Положения | |
Әкiмшiлiк заңнаманы жетiлдiру мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия туралы ереже Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 23 сәуiрдегi № 506 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Әкiмшiлiк заңнаманы жетiлдiру мәселелерi жөнiндегi 1. Жалпы ережелер 1. Әкiмшiлiк заңнаманы жетiлдiру мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады. 2. Комиссияның мiндеттерi мен құқықтары 3. Комиссияның негiзгi мiндеттерi және функциялары: 3. Комиссия қызметiн ұйымдастыру 5. Комиссияның төрағасы оның қызметiне басшылық етедi, отырыстарда төрағалық етедi, жұмысты жоспарлайды, шешiмдердiң iске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары орындайды.6. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Комиссияның жұмыс органы болып табылады. 7. Жұмысты ұйымдастыруды, тиiстi құжаттар, материалдар дайындауды және Комиссия отырысының хаттамасын ресiмдеудi Комиссия хатшысы жүзеге асырады. Комиссияның отырысына материалдар Комиссия мүшелерiне оны өткiзгенге дейiн кемiнде 3 күн бұрын жiберiледi. 8. Комиссияның отырыстары күнтiзбелiк жылғы айдың екiншi дүйсенбiсiнде, қажет болғанда, Комиссия төрағасы белгiлейтiн өзге де күндерде өткiзiледi. Комиссияның отырысы Комиссия мүшелерi жалпы санының кемiнде жартысы қатысқан кезде заңды деп саналады. 9. Отырыстың күн тәртiбiн, сондай-ақ оның өткiзiлетiн орны мен уақытын Комиссия төрағасы Комиссия мүшелерiнiң келiсiмi бойынша белгiлейдi. 10. Комиссияның шешiмдерi ашық дауыс беру, сондай-ақ Комиссия мүшелерiне сауал қою арқылы қабылданады және олар үшiн Комиссия мүшелерi жалпы санының көпшiлiк дауысы берiлген болса, қабылданды деп саналады, Комиссия отырысының хаттамасымен ресiмделедi және ұсынымдық сипатқа ие. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешiм қабылданды деп саналады. Комиссия мүшелерiнiң ерекше пiкiрге құқығы бар, ол бiлдiрiлген жағдайда жазбаша түрде жазылуы және Комиссия отырысының хаттамасына қоса берiлуi тиiс. 11. Комиссияның құзыретiне қатысты қажеттi материалдарды әзiрлеу үшiн ұйымдар, жоғары оқу орындары, сондай-ақ ғалымдар мен бiлiктiлiгi жоғары мамандар тартылуы мүмкiн. 12. Комиссия өз қызметiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi негiзiнде тоқтатады. |