Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 қарашадағы N 1070 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы
"2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 желтоқсандағы Заңына, "Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне 2008 - 2009 жылдардағы жылыту маусымына Көкшетау қаласын, Бұланды, Зеренді және Щучье аудандарын жылумен үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз ету үшін мазут сатып алуға Ақмола облысының әкіміне аудару үшін 2008 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен ағымдағы нысаналы трансферттер түрінде 580000000 (бес жүз сексен миллион) теңге сомасында қаражат бөлінсін. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
|