Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрiнiң 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 452 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2011 жылы 20 желтоқсанда № 7344 тiркелдi
Арнайы экономикалық аймақтар әкiмшiлiктерiнiң өкiлеттiк мерзiмдерiн айқындау туралы"Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 32-бабының 1-тармағына сәйкесБҰЙЫРАМЫН: 1. Арнайы экономикалық аймақтар әкiмшiлiктерi осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 2012 жылғы 16 тамызға дейiнгi мерзiмде басқарушы компаниялардың функцияларын орындасын. 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң Инвестиция комитетi (А.Ж. Серiков) осы бұйрықтың заңнамада белгiленген тәртiпте Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсiн. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар бiрiншi вице-министрi А.П.Рауға жүктелсiн. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енедi. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрi Ә. Исекешев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрiнiң 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 452 бұйрығына қосымша 1. "Индустрия және сауда министрлiгiнiң "Ақпараттық технологиялар паркi" арнайы экономикалық аймақ дирекциясы" мемлекеттiк мекемесi. 2. "Оңтүстiк" арнайы экономикалық аймақ дирекциясы" мемлекеттiк мекемесi. 3. "Ақтау теңiз порты" арнайы экономикалық аймақ дирекциясы" мемлекеттiк мекемесi. 4. Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң "Ұлттық индустриялық мұнай-химиялық технопаркi" арнайы экономикалық аймақ дирекциясы" мемлекеттiк мекемесi. 5. "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi Туризм индустриясы комитетiнiң аумақтық департаментi - "Бурабай" арнайы экономикалық аймағының әкiмшiлiгi" мемлекеттiк мекемесi.