Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы N 393 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылғы 25 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6443 болып енгізілді.
Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу ережесін бекіту туралы
Қолданушылардың назарына! Бұйрықтың қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-тармақтан қараңыз. Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң 116-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттiк мекемелерде бухгалтерлiк есеп жүргiзу ережесi бекiтiлсiн. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бухгалтерлiк есеп, аудиторлық қызмет әдiснамасы департаментi (А.О.Төлеуов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн және заңнамада белгiленген тәртiппен ресми жариялануын қамтамасыз етсiн. 3. Осы бұйрық 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi. Министр Б. Жәмiшев
|