ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Положения  »  Қазақстан Республикасының "Сырбар" Сыртқы...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Положения

  Қазақстан Республикасының "Сырбар" Сыртқы барлау қызметі туралы ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 26 наурыздағы N 773 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы
Президентінің
2009 жылғы 26 наурыздағы
N 773 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасының "Сырбар"
Сыртқы барлау қызметі туралы
ЕРЕЖЕ

Осы Ереже Қазақстан Республикасының Конституциясына , заңдарына және басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасының "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің мәртебесін және өкілеттіктерін айқындайды.

I. Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасының "Сырбар" Сыртқы барлау қызметі (бұдан әрі - "Сырбар" қызметі) - сыртқы барлау саласындағы уәкілетті орган функциялары жүктелген Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган.
2. "Сырбар" қызметі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне және өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. "Сырбар" қызметі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген мөрі, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында есепшоттары болады.
4. "Сырбар" қызметі әскери құрылым болып табылады және Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету күштеріне жатады, рәмізі, жалауы, ведомстволық наградалары мен омырау белгілері, нақты және шартты атаулары болады.
5. "Сырбар" қызметі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан кіреді.
6. "Сырбар" қызметінің құрылымы мен жалпы штат санын "Сырбар" қызметі директорының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
7. "Сырбар" қызметі республикалық бюджеттен қаржыландырылады.
8. "Сырбар" қызметінің заңды мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 42.
9. "Сырбар" қызметінің толық атауы - "Қазақстан Республикасының "Сырбар" Сыртқы барлау қызметі" мемлекеттік мекемесі".
10. Осы Ереже "Сырбар" қызметінің құрылтай құжаты болып табылады.

2. "Сырбар" қызметінің міндеттері, функциялары және құқықтары

10. "Сырбар" қызметінің негізгі міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының мүдделерінде барлау ақпаратын алу;
2) Қазақстан Республикасының Президентін, Қазақстан Республикасының Үкіметін және мемлекеттік органдарын барлау ақпаратымен және саяси, қаржы-экономикалық, әскери-саяси, ғылыми-техникалық, гуманитарлық және экологиялық салалардағы талдау бағаларымен қамтамасыз ету;
3) елдің экономикалық дамуы мен ғылыми-техникалық өркендеуіне және Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін әскери-техникалық қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
4) ұлттық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға мүмкіндік туғызатын жағдайларды әзірлеуге және жасауға қатысу;
5) Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделері мен оның ұйымдарына, мекемелеріне және азаматтарына шетел мемлекеттерінің арнайы қызметтері мен ұйымдары, жекелеген тұлғалар, шетелдегі террористік және экстремистік ұйымдардың тарапынан нақты және ықтимал нұқсан келтіруді болдырмауға бағытталған шараларды жүзеге асыру;
6) белгіленген құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері мен олардың персоналының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысу;
7) басқа да сыртқы барлау органдарының қызметін үйлестіру;
8) Қазақстан Республикасының заңдары мен Президентінің актілері анықтайтын өзге де міндеттер.
11. "Сырбар" қызметі өз құзыреті шегінде мынадай негізгі функцияларды жүзеге асырады:
1) шет елдерде және Қазақстан Республикасының аумағынан барлау қызметін жүзеге асырады;
2) барлау ақпаратын алады, мемлекет басшылығының саяси, әскери-саяси, қаржы-экономикалық, ғылыми-техникалық, гуманитарлық, экологиялық және Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін қозғайтын басқа да салалардағы саясатын іске асыруға жәрдемдесу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады;
3) Қазақстан Республикасының Президентіне, Парламентіне, Үкіметіне және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен мемлекеттік ұйымдарына барлау ақпаратын береді;
4) жүктелген міндеттерді шешу үшін ақпараттық-талдау жұмысын жүргізеді;
5) жүргізілетін барлау қызметінің стратегиясын әзірлейді және тактикасын айқындайды;
6) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету күштерімен, мемлекеттік органдарымен және ұйымдарымен сыртқы барлау органдарының құзыретіне қатысты мәселелер бойынша өзара іс-қимылдар жасайды;
7) Қазақстан Республикасы жасасатын халықаралық шарттарды дайындауға, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеуге қатысады;
8) сыртқы барлау саласындағы Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін орындайды;
9) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының негізінде шет мемлекеттерінің арнайы қызметтерімен, құқық қорғау органдарымен, үкіметтік және арнайы байланыс органдарымен, халықаралық құқық қорғау ұйымдарымен байланыс орнатады және жалғастырады;
10) радиотехникалық және радиоэлектрондық барлауды жүзеге асырады;
11) "Сырбар" қызметінің құрылымдық бөлімшелерінің, үй-жайлары мен көлік құралдарының, әскери қызметшілерінің, азаматтық персоналының ведомстволық тиесілігін және онымен құпия түрде ынтымақтастық жасайтын тұлғаларды бүркемелеу шараларын іске асырады;
12) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғауды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, "Сырбар" қызметі объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін, жеке және инженерлік-техникалық қорғалуын жүзеге асырады, сондай-ақ оларда жөндеу, құрылыс және өзге де жұмыстардың барлық түрлерін жүргізуді келісуден өткізеді;
13) белгіленген өкілеттіктер шегінде Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері мен олардың персоналының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шараларды ұйымдастырады және іске асырады;
14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Сырбар" қызметін кадрлармен жасақтауды жүзеге асырады;
15) сыртқы барлау органдарының кадрларын даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды жүзеге асырады;
16) "Сырбар" қызметінің жұмылдыру дайындықтарын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлейді, ұйымдастырады және жүргізеді;
17) арнайы мұрағаттар, жедел есептер мен ақпараттық және анықтамалық жүйелер құрады және пайдаланады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Сырбар" қызметінің іс-әрекетіне қатысты жедел, мұрағаттық және басқа да материалдарды есепке алудың, сақтаудың, пайдаланудың және жоюдың тәртібін айқындайды;
18) өзінің қорғалған байланыс жүйесін пайдаланады;
19) өз қызметінің негізгі бағыттары бойынша ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
20) жеке қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, оның ішінде "Сырбар" қызметінің объектілерінде құқық бұзушылық жасаған тұлғаларды ұстап, кейіннен құқық қорғау органдарына тапсырады;
21) Қазақстан Республикасының заңдары мен Президентінің актілері айқындайтын өзге де функцияларды атқарады.
12. "Сырбар" қызметі міндеттерді шешу және өз функцияларын жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың, әскери құралымдардың қызметтік үй-жайларын, көлік және өзге де техникалық құралдарын, сондай-ақ азаматтардың тұрғын және басқа да үй-жайларын, көлік құралдары мен басқа да мүлкін келісім негізінде пайдалану;
2) барлау қызметінің міндеттерін шешу үшін мемлекеттік органдар мен меншік нысанына қарамастан ұйымдардан қажетті ақпаратты, оның ішінде автоматтандырылған ақпараттық және анықтамалық жүйелерден ақпаратты сұрату және алу;
3) "Сырбар" қызметінің әскери қызметшілерін іссапарға, сонымен қатар Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге іссапарға жіберу;
4) Қазақстан Республикасының азаматтарын ерікті түрде "Сырбар" қызметінің штаттан тыс жедел қызметкерлері ретінде тарту;
5) зерделеу мен тексеруден кейін жеке және заңды тұлғаларға өз объектілерін қорғау және қызмет көрсету жұмыстарына рұқсат беруді жүзеге асыру;
6) "Сырбар" қызметінің объектілері мен үй-жайларын қорғауды қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қаруды, арнайы құралдарды және жеке күшті қолдану;
7) "Сырбар" қызметіне құпия түрде жәрдемдесуге келісімін берген тұлғалармен тегін немесе ақылы негізде жасырын қарым-қатынас орнату;
8) мемлекеттік органдар мен меншік нысанына қарамастан ұйымдардың ақпараттық жүйелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдері негізінде шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың ақпараттық жүйелерін пайдалану;
9) дерек қорлары мен ақпараттық жүйелерді, арнайы техникалық құралдарды, байланыс және деректер жеткізу жүйелерін, техникалық арналар бойынша ақпараттың таралып кетуін қорғау құралдарын, олардың бағдарламалық қамтамасыз етілуін, сондай-ақ қару-жарақты және жабдықты алу, әзірлеу, құру және пайдалану;
10) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде шет мемлекеттерінің арнайы қызметтерімен, құқық қорғау органдарымен, үкіметтік және арнайы байланыс органдарымен, халықаралық құқық қорғау ұйымдарымен ынтымақтастық туралы келісімдер жасасу;
11) Қазақстан Республикасының Президентіне сыртқы барлау мен барлау қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар беру;
12) "Сырбар" қызметі іс-әрекетінің негізгі бағыттарына сәйкес басқа мемлекеттік органдарда, ұйымдар мен мекемелерде жұмыс істейтін ғылыми қызметкерлер мен білімнің әр түрлі салалары мамандарын тарту арқылы сараптама топтарын құру;
13) "Сырбар" қызметіне жүктелген міндеттер мен функцияларды атқару үшін ұйымдармен келісімдер жасасу, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету күштерімен және өзге де мемлекеттік органдармен бірлескен бұйрықтар шығару;
14) "Сырбар" қызметінің құрылымдық бөлімшелерінің, объектілерінің, үй-жайларының, көлік құралдарының, әскери қызметшілері мен азаматтық персоналының ведомстволық тиесілігін және құпия түрде жәрдемдесетін адамдарды бүркемелеу мақсатында құжаттар, өзге де әдістер мен тәсілдерді пайдалану құқығына ие.

3. "Сырбар" қызметінің мүлкі

13. "Сырбар" қызметі жедел басқару құқығы негізінде оқшауланған мүлікке ие.
"Сырбар" қызметінің мүлкі оған мемлекет берген мүлік есебінен құрылады және негізгі қор мен айналым қаражатынан, сондай-ақ бағасы баланста көрсетілетін өзге де мүліктен тұрады.
14. "Сырбар" қызметіне бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.

4. "Сырбар" қызметінің жұмысын ұйымдастыру

15. Қазақстан Республикасының "Сырбар" Сыртқы барлау қызметін Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын "Сырбар" қызметінің директоры басқарады.
16. "Сырбар" қызметі директорының терт орынбасары, оның ішінде бір бірінші орынбасары болады. Қазақстан Республикасының "Сырбар" Сыртқы барлау қызметі директорының ұсынуымен директордың орынбасарларын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
17. "Сырбар" қызметіндегі жоғары офицерлік мен басшы құрам тұлғалары атқаратын лауазымдар тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
18. "Сырбар" қызметінің директоры:
1) "Сырбар" қызметі бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады, қызметіне басшылық етеді және оларға жүктелген міндеттерді шешуге жауап береді, Қызмет директорының орынбасарлары арасында міндеттерді бөледі;
2) Қазақстан Республикасының Президенті анықтаған тәртіпте және мерзімдерде Қазақстан Республикасы Президентінің алдында "Сырбар" қызметінің жұмысы туралы есеп береді;
3) Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жалпы штаттық құрам шегінде құрылымдық бөлімшелердің ережесін, ұйымдық құрылымын және штат санын бекітеді;
4) Қазақстан Республикасының Президентіне "Сырбар" қызметінің ұйымдастыру-штаттық, кадрлық және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі және оның қызметі жөнінде ұсыныстар енгізеді;
5) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен, сондай-ақ шет мемлекеттердің арнайы қызметтерімен, құқық қорғау органдарымен, үкіметтік және арнайы байланыс органдарымен және халықаралық ұйымдармен өзара қатынас кезінде "Сырбар" қызметі атынан өкілдік етеді;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзінің құзыреті шегінде "Сырбар" қызметінің әскери қызметшілерін қызметке тағайындайды, қызметтен босатады және жұмыстан шығарады;
7) қатардағы жауынгер, матростық, сержанттық және старшиналық құрам әскери қызметшілері, кіші және аға құрам офицерлері, азаматтық персонал атқаратын лауазымдар тізбесін бекітеді, сондай-ақ әрекет етуші резервтегі офицерлердің санын, "Сырбар" қызметі бөлімшелерін әскери қызметшілермен және азаматтық персоналмен жасақтау тәртібін айқындайды;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әскери атақтарды береді, ал мадақтау түрінде - кезекті әскери атақты мерзімінен бұрын және атқарып отырған лауазымы бойынша көзделген атақтан бір сатыға жоғары атақ береді;
9) Қазақстан Республикасының Президентіне "Сырбар" қызметінің әскери қызметшілеріне жоғары әскери атақтар беру және мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы ұсыныстар енгізеді;
10) "Сырбар" қызметі әскери қызметшілерінің мемлекеттік органдар мен ұйымдарға жұмысқа жіберілуі мен әскери емес лауазымдар атқару мәселелерін мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшыларымен келісе отырып шешеді;
11) Қазақстан Республикасының сыртқы барлау органдары үшін кадрлар даярлау мәселесін келісім негізінде шешеді;
12) республикалық бюджеттен бөлінген қаржылық қаражаттарға иелік етеді;
13) "Сырбар" қызметінің әскери қызметшілері мен азаматтық персоналын марапаттайды, ведомстволық наградалармен наградтайды, тәртіптік жазаға тартады;
14) штаттан тыс қызметкерлерді тарту тәртібін айқындайды;
15) қол жеткізген келісімдерде айқындалған мәселелер бойынша өзара қатынастардың тиімділігін арттыру мақсатында шет мемлекеттерінің арнайы қызметтерімен, құқық қорғау органдарымен, үкіметтік және арнайы байланыс органдарымен келісе отырып, "Сырбар" қызметінің ресми өкілдерін шет мемлекеттерге жібереді;
16) "Сырбар" қызметінде құпия болып есептелетін мәліметтер тізбесін бекітеді;
17) "Сырбар" қызметі әскери қызметшісінің, азаматтық персоналының қызметтік куәліктерінің және зейнеткер куәлігінің сипаттамасын бекітеді, сондай-ақ оларды беру тәртібін анықтайды;
18) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
19. "Сырбар" қызметінің директоры уақытша болмаған кезінде оның тапсырмасына сәйкес міндеттерін "Сырбар" қызметі директоры орынбасарларының біреуі атқарады.
20. "Сырбар" қызметінің іс-қимылын үйлестіруді қамтамасыз ету, оның тиімділігін арттыру жөніндегі шараларды тұжырымдау, жедел қызметтік іс-әрекеттер және кадрлармен жұмыс істеудің аса маңызды мәселелерін қарастыру, олар бойынша келісілген шешімдер қабылдау үшін "Сырбар" қызметінде алқа құрылады. "Сырбар" қызметінің директоры алқа құрамын айқындайды.
Алқаның шешімі "Сырбар" қызметі директорының бұйрығымен жарияланады.
Алқаның міндеттері, өкілеттіктері және қызметінің тәртібі "Сырбар" қызметі директоры бекіткен Ережемен регламенттеледі.
21. "Сырбар" қызметінің объектілері Қазақстан Республикасының режимдік объектілері болып табылады.

5. "Сырбар" қызметін қайта ұйымдастыру және тарату

22. "Сырбар" қызметін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina