Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2008 жылғы 28 қарашадағы N 97 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі 2008 жылғы 26 желтоқсандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5421 болып енгізілді
"Жалпы сақтандыру" және "өмірді сақтандыру" салаларындағы сақтандыру және қайта сақтандыру бойынша операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
"Жалпы сақтандыру" және "өмірді сақтандыру" салаларындағы сақтандыру және қайта сақтандыру бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары және сақтандыру брокерлері жүзеге асыратын операциялардың бухгалтерлік есебін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ўлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған "Жалпы сақтандыру" және "өмірді сақтандыру" салаларындағы сақтандыру және қайта сақтандыру бойынша операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін. 2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Јділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі. 3. Осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ўлттық Банкінің Басқармасы қаулыларының күші жойылды деп танылсын. 4. Бухгалтерлік есеп департаменті (Шалғымбаева Н.Т.): 1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Јділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын; 2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Јділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ўлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін. 5. Қазақстан Республикасы Ўлттық Банкінің аумақтық филиалдары осы қаулыны алған күннен бастап үш күндік мерзімде оны сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына және сақтандыру брокерлеріне жіберсін. 6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ўлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ақышевқа жүктелсін. Ўлттық Банк Төрағасы Ј. Сәйденов
|