Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 13 желтоқсандағы № 1521 Қаулысы
"Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Норвегия Корольдiгiнiң Үкiметi арасындағы Халықаралық автомобиль тасымалдары туралы келiсiмге қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 26 ақпандағы № 138 қаулысына өзгерiс енгiзу туралыҚазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. "Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Норвегия Корольдiгiнiң Үкiметi арасындағы Халықаралық автомобиль тасымалдары туралы келiсiмге қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 26 ақпандағы № 138 қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация министрi Берiк Сайлауұлы Камалиевке қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Норвегия Корольдiгiнiң Үкiметi арасындағы Халықаралық автомобиль тасымалдары туралы келiсiмге қол қоюға өкiлеттiк берiлсiн.". 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi К. Мәсiмов