ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Постановления  »  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Постановления

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1314 Қаулысы
Салық салу мәселелерi жөнiнде консультациялық кеңес құру туралы

"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексiнiң (Салық кодексi) 11-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Салық салу мәселелерi жөнiнде консультациялық кеңес құрылсын.
2. Қоса берiлiп отырған Салық салу мәселелерi жөнiндегi консультациялық кеңес туралы ереже бекiтiлсiн.
3. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2008 жылғы 31 желтоқсандағы
N 1314 қаулысымен
бекiтiлген

Салық салу мәселелерi жөнiндегi консультациялық кеңес туралы ереже

1. Жалпы ережелер

1. Салық салу мәселелерi жөнiндегi консультациялық кеңес (бұдан әрi - Кеңес) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
2. Кеңес қызметiнiң мақсаты салық заңнамасын жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстар мен ұсынымдарды пысықтау болып табылады.
3. Кеңес өзiнiң қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын , "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексiн (Салық кодексi), Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiн, сондай-ақ осы Салық салу мәселелерi жөнiндегi кеңес туралы ереженi (бұдан әрi - Ереже) басшылыққа алады.

2. Кеңестiң негiзгi мiндеттерi мен құқықтары

4. Кеңестiң негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының салық салу жүйесiн жетелдiрудiң негiзгi бағыттары бойынша ұсыныстарды қарау және әзiрлеу;
2) салық мiндеттемелерiн орындау барысында туындауы мүмкiн түсiнiксiздiктердi, дәлсiздiктердi және қайшылықтарды жою жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
3) салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуден жалтару схемаларының жолын кесу жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
5. Кеңес өзiнiң мiндеттерiне сәйкес мыналарға құқылы:
1) Кеңестiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша орталық атқарушы органдармен және ұйымдармен өзара iс-қимыл жасауға;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен ұйымдарының өкiлдерiн Кеңестiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша шақыруға және тыңдауға;
3) заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органдардан және басқа ұйымдардан Кеңестiң мiндеттерiн iске асыру үшiн қажеттi материалдарды сұрауға және алуға;
4) салық салу мәселелерi бойынша сараптама мен консультациялар өткiзу үшiн белгiленген тәртiппен орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдардың, ведомстволардың, ұйымдардың мамандарын, отандық және шетелдiк мамандарды тартуға;
5) Кеңестiң шешiмдерiн орындау жөнiнде тапсырмалар беруге.

3. Кеңестiң қызметiн ұйымдастыру

6. Кеңестiң төрағасы оның қызметiне басшылық етедi, Кеңестiң отырыстарына төрағалық етедi, жұмысын жоспарлайды, шешiмдердiң iске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын Кеңес төрағасының орынбасары орындайды.
7. Кеңестiң жұмыс органы Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлiгi болып табылады.
Ескерту. 7-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2012.03.26 N 353 Қаулысымен.
8. Жұмыс органы Кеңес жұмысының ұйымдастыру-техникалық қамтамасыз етiлуiн жүзеге асырады:
1) күн тәртiбiн қалыптастырады;
2) Кеңесте қарау үшiн ұсыныстар жинауды жүзеге асырады.
Кеңесте қарау үшiн жұмыс органына салық төлеушiлер, қауымдастықтар, мемлекеттiк органдар ұсыныстар енгiзуге құқылы. Бұл ретте, ұсыныстар жеке сипатта болмауы тиiс;
3) Кеңес шешiмдерiнiң орындалуын қамтамасыз етедi және бақылау жасайды;
4) Кеңес мүшелерiнiң және оның қызметiне тартылған мамандардың жұмысын үйлестiредi.
9. Жұмыстарды ұйымдастыруды, Кеңес отырыстарын өткiзуге дайындықты, тиiстi құжаттарды, материалдарды дайындауды және Кеңес отырысынан кейiн хаттаманы ресiмдеудi Кеңес хатшысы жүзеге асырады.
Хатшы Кеңес мүшесi болып табылмайды.
10. Кеңес отырысының материалдары Кеңестiң мүшелерiне Кеңестiң отырысына дейiн екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей жiберiледi.
11. Кеңестiң отырысы оның төрағасының жеке бастамасы, Кеңес төрағасы орынбасарының бастамасы не Кеңестiң қарауына ұсынылатын материалдар негiзiнде Кеңес мүшесiнiң бастамасы бойынша шақырылады.
Кеңестiң отырыстары қажеттiлiгiне қарай, бiрақ жылына кемiнде үш рет өткiзiледi және егер оларға Кеңес мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде жартысы қатысқан жағдайда заңды болып саналады.
12. Кеңес отырыстарының қорытындылары бойынша отырысқа қатысып отырған мүшелерi қол қоятын хаттамамен ресiмделетiн шешiмдер қабылданады.
13. Кеңестiң шешiмi қарапайым көпшiлiк дауыспен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешiм қабылданды деп саналады.
Кеңес мүшелерiнiң ерекше пiкiрге құқығы бар, ол бiлдiрiлген жағдайда жазбаша түрде баяндалуы және хаттамаға қоса берiлуi тиiс.

4. Кеңестiң қызметiн тоқтату

14. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi Кеңестiң қызметiн тоқтату үшiн негiз болып табылады.

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2008 жылғы 31 желтоқсандағы
1314 қаулысына
қосымша

РҚАО-ның ескертпесi!
Құрамға өзгерiс енгiзу көзделген - ҚР Үкiметiнiң 2010.08.03 № 782 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).

Ескерту. Қосымшаға өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2009.07.16 N 1082, 2011.08.22 N 933, 2012.03.26 N 353 Қаулыларымен.

Салық салу мәселелерi жөнiндегi
консультациялық кеңестiң құрамы

Мәсiмов - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi,
Кәрiм Қажымқанұлы төраға

Орынбаев - Қазақстан Премьер-Министрiнiң орынбасары,
Ербол Тұрмаханұлы төрағаның орынбасары

Келiмбетов - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң
Қайрат Нематұлы орынбасары, төрағаның орынбасары

Әбiлқасымова - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Мәдина Ерасылқызы даму және сауда вице-министрi, хатшы

Жәмiшев - Қазақстан Республикасының Қаржы министрi
Болат Бидахметұлы

Сағынтаев - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Бақытжан Әбдiрұлы даму және сауда министрi

Исекешев - Қазақстан Республикасының Индустрия
Әсет Өрентайұлы және жаңа технологиялар министрi

Мамытбеков - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
Асылжан Сарыбайұлы министрi

Оңғарбаев - Қазақстан Республикасы Экономикалық
Сәттiбек Оңғарбайұлы қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күрес агенттiгi (қаржы полициясы) төрағасының
бiрiншi орынбасары (келiсiм бойынша)

Мақажанова - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының
Ғалия Ақатайқызы судьясы (келiсiм бойынша)

Аханов - Қазақстан қаржыгерлерi қауымдастығы кеңесiнiң
Серiк Ахметжанұлы төрағасы (келiсiм бойынша)

Баталов - Қазақстан кәсiпкерлерi форумының төрағасы
Райымбек Әнуарұлы (келiсiм бойынша)

Ертiлесова - Қазақстан салық төлеушiлер қауымдастығының
Жаннат Жұрғалиқызы төрайымы (келiсiм бойынша)

Қарабалин - Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы
Ұзақбай Сүлейменұлы Ұлттық инвесторлар кеңесiнiң мүшесi (келiсiмi
бойынша)

Мырзахметов - "Атамекен" одағы" Қазақстан ұлттық
Абылай Исабекұлы экономикалық палатасы» заңды тұлғалар
бiрлестiгiнiң төрағасы (келiсiм бойынша)

Тәменова - Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы
Жанна Сәрсенбайқызы Шетелдiк инвесторлар кеңесi салық салу
мәселелерi жөнiндегi жұмыс тобының тең
төрайымы (келiсiм бойынша)

Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina