«Адамға әсер ететiн физикалық факторлар (компьютерлер мен бейнетерминалдар) көздерiмен жұмыс iстеу жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1430 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1430 қаулысымен бекiтiлген «Адамға әсер ететiн физикалық факторлар (компьютерлер мен бейнетерминалдар) көздерiмен жұмыс iстеу жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. «Адамға әсер ететiн физикалық факторлар (компьютерлер мен бейнетерминалдар) көздерiмен жұмыс iстеу жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрi – Cанитариялық қағидалар) компьютерлердi (дербес компьютерлердi, планшеттi дербес компьютерлердi, ноутбуктердi) және бейнетерминалдарды (компьютерлер мен бейнетерминалдар) орналастыру мен пайдалануды қамтитын физикалық факторлар көздерiмен жұмыс iстеу жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды, сондай-ақ микроклиматқа, жарықтандыруға және компьютерлер мен бейнетерминалдардың физикалық факторлары әсерi кезiндегi жұмыс жағдайларына қойылатын талаптарды регламенттейдi. 2. Осы Санитариялық қағидалар тұрмыста пайдаланылатын теледидарларға, телевизиялық ойын қондырғыларына, борттық және портативтi компьютерлерге қолданылмайды. Компьютерлер (дербес компьютерлер, планшеттi дербес компьютерлер, ноутбуктер) және бейнетерминалдар арқылы халыққа қызмет көрсететiн объектiлердi пайдалануға беруге мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының қорытындысы болғанда жол берiледi. 3. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылды: 1) бейнетерминал (бұдан әрi – БТ) – пернетақта үлгiсiндегi енгiзу (кiру блогы) құрылғысымен жабдықталатын, дисплей экраны бар тұтынушының терминалы болып табылатын бейненi көрсету құрылғысы; 2) «в» үлгiсi 3-санаттағы дiрiл деңгейi – оқу пункттерiнiң, есептеу орталықтарының, денсаулық сақтау пункттерiнiң үй-жайларындағы, кеңсе үй-жайларындағы, жұмыс бөлмелерiндегi жұмыс орындарының жалпы дiрiлi; 3) дербес компьютер (бұдан әрi – ДК) – жеке тұлғаның дербес пайдалануына арналған компьютер; 4) жайсыздық көрсеткiшi – монитор экранындағы көру аймағында жарық бiрқалыпты бөлiнбеген кезде жағымсыз әсер тудыратын жайсыз жылтылдауды бағалау өлшемi; 5) жарықтандырудың пульсация коэффициентi – газды-разрядты шамдардың айнымалы токпен қоректену кезiнде олардың жарық ағыны уақытында өзгеруi нәтижесiнде жарықтандыру тербелiсiнiң салыстырмалы тереңдiгiн бағалау өлшемi процентпен өлшенедi; 6) жерге тұйықтау контуры – жермен тiкелей жанасатын, жерге тұйықталатын жабдық орнатылған үй-жайдың (ғимараттың) контуры бойынша орналасқан металл сымдардың жиынтығы; 7) жұмыс бетi – жұмыс жүргiзiлетiн және жарық нормаланатын немесе өлшенетiн бет; 8) қауiпсiз электромагниттiк сәуле – адамның денсаулығына зиянды әсер етпейтiн электромагниттiк сәуле деңгейi; 9) қатармен орналастыру – жиһаз бен жабдықты үй-жайдың ортасында, бiрiнен кейiн бiрiн қатар орналастыру; 10) ноутбук – дисплей мен пернетақтаны қоса алғанда, бiр шағын корпуста барлық қажеттi құрауыштарды (оның iшiнде монитор) қамтитын кiтап тәрiздi жиналатын портативтi дербес компьютер. Сымды және сымсыз желiлерге қосылудың дамытылған құралдарын, құрастырылған мультимедиялық жабдықты (динамиктер, көбiнесе микрофон және веб-камера) қамтиды; 11) орталықта орналастыру – жиһаз бен жабдықты үй-жайдың ортасында топтап орналастыру; 12) периметрмен орналастыру – жиһаздарды, жабдықтарды қабырғаларға жақын (периметрi бойынша) орналастыру; 13) планшеттi дербес компьютер (бұдан әрi – ПлДК) – экранмен бiрiктiрiлген қолмен жазатын планшеттi құрылғымен жабдықталған, пернетақта мен тiнтуiрдi пайдаланбай-ақ стилус немесе саусақтар арқылы жұмыс iстейтiн ноутбуктер класы; 14) стилус – сенсорлы экранмен жұмыс iстеуге арналған пластмасса таяқша; 15) үй-жайлардың аралас жасанды жарығы – жалпы жарықтандыруға жергiлiктi жарық қосылатын жарық 16) үй-жайлардың аралас табиғи жарығы – жоғарғы және жанама табиғи жарықтың үйлесуi. 2. Компьютерлердi (дербес компьютерлердi, планшеттi дербес компьютерлердi, ноутбуктердi) және бейнетерминалдарды орналастыру мен пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар 4. ДК, ПлДК, ноутбуктердi және БТ-ны пайдалануға арналған үй-жайларда осы Санитариялық қағидаларда келтiрiлген жарықтандыру, микроклиматтың нормаланатын параметрлерiн сақтау үшiн жағдайлар қамтамасыз етiледi. Бiлiм беру ұйымдарында ДК, ПлДК, ноутбуктермен және БТ-мен жұмыс iстеуге арналған оқу сыныптарын цокольды қабаттарда орналастыруға жол берiлмейдi. Күш беретiн кәбiлдер, жоғары вольтты трансформаторлар, технологиялық жабдықтар орналасқан жерлерге ДК, және БТ бар жұмыс орындарын орналастыруға жол берiлмейдi. 5. Электронды-сәуле түтiгi (бұдан әрi – ЭСТ) базасындағы ДК және БТ-ны пайдаланушылардың бiр жұмыс орнының алаңы, оның iшiнде бос уақыт өткiзетiн объектiлерде, халыққа қызмет көрсету үшiн қатарлап орналастыру кезiнде кемiнде 6 шаршы метр (бұдан әрi – м2), орталықта және периметр бойынша орналастырғанда – 4 м2, БТ-ны пайдалану кезiнде тегiс дискреттiк экрандар (сұйық кристалл, плазмалық) базасында кез-келген орналасу жағдайында 4 м2 құрайды. ПлДК-ны, ноутбуктердi пайдаланушылардың бiр жұмыс орнының алаңы 2,5 м2 болуына жол берiледi. 6. ДК-мен, ПлДК-мен, ноутбуктермен және БТ-мен жабдықталатын үй-жайлардың iшкi көрiнiсiн әрлеуге пайдаланылатын полимерлiк материалдар санитариялық-эпидемиологиялық сараптауға жатқызылады және жабық үй-жайлардың ауасына зиянды химиялық заттарды бөлмеуi тиiс. Мектепке дейiнгi ұйымдарда үй-жайларды әрлеу үшiн ағаш жаңқаларынан жасалған тақтайларды, қатпарлы пластиктi, синтетикалық кiлем жапқыштарын пайдалануға жол берiлмейдi. 7. ДК-мен, ПлДК-мен, ноутбуктермен және БТ-мен жабдықталатын үй-жайлардың еденiнiң бетi антистатикалық қасиеттерi бар материалдардан ойықтарсыз және саңылауларсыз жасалады. Бұл ретте осы үй-жайларда күнделiктi ылғалды жинау жүргiзу қажет. 8. ДК және БТ орналастырылған үй-жайлар қорғаныш жерге қосумен жабдықталады, электр розеткалары жерге қосу контурына қосылады. 9. Тұрғын үй ғимараттарында орналастырылатын ДК-мен және БТ-мен жабдықталған үй-жайлар жеке есiкпен жабдықталады. 10. ДК және БТ арқылы кәмелеттiк жасқа толмаған адамдарға қызмет көрсететiн объектiлер келушiлерге арналған киiм iлетiн орынмен немесе шкафтармен (iлгiштер) және санитариялық тораптармен жабдықталуы тиiс. 11. Компьютерлерi мен ойын кешендерi бар бiр орындық үстелдердi екi-үш қатар орналастыру кезiнде үстелдердiң бүйiр беттерiнiң арасындағы әрбiр қатардағы қашықтық кемiнде 0,5 метр (бұдан әрi – м), бiр қатар орналастыру кезiнде бiр бейнемонитор мен басқа экран бетiнiң аралығы арасындағы қашықтық кемiнде 2 м, ойын автоматтарының бүйiр беттерi арасындағы қашықтық кемiнде 0,2 м болады. 12. ДК-ны пайдаланушылар үшiн үстелдiң жұмыс бетiнiң өлшемi: 725-ке тең, реттелмейтiн биiктiгi кезiнде енi 800, 1000, 1200 және 1400 мм, тереңдiгi 800 және 1000 мм болуы керек. Үстелдiң жұмыс бетiнiң биiктiгi 680-800 мм шегiнде болуы тиiс. 13. Компьютерлер мен бейнетерминалдар жабдықталған үй-жайларда физикалық және химиялық факторлардың деңгейi осы Санитариялық қағидаларға 1 – 5-қосымшаларға сәйкес қабылданады. 14. Компьютерлер мен бейнетерминалдардан болатын дыбыс деңгейiнiң және октавалық жиiлiк жолақтарындағы дыбыс қысымының рұқсат етiлген деңгейлерi осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшада келтiрiлген. 15. ЭСТ-дегi БТ экранынан және корпусынан 0,05 м қашықтықтағы кез келген нүктедегi рентген сәулесiнiң экспозициялық дозасының қуаты реттейтiн құрылғылардың кез келген жағдайында сағатына 0,1 микро Зиверттен аспайды. 16. ДК бар жұмыс орындарын орналастыру кезiнде бейнемониторлары бар жұмыс үстелдерi мен бiр бейнемонитордың сыртқы бетiнiң арасындағы экранға дейiнгi қашықтық кемiнде 2 м, бейнемониторлардың бүйiр беттерiнiң арасындағы қашықтық кемiнде 1,2 м болып көзделедi. 17. Бейнемонитордың экраны пайдаланушының көзiнен 600 – 700 миллиметр (бұдан әрi – мм) қашықтықта, бiрақ алфавиттiк-цифрлық белгiлердiң және символдардың мөлшерiн есепке ала отырып, 500 мм-ден жақын емес қашықтықта болады. 18. БТ және ДК орналасқан үй-жайлар бастапқы медициналық көмек көрсететiн дәрi-дәрмек қобдишаларымен жабдықталады. 19. БТ-да және ДК-де үздiксiз жұмыс iстеу ұзақтығын екi сағаттан асырмау ұсынылады. Жалпы бiлiм беретiн мектептердiң оқушыларына арналған ПлДК-ның салмағы: 1) 1 – 4 сынып оқушылары үшiн – 1 килограммнан (бұдан әрi – кг) аспайды; 2) 5 – 8 сынып оқушылары үшiн – 1,5 кг дейiн; 3) 9 – 11 (12) сынып оқушылары үшiн – 2,5 кг дейiн. 20. Жалпы бiлiм беретiн ұйымдарда, орта және жоғары бiлiм беру ұйымдарында (бұдан әрi – бiлiм беру ұйымдары) ДК-мен, ПлДК-мен және ноутбуктермен жұмыс iстеуге арналған үй-жайлар бiр орынды үстелдермен жабдықталады. ДК-мен, ПлДК-мен, ноутбуктермен және БТ-мен жұмыс iстеуге арналған бiр орынды үстелдiң құрылымы мынадай болып көзделедi: 1) екi жеке бетi: бiреуi ДК-ны орналастыруға арналған, биiктiгi 520 – 760 мм дейiн ыңғайлы өзгертiлетiн және екiншiсi - пернетақтаға арналған, биiктiгi мен еңiс бұрышы 0 – 15 градусқа дейiн өзгертiлетiн, тиiмдi жұмыс жағдайына қарай (12 – 15 градусқа) берiк бекiтiлетiн жұмыс бетi; 2) ДК, ПлДК, ноутбуктермен және БТ үшiн пернетақта бетiнiң енi кемiнде 750 мм (екi беттiң де енi бiрдей болуға тиiс) және тереңдiгi кемiнде 550 мм; 3) ДК, ПлДК, ноутбуктер және БТ орналасатын беттердiң және электр өткiзгiштер мен жергiлiктi желiнiң кәбiлдерi орналасқан тiреуiштегi пернетақтаға арналған тiреуiштер; 4) жұмыс орнын принтермен жабдықтағанда беттердiң енiн 1200 мм-ге дейiн кеңейту; 5) биiктiгi және еңiс бұрышы өзгертiлетiн, негiзгi үстелден бөлек, аяқ қойғышы мен тiреуiшiнiң негiзi бiрге жасалған, пернетақтаға арналған арнайы қондырғы. 21. Бiлiм беру ұйымдарында компьютерлермен жұмыс iстеу кезiнде жұмыс орнының негiзгi өлшемi, үстелдiң жоғарғы жиегi мен аяққа арналған кеңiстiктiң биiктiгi осы Санитариялық қағидаларға 6-қосымшадағы 1, 2-кестелерге сәйкес оқушының аяқ киiмiмен қоса есептегендегi бойына сәйкес келедi. 22. Мектепке дейiнгi ұйымдардағы және мектептердегi БТ-мен, ДК-мен, ПлДК-мен және ноутбуктермен тiкелей сабақтардың үзiлiссiз ұзақтығы оқу сағаты бойынша: 1) мектепке дейiнгi ұйымдар және 1-сынып оқушылары үшiн – 15 минуттан аспауы; 2) 2 – 3-сынып оқушылары үшiн – 20 минуттан аспауы; 3) 4 – 5-сынып оқушылары үшiн - 25 минуттан аспауы; 4) 6 – 8-сынып оқушылары үшiн – 30 минуттан аспауы; 5) 9 – 11 (12) сынып оқушылары үшiн – 35 минуттан аспауы тиiс. 23. Жалпы бiлiм беру ұйымдарындағы 16 жастан асқан оқушылар үшiн өндiрiстiк практика кезеңiнде БТ-мен, ДК-мен тiкелей жұмыс iстеу уақыты үш сағаттан аспайды, 16 жасқа толмаған оқушылар үшiн – жұмыс режiмiн мiндеттi түрде сақтай отырып, екi сағаттан аспайды. Жұмыс кезеңiнде профилактикалық мынадай iс-шаралар жүргiзiледi: әрбiр 20 – 25 сағат сайын көзге арналған жаттығулар және үзiлiс кезiнде 45 минут сайын дене шынықтыру жаттығулары жасалады. 24. Мектепке дейiнгi ұйымдарда компьютерлiк ойын сабақтары аптасына 2 реттен жиi емес жүргiзiледi. 25. БТ-мен, ПлДК-мен, ноутбуктермен және ДК-мен өткiзiлетiн сабақтарды ұйықтайтын, күндiзгi серуенге шығатын және сауықтыру шараларын жүргiзетiн уақытта өткiзуге жол берiлмейдi. 26. БТ, ПлДК, ноутбуктер мен ДК пайдалану арқылы өтетiн мектеп жасына дейiнгi балалардың сабағын әдiскер жүргiзедi. 27. Жасына қарамастан екi және одан да көп балалардың БТ-ды, ДК, ПлДК-ны, ноутбуктердi бiрге пайдалануына жол берiлмейдi. 28. Сабаққа арналған орындықтардың өлшемдерi осы Санитариялық қағидаларға 6-қосымшаның 3-кестесiнде келтiрiлген. Орындықтарды табуреткалармен немесе орындықтармен алмастыруға жол берiлмейдi. 3. Компьютерлер мен бейнетерминалдарды пайдалануға арналған үй-жайлардағы микроклиматқа қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар 29. ДК-ны пайдалана отырып жұмыс iстеу қосалқы, негiзгi болып табылатын (диспетчерлiк, операторлық, есептеу бөлмелерi, кабиналар және басқару бекеттерi, есептеу техникасының залдары) және жүйке-эмоциялық жүктемемен байланысты өндiрiстiк үй-жайларға арналған микроклиматтың оңтайлы нормалары осы Санитариялық қағидаларға 2-қосымшаның 1-кестесiнде көрсетiлген талаптарға сәйкес келедi. 30. ДК және БТ орналасқан барлық үлгiдегi бiлiм беру ұйымдарының үй-жайларында және бос уақыт өткiзетiн объектiлерде осы Санитариялық қағидаларға 2-қосымшаның 2-кестесiне сәйкес микроклиматтың оңтайлы параметрлерi қамтамасыз етiледi. 31. ДК және БТ бар үй-жайлар жылыту жүйелерiмен жабдықталады және жалпы алмасу желдету жүйесi болуы тиiс. 32. ДК және БТ-мен жұмыс iстеу кезiнде үй-жайлардың ауасының иондану деңгейлерi осы Санитариялық қағидаларға 3-қосымшада келтiрiлген нормаларға сәйкес болуы тиiс. 4. Компьютерлер мен бейнетерминалдарды пайдалануға арналған үй-жайлардағы жарықтандыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар 33. БТ-ны және ДК-ны пайдалануға арналған үй-жайлардағы жасанды жарықтандыру жалпы бiркелкi жарықтандыру жүйесiмен жүзеге асырылады. Өндiрiстiк және әкiмшiлiк-қоғамдық үй-жайлардағы жұмыс орнында аралас жарықтандыру жүйесi қолданылады (жалпы жарықтандыруға қосымша жұмыс орнының аймағын жарықтандыруға арналған жергiлiктi жарықтандыру шамдары орнатылады). 34. Жұмыс үстелi бетiндегi жарықтандыру жалпы жүйеден кемiнде 300 люкс (бұдан әрi – лк), аралас жарықтандыру кезiнде 500 лк және ол болмаған жағдайда 400 лк болады. Жарықтандыру экранның бетiнде жылтылдауды болдырмауды қамтамасыз ететiндей етiп жасалады. Экран бетiнiң жарықтануы 200 лк аспайды. 35. Жасанды жарықтандыру кезiнде жарық көзi ретiнде люминесценттi шамдар пайдаланылады. Жергiлiктi жарықтандыру шырағдандарында қызу шамдарын, оның iшiнде энергия үнемдейтiн шамдарды қолдануға жол берiледi. 36. Мектепке дейiнгi ұйымдардағы жарықтың пульсация коэффициентi 5%-дан, әкiмшiлiк-қоғамдық ғимараттарда 10%-дан аспайды. 37. ДК-ны пайдалануға арналған үй-жайларда жарықтың нормаланатын мәндерiн қамтамасыз ету үшiн iстен шыққан шамдарды ауыстыру, терезе жақтауларының әйнектерiн және шырағдандарды тазалау жылына кемiнде екi рет жүзеге асырылады. Монитордың экранында жалтылдауды болдырмау үшiн терезе жақтаулары күндiзгi жарықты өткiзбейтiн қорғаныш құрылғыларымен жабдықталады. 5. Компьютерлер мен бейнетерминалдардан болатын физикалық факторлардың әсерi кезiндегi жұмыс жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар 38. ДК-де және БТ-да жұмыс iстеу негiзгi болып табылатын өндiрiстiк үй-жайлардағы, бiлiм беру ұйымдарының, мектепке дейiнгi ұйымдардың тиiстi үй-жайларындағы, бос уақыт өткiзетiн объектiлердегi жұмыс орнының дыбыс деңгейi 50 акустикалық децибелден (бұдан әрi – дБА) асырмай қабылданады. Инженерлiк-техникалық жұмыстарды орындау кезiнде, зертханалық, талдамалық және өлшеп бақылауды жүзеге асыру кезiнде ДК және БТ бар үй-жайлардағы шудың деңгейi 60 дБА-ден аспауы тиiс, операторлардың үй-жайларында шудың деңгейi 65 дБА-ден аспайды, есептеу машиналарының шулы агрегаттары орналасқан үй-жайлардың жұмыс орындарындағы шу деңгейi 75 дБА-ден аспайды. 39. ДК-ден және БТ-дан болатын шу деңгейiн төмендету мақсатында үй-жайларды әрлеу үшiн дыбысты бәсеңдететiн қауiпсiз материалдар пайдаланылады. 40. Балаларға арналған, жалпы бiлiм беретiн ұйымдардағы, қоғамдық ғимараттардағы және бос уақыт өткiзетiн объектiлердегi ДК, БТ бар үй-жайларға арналған дiрiлдiң рұқсат етiлген деңгейi тиiстi үй-жайлар үшiн дiрiл деңгейi осы Санитариялық қағидаларға 4-қосымшада көрсетiлген параметрлерге сәйкес келедi. 41. ДК-мен және БТ-мен жұмыс орындарындағы электромагниттiк иондамайтын сәулелердiң рұқсат етiлген деңгейлерi осы Санитариялық қағидаларға 5-қосымшада келтiрiлген. Шу деңгейi нормативтiк белгiленген шектен асатын жабдық (басып шығаратын құрылғылар, серверлер және басқалар) ДК-мен, БТ-мен жабдықталған үй-жайлардан тыс орналастырылуы тиiс. Адамға әсер ететiн физикалық факторлар (компьютерлер мен бейнетерминалдар) көздерiмен жұмыс iстеу жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына 1-қосымша Компьютерлер мен бейнетерминалдардан болатын дыбыс деңгейiнiң және октавалық жиiлiк жолақтарындағы дыбыс қысымының рұқсат етiлген деңгейлерi Октавалық жолақтардағы (бұдан әрi – ОЖ) орташа геометриялық жиiлiктегi Герц (бұдан әрi – Гц) дыбыс қысымының (бұдан әрi – дБ) деңгейлерi | дБА–мен өлшенген, дыбыс деңгейлерi | 31,5 Гц | 63 Гц | 125 Гц | 250 Гц | 500 Гц | 1000 Гц | 2000 Гц | 4000 Гц | 8000 Гц | 86 дБ | 71 дБ | 61 дБ | 54 дБ | 49 дБ | 45 дБ | 42 дБ | 40 дБ | 38 дБ | 50 | Ескертпе: Дыбыс деңгейiн және дыбыс қысымының деңгейлерiн өлшеу пайдаланушының жұмыс орнында жүргiзiледi. Адамға әсер ететiн физикалық факторлар (компьютерлер мен бейнетерминалдар) көздерiмен жұмыс iстеу жағдайларына қойылатын санитариялық- эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына 2-қосымша Үй-жайларға арналған микроклиматтың оңтайлы нормалары 1-кесте Жыл кезеңi | Жұмыс санаты | Ауа температурасы, аспайды | Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы, % | Ауа қозғалысының жылдамдығы, (бұдан әрi – м/с) | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | Салқын | 1а жеңiл | 22 – 24 | 40 – 60 | 0,1 | 1б жеңiл | 23 – 21 | 40 – 60 | 0,1 | Жылы | 1а жеңiл | 23 – 25 | 40 – 60 | 0,1 | 1б жеңiл | 22 – 24 | 40 – 60 | 0,2 | Ескертпе: 1. 1а санатына отырып жасалатын және физикалық күштi қажет етпейтiн, энергия шығыны сағатына 120 килокалорий (бұдан әрi – ккал/сағ) болатын жұмыстар жатады. 2. 1б санатына түрегеп тұрып, отырып жасайтын немесе жүрумен байланысты және физикалық күш жұмсалатын, энергия шығыны 120-дан 150 ккал/сағ дейiн болатын жұмыстар жатады. Бiлiм беру ұйымдарының және бос уақытты өткiзетiн объектiлердiң үй-жайларындағы микроклиматтың оңтайлы нормалары 2-кесте Температура, Со | Салыстырмалы ылғалдылық, % аспайды | Ауаның қозғалыс жылдамдығы, м/с | 1 | 2 | 3 | 19 | 62 | <0,1 | 20 | 58 | <0,1 | 21 | 55 | <0,1 | Адамға әсер ететiн физикалық факторлар (компьютерлер мен бейнетерминалдар) көздерiмен жұмыс iстеу жағдайларына қойылатын санитариялық -эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына 3-қосымша ДК-мен және БТ-мен жұмыс iстеу кезiнде үй-жайлардағы ауаның иондану деңгейi Деңгейлерi | 1 текше метр ауадағы иондардың саны (бұдан әрi – м3) | n+ | n- | 1 | 2 | 3 | Ең аз қажеттi | 400 | 600 | Оңтайлы | 1500 – 3000 | 3000 – 5000 | Барынша рұқсат етiлген | 50000 | 50000 | Адамға әсер ететiн физикалық факторлар (компьютерлер мен бейнетерминалдар) көздерiмен жұмыс iстеу жағдайларына қойылатын санитариялық -эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына 4-қосымша Балаларға арналған, жалпы бiлiм беру ұйымдарында, қоғамдық ғимараттарда және бос уақытты өткiзетiн объектiлерде ДК, БТ бар үй-жайлар үшiн дiрiлдiң рұқсат етiлген деңгейлерi Октавалық жолақтардың орташа геометриялық жиiлiгi, Герц (бұдан әрi – Гц) | Рұқсат етiлген мәнi | Дiрiлдiң жеделдетiлуi | Дiрiл жылдамдатқыш | мс – 2*10 – 2 | Децибель (бұдан әрi – дБ) | мс – 1*10 – 5 | ДБ | Z, X, Y осьтерi | 2 | 0,56 | 75 | 45 | 79 | 4 | 0,56 | 75 | 22 | 73 | 8 | 0,56 | 75 | 11 | 67 | 16 | 1,1 | 81 | 11 | 67 | 31,5 | 2,2 | 87 | 11 | 67 | 63 | 4,5 | 93 | 11 | 67 | Түзетiлген мәндерi және олардың деңгейлерi | 1,0 | 80 | 20 | 72 | Адамға әсер ететiн физикалық факторлар (компьютерлер мен бейнетерминалдар) көздерiмен жұмыс iстеу жағдайларына қойылатын санитариялық -эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына 5-қосымша Иондамайтын электромагниттi сәулелену деңгейлерiнiң рұқсат етiлген мәндерi Параметрлердiң атауы | ДК, БТ бөлiктерi | Бақылау аралығы, сантиметр (бұдан әрi – см) | Рұқсат етiлген мәнi | 1 | 2 | 3 | 4 | Кәсiпқой пайдалананушыларға арналған электростатикалық өрiстiң кернеулiгi | Мониторы Пернетақтасы | Бастың деңгейiнде 1,0 | 20 килоВольт метр (бұдан әрi – кВм) | Мектепке дейiнгi балалар ұйымдарындағы, оқу мекемелерiндегi және компьютер клубтарындағы жұмыс орындарының электростатикалық өрiс кернеуi | Мониторы Пернетақтасы | Бастың деңгейiнде 1,0 | 20 кВ/м 15 кВ/м 15 кВ/м | БТ-ның, ДК-ның айналасындағы электромагниттiк өрiстiң кернеуi: 5 – 2000 Гц жиiлiк диапазонында: 2 – 400 кГц жиiлiк диапазонында: | Мониторы Мониторы | Бастың деңгейiнде | 25 Вольт метр (бұдан әрi – В/м) 2,5 В/м | ДК, БТ айналасындағы магнит ағынының тығыздығы: 5 – 2000 Гц жиiлiк диапазонында: 2 – 400 кГц жиiлiктегi диапазонында | Мониторы Мониторы | Бастың деңгейiнде | 250 нанно Тесла (бұдан әрi – нТл) 25 нТл | Монитордың электростатикалық ықтимал бетi, аспайды (сертификатталған сынақ кезiнде) | Мониторы | Дисплейден 10 см аралықта орналасқан жерге тұйықталған өлшеу пластинасының арасы | 500 Вольт | Өнеркәсiптiк жиiлiктегi электр өрiсiнiң кернеуi | Пернетақтасы тiнтуiр | 1,0 1,0 | 0,5 кВм 0,5 кВм | Адамға әсер ететiн физикалық факторлар (компьютерлер мен бейнетерминалдар) көздерiмен жұмыс iстеу жағдайларына қойылатын санитариялық -эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына 6-қосымша Бiлiм беру ұйымдарында компьютерлермен жұмыс кезiндегi жұмыс орнының өлшемдерi ДК-мен өткiзiлетiн сабаққа арналған бiр орынды үстелдiң биiктiгi 1-кесте Оқушылардың немесе студенттердiң аяқ киiмiмен қоса есептегендегi бойы, сантиметрмен (бұдан әрi – см) | Еденнен биiктiгi, миллиметр (бұдан әрi – мм) | Үстелдiң бетi | Аяққа арналған кеңiстiк, кемiнде | 1 | 2 | 3 | 116 – 130 | 520 | 400 | 131 – 145 | 580 | 520 | 146 – 160 | 640 | 580 | 161 – 175 | 700 | 640 | 175-тен жоғары | 760 | 700 | Ескертпе: Аяққа арналған кеңiстiктiң енi мен тереңдiгi үстел конструкциясымен айқындалады. Оқушыларға және студенттерге арналған орындықтардың негiзгi өлшемдерi 2-кесте Орындықтың параметрлерi | Оқушылар мен студенттердiң аяқ киiмiмен қоса есептегендегi бойы, см | 116 – 130 | 131 – 145 | 146 – 160 | 161 – 175 | >175 | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | Отырғыштың еденнен биiктiгi, мм | 300 | 340 | 380 | 420 | 460 | Отырғыштың енi, кемiнде мм | 270 | 290 | 320 | 340 | 360 | Отырғыштың тереңдiгi, мм | 290 | 330 | 360 | 380 | 400 | Отырғыштан оның арқалығының төменгi жиегiнiң биiктiгi, мм | 130 | 150 | 160 | 170 | 190 | Отырғыштан оның арқалығының жоғарғы жиегiнiң биiктiгi, мм | 280 | 310 | 330 | 360 | 400 | Отырғыш арқалығының иiлу биiктiгi, мм | 170 | 190 | 200 | 210 | 220 | Отырғыштың алдыңғы жиегiнiң иiлу радиусы, мм | | | 20 – 50 | | | Отырғыштың еңiстену бұрышы, градуспен (бұдан әрi – 0) | | | 0 – 4 | | | Отырғыш арқалығының иiлу бұрышы, градуспен | | | 95 – 108 | | | Жоспар бойынша отырғыш арқасының радиусы, кемiнде мм | | | 300 | | | Мектеп жасына дейiнгi балалар үшiн ДК-мен өткiзiлетiн сабаққа арналған орындықтың өлшемдерi 3-кесте Орындықтың параметрлерi | Өлшемдерi, кемiнде, мм | Отырғыштың еденнен биiктiгi | 260 | Отырғыштың енi | 250 | Отырғыштың тереңдiгi | 260 | Отырғыштан оның арқалығының төменгi жиегiнiң биiктiгi | 120 | Отырғыштан оның арқалығының жоғарғы жиегiнiң биiктiгi | 250 | Арқалықтың иiлу биiктiгi | 160 | Отырғыштың алдыңғы жиегiнiң иiлу радиусы | 20 – 50 |
|