ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Закон  »  Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 14...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Закон

  Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 14 желтоқсандағы № 511-IV Заңы
Кеден одағына мүше мемлекеттер кеден органдарының қылмыстық iстер мен әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша құқықтық көмегi және өзара iс-қимылы туралы келiсiмдi ратификациялау туралы2010 жылғы 5 шiлдеде Астанада жасалған Кеден одағына мүше мемлекеттер кеден органдарының қылмыстық iстер мен әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша құқықтық көмегi және өзара iс-қимылы туралы келiсiм ратификациялансын
Қазақстан Республикасының
Президентi Н. НАЗАРБАЕВ
Кеден одағына мүше мемлекеттер кеден органдарының қылмыстық
iстер мен әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша
құқықтық көмегi және өзара iс-қимылы туралы
КЕЛIСIМ
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберiндегi Кеден одағына мүше мемлекеттер,
2000 жылғы 10 қазандағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы шарттың, 2007 жылғы 6 қазандағы Кеден одағының бiрыңғай кеден аумағын құру және кеден одағын қалыптастыру туралы шарттың ережелерiн негiзге ала отырып,
Кеден одағының кеден заңнамасын және сақталуын бақылау кеден органдарына жүктелген, жасағаны үшiн әкiмшiлiк немесе қылмыстық жауаптылық көзделген Тараптардың заңнамасын бұзуға қарсы күреске маңызды мән бере отырып,
осы мақсатта көрсетiлген бұзушылықтарды тергеуде бiр-бiрiне барынша кең көлемде жәрдем көрсету және осы салада қылмыстық iстер мен әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi тергеу кезiнде және оларды әдiстемелiк қамтамасыз етуде, сондай-ақ осы салада ақпаратпен алмасуда өзара iс-қимылды ұйымдастыру жолымен ынтымақтастықтың тиiмдiлiгiн арттыруға ниеттене отырып,
төмендегiлер туралы келiстi:
I бөлiк. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап
Қолданылу саласы
1. Осы Келiсiмнiң қолданылу саласы қылмыстарды ашу, Кеден одағының кеден заңнамасын және сақталуын бақылау кеден органдарына жүктелген Тараптар заңнамасын бұзғаны үшiн кiнәлi адамдарды қылмыстық және әкiмшiлiк жауаптылыққа тарту мақсатында Тараптар кеден органдарының құқықтық көмегi мен өзара iс-қимылы болып табылады.
2. Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн: Беларусь Республикасының атынан - Мемлекеттiк кеден комитетi, Қазақстан Республикасының атынан - Қаржы министрлiгiнiң Кедендiк бақылау комитетi, Ресей Федерациясының атынан - Федералдық кеден қызметi орталық кеден органдары болып табылады.
Аумақтық кеден органдары қылмыстық iстер бойынша iс жүргiзудi жүзеге асыратын және (немесе) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша әкiмшiлiк процесстердi (iс жүргiзудi) жүргiзетiн Тараптардың өзге кеден органдары болып табылады.
2-бап
Құжаттарды мойындау
Тараптардың бiрiнiң аумағында мекеме немесе өзiнiң құзыретi шегiнде өзiне осыған арнайы уәкiлеттiк берiлген лауазымды адам дайындаған немесе куәландырған және елтаңбалы мөрмен бекiтiлген құжаттар басқа Тараптардың аумағында қандай да бiр арнайы растаусыз қабылданады.
3-бап
Тiлi
Осы Келiсiмнiң шеңберiнде хат-хабарлама және ақпаратпен алмасу орыс тiлiнде жүргiзiледi.
4-бап
Ақпараттың құпиялылығы
1. Осы Келiсiмге сәйкес ұсынылған ақпарат пен құжаттар құпия сипатта болады және оның iшiнде сотта тек осы Келiсiммен көзделген мақсаттарда ғана қолданылуы мүмкiн. Ақпарат оны ұсынған Тараптың кеден органының жазбаша келiсуi бойынша ғана басқа мақсаттар үшiн пайдаланылуы және берiлуi мүмкiн.
2. Әрбiр Тарап басқа Тараптың кеден органдары ұсынатын ақпаратты, құжаттарды және басқа мәлiметтердi, оның iшiнде дербес деректердi қорғауды қамтамасыз етедi.
5-бап
Ақпаратпен алмасу тәсiлдерi
Осы Келiсiм шеңберiнде хат-хабарлама және ақпаратпен алмасу қолжетiмдi, оның iшiнде телефаксимильдi және электрондық байланыс құралдарымен кейiннен түпнұсқасын мiндеттi түрде пошта арқылы жiберумен жүзеге асырылады.
6-бап
Шығыстар
1. Әрбiр Тарап осы Келiсiмдi өзiнiң аумағында iске асыруға байланысты туындайтын шығыстарды дербес көтередi.
2. Жекелеген жағдайларда орталық кеден органдары шығыстарды бөлу туралы келiсуi мүмкiн.
II бөлiк. ҚЫЛМЫСТЫҚ IСТЕР БОЙЫНША ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ
7-бап
Қылмыстық iстер бойынша құқықтық көмек көрсету
Тараптардың кеден органдарының iс жүргiзуiндегi қылмыстық iстер бойынша құқықтық көмек көрсетуге байланысты мәселелер Тараптар арасындағы қатынастарда қолданылатын халықаралық шарттардың негiзiнде шешiледi.
III бөлiк. ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ IСТЕР БОЙЫНША
ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ЖӘНЕ ӨЗАРА IС-ҚИМЫЛ
8-бап
Ақпарат пен құжаттарды және ұсыну туралы сұрау салулар,
жекелеген процессуалдық iс-қимылдарды жүргiзу туралы
тапсырмаларды жiберу
1. Ақпарат пен құжаттарды ұсыну туралы сұрау салулар, жекелеген процессуалдық iс-қимылдарды жүргiзу туралы тапсырмалар осы Келiсiмде көзделген жағдайларда аумақтық кеден органдарының арасында, сол сияқты орталық кеден органдары арқылы жiберiлуi мүмкiн.
2. Ақпарат пен құжаттарды ұсыну туралы сұрау салуды, жекелеген процессуалдық iс-қимылдарды жүргiзу туралы тапсырманы қандай кеден органына жiберудi айқындау мүмкiн емес жағдайларда олар сұрау салынатын Тараптың орталық кеден органына жiберiледi.
3. Жекелеген процессуалдық iс-қимылдарды туралы ақпарат пен құжаттар, тапсырмалар беру туралы сұрау салу кеден органының бланкiсiнде жазбаша нысанда ресiмделедi және мыналарды қамтуы тиiс:
а) тиiстi Тараптың сұрау салынатын кеден органының атауы;
б) тиiстi Тараптың сұрау салушы кеден органының атауы;
в) ол бойынша құқықтық көмек сұратылатын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстiң нөмiрi (болған жағдайда), құқық бұзушылықтың және оған қатысты өзге фактiлердiң егжей-тегжейлi сипатталуы, тауарлардың құны туралы, зиян мөлшерi туралы деректер, қолданылатын заң мәтiнiн қоса бере отырып, сұрау салушы Тараптың заңнамасына сәйкес әрекеттi заңды саралау;
г) оларға қатысты әкiмшiлiк процесс жүргiзiлетiн (әкiмшiлiк iс жүргiзу жүзеге асырылатын) тұлғалардың, куәлардың аты, әкесiнiң аты мен тегi, олардың тұратын жерi немесе орналасқан жерi, азаматтығы, айналысатын iсi, туған жерi мен күнi, ал заңды тұлғалар үшiн - олардың толық атауы және орналасқан жерi (егер тiзбеленген мәлiметтер туралы ақпарат болса);
д) құжатты беру туралы тапсырмада алушының нақты мекенжайы және табыс етiлетiн құжаттың атауы да көрсетiлуi тиiс;
е) ұсынылуы не орындалуы тиiс мәлiметтер мен iс-әрекеттердiң тiзбесi (сауал жүргiзу үшiн қандай мән-жайлар анықталуы және нақтылануы тиiс екенi, сауал қойылушыға қойылуы тиiс сұрақтардың дәйектiлiгi және тұжырымдамасы көрсетiлуi тиiс).
4. Ақпарат пен құжаттарды ұсыну туралы сұрау салу, жекелеген процессуалдық iс-қимылдарды жүргiзу туралы тапсырмада мыналарды да қамтуы мүмкiн:
а) талап етiлетiн iс-шараларды орындалу мерзiмiн көрсету;
б) сұрау салуда көрсетiлген iс-шараларды айқындалған тәртiппен жүргiзу туралы қолдаухат;
в) сұрау салушы Тараптың кеден органдарының өкiлдерiне сұрау салуда көрсетiлген iс-шараларды орындау кезiнде қатысуға, сондай-ақ егер бұл Тараптардың заңнамасына қайшы келмесе, оларды орындауға қатысуға мүмкiндiк беру туралы қолдаухат;
г) сұрау салуды, тапсырманы орындауға байланысты өзге қолдаухаттар.
5. Ақпарат пен құжаттарды ұсыну туралы сұрау салуға, жекелеген процессуалдық iс-қимылдарды жүргiзу туралы тапсырмаға сұрау салушы кеден органының бастығы немесе оның орынбасары қол қояды. Сұрау салуға, тапсырмаға, сұрау салудың, тапсырманың мәтiнiнде сiлтемелерi бар құжаттардың көшiрмелерi, сондай-ақ оларды тиiсiнше орындау үшiн қажеттi кедендiк, көлiктiк (тасымалдау), коммерциялық құжаттардың және өзге де құжаттардың көшiрмелерi қоса берiлуi тиiс.
6. Орындалуы орындаушы Тарап үшiн қосымша шығыстарды талап ететiн сараптамаларды және басқа процессуалдық iс-қимылдарды жүргiзу туралы тапсырмалар ерекше жағдайларда орталық кеден органдары арасындағы келiсiм бойынша жiберiледi.
7. Тараптардың кеден органдары процессуалдық құжаттарды басқа Тараптың аумағындағы әкiмшiлiк процесске (iс жүргiзуге) қатысушыларға тiкелей пошта арқылы жiбере алады.
8. Қосымша мәлiметтер алу, алдыңғы сұрау салуды немесе тапсырманы орындау шеңберiнде алынған ақпаратты нақтылау қажет болған кезде әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша ақпарат пен құжаттарды ұсыну туралы қайта сұрау салуды, жекелеген процессуалдық iс-қимылдар жүргiзу туралы тапсырманы жiберуге жол берiледi.
9-бап
Ақпарат пен құжаттарды ұсыну туралы сұрау салуларды және
жекелеген процессуалдық iс-қимылдарды жүргiзу туралы
тапсырмаларды орындау
1. Ақпарат пен құжаттарды ұсыну туралы сұрау салу, жекелеген процессуалдық iс-қимылдарды жүргiзу туралы тапсырма олар алынған күнiнен бастап бiр ай iшiнде, «шұғыл» деген белгiсi бар болған жағдайда 2 аптадан асырылмай орындалады. Осы мерзiмдердi қысқарту қажет болған кезде сұрау салудың, тапсырманың мәтiнiнде мерзiмдердi қысқарту себептерi мен қажеттi орындау мерзiмi көрсетiле отырып, ескерту жасалады.
Сұрау салынатын Тараптың өзге мемлекеттiк органына жүгiну қажет болған жағдайда, көрсетiлген мерзiмдер осы Тараптың кеден органының ведомствоiшiлiк тәртiбiне сәйкес ұзартылады.
2. Сұрау салынатын кеден органы сұрау салуда, тапсырмада көрсетiлген барлық iс-қимылдарды жүргiзедi және барлық қойылған сұрақтарға жауап бередi. Сұрау салынатан кеден органы өзiнiң бастамасы бойынша оларды орындауға байланысты сұрау салуда, тапсырмада көзделмеген iс-қимылдарды жүргiзуге құқылы.
3. Сұрау салынатын кеден органы сұрау салуға, тапсырмаға жауапты, сондай-ақ алынған сұрау салудың деректемелерiне мiндеттi түрде сiлтеме жасай отырып, тiкелей сұрау салушы кеден органының сұрау салуға, тапсырмаға қол қойған кеден органы басшысының атына тиiстi материалдар мен құжаттарды (куәландырылған көшiрмелердi) жiбередi.
4. Сұрау салуды, тапсырманы осы баптың 1-тармағында белгiленген мерзiмде iшiнара немесе толық орындау мүмкiн болмаған жағдайда, сұрау салынатын кеден органы сұрау салуды, тапсырманы орындаудың болжамды мерзiмдерi туралы сұрау салушы кеден органына хабарлауға тиiс.
5. Орталық кеден органдары тиiсiнше орындалмау фактiлерi туралы бiр-бiрiне хабарлай отырып, ақпарат пен құжаттарды ұсыну туралы сұрау салуларды, жекелеген процессуалдық iс-қимылды жүргiзу туралы тапсырмаларды орындау практикасын зерделейдi.
10-бап
Жекелеген процессуалдық iс-қимылдарды жүргiзу туралы
тапсырмаларды орындау ерекшелiктерi
1. Кеден органдары жекелеген процессуалдық және өзге де iс-қимылдарды жүргiзу туралы тапсырмаларды орындаған кезде мыналарды:
оларға қатысты әкiмшiлiк процесс жүргiзiлетiн (әкiмшiлiк iс жүргiзу жүзеге асырылатын) адамдарға және куәгерлерге сауал қоюды;
әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың заттай дәлелдемелерi немесе заттары болып табылатын тауарлар мен құжаттарды алуды не оларға тыйым салуды;
iс бойынша iс жүргiзу үшiн қажеттi құжаттарды талап етудi;
тексерудi;
iс бойынша iс жүргiзу немесе оны қарау үшiн қажеттi ақпаратты мемлекеттiк органдардан және адамдардан алуды;
әкiмшiлiк процеске (iс жүргiзуге) қатысушыларға құжаттарды немесе олардың көшiрмелерiн берудi;
сараптаманы және өзге де iс-қимылдарды жүргiзедi.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша процессуалдық және өзге де iс-қимылдар сұрау салынатын Тараптың заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.
3. Егер сұрау салынатын Тараптың заңнамасы жекелеген процессуалдық iс-қимылдарды жүргiзу үшiн уәкiлеттi лауазымды адамдардың арнайы қаулыларын шығаруды талап еткен жағдайда, онда оларды шығару тапсырманы орындау орны бойынша жүргiзiледi.
4. Тараптардың кеден органдарының келiсiмi бойынша сұрау салынатын Тараптың аумағындағы процессуалдық iс-қимылдар сұрау салынатын Тараптың заңнамасына сәйкес сұрау салушы Тараптың кеден органы өкiлдерiнiң болуымен немесе қатысуымен жүргiзiлуi мүмкiн. Осы мақсат үшiн сұрау салушы Тараптың кеден органдары белгiлi бiр мерзiмге кеден органдарының қызметкерлерiн iссапарға жiбере алады.
5. Сұрау салушы кеден органының өтiнiшi бойынша сұрау салынатын кеден органы тапсырманы орындау кезiнде өзiнiң өкiлдерiнiң қатысу мүмкiндiгiн сұрау салушы кеден органының сұрау салынатын кеден органының қарауы үшiн жекелеген процессуалдық iс-қимылдарды жүргiзу туралы тапсырманы орындаудың жоспарланған уақыты мен орны туралы алдын ала хабарлайды.
6. Егер сұрау салуда, тапсырмада көрсетiлген адамның нақты мекенжайы белгiсiз болған жағдайда, сұрау салынатын кеден органы өз Тарапының заңнамасына сәйкес мекенжайды анықтау үшiн қажеттi шаралар қабылдайды.
11-бап
Ақпарат алмасу
1. Орталық кеден органдары әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар және оларды жасаған адамдар туралы электронды түрде ақпарат алмасуды ұйымдастыру бойынша шаралар қабылдайды.
2. Тараптардың әрқайсысы, егер осы адамдар сұрау салушы Тараптың аумағында әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылса, адамдарды әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тарту туралы мәлiметтердi басқа Тараптың жазбаша сұрау салуы бойынша ұсынады.
3. Орталық кеден органдары әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша құқық қолдану практикасына қатысты ақпараттық-талдау және әдiстемелiк материалдарды бiр-бiрiне жiбередi.
12-бап
Әдiстемелiк көмек
Орталық кеден органдары әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер, кеден органдарының қызметкерлерiн оқыту мен бiлiктiлiгiн арттыру бойынша iс жүргiзу (процестi жүргiзу) практикасына қатысты бiрлескен әдiстемелiк материалдарды әзiрлеу жөнiнде шаралар қабылдайды.
IV бөлiк. Қорытынды ережелер
13-бап
Жәрдемдесуден бас тарту
1. Егер сұрау салуды орындау сұрау салынатын Тараптың егемендiгiне, қауiпсiздiгiне, қоғамдық тәртiбiне немесе басқа маңызды мүдделерiне зиян келтiруi не оның заңнамасына қайшы келуi мүмкiн болса, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша құқықтық көмек көрсетуден бас тартылады.
2. Егер құжаттарды қайтарумен бiр мезгiлде құқықтық көмек көрсету мүмкiн болмаса, сұрау салушы кеден органы сұрау салуды, тапсырманы орындауға кедергi болатын мән-жайлар туралы дереу хабардар етiледi.
14-бап
Осы Келiсiмнiң басқа халықаралық шарттармен арақатынасы
Осы Келiсiм Кеден одағына мүше мемлекеттер арасында
қолданылатын басқа халықаралық шарттар бойынша Тараптардың әрқайсысының құқықтары мен мiндеттемелерiн қозғамайды.
15-бап
Дауларды шешу тәртiбi
Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруге және (немесе) қолдануға байланысты Тараптар арасындағы даулар мен келiспеушiлiктер мүдделi Тараптардың консультациялары және келiссөздерi жолымен шешiледi. Осындай консультациялар немесе келiссөздер басталған күннен бастап алты ай iшiнде келiсiмге қол жеткiзiлмеген жағдайда дау мүдделi Тараптардың кез келгенiнiң бастамасы бойынша Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сотына берiледi.
16-бап
Өзгерiстер енгiзу тәртiбi
Тараптардың уағдаласуы бойынша осы Келiсiмге жекелеген хаттамалармен ресiмделетiн өзгерiстер енгiзiлуi мүмкiн.
17-бап
Күшiне ену тәртiбi
Осы Келiсiм ратификациялауға жатады.
Осы Келiсiм депозитарий дипломатиялық арналар арқылы осы Келiсiмнiң күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны алған күннен бастап күшiне енедi.
Осы Келiсiм Кеден одағына мүше болатын кез келген мемлекеттiң қосылуы үшiн ашық.
Қосылатын мемлекет үшiн осы Келiсiм ол депозитарийге осы Келiсiмнiң күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы жазбаша хабарламаны тапсырған күннен бастап күшiне енедi.
18-бап
Қолданылуын тоқтату салдары
Осы Келiсiмнiң қолданылуы тоқтатылған жағдайда Тараптар Тараптардың заңнамасына сәйкес осы Келiсiмнiң шеңберiнде алынған ақпарат пен құжаттардың құпиялылығын қамтамасыз етуге мiндеттенедi.
2010 жылғы 5 шiлдеде Астана қаласында орыс тiлiндегi бiр түпнұсқа данада жасалды.
Осы Келiсiмнiң түпнұсқа данасы осы Келiсiмнiң депозитарийi болып табылатын және әрбiр Тарапқа оның куәландырылған көшiрмесiн жiберетiн Кеден одағының комиссиясында сақталады.
Беларусь Республикасы Қазақстан Республикасы Ресей Федерациясы
үшiн үшiн үшiн
Осы мәтiндi Астана қаласында 2010 жылғы 5 шiлдеде қол қойылған Кеден одағына мүше мемлекеттер кеден органдарының қылмыстық iстер мен әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша құқықтық көмегi және өзара iс-қимылы туралы келiсiмнiң толық және түпнұсқалы көшiрмесi болып табылатынын куәландырамын.
Беларусь Республикасынан - Беларусь Республикасының Президентi А.Г.Лукашенко;
Қазақстан Республикасынан - Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаев;
Ресей Федерациясынан - Ресей Федерациясының Президентi Д.А.Медведев.
Түпнұсқа данасы Кеден одағы комиссиясында сақталады.
Барлығы тiгiлген, қолымен және мөрмен бекiтiлген 10 парақ
Кеден одағы комиссиясының Хатшылығы
Құқықтық департаментiнiң директоры Н.Б.Слюсарь
2010 жылғы 5 шiлдеде Астана қаласында қол қойылған Кеден одағына мүше мемлекеттер кеден органдарының қылмыстық iстер мен әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша құқықтық көмегi және өзара iс-қимылы туралы келiсiмнiң куәландырылған көшiрмесiнiң куәландырылған көшiрмесiн дәлдiгiн куәландырамын.
Қазақстан Республикасы
Сыртқы iстер министрлiгiнiң
Халықаралық құқық департаментiнiң
Басқарма бастығы Д. Есентаев


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina