ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Положения  »  Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Положения

  Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі туралы ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 3 маусымдағы N 607 Жарлығы

Қазақстан Республикасы
Президентінің
2008 жылғы 3 маусымдағы
N 607 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің
Күзет қызметі туралы
ЕРЕЖЕ

Осы Ереже Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі туралы" Заңына және өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің мәртебесін, өкілеттігін және қызметін ұйымдастыруды айқындайды.

1. Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі (бұдан әрі - Президенттің Күзет қызметі) - Республиканың Президенті құратын, оған тікелей бағынатын және есеп беретін, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күштерге жататын әскери құрама болып табылатын арнаулы мемлекеттік орган.

2. Президент Күзет қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілері, сондай-ақ осы Ереже құрайды.

3. Президенттің Күзет қызметі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның нақты және шартты атаулары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген мөрі, мемлекеттік тілде жазылған өзінің атауы бар мөртаңбасы, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетіндегі есепшоттары болады.

4. Президенттің Күзет қызметі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан енеді.

5. Президент Күзет қызметінің құрылымы мен штаттық санын Президент Күзет қызметі бастығының ұсынысы бойынша Республика Президенті бекітеді.

6. Президент Күзет қызметінің іс-әрекетін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

7. Президент Күзет қызметінің заңды мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 26.

8. Президент Күзет қызметінің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі" мемлекеттік мекемесі.

9. Осы Ереже Президент Күзет қызметінің құрылтайшы құжаты болып табылады.

2. Президент Күзет қызметінің міндеттері,
функциялары және құқықтары

10. Президент Күзет қызметінің міндеттері:

1) күзетілетін адамдардың жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

2) күзетілетін адамдардың өміріне, денсаулығына, құқығына, бостандығына, жеке басының қадір-қасиетіне және меншігіне қарсы бағытталған қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықты анықтау, алдын алу және жолын кесу;

3) күзетілетін адамдардың меншігін күзету, күзетілетін объектілерде және олар болатын басқа да жерлерде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

4) өз өкілеттігі шегінде терроризмге қарсы күресті жүзеге асыру;

5) күзетілетін адамдар мен объектілерге төнген қатерді болжау және анықтау, одан сақтандыру мен бейтараптандыру жөніндегі жедел шаралар жиынтығын жүзеге асыру болып табылады.

11. Президенттің Күзет қызметі өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі күзет іс-шараларын ұйымдастырады және өткізеді. Күзет іс-шараларына қатысу үшін белгіленген тәртіп бойынша тартылған мемлекеттік органдардың күштері мен құралдарына басшылық етеді;

2) жедел-іздестіру іс-шараларын өткізеді, жүктелген міндеттерді орындау үшін ақпараттық-талдау жұмысын жүргізеді;

3) Президент Күзет қызметінің құзырына енетін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Президентін, Үкіметі мен мемлекеттік органдарын хабардар етеді;

4) Президенттің Күзет қызметі құрылымдық бөлімшелерінің жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді;

5) арнайы тексеру жүргізу арқылы әскери қызметке кәсіби іріктеуді ұйымдастырады, Президент Күзет қызметінің кадрларын негізінен әскери қызметшілер, Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдары қызметкерлері арасынан жасақтайды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары Президент Күзет қызметінің кадрларына әскери қызметке келетін адамдарды зерттеп-тануда және арнайы тексеруден өткізуге Президенттің Күзет қызметіне көмек көрсетеді;

6) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етеді;

7) күзетілетін объектілердің және президенттік байланыс жүйесінің ақпараттық қауіпсіздігін, қолданылатын арналар мен байланыс желілерін қорғауды қамтамасыз етеді;

8) күзетілетін адамдардың автомобиль көлігімен қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, сонымен қатар олардың жол жүру бағдарын (бұдан әрі - арнайы трассалар) белгілейді;

9) жедел есепке алуды және ақпараттық жүйелерді құрады және қолданады;

10) күзет іс-шараларын өткізу кезінде радиоэфирге мониторинг жүргізеді;

11) күзетілетін объектілердің аумағында және күзет іс-шаралары өткізілетін орындарда жарылғыш құрылғыларды, жарылуы қауіпті заттарды залалсыздандыру және жою жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді;

12) күзетілетін адамдар баруға арналған ғимараттарда, үй-жайларда, құрылыстарда және оларға іргелес аумақтарда, сондай-ақ күзетілетін объектілерде санитарлық-гигиеналық, экологиялық, радиациялық және эпидемияға қарсы бақылауды жүзеге асырады;

13) күзетілетін объектілерде, арнайы трассаларда және оларға іргелес аумақтарда жөндеу, құрылыс және өзге де жұмыстардың барлық түрін жүргізу туралы келіседі;

14) әскери қызметшілерді, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерін медициналық қамтамасыз ету, тұрғын үй, материалдық-тұрмыстық жағдайларын жақсарту жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады;

15) заңдарда белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

12. Президенттің Күзет қызметі өз міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) жеке тұлғалар күзетілетін объектілерге кірген (көлікпен кірген) және шыққан (көлікпен шыққан) кезде олардың жеке басын куәландыратын құжаттарын тексеруге (күзетілетін адамдардан басқа), оларды жеке қарап тексеруге, олардың өзімен алып жүретін заттарын тексеруге;

2) күзет іс-шараларын өткізу кезінде фактілер мен оқиғаларды суретке түсіруді, дыбыс жазуды, кино- және бейне түсіруді жүзеге асыруға;

3) күзетілетін адамдардың өміріне, денсаулығына, құқығына, бостандығына, жеке қадір-қасиетіне және меншігіне қол сұғатын құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін жағдаяттарды жою туралы ұсыныстар мен (немесе) нұсқамалар енгізуге;

4) ұйымдардың, әскери құралымдардың қызметтік үй-жайларын, сондай-ақ азаматтардың тұрғын үй және басқа да үй-жайларын, олардың көлік, байланыс құралдарын және өзге де мүлікті келісімшарт негізінде пайдалануға;

5) қажетті ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға;

6) Президент Күзет қызметінің арнайы дайындықтан өткен қызметкерлеріне табельдік қару мен арнайы құралдарды сақтауға, алып жүруге рұқсат беруге;

7) күзет іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу үшін қызметкерлерді Республика аумағынан тыс жерлерге іссапарға жіберуге;

8) Қазақстан Республикасы Қорғаныс, Ішкі істер министрліктерінің, Ўлттық қауіпсіздік комитетінің қарамағындағы оқу орындары мен ғылыми-зерттеу мекемелерінде, сондай-ақ өзге мемлекеттердің оқу орындарында, соның ішінде арнайы оқу орындарында кадрларды даярлау мен біліктілігін арттыруды келісімшарт негізінде жүзеге асыруға;

9) күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі еңбегі үшін азаматтарды көтермелеуге, оларды заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларына ұсынуға;

10) Президент Күзет қызметінің штаттан тыс жедел қызметкерлері ретінде Қазақстан Республикасының азаматтарын ерікті түрде тартуға;

11) көлік құралдарының, соның ішінде дипломатиялық және консулдық өкілдіктердің, сондай-ақ жеке тұлғалардың көлік құралдарының жекелеген орындар учаскелері мен объектілерде қозғалысын уақытша шектеуге немесе тыйым салуға, оларды жекелеген орындар учаскелерінде немесе объектілерде қалуға не осы учаскелер немесе объектілерден кетуге міндеттеуге;

12) күзетілетін объектілерді күзету және қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарға, сондай-ақ күзетілетін адамдардың айналасында жұмыс істеуге жеке және заңды тұлғаларды жіберуді, оларға жедел зерттеу мен тексеру жүргізуді жүзеге асыруға;

13) құқық бұзушылық жасаған адамдарды ұстауға, оларды әрі қарай құқық қорғау органдарына беруге;

14) қызметтік иттерді (қарауылдық және іздеуші) қолдануға;

15) күзет іс-шараларын өткізу кезінде көлік құралдарын және олармен алып жүретін заттарды, соның ішінде техникалық құралдарды пайдалана отырып, тексеруге;

16) Президент Күзет қызметінің іс-әрекетін және күзет іс-шараларын өткізуді реттейтін нормативтік құқықтық актілер қабылдауға;

17) қаруды, жауынгерлік техниканы, арнаулы құралдарды және күш қолдануға;

18) төтенше жағдайларда міндеттерді атқару кезінде телекоммуникациялық желілерді пайдалануға;

19) өз қауіпсіздігін қамтамасыз етуге құқылы.

3. Президент Күзет қызметінің мүлігі

13. Президенттің Күзет қызметі жедел басқару құқығында оқшауланған мүлікке ие.
Президент Күзет қызметінің мүлігі оған мемлекет берген мүлік есебінен қалыптастырылады және негізгі қорлар мен айналым қаражатынан, сондай-ақ баланста құны көрсетілетін өзге де мүліктен құралады.

14. Президенттің Күзет қызметіне бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.

4. Президент Күзет қызметінің іс-әрекетін ұйымдастыру

15. Президенттің Күзет қызметін Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын Президент Күзет қызметінің бастығы (бұдан әрі - бастық) басқарады.

16. Бастықтың орынбасарлары, оның ішінде бір бірінші орынбасары болады. Бастықтың орынбасарларын бастықтың ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

17. Бастық Президент Күзет қызметінің жұмысын ұйымдастырады, Президенттің Күзет қызметіне басшылық етеді және оған жүктелген міндеттерді атқаруға, сондай-ақ оның өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауапты болады.

18. Бастық Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіпте және өз құзыреті шегінде:

1) өз орынбасарларының міндеттерін белгілейді;

2) Президент Күзет қызметінің қызметтік-жауынгерлік іс-әрекетіне, жауынгерлік дайындығына басшылық етеді және оның жай-күйіне бақылау жасауды жүзеге асырады;

3) күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша терроризмге қарсы операциялар өткізуге басшылықты жүзеге асырады;

4) Республика Президенті бекіткен штат саны мен еңбекақы төлеу қоры шегінде Президент Күзет қызметінің құрылымдық бөлімшелерінің ережелерін, ұйымдық құрылымын және штат санын бекітеді;

5) Президент Күзет қызметінің бөлімшелерін әскери қызметшілермен, жұмысшылармен және қызметшілермен жасақтау тәртібін белгілейді;

6) Қазақстан Республикасының азаматтарын ерікті түрде Президенттің Күзет қызметіне әскери қызметке қабылдайды, оларға полковникті қоса алғанға дейінгі әскери атақтар береді және әскери қызметтен босатады. Президент Күзет қызметі әскери қызметшілерінің жекелеген санаттарына әскери қызметке қабылданар алдындағы олардың еңбек өтілін қызмет өткерген жылдарына қосып есептеуі мүмкін.

7) Республика Президенті қызметке тағайындауды және қызметтен босатуды жүзеге асыратын адамдарды қоспағанда, Президент Күзет қызметінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

8) Президенттің Күзет қызметінде құпияландыруға жататын мәліметтер тізбесін бекітеді; U000371

9) мемлекеттік органдардағы және меншіктік нысанына қарамастан ұйымдардағы лауазымдарға орналасу үшін Президент Күзет қызметінің әскери қызметшілерін, оларды әскери қызметте қалдыра және қолданыстағы резервке қабылдай отырып, іссапарға жіберу жөніндегі мәселелерді шешеді;

10) қызметтік үй-жайларды, ғимараттарды және әлеуметтік-тұрмыстық және шаруашылық мақсаттағы объектілерді пайдалану, қызмет көрсету және ұстау мақсатына бөлінген қаражат шегінде жұмысшылар мен қызметшілер санын белгілейді;

11) бейбіт уақытта, сондай-ақ төтенше жағдайлар мен ерекше кезеңде күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша Президент Күзет қызметінің күштерін және құралдарын қолдану тәртібін белгілейді;

12) әскери қызметшілерге жоғарғы әскери атақ беру, оларды және жұмысшылар мен қызметшілерді мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы, сондай-ақ құрметті атақ беру туралы Республика Президентіне ұсынымдар енгізеді;

13) күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі еңбегі үшін Президент Күзет қызметінің әскери қызметшілерін, жұмысшылары мен қызметшілерін және басқа да адамдарын марапаттау үшін омырау белгілерін белгілейді, омырау белгілері және олардың сипаттамасы туралы ережелерді бекітеді;

14) әскери нысанды киімнің жекелеген бұйымдарын, айырым белгілерін киіп жүру, тағу ерекшеліктерін, арнайы киімнің сипаттамасын және тәртібін белгілейді;

15) Президент Күзет қызметінің әскери қызметшілерін, жұмысшылары мен қызметшілерін марапаттайды, көтермелейді және оларға тәртіптік жазалар қолданады;

16) Президент Күзет қызметінің мүлігіне және қаражатына билік етеді;

17) Президент Күзет қызметінің барлық қызметкерлері орындауы міндетті бұйрықтар, өкімдер шығарады, нұсқаулар береді;

18) әскери қызметші жетонының, қызметтік куәлігінің және зейнетақылық куәлігінің сипаттамасын бекітеді;

19) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен, заңды тұлғалармен, сондай-ақ шетел мемлекеттерінің арнайы және құқық қорғау органдарымен және халықаралық құқық қорғау ұйымдарымен өзара қарым-қатынаста Президент Күзет қызметінің атынан өкілдік етеді;

20) Президент Күзет қызметінің іс-әрекетін жетілдіру мәселелері жөнінде Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыныстар енгізеді;

21) Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзіне жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

19. Бастық уақытша болмаған жағдайда, оның тапсырмасына сәйкес міндеттерін орынбасарларының бірі атқарады.

20. Жедел-қызметтік іс-әрекеттердің барынша маңызды мәселелерін қарастыру, олардың тиімділігін арттыру жөніндегі шараларды әзірлеу және олар бойынша келісілген шешімдер қабылдау үшін Президент Күзет қызметінде Алқа құрылады.
Алқаның шешімдері бастықтың бұйрығымен жарияланады.
Алқаның міндеттері, өкілеттері, іс-әрекетінің тәртібі мен дербес құрамы бастық бекітетін Ережемен реттеледі.

21. Президенттің Күзет қызметінде арнайы мемлекеттік мұрағат құрылады.

22. Президент Күзет қызметінің әскери қызметшілерін медициналық қамтамасыз ету және қызмет көрсету, медициналық мүлікпен және дәрі-дәрмектермен қамсыздандыру Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде қолданылатын нормалар мен талаптарға сәйкес Ўлттық қауіпсіздік комитетінің, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының және басқа да мемлекеттік органдардың медициналық мекемелерінде жүзеге асырылады.

23. Президент Күзет қызметінің әскери қызметшілеріне лауазымдық жалақылары мен сауықтыруға арналған жәрдемақыларын есептейтін коэффициентті белгілеу үшін әскери қызмет өтіліне қызмет еткен бір айы бір жарым ай деп есептеледі.
Президент Күзет қызметінің әскери қызметшілеріне зейнетақы тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарын есептеу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіпте жеңілдік шарттарда жүргізіледі.

24. Президент Күзет қызметі әскери қызметшілерінің қызмет атқаруы жауынгерлік міндетті орындау болып табылады және өз бетінше немесе басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп жүргізетін іс-шаралар кешенін жүзеге асыруға негізделеді.
Күзетілетін адамдардың және объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі күзет іс-шараларын өткізу барысында Президент Күзет қызметінің аға лауазымды тұлғасы оларды өткізуге тартылған барлық адамдар үшін жедел бастық болып табылады.

5. Президенттің Күзет қызметін қайта құру және тарату

25. Президенттің Күзет қызметін қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы
Президентінің
2008 жылғы 3 маусымдағы
N 607 Жарлығына
ҚОСЫМША

Қазақстан Республикасы Президентінің күші
жойылған кейбір актілерінің тізбесі

1. "Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 3 қаңтардағы N 2742 Жарлығы.

2. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір Жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 5 наурыздағы N 3396 Жарлығы.

3. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір Жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 21 мамырдағы N 3512 Жарлығы.

4. "Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі туралы ережеге толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 4 қарашадағы N 3730 Жарлығы.

Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina