ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Приказы  »  Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Приказы

  Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң 2011 жылғы 28 наурыздағы № 132 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрiнiң 2011 жылғы 11 сәуiрдегi № 100 бiрлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2011 жылы 26 сәуiрде № 6916 тiркелдi
Жеке кәсiпкерлiк саласында азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолданып жасалған бұйымдардың айналымы саласында жұмыспен қамтылған жеке және заңды тұлғалардың қызметiнiң, жарылғыш және улы заттартарды қолдану мен олардың жұмыс iстеуiнiң белгiленген қағидаларының сақталуының, күзет қызметi, түрлi-түстi бейнелi көбейткiш-көшiргiш техниканың, сондай-ақ штемпельдiк-гравюралық кәсiпорындардың қызметiнiң және құрылыс-монтаждау жұмысын орындау кезiндегi қызметтi қоспағанда, күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, ретке келтiру және оларға техникалық қызмет көрсету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын субъектiлер қызметiнiң тәуекел дәрежесiн бағалау критерийлерiн бекiту туралы

«Қазақстан Республикасында мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 13-бабының 3 және 4-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Жеке кәсiпкерлiк саласында азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолданып жасалған бұйымдардың айналымы саласында жұмыспен қамтылған жеке және заңды тұлғалардың қызметiнiң, жарылғыш және улы заттартарды қолдану мен олардың жұмыс iстеуiнiң белгiленген қағидаларының сақталуының, күзет қызметi, түрлi-түстi бейнелi көбейткiш-көшiргiш техниканың, сондай-ақ штемпельдiк-гравюралық кәсiпорындардың қызметiнiң және құрылыс-монтаждау жұмысын орындау кезiндегi қызметтi қоспағанда, күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, ретке келтiру және оларға техникалық қызмет көрсету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын субъектiлер қызметiнiң тәуекел дәрежесiн бағалау критерийлерi бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Әкiмшiлiк полиция комитетiнiң төрағасы (Қ.С. Тыныбеков):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өтуiн қамтамасыз етсiн;
2) осы бұйрық мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн оның ресми жариялануын қамтамасыз етсiн;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсiн.
3. Астана және Алматы қалаларының, облыстардың және көлiктегi iшкi iстер департаменттерiнiң бастықтары осы бұйрықты зерделеудi және талаптарының орындалуын ұйымдастырсын.
4. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 504 және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрiнiң 2010 жылғы 10 ақпандағы № 41 «Құрылыс-монтаждау жұмысын орындау кезiндегi қызметтi қоспағанда, күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, ретке келтiру және оларға техникалық қызмет көрсету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын субъектiлердi, күзет қызметi субъектiлерiн, сондай-ақ азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарын, жарылғыш заттар мен материалдарды, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолданып жасалған бұйымдарды, улы заттарды, түрлi-түстi көбейту-көшiру техникасын сақтайтын субъектiлердi және мөрлер мен мөртаңбаларды дайындау жөнiндегi штемпельдiк-граверлiк кәсiпорындардың тәуекел дәрежесiн бағалау критерийлерiн бекiту туралы» бiрлескен бұйрықтарының күшi жойылды деп есептелсiн.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Iшкi iстер министрiнiң орынбасары А.В. Кулиничке жүктелсiн.
6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының
Iшкi iстер министрi Экономикалық даму және
____________ С. Баймағанбетов сауда министрi
____________ Ж. Айтжанова
2011 жылғы " " ______ 2011 жылғы " " ______

Қазақстан Республикасы
Iшкi iстер министрiнiң
2011 жылғы 28 наурыздағы № 132
және Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және сауда
министрiнiң
2011 жылғы 11 сәуiрдегi № 100
бiрлескен бұйрығымен бекiтiлген

Жеке кәсiпкерлiк саласында азаматтық және қызметтiк қару мен
оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен
оларды қолданып жасалған бұйымдардың айналымы саласында
жұмыспен қамтылған жеке және заңды тұлғалар қызметiнiң,
жарылғыш және улы заттарды қолдану мен олардың жұмыс
iстеуiнiң белгiленген қағидаларының сақталуының, күзет
қызметiнiң, түрлi-түстi бейнелi көбейткiш-көшiргiш
техниканың, сондай-ақ штемпельдiк-гравюралық
кәсiпорындардың және құрылыс-монтаждау жұмысын орындау
кезiндегi қызметтi қоспағанда, күзет сигнализациясы
құралдарын монтаждау, ретке келтiру және оларға
техникалық қызмет көрсету жөнiндегi қызметтi жүзеге
асыратын субъектiлер қызметiнiң тәуекел дәрежесiн бағалау
критерийлерi

1. Жалпы ережелер

1. Осы тәуекел дәрежесiн бағалау критерийлерi жеке кәсiпкерлiк саласында азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының (бұдан әрi - қару-жарақ), азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолданып жасалған бұйымдардың айналымы саласында жұмыспен қамтылған жеке және заңды тұлғалардың қызметiнiң, жарылғыш және улы заттарды қолдану мен олардың жұмыс iстеуiнiң белгiленген қағидаларының сақталуының, күзет қызметi, түрлi-түстi бейнелi көбейткiш-көшiргiш техниканың, сондай-ақ штемпельдiк-гравюралық кәсiпорындардың қызметiнiң және құрылыс-монтаждау жұмысын орындау кезiндегi қызметтi қоспағанда, күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, ретке келтiру және оларға техникалық қызмет көрсету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын субъектiлер (бұдан әрi - реттеу субъектiлерi) үшiн әзiрленген.
2. Осы критерийлерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) тәуекел - азаматтардың өмiрi мен денсаулығына, меншiкке және қоршаған ортаға зиян келтiру, сондай-ақ қоғамдық қауiпсiздiкке, оның зардарының ауырлық дәрежесiн ескере отырып:
заңсыз әскерилендiрiлген құрылымдар немесе қылмыстық ұйымдар құру, шетелдiк қатысумен күзет құрылымдарының жұмыс iстеуi, елiмiздегi жағдайды тұрақсыздандыру, құқыққа қарсы әрекеттер жасау үшiн күзет ұйымдарын пайдалану;
қару-жарақтың, жарылғыш және улы заттардың заңсыз айналымға өтуi, оларды құқыққа қарсы мақсаттарда, оның iшiнде терроризм актiлерiн жасау кезiнде пайдалану;
ақша белгiлерi мен бағалы қағаздарды, конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге, мемлекеттiң тұтастығын бұзуға, ұлттық қауiпсiздiкке қауiп төндiруге шақыратын баспа өнiмдерiн заңсыз жасау арқылы қауiп-қатер төндiру ықтималдылығы;
2) тексерiлетiн субъектiлер - азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолданып жасалған бұйымдардың айналымы саласында жұмыспен қамтылған, жарылғыш және улы заттарды қолдану, күзет қызметiн, түрлi-түстi бейнелi көбейткiш-көшiргiш техниканы, штемпельдiк-гравюралық кәсiпорындар жеке және заңды тұлғалар сондай-ақ құрылыс-монтаждау жұмысын орындау кезiндегi қызметтi қоспағанда, күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, ретке келтiру және оларға техникалық қызмет көрсету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын сондай-ақ субъектiлерi.
3. Жоспарлы тексерiстер жүргiзу тәуекел дәрежесiне байланысты:
жоғары тәуекел дәрежесi кезiнде - жылына бiр реттен;
орташа тәуекел дәрежесi кезiнде - үш жылда бiр реттен;
төмен тәуекел дәрежесi кезiнде - бес жылда бiр реттен жиi емес кезеңдiлiкпен белгiленедi.
4. Тәуекел дәрежесiн бағалау критерийлерi 2 түрге бөлiнедi:
1) объективтiк – реттеу субъектiлерiнiң қызметiн жүзеге асыру кезiндегi ықтимал тәуекелдiң маңыздылығына негiзделген;
2) субъективтiк - реттеу субъектiлерiнiң белгiленген талаптарды бұзуға жол беруiне қарай белгiленедi.
Субъективтiк критерийлер елеулi және елеусiз бұзушылықтар болып бөлiнедi.
5. Тәуекел дәрежелерi бойынша реттеу субъектiлерiн бастапқы жатқызу тәуекел дәрежесiн бағалаудың объективтiк критерийлерi негiзiнде ғана жүзеге асырылады.
6. Тәуекел дәрежесi бойынша реттеу субъектiлерiн екiншi рет жатқызу субъективтiк критерийлердi ескере отырып жүзеге асырылады.
Елеусiз тәуекел дәрежесiнiң 3-тобына кiретiн реттеу субъектiлерi тексерiлетiн кезең iшiнде бiр елеулi немесе екi елеусiз заң бұзушылық жасаған жағдайда орташа тауекел дәрiжесiнiң 2-тобына, ал үш елеулi заң бұзушылық жасаған жағдайда жоғары тәуекел дәрежесiнiң 1-тобына ауыстырылады.
Орташа тәуекел дәрежесiнiң 2-тобына кiретiн реттеу субъектiлерi тексерiлетiн кезең iшiнде бiр елеулi немесе екi елеусiз заң бұзушылық жасаған жағдайда жоғары тәуекел дәрежесiнiң 1-тобына ауыстырылады.
Соңғы жоспарлы тексерiс заң бұзушылықтарды анықтамаған жағдайда реттеу субъектiлерi дәрежесi аз тәуекел тобына ауыстырылады.
Жоғары тәуекел дәрежесiнiң 1-тобына жатқызылған реттеу субъектiлерi объективтiк критерий бойынша төменiрек тәуекел тобына ауыстырылмайды және жыл сайын тексеруге жатады.
7. 2 және 3-шi тәуекел топтарына жатқызылған реттеу субъектiлерi тексерiс жоспарларына соңғы тексерiстiң күнiн ескере отырып енгiзiледi.

2. Жеке кәсiпкерлiк саласында азаматтық және қызметтiк қару мен
оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен
оларды қолданып жасалған бұйымдардың айналымы саласында
жұмыспен қамтылған жеке және заңды тұлғалардың
қызметiнiң, жарылғыш және улы заттарды қолдану мен
олардың жұмыс iстеуiнiң белгiленген қағидаларының
сақталуының, түрлi-түстi бейнелi көбейткiш-көшiргiш
техниканың, сондай-ақ штемпельдiк-гравюралық
кәсiпорындардың тәуекел дәрежесiн бағалау критерийлерi

8. Реттеу субъектiлерi объективтiк критерийлерi бойынша мынадай тәуекел топтарына бөлiнедi:
тәуекел дәрежесi жоғары 1-топқа – қару-жарақты, жарылғыш және улы заттарды пайдаланатын және сақтайтын заңды тұлғалар;
тәуекел дәрежесi орташа 2-топқа - азаматтық пиротехникалық заттарды және оларды қолданып жасалған бұйымдарды сақтайтын және пайдаланатын заңды тұлғалар мен жеке кәсiпкерлер;
тәуекел дәрежесi елеусiз 3-топқа - түрлi-түстi бейнедегi көбейту-көшiру техникасын сақтайтын және пайдаланатын заңды тұлғалар, сондай-ақ мөрлер мен мөртаңбаларды дайындау жөнiндегi штемпельдiк-граверлiк кәсiпорындар (заңды тұлғалар мен жеке кәсiпкерлер).
9. Елеулi заң бұзушылықтарға мыналар жатады:
1) қару-жарақты, жарылғыш және улы заттарды, азаматтық пиротехникалық бұйымдарды, түрлi-түстi бейнедегi көбейту-көшiру техникасын сақтауға, штемпельдiк-граверлiк кәсiпорындардың жұмыс iстеуiне рұқсаттың болмауы;
2) қару-жарақты, жарылғыш және улы заттарды, азаматтық пиротехникалық бұйымдарды тасымалдауға рұқсаттың болмауы;
3) реттеу объектiлерiнiң қызметкерлерiнде қызметтiк қаруды сақтауға және алып жүруге жеке рұқсатының болмауы;
4) қызметтiк қаруды мақсатынан тыс пайдалану;
5) қару-жарақты, белгiленбеген жерде сақтау;
6) қару-жарақтың, жарылғыш және улы заттардың, азаматтық пиротехникалық бұйымдардың, түрлi-түстi бейнедегi көбейту-көшiру техникасының, мөрлер мен мөртаңбалардың ұрлану немесе жоғалу фактiлерiне жол беру;
7) қару-жараққа, жарылғыш және улы заттарға, азаматтық пиротехникалық бұйымдарға, түрлi-түстi бейнедегi көбейту-көшiру техникасына, мөрлер мен мөртаңбаларға есеп жүргiзу тәртiбiн бұзу;
8) қару-жарақты, жарылғыш және улы заттарды, азаматтық пиротехникалық бұйымдарды, түрлi-түстi бейнедегi көбейту-көшiру техникасын, мөрлер мен мөртаңбаларды сақтауға арналған үй-жайларда өрт-күзет сигнализациясының болмауы не ақауының болуы;
9) қару-жарақты, жарылғыш және улы заттарды, азаматтық пиротехникалық бұйымдарды, түрлi-түстi бейнедегi көбейту-көшiру техникасын, мөрлер мен мөртаңбаларды сақтауға арналған үй-жайлардың техникалық нығайтылуын бұзу;
10) республика аумағына қару-жарақты, жарылғыш және улы заттарды, азаматтық пиротехникалық бұйымдарды, түрлi-түстi бейнедегi көбейту-көшiру техникасын iшкi iстер органдарының рұқсатынсыз әкелу (әкету);
11) дүкендер сататын қару мен оның патрондарына сәйкестiк сертификатының болмауы;
12) қару-жараққа, жарылғыш және улы заттарға, азаматтық пиротехникалық бұйымдарға, түрлi-түстi бейнедегi көбейту-көшiру техникасына, мөрлер мен мөртаңбаларға рұқсаты бар адамдардың бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмеуi.
10. Елеусiз заң бұзушылықтарға мыналар жатады:
1) сатып алынған қару-жарақты тiркеу мерзiмдерiн сақтамау;
2) реттеу субъектiлерi филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) қару-жарақты балансқа алу кезiнде оны уақтылы тiркемеуi;
3) қару-жарақты, жарылғыш және улы заттарды, азаматтық пиротехникалық бұйымдарды, түрлi-түстi бейнедегi көбейту-көшiру техникасын сақтауға, штемпельдi-граверлық кәсiпорындардың жұмыс iстеуiне рұқсаттарды уақтылы ұзартпау;
4) реттеу объектiлерi қызметкерлерiнiң қызметтiк қаруды сақтауға және алып жүруге жеке рұқсаттарын уақтылы ұзартпауы;
5) келiп түскен және сатылған қару-жарақтың саны туралы есептi ұсынбау не уақтылы ұсынбау.
6) жарылғыш және улы заттарды, азаматтық пиротехникалық бұйымдарды сақтайтын қоймаларда рұқсат етiлетiн нормадан асып кету.

3. Жеке кәсiпкерлiк саласында күзет қызметi және
құрылыс-монтаждау жұмысын орындау кезiндегi қызметтi
қоспағанда, күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау,
ретке келтiру және оларға техникалық қызмет көрсету
жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын субъектiлер қызметiнiң
тәуекел дәрежесiн бағалау критерийлерi

11. Объективтiк критерийлерге мыналар жатады:
тәуекел дәрежесi жоғары 1-топқа-күзет қызметiн қызметтiк және азаматтық қаруды пайдалана отырып жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар;
тәуекел дәрежесi орташа 2-топқа-күзет қызметiн қызметтiк және азаматтық қаруды пайдаланбай жүзеге асыратын, сондай-ақ соңғы үш жылда құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау кезiнде заң бұзушылық жасаған қызметтi қоспағанда, күзет дабылы құралдарын монтаждау, ретке келтiру және оларға техникалық қызмет көрсету жөнiндегi қызметпен айналысатын заңды және жеке тұлғалар;
тәуекел дәрежесi елеусiз 3-топқа-күзет қызметiн жүзеге асыратын, сондай-ақ 1 және 2-топтарға енгiзiлмеген құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау кезiндегi қызметтi қоспағанда, күзет дабылы құралдарын монтаждау, ретке келтiру және оларға техникалық қызмет көрсету жөнiндегi қызметпен айналысатын заңды және жеке тұлғалар.
12. Елеулi заң бұзушылықтарға мыналар жатады:
1) күзет құрылымдарының қызметiнде шетелдiк қатысудың болуы;
2) күзет құрылымы басшысының не күзетшiнiң психикалық ауруының болуы, маскүнем, нашақор болуы;
3) күзет құрылымы басшысының не күзетшiнiң қасақана қылмыс жасағаны үшiн соттылығының болуы;
4) күзет құрылымы басшының жоғары заңгерлiк бiлiмi немесе Қарулы Күштерде басшылық лауазымдарда немесе құқық қорғау органдарында басшы лауазымдарда кемiнде үш жыл жұмыс өтiлiнiң болмауы;
5) күзет құрылымдарының басшысының не күзетшiнiң арнайы даярлық курстарынан өткенi туралы куәлiгiнiң болмауы;
6) қызметтiк қару пайдаланған жағдайда қару-жарақ және оқ-дәрiлердi сақтауға арналған үй-жайдың (не белгiленген талаптарға жауап беретiн үй-жайларда оларды сақтауға келiсiм-шарттың) болмауы;
7) күзет құрылымдарының басшылары мен күзетшiлерiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде қылмыс жасауы;
8) қауiпсiздiк жүйесiн орнату бойынша жұмыс жүргiзушiлерде жоғары кернеулi (1000 вольтқа дейiн) жұмыстарға рұқсатының болмауы.
13. Елеусiз заң бұзушылықтарға мыналар жатады:
1) iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң ұйғарымын және басқа да заңды талаптарын орындамау;
2) күзет құрылымы басшысының не күзетшiнiң бiлiктiлiктi арттыру курстарынан (оқытудың арнайы курсы) уақтылы өтпеуi;
3) реттеу субъектiсiнiң қызмет көрсету туралы келiсiм-шарт жасасудың жазбаша нысанын сақтамауы;
4) объектiлердi күзету кезiнде күзетшiлердiң белгiленген нормативтiк штаттық санын бұзу;
5) күзет құрылымы басшысының не күзетшiнiң жас ерекшелiгiнiң сәйкес келмеуi;
6) күзетшi лауазымын атқаратын қызметкерлердiң мiндеттi сақтандырылуы туралы талаптардың сақталмауы;
7) күзет құрылымдары қызметкерлерiнiң қызметтiк мiндетiн орындау кезiнде белгiленбеген үлгiдегi нысанды киiм киюi;
8) ұйым басшысының қауiпсiздiк жүйесiн орнату бойынша техникалық қауiпсiздiк саласындағы жұмыстың бейiнiне сәйкес келетiн жоғары техникалық бiлiмiнiң (жеке тұлғалар үшiн – жоғары немесе орта арнаулы бiлiм) болмауы;
9) ұйымда қауiпсiздiк жүйесiн орнату бойынша радиожелiлiк спектрi бар жабдықтарды пайдалану туралы санитарлық және экологиялық қадағалау органдары қорытындысының болмауы;
10) ұйымда қауiпсiздiк жүйесiн орнату бойынша санитарлық және экологиялық нормаларға жауап беретiн арнайы құрал-жабдықтар мен үй-жайлардың болмауы.

Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina