Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1323 Қаулысы
Сирек және жерде сирек кездесетін металдар бойынша пайдалы қазбаларға өндіру салығының ставкаларын бекіту туралы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 339-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған сирек және жерде сирек кездесетін металдар бойынша пайдалы қазбаларға өндіру салығының ставкалары бекітілсін. 2. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1323 қаулысымен бекітілген Сирек және жерде сирек кездесетін металдар бойынша пайдалы қазбаларға өндіру салығының ставкалары Р/с N | Пайдалы қазбалардың түрлері: | Салық ставкасы, % | 1. | Сирек металдар | Литий, бериллий, тантал, стронций | 7,7 | 2. | Жерде сирек кездесетін металдар | Празеодим, неодим, прометий, самарий, европий, гадолиний, тербий, диспрозий, гольмий, эрбий, тулий, иттербий, лютеций, иттрий | 6,0 |
|