Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 12 ақпандағы № 131 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Бiрiккен Ұлттар Ұйымы арасындағы БҰҰ паспорттарының (Laissez-Passer) иелерiн визалық талаптардан босатуға қатысты келiсiмдi бекiту туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. 2010 жылғы 17 қыркүйекте Астана қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Бiрiккен Ұлттар Ұйымы арасындағы БҰҰ паспорттарының (Laissez-Passer) иелерiн визалық талаптардан босатуға қатысты келiсiм бекiтiлсiн. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi К. Мәсiмов Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Бiрiккен Ұлттар Ұйымы арасындағы БҰҰ паспорттарының (Laissez-Passer) иелерiн визалық талаптардан босатуға қатысты келiсiм Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Бiрiккен Ұлттар Ұйымы достық қатынастарды нығайтуға деген ұмтылысты назарға ала отырып және Бiрiккен Ұлттар Ұйымы қызметкерлерiнiң Қазақстан Республикасының аумағына жасайтын сапарларына жәрдемдесуге ниет бiлдiре отырып, төмендегiлер туралы келiстi: 1-бап Бiрiккен Ұлттар Ұйымының (бұдан әрi - БҰҰ) паспорттары (Laissez-Passer) 1946 жылғы 13 ақпандағы «Бiрiккен Ұлттардың артықшылықтары мeн иммунитеттерi туралы» конвенциясына сәйкес БҰҰ лауазымды адамдарына берiледi. БҰҰ паспорты оны иеленушiнiң БҰҰ лауазымды адамы болып табылатынын куәландырады және ресми сапар үшiн ғана, атап айтқанда, БҰҰ ақысын төлейтiн немесе санкциялаған сапарларға берiледi. БҰҰ паспорты ұлттық паспортпен алмастырылмайды. 2-бап БҰҰ жарамды паспорттарының (Laissez-Passer) иелерi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын кесiп өткен күннен бастап 180 (бiр жүз сексен) күндiк кезең iшiнде 30 (отыз) күннен аспайтын кезеңде Қазақстан Республикасының аумағына визасыз келе алады, кете алады, бола алады және транзитпен жүре алады. 3-бап БҰҰ-ның жазбаша ресми сұранысы негiзiнде Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасына сәйкес БҰҰ-ның жарамды паспорттары (Laissez-Passer) иелерiнiң болу мерзiмiн 3 (үш) айға дейiн ұзарта алады. 4-бап БҰҰ өкiлдiгiнде жұмыс iстеу үшiн Қазақстан Республикасына жiберiлген БҰҰ паспорттарының (Laissez-Passer) иелерi өздерiмен бiрге тұратын және БҰҰ-ның жарамды паспорттарын (Laissez-Passer) иеленетiн отбасы мүшелерi сияқты өздерi тағайындалған немесе iссапар мерзiмiне Қазақстан Республикасының аумағында аккредиттеледi. 5-бап БҰҰ-ның жарамды паспорттарының (Laissez-Passer) иелерi халықаралық қатынас үшiн ашық Қазақстан Республикасының шекарасын кесiп өту пункттерi арқылы келе алады немесе кете алады. 6-бап Егер олардың Қазақстан Республикасының аумағында болуы қолайсыз деп танылған жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкiметi БҰҰ-ның жарамды паспорттары (Laissez-Passer) иелерiнiң болу мерзiмiн қысқарту немесе тоқтату құқығын өзiне сақтайды. 7-бап Бiрiккен Ұлттар Ұйымы осы Келiсiмге қол қойылған күннен бастап 30 (отыз) күн iшiнде өзiнiң БҰҰ жарамды паспорттарының (Laissez-Passer) егжей-тегжейлi ақпаратын қоса алғанда, дипломатиялық арналар арқылы мұндай құжаттардың үлгiлерiн Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiне ұсынады. БҰҰ-ның жаңа паспорттары (Laissez-Passer) енгiзiлген немесе қолданыстағы БҰҰ паспорттары өзгертiлген жағдайда Бiрiккен Ұлттар Ұйымы олар қолданысқа енгiзiлгенге дейiн 30 (отыз) күннен кешiктiрмей жоғарыда көрсетiлген паспорттардың үлгiлерiн дипломатиялық apналap арқылы Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне жолдайды. 8-бап Қазақстан Республикасының Үкiметi ұлттық қауiпсiздiктi және қоғамдық тәртiптi қамтамасыз ету мақсатында осы Келiсiмнiң қолданысын iшiнара немесе толық тоқтата тұру құқығын өзiне сақтайды. БҰҰ-ның Қазақстан Республикасындағы өкiлдiгiне дипломатиялық арналар арқылы осы Келiсiмнiң қолданысын тоқтата тұру туралы мұндай шешiм қабылданғанға дейiн кем дегенде, 72 сағат бұрын хабарланады. Осы Келiсiмнiң қолданысын тоқтата тұру Қазақстан Республикасының аумағында жүрген БҰҰ-ның жарамды паспорттары (Laissez-Passer) иелерiнiң құқықтық жағдайына әсер етпейдi. 9-бап Тараптардың өзара келiсiмi бойынша Осы Келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн, олар жекеленген хаттамалармен ресiмделедi және оның ажырамас бөлiктерi болып табылады. 10-бап Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруге және қолдануға қатысты даулар мен келiспеушiлiктер Тараптар арасындағы консультациялар және келiссөздер жолымен шешiледi. 11-бап Осы Келiсiм БҰҰ-ның Қазақстан Республикасындағы Тұрақты өкiлдiгi дипломатиялық арналар арқылы оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң орындағаны туралы жазбаша хабарламаны алған күннен бастап 30 (отыз) күн өткен соң күшiне енедi. Осы Келiсiм белгiленбеген мерзiмге жасалады және Тараптардың бiрi дипломатиялық арналар арқылы екiншi Тараптан соңғысының оның қолданысын тоқтату ниетi туралы жазбаша хабарламаны алған күннен бастап 3 (үш) ай өткенге дейiн күшiнде қалады. 2010 жылғы 17 қыркүйекте Астана қаласында әрқайсысы қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiнде, бiрдей күшi бар екi түпнұсқа данада жасалды. Осы Келiсiмдi түсiндiру барысында келiспеушiлiктер туындаған жағдайда Тараптар ағылшын тiлiндегi мәтiнге жүгiнетiн болады. Қазақстан Республикасының Бiрiккен Ұлттар Үкiметi үшiн Ұйымы үшiн 2010 жылғы 17 қыркүйекте Астанада жасалған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Бiрiккен Ұлттар Ұйымы арасындағы БҰҰ паспорттарының (Laissez-Passer) иелерiн визалық талаптардан босатуға қатысты келiсiмнiң бұл көшiрмесiнiң дәлдiгiн куәландырамын. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Халықаралық құқық департаментiнiң Басқарма бастығы Б. Пискорский РҚАО-ның ескертпесi. Бұдан әрi Келiсiмнiң мәтiнi ағылшын тiлiнде берiлген.
|