлдiң негізгі мiндеттерi, функциялары және құқықтары

5. Өкiлетті өкiлдiң негізгi мiндеттерi:
1) Қазақстан Республикасының өкiлдiгi;
2) Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық және сыртқы саяси бағытын iске асыру;
3) Қазақстан Республикасының мүдделерiн қорғау;
4) Қазақстан Республикасының ұстанымын ескере отырып, шешiмдердiң жобаларын дайындауға қатысу болып табылады.
6. Өкiлетті өкiл Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Yкiметінің, Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгінiң тапсырмаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiмен келiсiлген Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарының тапсырмалары мен сұрауларын орындау;
2) ТМД шеңберiндегі экономикалық және әлеуметтік салалардағы ынтымақтастықты дамытудың жай-күйi мен негізгі үрдiстерiн талдау;
3) Комиссия қызметiнiң мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының Yкіметiн және Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiн, Қазақстан Республикасының өзге де мүдделi мемлекеттік органдарын белгiленген тәртiппен хабардаp ету;
4) Комиссияның және ТМД-ның өзге де органдарының қызметiне Қазақстан Республикасының қатысуын қамтамасыз ету жөнiнде белгiленген тәртiппен ұсыныстар енгізу;
5) Қазақстан Республикасының мүдделi мемлекеттiк органдарына Комиссиямен қарым-қатынас мәселелерi бойынша ұсыныстар беру;
6) Комиссияның және ТМД-ның өзге де органдарының лауазымды тұлғалармен келiссөздер жүргізу және ресми байланыстарды қолдау;
7) Қазақстан Республикасының Комиссиямен және ТМД-ның өзге де органдарымен ынтымақтастығы шеңберiнде мақсаттар мен қағидаттарды жүзеге асыруға, сондай-ақ шешiмдердi iске асыруға жәрдемдесу;
8) Комиссияның отырыстарына қатысу және Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерiне жауап беретiн экономикалық және қаржылық шешiмдердi қабылдау кезiнде белгiленген тәртіппен келiсiлген ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан енгізу;
9) дайындалған шешiм жобалары бойынша Қазақстан Республикасы атынан Комиссияда дауыс беруге қатысу, олардың жекелеген ережелерiмен келiспеген кезде жазбаша ескертпелер жазу және Қазақстан Республикасының ерекше пікірiн бiлдiру;
10) Қазақстан Республикасының жекелеген мәселелердi қарауға мүдделi еместігі туралы Комиссияны хабардар ету;
11) Комиссия, ТМД Экономикалық кеңесi, Үкiмет басшылары кеңесi, Мемлекет басшыларының кеңесi қарауға тиiс құжаттардың жобаларын жан-жақты пысықтауды қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының ұстанымын ТМД-ға қатысушы мемлекеттердiң өкiлетті өкiлдерiмен құжаттарды пысықтау кезеңдерiнде келiсу;
12) Комиссияның отырысы барысында құжаттың кез келген жобасын талқылауды ауыстыру туралы Комиссияны хабардар ету, қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының Үкiметiнен келiсiм алу;
13) Комиссияның мүшелерiмен, ТМД Экономикалық кеңесiмен және экономикалық және әлеуметтік салаларға қатысты ТМД Мемлекет басшылары кеңесiнiң, Yкiмет басшылары кеңесiнiң, Экономикалық кеңестiң шешiмдерiн дайындау мен iске асыру мәселелерi бойынша тиiстi мемлекеттердің министрлiктерiмен және ведомстволарымен белгiленген тәртiппен өзара iс-қимыл жасау;
14) ТМД-ның жарғылық және өзге де органдарының шешімдерiне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да функцияларды орындау.
7. Өкiлетті өкiл Комиссияның отырысында мәселелердi талқылау кезiнде және дауыс беруде Қазақстан Республикасының мүдделерiн бiлдiру құқығын кiмге болса да беруге құқысыз.
8. Өкiлетті өкiл отырыстарға материалдарды дайындау және бұрын қабылданған шешiмдердi iске асыру мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының мүдделi мемлекеттік органдарымен өзара iс-қимылды жүзеге асыру үшiн қажеттілiк туындауына қарай Қазақстан Республикасына iссапарға жiберiледi.
9. Өкiлетті өкiлдiң Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес негiзгi міндеттерiн iске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру мақсатында:
1) Қазақстан Республикасының мүдделi мемлекеттiк органдарымен келiсiм бойынша Комиссияның және ТМД Экономикалық кеңесiнiң отырыстарына қарауға енгiзiлетін құжаттардың жобаларын бiрлесiп пысықтау үшiн мамандар мен сарапшыларды тартуға;
2) Өкiлетті өкiлдің құзыретiне кiретiн мәселелердi шешу үшiн қажетті құжаттарды және өзге де материалдарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарынан сұратуға және алуға;
3) республиканың өзiне қабылдаған мiндеттемелерiн орындағаны туралы Қазақстан Республикасының тиiстi мүдделi мемлекеттік органдары мен ұйымдарынан ақпарат сұратуға;
4) ТМД органдары қабылдаған шешімдерге сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу жөнiнде, сондай-ақ Өкiлетті өкiл қызметiнiң мәселелерi жөнiнде Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң және Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгінің қарауына ұсыныстар енгізуге;
5) ТМД-ға қатысушы мемлекеттер құрған интеграциялық органдардың iс-шараларына шақыру бойынша қатысуға;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар жүзеге асыруға құқығы бар.

3. Өкiлетті өкiлдiң қызметiн ұйымдастыру

10. Өкілетті өкiл өз мiндеттерiн атқаруға ТМД Атқарушы комитетi Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнен оның тағайындалуы туралы ресми хабарлама алған сәттен бастап кiрiседi.
11. Өкiлетті өкiл өз функцияларын тұрақты негiзде жүзеге асырады.
12. Өкiлеттi өкiл өкiлеттiгi ТМД Атқарушы комитетi Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнен оны қайтарып алу туралы ресми хабарлама алған күнiнен бастап тоқтатылады.

4. Өкiлеттi өкiлдiң қызметiн қамтамасыз ету

13. Өкiлетті өкiлдiң қызметiн қаржыландыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
14. Өкiлеттi өкiлдiң қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегi шығыстарды жыл сайынғы қаржыландыру жоспарын Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi.
15. Өкiлетті өкiл ТМД Атқарушы комитетiнiң бөлiмi орналасқан жерде тұрады.
16. Өкiлетті өкiлге бекiтiлген мүлiкті иеленудiң, пайдаланудың және билiк жүргiзудiң тәртiбi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленедi.


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina