ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Постановления  »  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Постановления

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 қарашадағы N 1080 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестер құру туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанынан мынадай мемлекеттiк корпоративтiк басқару мәселелерi жөнiндегi мамандандырылған кеңестер (бұдан әрi - мамандандырылған кеңестер) құрылсын:
1) Күшi жойылды - ҚР Үкiметiнiң 2010.05.05 № 378 Қаулысымен.
2) "Парасат" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингi" акционерлiк қоғамын дамыту мәселелерi жөнiндегi мамандандырылған кеңес;
3) алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2011.12.21 № 1573 Қаулысымен.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.05.05 № 378, 2011.12.21 № 1573 Қаулыларымен.
2. Қоса берiлiп отырған:
1) мамандандырылған кеңестердiң құрамы;
2) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi К. Мәсiмов
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2008 жылғы 21 қарашадағы
N 1080 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы "Арна Медиа"
ұлттық ақпараттық холдингi" акционерлiк қоғамын дамыту
мәселелерi жөнiндегi мамандандырылған кеңестiң құрамы
Ескерту. Құрамның күшi жойылды - ҚР Үкiметiнiң 2010.05.05 № 378 Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2008 жылғы 21 қарашадағы
N 1080 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы
"Парасат" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингi" акционерлiк
қоғамын дамыту мәселелерi жөнiндегi мамандандырылған кеңестiң
құрамы
Ескерту. Құрамға өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2011.07.12 № 789 Қаулысымен.
Мәсiмов - Қазақстан Республикасының
Кәрiм Қажымқанұлы Премьер-Министрi, төраға
Әбдiрәсiлов - Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым
Болатбек Серiкбайұлы министрлiгiнiң жауапты хатшысы, хатшы
Жәмiшев - Қазақстан Республикасының Қаржы министрi
Болат Бидахметұлы
Жұмағұлов - Қазақстан Республикасының Бiлiм және
Бақытжан Тұрсынұлы ғылым министрi
Келiмбетов - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Қайрат Нематұлы даму және сауда министрi
Бектұрғанов - "Парасат" ұлттық ғылыми-технологиялық
Нұралы Сұлтанұлы холдингi" акционерлiк коғамының басқарма
төрағасы (келiсiм бойынша)
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2008 жылғы 21 қарашадағы
N 1080 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы
"Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингi" акционерлiк
қоғамын дамыту мәселелерi жөнiндегi мамандандырылған
кеңестiң құрамы
Ескерту. Құрамға өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2011.02.10 № 112, 2011.07.26 № 857 Қаулыларымен.
Мәсiмов - Қазақстан Республикасының Премьер-
Кәрiм Қажымқанұлы Министрi, төраға
Жұмағалиев - Қазақстан Республикасының
Асқар Қуанышұлы Байланыс және ақпарат министрi, хатшы
Келiмбетов - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Қайрат Нематұлы даму және сауда министрi
Жәмiшев - Қазақстан Республикасының Қаржы
Болат Бидахметұлы министрi
Измайлов - «Зерде» ұлттық инфокоммуникация
Нұрлан Тельманұлы холдингi» акционерлiк қоғамының
басқарма төрағасы (келiсiм бойынша)
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2008 жылғы 21 қарашадағы
N 1080 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар
1. "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:
"Астана қаласы" деген бөлiмде:
реттiк нөмiрлерi 21-9, 21-28, 21-29, 21-65, 21-81 және 21-90-жолдар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 21-106, 21-107 және 21-108-жолдармен толықтырылсын:
"21-106. "Арна Медиа" ұлттық ақпараттық холдингi" АҚ
21-107. "Парасат" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингi" АҚ
21-108. "Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингi" АҚ";
"Алматы қаласы" деген бөлiмде:
реттiк нөмiрлерi 123-6, 123-67-жолдар алынып тасталсын;
"Қарағанды облысы" деген бөлiмде:
реттiк нөмiрi 214-12-жол алынып тасталсын.
2. "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында :
көрсетiлген қаулыға қосымшада:
"Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi" деген бөлiмде:
реттiк нөмiрi 222-33-1-жол алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 222-33-4-жолмен толықтырылсын:
"222-33-4. "Парасат" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингi" АҚ";
"Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Ғылым комитетi" деген бөлiмде:
реттiк нөмiрi 222-35-жол алынып тасталсын;
"Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң Ақпарат және мұрағат комитетiне" деген бөлiмде:
реттiк нөмiрлерi 223, 224-1, 224-2, 224-16, 224-17, 224-20, 224-21-жолдар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi" деген бөлiммен және реттiк нөмiрi 222-40-жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi
222-40. "Арна Медиа" ұлттық ақпараттық холдингi" АҚ";
"Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiгiне" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 278-2-жолмен толықтырылсын:
"278-2. "Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингi" АҚ".
3. "Кейбiр акционерлiк қоғамдар мен республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың қызметiн тиiмдi басқару мен бақылауды ұйымдастыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 28 ақпандағы N 290 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 8, 85-құжат):
Кейбiр акционерлiк қоғамдардың және республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:
9-тармақ алынып тасталсын.
4. "Акцияларының бақылау пакеттерi мемлекетке тиесiлi мемлекеттiк кәсiпорындарды, акционерлiк қоғамдарды және олардағы мемлекеттiк қатысу үлестерiнiң мөлшерi қатысушылардың жалпы жиналысының шешiмiн анықтауға мемлекетке мүмкiндiк беретiн жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердi оңтайландыру мақсатымен олардың әкiмшiлiк шығыстарының мониторингiн жүргiзу тетiгiн анықтау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 10 ақпандағы N 145 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 7, 73-құжат):
1-тармақтағы "Самғау" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингi" деген сөздер "Арна Медиа" ұлттық ақпараттық холдингi, "Парасат" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингi", "Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингi" деген сөздермен ауыстырылсын.
5. "Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 22 шiлдедегi N 724 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 30, 294-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингi" акционерлiк қоғамы".
6. "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы N 1111 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 40, 522-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
"3. Акционерлiк қоғам" деген бөлiмде:
реттiк нөмiрi 5-жол алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 7-жолмен толықтырылсын:
"7. "Парасат" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингi" АҚ".
7. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 29 қазандағы N 1130 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 42, 538-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Арна Медиа" ұлттық ақпараттық холдингi" акционерлiк қоғамы".
8. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 28 қаңтардағы N 50 Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 23 ақпандағы N 117 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 7, 53-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Акцияларының мемелекеттiк пакеттерi "Самұрық" мемлекеттiк активтердi басқару жөнiндегi қазақстандық холдингi" акционерлiк қоғамына берiлетiн ұлттық компаниялардың тiзбесi:
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 6-жолмен толықтырылсын:
"6. "Қазпочта" акционерлiк қоғамы 100 %".
9. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанынан мемлекеттiк корпоративтiк басқару мәселелерi жөнiндегi мамандандырылған кеңестер құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 7 мамырдағы N 363 қаулысында :
1) 1-тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын;
2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы мемлекеттiк корпоративтiк басқару мәселелерi жөнiндегi мамандандырылған кеңестер туралы ережеде:
2-тармақта "Самғау" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингi" деген сөздер "Арна Медиа" ұлттық ақпараттық холдингi", "Парасат" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингi", "Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингi" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы "Самғау" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингi" акционерлiк қоғамын дамыту мәселелерi жөнiндегi мамандандырылған кеңестiң құрамы алынып тасталсын.
10. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2007 жылғы 6 сәуiрдегi N 311 Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 10 мамырдағы N 375 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 14, 168-құжат):
9 және 10-тармақтар алынып тасталсын.
11. "Республикалық мемлекеттiк меншiктiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 11 маусымдағы N 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 19, 214-құжат):
1) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жалпымемлекеттiк мiндеттердi орындау үшiн қажеттi мемлекет қатысатын акционерлiк қоғамдардың (жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң) тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi" деген бөлiмде:
реттiк нөмiрлерi 3, 4 және 9-жолдар алынып тасталсын;
2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Бағдарламалық құжаттарда көзделген мiндеттердi орындау үшiн құрылған мемлекет қатысатын акционерлiк қоғамдардың тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi" деген бөлiмде:
реттiк нөмiрлерi 7, 8, 9 және 10-жолдар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 10-1-жолмен толықтырылсын:
"10-1. "Арна Медиа" ұлттық ақпараттық холдингi" акционерлiк қоғамы 100%";
"Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгi" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 11-1-жолмен толықтырылсын:
"11-1. "Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингi акционерлiк қоғамы 100 %";
"Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi" деген бөлiмде:
реттiк нөмiрлерi 14 және 19-жолдар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 19-2-жолмен толықтырылсын:
"19-2. "Парасат" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингi акционерлiк қоғамы 100 %".
12. "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттiк үлестерiне кiрiстер туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 26 шiлдедегi N 633 қаулысында :
көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
реттiк нөмiрi 4-жол алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 12, 13 және 14-жолдармен толықтырылсын:
"12. "Арна Медиа" ұлттық ақпараттық холдингi" АҚ
13. "Парасат" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингi" АҚ
14. "Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингi" АҚ";
көрсетiлген қаулыға 2-қосымшада:
реттiк нөмiрi 2-жол алынып тасталсын.
13. Күшi жойылды - ҚР Үкiметiнiң 2010.04.14 № 302 Қаулысымен.
14. "Акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi ұлттық компаниялардың, акционерлiк қоғамдардың басшы қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу мен сыйлықақы беру шарттары туралы үлгiлiк ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 10 маусымдағы N 558 қаулысында :
3-тармақта "Самғау" үлттық ғылыми-технологиялық холдингi" деген сөздер "Арна Медиа" ұлттық ақпараттық холдингi", "Парасат" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингi", "Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингi" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi ұлттық компаниялардың, акционерлiк қоғамдардың басшы қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу мен сыйлықақы беру шарттары туралы үлгiлiк ережеде:
13-тармақта "Самғау" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингi" деген сөздер "Арна Медиа" ұлттық ақпараттық холдингi", "Парасат" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингi", "Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингi" деген сөздермен ауыстырылсын.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2008 жылғы 21 қарашадағы
N 1080 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану
1. "Қазақ ақпарат агенттiгi (Қазақпарат)" ұлттық компаниясы" ашық акционерлiк қоғамын басқарудың кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 24 қаңтардағы N 90 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 3, 44-құжат).
2. "Қазтелерадио" және "Қазақстан телекоммуникациялары" (КАТЕЛКО) акционерлiк қоғамдары директорлар кеңестерi құрамдарының кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 31 мамырдағы N 443 қаулысы.
3. "Самғау" Ұлттық ғылыми-технологиялық холдингi" акционерлiк қоғамы Директорлар кеңесiнiң құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 4 маусымдағы N 455 қаулысы.
4. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 24 қыркүйектегi N 829 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 7-тармағының 5) тармақшасы және 9-тармағы.
5. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 28 наурыздағы N 298 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 4-тармағының 4) тармақшасы және 5-тармағы.


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina