ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Положения  »  Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Положения

Страницы 1 2

  Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттiгi туралы ереже
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 29 мамырдағы N 438 қаулысымен бекiтiлген


Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2007 жылғы 29 мамырдағы
N 438 қаулысымен
бекiтiлген

Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2007.11.06 N 1047 Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттiгi туралы ереже

1. Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттiгi (бұдан әрi - Агенттiк) ғарыш қызметi саласындағы мемлекеттiк реттеудi, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте ғарыш қызметi саласындағы салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрамына кiрмейтiн Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
2. Агенттiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Агенттiк мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрлерi мен мөртабандары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң қазынашылық органдарында ашылатын шоттары болады.
4. Агенттiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
5. Егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өкiлеттiк берiлсе, Агенттiк мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарабы болады.
6. Агенттiк заңнамада белгiленген тәртiппен Агенттiк төрағасының не оны алмастыратын адамның бұйрықтарымен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
7. Агенттiктiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
8. Агенттiктiң заңды мекен-жайы: почталық индексi 010000, Астана қаласы, Сол жақ жағалау, "Министрлiктер үйi" әкiмшiлiк ғимараты.
9. Агенттiктiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттiгi" мемлекеттiк мекемесi. Агенттiктiң қысқартылған атауы - "Қазғарыш".
10. Осы Ереже Агенттiктiң құрылтай құжаты болып табылады.
11. Агенттiктiң қызметiн қаржыландыру тек республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Агенттiкке кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Агенттiктiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
13. Егер Агенттiкке Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiмен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, ондай қызметтен түскен кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

2. Агенттiктiң негiзгi мiндеттерi, функциялары мен құқықтары

14. Агенттiктiң қызметi аясындағы негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
1) ғарыш қызметi саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясат қалыптастыру және оның негiзгi бағыттарын iске асыруды қамтамасыз ету;
2) өз құзыретi шегiнде ғарыш саласындағы қызметтi мемлекеттiк реттеу мен үйлестiрудi жүзеге асыру;
3) Қазақстан Республикасында мақсатты ғарыш жүйелерiн, жер үстi ғарыш инфрақұрылымы объектiлерiн, ғарыштық зерттеулер мен технологияларды, кадр әлеуетiн қамтитын ғарыш саласын қалыптастыру және дамыту;
4) ғарыштық технологиялар мен қызметтер нарығын қалыптастыру үшiн жағдай жасау;
5) Қазақстан Республикасында ғарыш қызметiнiң заңнамалық базасын жасау;
6) ғарыш қызметi саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;
7) ғарыш қызметi саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
8) өз құзыретi шегiнде "Байқоңыр" кешенiн Ресей Федерациясына жалға беру жөнiндегi жұмыстарды үйлестiру.
15. Агенттiк қолданыстағы заңнамаға және оған жүктелген мiндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) республикадағы ғарыш қызметiнiң даму жағдайы мен болжамына және ғарыш техникасы мен технологиясы дамуының әлемдiк үрдiстерiне талдау жүргiзедi;
2) ғарыш қызметiн дамытудың басымды бағыттары жөнiнде, сондай-ақ ғарыш қызметi саласында мемлекеттiк тапсырысты қалыптастыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi және Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзедi;
3) ғарыш қызметi саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады, өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен халықаралық шарттар жасасады;
4) ғарыш қызметi саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi, бекiтедi;
5) ғарыш қызметi саласындағы жобаларға салалық сараптаманы жүзеге асыруды қамтамасыз етедi;
6) Қазақстан Республикасы ғарыш объектiлерiнiң тiркелiмiн жүргiзедi;
7) Ресей Федерациясы "Байқоңыр" ғарыш айлағынан жүзеге асыратын ғарыш аппараттарын ұшырудың және зымырандарды сынақтық ұшырулардың жоспарлары бойынша жыл сайынғы қорытынды дайындауды және оны iске асыру мониторингiн ұйымдастырады;
8) Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының "Байқоңыр" кешенi бойынша халықаралық шарттарды орындау жөнiндегi қызметiн үйлестiрудi жүзеге асырады;
9) ғарыш қызметi саласында жұмыс iстейтiн заңды тұлғалар қызметiне талдау жүргiзедi;
10) "Байқоңыр" кешенiнiң жұмыс iстеуi, "Байқоңыр" кешенi бойынша халықаралық шарттардың iске асырылуы жөнiндегi мәселелер бойынша ресей тарабымен белгiленген тәртiппен өзара әрекет етудi жүзеге асырады;
11) ғарыш кеңiстiгiн пайдалану жөнiндегi қызметтi лицензиялауды жүзеге асырады;
12) "Байқоңыр" кешенiнiң ұйымдастыру және өзге де шаруашылық мәселелерiн белгiленген тәртiппен шешудi қамтамасыз етедi;
13) ғарышкерлердi даярлау, ғарыш қызметi саласында кадрлар даярлау және қайта даярлау жөнiндегi жұмыстарды үйлестiрудi жүзеге асырады;
14) мемлекеттiң қатысуымен ғарыш қызметi саласында жұмыс iстейтiн ұйымдардың басқару органдарында мемлекет мүдделерiн бiлдiрудi өз құзыретi шегiнде ұйымдастырады;
15) ғарыш қызметi саласында заңнама талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
16) ғарыш қызметi саласындағы және "Байқоңыр" кешенi жөнiндегi халықаралық шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
17) Ресей Федерациясы жалға алған "Байқоңыр" кешенiнiң объектiлерi мен мүлкiнiң сақталу және пайдалану жағдайларын бақылауды жүзеге асырады;
18) лицензиаттың Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған лицензиялық бақылауды жүзеге асырады.
16. Агенттiктiң өзiне жүктелген мiндеттердi iске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру үшiн заңнамада белгiленген тәртiппен мыналарға құқығы бар:
1) орындау үшiн мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлердi өз құзыретi шегiнде қабылдауға;
2) мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан заңнамада белгiленген тәртiппен қажеттi ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға;
3) қолданыстағы заңнамада көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға.

3. Агенттiктiң қызметiн ұйымдастыру

17. Агенттiктiң жұмысына дербес жауап беретiн төраға Агенттiкке басшылықты жүзеге асырады.
18. Агенттiк төрағасын Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Агенттiк төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Агенттiк төрағасының орынбасарлары болады.
19. Агенттiк төрағасы:
1) ғарыш қызметi саласында мемлекеттiк саясатты қалыптастырады;
2) Қазақстан Республикасының Парламентiнде, өзге мемлекеттiк органдар мен ұйымдарда Агенттiктi бiлдiредi;
3) Агенттiктiң жыл сайынғы даму жоспарларын бекiтедi;
4) Агенттiк алқасының және ғылыми-техникалық кеңесiнiң жұмысын ұйымдастырады және олардың мәжiлiстерiнде төрағалық етедi;
5) нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын келiседi және оларға бұрыштама соғады;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
20. Агенттiктiң аппаратын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын жауапты хатшы басқарады.
21. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, Агенттiк төрағасының орнынан түсуi жауапты хатшының өкiлеттiгiн тоқтатуға әкелiп соқпайды.
22. Жауапты хатшы өз қызметiн жүзеге асырған кезде Қазақстан Республикасының Президентiне, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрiне, Агенттiктiң төрағасына есеп бередi.
23. Жауапты хатшы:
1) Агенттiк төрағасы ғарыш қызметi саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды қамтамасыз етедi, оның актiлерi мен тапсырмаларын орындайды;
2) Агенттiк аппаратына басшылық етудi жүзеге асырады: оның бөлiмшелерiнiң жұмысын ұйымдастырады, үйлестiредi және бақылайды;
3) Агенттiк қызметiн ақпараттық-талдау және ұйымдық-құқықтық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етудi ұйымдастырады;
4) Агенттiк төрағасымен келiскеннен кейiн Агенттiктiң құрылымын және Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен штат санының лимитi шегiнде штат санын бекiтедi;
5) Агенттiк төрағасымен келiскеннен кейiн Агенттiктiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;
6) Агенттiктiң тәртiптiк, аттестациялық және конкурстық комиссияларының қызметiне жалпы басшылықты жүзеге асырады, атқарушылық және еңбек тәртiбiнiң сақталуын, кадр қызметiнiң жұмысын және құжат айналымының ұйымдастырылуын бақылайды;
7) Агенттiктiң қызметiн қамтамасыз ету және оған жүктелген мiндеттердi орындау мақсатында мемлекеттiк сатып алу жүргiзудi ұйымдастырады;
8) Агенттiк төрағасымен келiскеннен кейiн Агенттiктiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
9) еңбек қатынастарының мәселелерi жоғары тұрған мемлекеттiк органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретiне жататын қызметкерлерден басқа, Агенттiк қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
10) Агенттiк төрағасымен келiсiм бойынша Агенттiк қызметкерлерiнiң iссапар, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), бiлiктiлiгiн арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу және сыйлық беру мәселелерiн шешедi;
11) Агенттiк Төрағасымен келiсiм бойынша еңбек қатынастарының мәселелерi жоғары тұрған мемлекеттiк органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретiне жататын қызметкерлердi қоспағанда, Агенттiк қызметкерлерiнiң тәртiптiк жауапкершiлiк мәселелерiн шешедi;
12) Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасының Үкiметi және Агенттiк төрағасы бекiтетiн Агенттiктiң стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын әзiрлеудi қамтамасыз етедi;
13) орган жұмысының жыл сайынғы жоспары мен оның қызметiнiң нәтижелерi туралы жыл сайынғы есебiн әзiрлеудi қамтамасыз етедi және Агенттiк төрағасына бекiтуге ұсынады;
14) Агенттiктiң бюджеттiк өтiнiмiн дайындауды, Агенттiк төрағасына Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгiзетiн бюджеттiк өтiнiм берудi, сондай-ақ бюджеттiк үдерiстiң өзге де рәсiмдерiн орындауды қамтамасыз етедi;
15) Агенттiктiң қаржыландыру жоспарларын және қаржылық есептiлiгiн әзiрлеудi қамтамасыз етедi және төрағамен келiскеннен кейiн бекiтедi;
16) Агенттiк регламентiн және ғарыш қызметi саласында мемлекеттiк қызметтер көрсету стандарттарын әзiрлеудi ұйымдастырады;
17) Агенттiктiң құзыретi шегiнде нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеудi ұйымдастырады;
18) Агенттiкке келiсуге келiп түскен нормативтiк құқықтық актiлердiң жобалары бойынша қорытындылар дайындауды ұйымдастырады;
19) мемлекеттiк органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қатынастарда өз құзыретi шегiнде Агенттiктi бiлдiредi;
20) Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Үкiметiнiң және Агенттiк төрағасының актiлерiнде жауапты хатшыға жүктелген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
24. Жауапты хатшы өзiне жүктелген қызметтiк мiндеттердi орындау үшiн мыналарға құқылы:
1) Агенттiктiң қызметкерлерiне орындауға мiндеттi тапсырмалар беруге;
2) өзге мемлекеттiк органдар мен лауазымды тұлғалардан жауапты хатшының құзыретiне жататын мәселелердi шешу үшiн қажеттi ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратуға және алуға;
3) жеке қолданымдағы құқықтық актiлер қабылдауға.
25. Жауапты хатшы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзiне жүктелген мiндеттердi орындауға жауапты.
26. Агенттiк төрағасының жанынан консультативтiк-кеңесшi орган болып табылатын алқа құрылады. Агенттiк алқасының сандық, дербес құрамын Агенттiктiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының қатарынан Агенттiк төрағасы бекiтедi.
27. Агенттiк қызметiн ұйымдастырудың өзге де мәселелерiн, лауазымды адамдардың құқықтары мен мiндеттерiн, оның қызметiн қамтамасыз ететiн құрылымдық бөлiмшелердiң құзыретi мен өкiлеттiктерiн Агенттiктiң регламентi мен Агенттiктiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелер белгiлейдi.

4. Агенттiктiң мүлкi

28. Агенттiктiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады.
Агенттiктiң мүлкi оған мемлекет берген мүлiк, сондай-ақ құны Агенттiктiң теңгерiмiнде көрсетiлетiн өзге де мүлiк есебiнен қалыптасады.
29. Агенттiкке бекiтiп берiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
30. Агенттiктiң, егер заңнамалық актiлерде өзгеше көзделмесе, смета бойынша оған бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған, өзiне бекiтiп берiлген мүлiктi өздiгiмен иелiктен айыруға немесе өзге тәсiлмен иелiк етуге құқығы жоқ.
Агенттiкке Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген жағдайлар мен шекте мүлiкке иелiк ету құқығы берiле алады.

5. Агенттiктi қайта ұйымдастыру және тарату

31. Агенттiктi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2007 жылғы 29 мамырдағы
N 438 қаулысымен
бекiтiлген

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi

Ескерту. Тiзбеге өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.01.22. N 38, 2008.04.28 N 395, 2010.02.26 № 139 (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулыларымен.

Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар

1. "Инфракос" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (шаруашылық
жүргiзу құқығында)
2. Алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2008.01.22 N 38 Қаулысымен.

Мемлекеттiк мекеме

Ескерту. Бөлiм алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2010.02.26 № 139 (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

Акционерлiк қоғамдар

1. "Бәйтерек" Қазақстан-Ресей бiрлескен кәсiпорны" акционерлiк қоғамы
2. "Ғарыштық байланыс және радиоэлектронды құралдардың электро-магниттiк үйлесiмдiлiгi республикалық орталығы" акционерлiк қоғамы
3. "Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компаниясы" акционерлiк қоғамы
4. "Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы" акционерлiк қоғамы

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2007 жылғы 29 мамырдағы
N 438 қаулысымен
бекiтiлген

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар

1. "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген лицензиялауға жататын қызметтiң түрлерiне, лицензиялар беруге өкiлеттiк берiлген мемлекеттiк органдардың (лицензиярлардың) тiзбесiнде:
реттiк нөмiрi 2 жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттiгi".
2. "Инфракос" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 8 қаңтардағы N 27 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 2, 9-құжат):
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттiгi "Инфракос" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын мемлекеттiк басқару органы болып белгiленсiн.".
3. "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы"
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790
қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Аэроғарыш комитетi" деген бөлiм және реттiк нөмiрi 470-185-жол алынып тасталсын;
"Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Ғылым комитетi" деген бөлiмдегi реттiк нөмiрi 470-199-жол алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы бөлiммен және реттiк нөмiрi 533, 534-жолдармен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттiгi

533 "Инфракос" республикалық
мемлекеттiк кәсiпорны
(шаруашылық жүргiзу құқығында) Байқоңыр қаласы

534 "Астрофизикалық зерттеулер орталығы"
республикалық мемлекеттiк кәсiпорны
(шаруашылық жүргiзу құқығында) Алматы қаласы".

4. Күшi жойылды - ҚР Үкiметiнiң 2007.09.14 N 807 Қаулысымен.
5. "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк
пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында:
көрсетiлген қаулыға қосымшада:
"Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Аэроғарыш комитетiне" деген бөлiмнiң атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттiгiне";
"Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттiгiне" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 282-1-жолмен толықтырылсын:
"282-1. "Ғарыштық байланыс және радиоэлектронды құралдардың электромагниттiк үйлесiмдiлiгi республикалық орталығы" АҚ
"Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiгiне" деген бөлiмдегi реттiк нөмiрi 278-жол алынып тасталсын.
6. "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшыру және
зымырандарды сынақтық ұшыру жоспарлары бойынша қорытындыны
(келiсудi) дайындау жөнiндегi нұсқаулық туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 28 желтоқсандағы N 1996 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 58, 570-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшыру және зымырандарды сынақтық ұшыру жоспарлары бойынша қорытындыны (келiсудi) дайындау жөнiндегi нұсқаулықта:
2-тармақтың төртiншi абзацындағы, 3-тармақтың екiншi абзацындағы және 4-тармақтың бiрiншi абзацындағы "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiне" және "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi" деген сөздер тиiсiнше "Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттiгiне" және "Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттiгi" деген сөздермен ауыстырылсын.
7. Күшi жойылды - ҚР Үкiметiнiң 2007.12.29 N 1395 (ресми жарияланғаннан кейiн жиырма бiр күн мерзiм өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
8. Күшi жойылды - ҚР Үкiметiнiң 2009.04.29 N 598 Қаулысымен.
9. "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң
мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы
28 қазандағы N 1111 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,
2004 ж., N 40, 522-құжат):
4-тармақтың 2), 3) тармақшалары алынып тасталсын;
5-тармақтың үшiншi абзацы алынып тасталсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi туралы ережеде:
1-тармақта:
екiншi абзацтағы "және аэроғарыш қызметi" деген сөздер "қызмет" деген сөзбен ауыстырылсын;
алтыншы абзац алынып тасталсын;
10-тармақта:
1) тармақшаның төртiншi абзацындағы "және аэроғарыш қызметi, ғарыш кешенiн дамыту" деген сөздер "қызмет" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) тармақшаның екiншi, үшiншi және төртiншi абзацтарындағы "және аэроғарыш қызметi", "және аэроғарыштық өнiм", "аэроғарыштық қызмет," деген сөздер алынып тасталсын.
10. Күшi жойылды - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31 N 1339 Қаулысымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).
11. "Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын
бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы
24 желтоқсандағы N 1362 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж.,
N 50, 648-құжат) қаулысында:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасында:
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
12 "Көлiк және коммуникация" функционалдық тобында:
4 "Әуе көлiгi" кiшi функциясында:
мынадай бюджеттiк кiшi бағдарламаларымен бiрге бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi алынып тасталсын:
"225 "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi"
042 "Байқоңыр" кешенiнiң жалға берiлген мүлкiнiң есебi"
043 "Қазақстан Республикасының ғарышкерлерiн даярлау"
047 "Қазғарыш" ұлттық компаниясы" АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту";
9 "Көлiк және коммуникациялар саласындағы өзге де қызметтер" кiшi функциясында:
мынадай мазмұндағы бюджеттiк бағдарламаларымен және кiшi бағдарламаларымен бiрге бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсiмен толықтырылсын:
"601 Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттiгi"
001 "Ғарыш қызметi саласындағы уәкiлеттi органның қызметiн қамтамасыз ету"
001 Орталық органның аппараты
007 Мемлекеттiк қызметшiлердiң бiлiктiлiгiн арттыру
008 Мемлекеттiк органдардың ғимараттарын, үй-жайларын және
құрылыстарын күрделi жөндеу
009 Мемлекеттiк органдарды материалдық-техникалық жабдықтау
017 Ақпараттық жүйелердiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету және мемлекеттiк органдарды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету
003 "Қазақстан Республикасының ғарышкерлерiн даярлау"
005 "Қазғарыш" ұлттық компаниясы" АҚ-ның жарғылық капиталын
ұлғайту"
006 "Сенiм артқан агенттер қызметiне ақы төлеу"
008 "Байқоңыр" кешенiнiң жалға берiлген мүлкiнiң есебi"
100 "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң төтенше резервiнiң есебiнен iс-шаралар өткiзу"
101 "Өкiлдiк шығындарға арналған қаражат есебiнен iс-шаралар өткiзу"
105 "Республикалық бюджеттiк инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) техникалық-экономикалық негiздемелерiн әзiрлеу және сараптау"
109 "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шұғыл шығындарға арналған резервiнiң есебiнен iс-шаралар өткiзу";
13 "Басқалар" функциялық тобында:
9 "Басқалар" кiшi функциясында:
мынадай бюджеттiк бағдарламаларымен бiрге бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi алынып тасталсын:
"225 Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi"
054 "Қазақстан Республикасының меншiгi болып табылатын "Байқоңыр" кешенiнiң объектiлерi мен мүлкiн түгендеу және қайта бағалау";
мынадай мазмұндағы бюджеттiк бағдарламасымен бiрге бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсiмен толықтырылсын:
"601 Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттiгi"
007 "Қазақстан Республикасының меншiгi болып табылатын "Байқоңыр" кешенiнiң объектiлерi мен мүлкiн түгендеу және қайта бағалау".
12. Күшi жойылды - ҚР Үкiметiнiң 2008.04.15 N 339 Қаулысымен.
13. Күшi жойылды - ҚР Үкiметiнiң 2008.04.15 N 339 Қаулысымен.
14. "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 21 шiлдедегi N 700 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 27, 290-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Ғылым комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
"1. Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар" деген бөлiмдегi реттiк нөмiрi 3-жол алынып тасталсын.
15. "2007 - 2009 жылдарға арналған "Байқоңыр" кешенiнiң
инфрақұрылымын дамыту" бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 30 қыркүйектегi N 954 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 36, 406-құжат):
3-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттiгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген "2007 - 2009 жылдарға арналған "Байқоңыр" кешенiнiң инфрақұрылымын дамыту" бағдарламасында:
"Байқоңыр қаласында тұрғын үйлер мен қонақ үй кешенiн салу" деген 5.7-кiшi бөлiмдегi "Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Аэроғарыш комитетi" деген сөздер "Ұлттық ғарыш агенттiгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
"2007 - 2009 жылдарға арналған "Байқоңыр" кешенiнiң инфрақұрылымын дамыту" бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 8-бөлiмде:
4-бағандағы "БҒМ" деген аббревиатура "ҰҒА" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
ескертпе (әрiптiк аббревиатуралардың толық жазылуы) мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"ҰҒА - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттiгi".
16. "2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 14 желтоқсандағы N 1204 қаулысында:
көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
II "Шығындар" бөлiмiнде:
04 "Бiлiм беру" функционалдық тобында:
"127069699" деген сандар "127008821" деген сандармен ауыстырылсын;
09 "Бiлiм беру саласындағы өзге де қызметтер" iшкi функциясында:
225 "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi" бюджеттiк бағдарламасының әкiмшiсi бойынша "33374170" деген сандар "33313292" деген сандармен ауыстырылсын;
001 "Бiлiм және ғылым саласындағы уәкiлеттi органның қызметiн қамтамасыз ету" бюджеттiк бағдарламасындағы "1337862" деген сандар "1277259" деген сандармен ауыстырылсын;
001 "Орталық органның аппараты" бюджеттiк кiшi бағдарламасындағы "802023" деген сандар "741420" деген сандармен ауыстырылсын;
050 "Сенiм артқан агенттер қызметiне ақы төлеу" бюджеттiк бағдарламасындағы "66670" деген сандар "66395" деген сандармен ауыстырылсын;
12 "Көлiк және коммуникация" функционалдық тобында:
"161435371" деген сандар "161496249" деген сандармен ауыстырылсын;
04 "Әуе көлiгi" iшкi функциясында:
225 "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi" бюджеттiк бағдарламасының әкiмшiсi бойынша "591540" деген сандар "565463" деген сандармен ауыстырылсын;
мына бюджеттiк бағдарламалар алынып тасталсын:
042 "Байқоңыр" кешенiнiң жалға берiлген мүлкiнiң есебi 12045"
043 "Қазақстан Республикасының ғарышкерлерiн даярлау 14032";
09 "Көлiк және коммуникациялар саласындағы өзге де қызметтер" iшкi функциясында:
мынадай мазмұндағы бюджеттiк бағдарламаларымен және кiшi бағдарламаларымен бiрге бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсiмен толықтырылсын:
"601 Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттiгi 86955
001 Ғарыш қызметi саласындағы уәкiлеттi органның қызметiн қамтамасыз ету 60603
001 Орталық органның аппараты 60603
003 Қазақстан Республикасының ғарышкерлерiн даярлау 14032
006 Сенiм артқан агенттер қызметiне ақы төлеу 275
008 "Байқоңыр" кешенiнiң жалға берiлген мүлкiнiң есебi 12045";
13 "Басқалар" функционалдық тобында:
09 "Басқалар" iшкi функциясында:
мынадай бюджеттiк бағдарламасымен бiрге бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi алынып тасталсын:
"225 Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi 1220000"
054 "Қазақстан Республикасының меншiгi болып табылатын "Байқоңыр" кешенiнiң объектiлерi мен мүлкiн түгендеу және қайта бағалау 1220000";
мынадай мазмұндағы бюджеттiк бағдарламасымен бiрге бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсiмен толықтырылсын:
"601 Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттiгi 1220000
007 Қазақстан Республикасының меншiгi болып табылатын "Байқоңыр" кешенiнiң объектiлерi мен мүлкiн түгендеу және қайта бағалау 1 220 000";
V "Қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо"» бөлiмiнде:
12 "Көлiк және коммуникациялар" функционалдық тобында:
04 "Әуе көлiгi" iшкi функциясында:
мынадай бюджеттiк бағдарламасымен бiрге бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi алынып тасталсын:
"225 Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi 8224165"
047 "Қазғарыш" ұлттық компаниясы" АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту 8224165";
09 "Көлiк және коммуникациялар саласындағы өзге де қызметтер" iшкi функциясында:
мынадай мазмұндағы бюджеттiк бағдарламасымен бiрге бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiмен толықтырылсын:
"601 Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттiгi 8224165
005 "Қазғарыш" ұлттық компаниясы" АҚ-ның жарғылық капиталын
ұлғайту 8224165".
17. "2007 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 1220 қаулысында:
1-тармақта:
он тоғызыншы абзацтағы "279, 280, 283, 289" деген сандар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы отыз тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
"406-1, 406-2, 406-3, 406-4, 406-5, 406-6-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттiгi";
осы қаулыға 1, 2, 3, 4, 5, 6-қосымшаларға сәйкес 406-1, 406-2, 406-3, 406-4, 406-5, 406-6-қосымшалармен толықтырылсын;
көрсетiлген қаулыға 240-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құны: 1277259 мың теңге (бiр миллиард екi жүз жетпiс жетi миллион екi жүз елу тоғыз мың теңге);
5-тармақтағы "аэроғарыш қызметi және" деген сөздер алынып тасталсын;
көрсетiлген қаулыға 285-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Құны: 66395 мың теңге (алпыс алты миллион үш жүз тоқсан бес мың теңге);
2-тармақтағы "Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағында "Бәйтерек" ғарыштық зымыран кешенiн құру туралы келiсiмдi ратификациялау туралы" 2005 жылғы 21 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы;" деген сөздер алынып тасталсын;
4-тармақтағы ", сондай-ақ бюджеттiк кредит банк-агентiнiң қызмет көрсетуi" деген сөздер алынып тасталсын;
5-тармақтағы ", Банк-агентке бюджеттiк кредитке агенттiк қызмет көрсету үшiн комиссиялық сыйақы төлеу" деген сөздер алынып тасталсын;
6-тармақ кестесiнiң 5-бағанындағы "және Банк-агентке "Байқоңыр" ғарыш айлағында "Бәйтерек" ғарыштық зымыран кешенiн құру" республикалық бюджеттiк инвестициялық жобаға агенттiк қызмет көрсеткенi үшiн комиссиялық сыйақы төлеу" деген сөздер алынып тасталсын;
7-тармақта:
Тiкелей нәтижедегi "және Банк-агентке "Байқоңыр" ғарыш айлағында "Бәйтерек" ғарыштық зымыран кешенiн құру" республикалық бюджеттiк инвестициялық жобаға агенттiк қызмет көрсеткенi үшiн комиссиялық сыйақы төлеу" деген сөздер алынып тасталсын;
Түпкi нәтижедегi "Байқоңыр" ғарыш айлағында","Бәйтерек" ғарыштық зымыран кешенiн құруға байланысты iс-шаралардың орындалуы" деген сөздер алынып тасталсын;
Қаржылық-экономикалық нәтижедегi", республикалық бюджеттiк инвестициялық жобаны iске асыру сапасын көтеру" деген сөздер алынып тасталсын;
Сапасындағы "мен кредиторлық шарттың" деген сөздер алынып тасталсын.


Страницы 1 2
Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina