ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Положения  »  Учаскелік комиссиялар туралы үлгілік...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Положения

   Учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ереже
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы N 29-ө бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2009 жылғы 28 қаңтардағы
N 29-ө бұйрығымен
бекітілген

Учаскелік комиссиялар туралы
үлгілік ереже

1. Жалпы ережелер

1. Осы Учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ереже (бұдан әрі - Ереже) "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңының (бұдан әрі - Заң) 5-бабы 3-тармағына сәйкес әзірленді және учаскелік комиссиялардың мәртебесі мен өкілеттігін айқындайды.
2. Осы Үлгі ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
уәкілетті орган – жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын атаулы әлеуметтік көмек тағайындауды жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қалалық, астаналық, аудандық (облыстық, аудандық маңызы бар қалалық) атқарушы орган;
учаскелік комиссия – атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш берген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімімен құрылатын арнайы комиссия.
3. Учаскелік комиссиялар (бұдан әрі - Комиссиялар) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің аумағында тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган болып табылады. Комиссиялар өз жұмысын ашықтық, жариялылық, алқалылық және әділдік қағидаттарымен ұйымдастырады.
4. Комиссиялар өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентінің және Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

2. Комиссиялардың міндеттері мен функциялары

5. Комиссиялардың негізгі міндеті уәкілетті органға, ал ауылды жерлерде – кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімдерінің халыққа мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – атаулы әлеуметтік көмек) көрсету, оның атаулылығын арттыру жөніндегі қызметіне жәрдемдесу болып табылады.
6. Комиссиялардың негізгі функцияларына:
1) атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш берген адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу (бұдан әрі – тексеру);
2) тексеру жүргізуге қажетті жетіспейтін мәліметтерді алу үшін қажет болған кезде сұрау салу;
3) атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш берген адамның (бұдан әрі - өтініш берушінің) материалдық жағдайын тексеру актісін жасау;
4) ұсынылған құжаттардың және/немесе тексеру нәтижелерінің негізінде атаулы әлеуметтік көмек берудің қажеттілігі, немесе қажеттіліктің жоқтығы туралы қорытындыны дайындау жатады.

3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру

7. Комиссия өз қызметін өтеусіз негізде жүзеге асырады.
8. Учаскелік комиссиялар туралы ереже осы Үлгі ереженің негізінде әзірленеді, жергілікті өкілетті органдармен келісіледі және облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдармен бекітіледі.
9. Уәкілетті орган, ал ауылды жерлерде – кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтың әкімі учаскелік комиссияның қалыпты жұмыс істеуі үшін қажетті жағдайды (отырыс өткізуге арналған жеке бөлме, нормативтік құқықтық актілермен, техникалық құралдармен қамтамасыз ету) жасайды.
10. Комиссияның құрамы жергілікті мемлекеттік басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, кооперативтердің, үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері, халықтың, ұйымдардың және білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау уәкілетті органдарының өкілдерінен, құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен құрылады.
Комиссия төрағадан, хатшыдан және комиссия мүшелерінен тұрады. Комиссияның жалпы құрамы бес адамнан кем болмауы тиіс.
11. Төраға Комиссияның жұмысын ұйымдастырады және Комиссияға осы Үлгі ережеде жүктелген міндеттер мен функциялардың уақтылы және сапалы орындалуы үшін дербес жауаптылықта болады.
12. Комиссия отырысының өткізілетін күні туралы өтініш берушіні хабардар етуді, отырыстың күн тәртібі бойынша ұсыныстар даярлауды, Комиссия отырысына қажетті құжаттар, материалдар мен оны өткізгеннен кейін хаттаманы рәсімдеуді комиссияның хатшысы жүзеге асырады.
13. Өтініш беруші Комиссияның отырысына қатыса алады.
14. Комиссия уәкілетті органнан немесе кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінен құжаттарды алған күннен бастап бес күн мерзімінде ұсынылған құжаттар және (немесе) өтініш беушінің материалдық жағдайын тексерудің нәтижелері негізінде қорытынды дайындап, оны уәкілетті органға немесе кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкіміне береді.
15. Комиссияның шешімдері оның құрамы жалпы санының үштен екісі болған кезде заңды болады.
16. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және комиссия мүшелерінің жалпы санының басым көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының даусы шешуші болып саналады.
17. Комиссияның қабылдаған шешімі қорытынды түрінде ресімделеді, өтініш беруші онымен танысып, қол қояды.
18. Өтініш беруші Комиссияның қорытындысына уәкілетті органға, сондай-ақ сот тәртібімен шағымдануына болады.

Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina