Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 581ж Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы N 1224 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. "2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі)" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы N 1224 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулыға 328-қосымшада: "Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесінің 5-бағаны мынадай мазмұндағы V тармақпен толықтырылсын: "V. 2009 - 2011 жылдарға арналған "Нұрлы көш" бағдарламасы шеңберінде іс-шараларды іске асыру.". 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов
|