Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 1285 Қаулысы
Инвестициялық салықтық преференциялардың қолданылу мерзімдерін белгілеу туралы
"Инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы Заңы 14-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Мынадай заңды тұлғалар үшін берілетін инвестициялық салықтық преференциялардың қолданылу мерзімдері белгіленсін: 1) "Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының Мыңарал кентінде цемент зауытын салу" инвестициялық жобасы бойынша "Жамбыл цемент өндірістік компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне: корпоративтік табыс салығы бойынша - тіркелген активтерді іске қосқан сәттен бастап 10 (он) күнтізбелік жыл; мүлік салығы бойынша - тіркелген активтерді іске қосқан сәттен бастап 5 (бес) жыл; жер салығы бойынша - тіркелген активтерді іске қосқан сәттен бастап 5 (бес) жыл; 2) "Қарағанды облысының Бұхар жырау ауданында цемент зауытын салу" инвестициялық жобасы бойынша "Сарыарқа Цемент" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне: корпоративтік табыс салығы бойынша - тіркелген активтерді іске қосқан сәттен бастап 7 (жеті) күнтізбелік жыл; мүлік салығы бойынша - тіркелген активтерді іске қосқан сәттен бастап 5 (бес) жыл; 3) "Қызылорда облысында табақты шыны өндірісін ұйымдастыру" инвестициялық жобасы бойынша "EURASIA FLOAT GLASS" акционерлік қоғамына: корпоративтік табыс салығы бойынша - тіркелген активтерді іске қосқан сәттен бастап 10 (он) күнтізбелік жыл; мүлік салығы бойынша - тіркелген активтерді іске қосқан сәттен бастап 5 (бес) жыл. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
|