ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Закон  »  Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 14...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Закон

  Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 14 желтоқсандағы № 510-IV Заңы
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Украина Министрлер Кабинетiнiң арасындағы Қазақстан Республикасының Украинадағы және Украинаның Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкiлдiктерiн орналастыру шарттары туралы келiсiмдi ратификациялау туралы2010 жылғы 14 қыркүйекте Киевте жасалған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Украина Министрлер Кабинетiнiң арасындағы Қазақстан Республикасының Украинадағы және Украинаның Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкiлдiктерiн орналастыру шарттары туралы келiсiм ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының
Президентi Н. НАЗАРБАЕВ
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Украинаның Министрлер
Кабинетiнiң арасындағы Қазақстан Республикасының Украинадағы
және Украинаның Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық
өкiлдiктерiн орналастыру шарттары туралы келiсiм
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Украина Министрлер Кабинетi,
Қазақстан Республикасының Украинадағы дипломатиялық өкiлдiгiнiң және Украинаның Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкiлдiгiнiң жұмысы үшiн тиiстi жағдайлар жасаудағы объективтiк қажеттiлiктi назарға ала отырып,
өзаралық, тең құқық және тең жауапкершiлiк принциптерiне сүйене отырып,
екi жақты қатынастарды одан әрi дамытуға және нығайтуға ұмтыла отырып,
1961 жылғы 18 сәуiрдегi Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясын негiзге ала отырып,
төмендегiлер туралы келiстi:
1-бап
Украина тарабы Қазақстан тарабын өзiнiң дипломатиялық өкiлдiгiн орналастыру үшiн Киев қаласында Танковая көшесi, 4-6 мекенжайында орналасқан, алаңы 0,45 га жер учаскесiн өзаралық шарттармен жылына 1 гривен жалгерлiк ақыға 49 жылға жалға бередi.
Қазақстан тарабы осы Келiсiм күшiне енген сәттен бастап 30 күннен кешiктiрмей, осы бапта көрсетiлген жер учаскесiн жалға алғаны үшiн Украина тарабын бiр реттiк тәртiппен төлем жүргiзуге мiндеттенедi.
2-бап
Қазақстан тарапы Украина тарапына өзiнiң дипломатиялық өкiлдiгiн орналастыру үшiн Астана қаласындағы Арғанаты көшесi, 20 мекен жайы бойынша орналасқан, алаңы 0,9187 га. жер учаскесiн жылына 1 теңге жалгерлiк ақыға 49 жылға өзаралық шарттарымен жалға бередi.
Украина тарабы осы Келiсiм күшiне енген сәттен бастап 30 күннен кешiктiрмей, осы бапта көрсетiлген жер учаскесiн жалға алғаны үшiн Қазақстан тарабын бiр реттiк тәртiппен төлем жүргiзуге мiндеттенедi.
Ескерту. 2-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.12.21 № 512-IV Заңымен.
3-бап
Тараптардың әрқайсысы дипломатиялық өкiлдiктердi орналастыру үшiн осы Келiсiмнiң 1 және 2-баптарында көрсетiлген жер учаскелерiне құрылыс салуға, оны пайдалануға және абаттандыруға құқығы бар, алайда жер учаскесi орналасқан мемлекетте қолданылатын қала құрылысы, сәулет және экология саласындағы заңнаманы сақтауға мiндеттi.
4-бап
Тараптар осы Келiсiмнiң 1 және 2-баптарында көрсетiлген жер учаскелерiн үшiншi тараптардың құқықтары мен талаптарынан, сондай-ақ қандай да бiр басқа ауыртпалықтардан, борыштар мен кепiлдерден бос күйiнде бередi.
Әрқайсысы өз мемлекетiнiң аумағында Тараптар инженерлiк желiлер мен коммуникацияларды (сумен, жылумен жабдықтау, кәрiз, электр энергиясы, байланыс және басқалары) жер учаскелерiнiң шекарасына дейiн жеткiзудi өз есебiнен, ал осы Келiсiмде көрсетiлген жер учаскелерiнiң шекаралары шегiнде жер учаскесiн жалға алатын Тарап мемлекетiнiң қаражаты есебiнен қамтамасыз етедi.
5-бап
Тараптар жер учаскелерiн жалға алу құқығын ресiмдеудi жер учаскесi орналасқан мемлекеттiң заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
Жер учаскесiн жалға алған Тарап болу мемлекетi Тарабының айқын бiлдiрiлген жазбаша келiсiмiсiз осы Келiсiмге сәйкес берiлетiн жер учаскесiн сатуға, ауыртпалық салуға, меншiкке беруге, жалға беруге немесе үшiншi тарапқа қосалқы жалгерлiкке беруге құқығы жоқ.
6-бап
Осы Келiсiмде көрсетiлген жер учаскелерiнде жерге орналастыру және топографиялық-геодезиялық жұмыстар, жобаға сараптама жасау және ғимаратты салу сияқты жұмыстар түрлерiне арналған барлық шығыстар, сондай-ақ оны күтiп ұстау мен жөндеуге, электрмен, газбен, сумен және жылумен жабдықтауға, байланыс қызметтерiне және қызмет көрсетудiң басқа түрлерiне арналған шығыстарды Тараптар болу мемлекетiнде қолданыстағы нормативтер мен тарифтерге сәйкес өздерi төлейдi.
7-бап
Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Келiсiмге оның ажырамас бөлiктерi болып табылатын және жеке хаттамалармен ресiмделетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.
8-бап
Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру немесе қолдану кезiнде даулар мен келiспеушiлiктер туындаған жағдайда Тараптар оларды консультациялар мен келiссөздер арқылы шешедi.
9-бап
Осы Келiсiм дипломатиялық арналар арқылы осы Келiсiмнiң күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап күшiне енедi және егер Тараптардың бiр де бiреуi дипломатиялық арналар арқылы ағымдағы кезең аяқталғанға дейiн бiр жыл бұрын өзiнiң осы Келiсiмнiң қолданысын ұзартпау ниетi туралы жазбаша хабарлама жiбермесе, келесi ұқсас кезеңдерге автоматты түрде ұзартыла отырып, 49 жыл iшiнде қолданыста болады.
2010 жылғы 14 қыркүйекте Киев қаласында әрқайсысы қазақ, украин және орыс тiлдерiнде екi данада жасалды, әрi барлық мәтiндердiң бiрдей күшi бар.
Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру кезiнде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда, Тараптар орыс тiлiндегi мәтiнге жүгiнетiн болады.
Қазақстан Республикасының Украинаның Министрлер
Үкiметi үшiн Кабинетi үшiн
2010 жылғы 14 қыркүйекте Киев қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Украинаның Министрлер Кабинетiнiң арасындағы Қазақстан Республикасының Украинадағы және Украинаның Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкiлдiктерiн орналастыру шарттары туралы келiсiмнiң куәландырылған көшiрмесi екендiгiн растаймын.
Қазақстан Республикасы
Сыртқы iстер министрлiгi
Халықаралық құқық департаментiнiң
Басқарма бастығы Б. Пискорский
Ескертпесi. Бұдан әрi Келiсiмнiң мәтiнi украин тiлiнде берiлген.


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina