ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Положения  »  Акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Положения

  Акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі ұлттық компаниялардың, акционерлік қоғамдардың басшы қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу мен сыйлықақы беру шарттары туралы үлгілік ереже
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 10 маусымдағы N 558 Қаулысы

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 10 маусымдағы
N 558 қаулысымен
бекітілген

Акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі ұлттық компаниялардың, акционерлік қоғамдардың басшы қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу мен сыйлықақы беру шарттары туралы үлгілік ереже

1. Жалпы ережелер

1. Осы Акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі ұлттық компаниялардың, акционерлік қоғамдардың басшы қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу мен сыйлықақы беру шарттары туралы үлгілік ереже (бұдан әрі - Үлгілік ереже) акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі ұлттық компаниялардың, акционерлік қоғамдардың (бұдан әрі - ұйымдар) басшы қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу мен уәждеу мәселелерінде бірыңғай тәсілдерді қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.

2. Осы Үлгілік ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
еңбекақы төлеу - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және осы Үлгілік ережеге сәйкес қызметкерге еңбегі үшін берілетін сыйақының міндетті төлемін қамтамасыз етуіне байланысты қатынастар жүйесі;
лауазымдық жалақы - қызметкердің біліктілігін, орындалатын жұмыстың күрделілігін, санын, сапасы мен жағдайын ескере отырып, еңбек нормаларын (еңбек міндеттерін) орындағаны үшін айына төленетін қызметкер еңбекақысының тіркелген мөлшері;
бір жылғы жұмыс қорытындылары бойынша сыйақы - қол жеткізілген табыстарын материалдық көтермелеу және жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында жұмыс нәтижелеріне қарай жылына бір рет ұйымның басшы қызметкерлеріне төленетін сыйақы. Бір жылғы жұмыс қорытындылары бойынша сыйақы тұрақты сипатта болмайды.

3. Ўйымның басшы қызметкерлеріне:

1) бірінші басшы (президент Басқарма төрағасы және тағы сол сияқты);

2) басшының орынбасары (вице-президент, Басқарма төрағасының орынбасары және тағы сол сияқты);

3) атқарушы органның (Басқарманың) мүшесі жатады.

4. Ўйымның басшы қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу мен сыйлықақы беру ұйымның ағымдағы қаржы жылына арналған бюджетінде еңбекақы төлеуге көзделген қаражат есебінен жүргізіледі.

5. Ўйымның басшы қызметкерінің лауазымдық айлық жалақысының мөлшері, бір жылғы жұмыс қорытындылары бойынша сыйақы алуға құқығы заңнамада белгіленген тәртіппен жасалатын еңбек шартында айқындалады.

6. Осы Үлгілік ереже ұйымға белгіленген тәртіппен тартылатын шетелдік мамандарға - басшы қызметкерлерге қолданылмайды. Шетелдік мамандар - басшы қызметкерлерге еңбекақы төлеу шарттары ұйымның Директорлар кеңесінің шешімімен айқындалады.

2. Еңбекақы төлеу және сыйлықақы беру шарттары

7. Ўйымның басшы қызметкерлерінің лауазымдық айлық жалақысының мөлшері орындалатын жұмыстың күрделілігіне, атқарып отырған лауазымына, өндірістің (бизнестің) ерекшеліктері мен ауқымына және оларға байланысты қатерлерге, еңбектің салалық ерекшелігіне, республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы ұйымның рөлі мен орнына қарай сараланып айқындалады және ұйымның Директорлар кеңесінің шешімімен белгіленеді.

8. Ўйымның басшы қызметкерлерінің өндірістің тиімділігі мен жұмыс сапасын арттыруға мүдделілігін күшейту үшін бір жылғы жұмыс қорытындылары бойынша сыйақы төлеу жүргізіледі.

9. Бір жылғы жұмыс қорытындылары бойынша сыйақының мөлшері әрбір басшы қызметкердің қызметін бағалауға жеке тәсілі негізінде айқындалады және ұйымның даму жоспарының (қаржы-шаруашылық қызмет жоспарының) сапалық және сандық көрсеткіштеріне тәуелді болады.

10. Ўйымның басшы қызметкерлеріне бір жылғы жұмыс қорытындылары бойынша сыйақы төлеу тәртібі мен шарттары ұйымның Директорлар кеңесінің шешімімен айқындалады.

11. Басшы қызметкерлерге бір жылғы жұмыс қорытындылары бойынша сыйақы аудит жасалған қаржылық есептеме негізінде ұйымның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері белгіленген тәртіппен бекітілгеннен кейін қаржы жылының нәтижелері бойынша төленеді.

12. Басшы қызметкердің орташа жалақысын есептеу бір жылғы жұмыс қорытындылары бойынша сыйақы ескерілмей, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

13. "ҚазАгро" ұлттық холдингі", "Арна Медиа" ұлттық ақпараттық холдингі", "Парасат" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі", "Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингі" акционерлік қоғамдарының басшы қызметкерлерінің, оның ішінде шетелдік мамандардың - басшы қызметкерлерінің лауазымдық айлық жалақысының және бір жылғы жұмыс қорытындылары бойынша сыйақысының шекті мөлшері Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі тиісті мамандандырылған кеңестердің ұсынымдары негізінде ұйымның Директорлар кеңесінің шешімімен айқындалады.
Ескерту. 13-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.11.12. N 1048, 2008.11.21. N 1080 Қаулыларымен.

14. Басшы қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу және сыйлықақы беру жүйесін белгілеу кезінде ұйымның Директорлар кеңесі осы Үлгілік ережені басшылыққа алады.

Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina