Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1308 Қаулысы
Инвестициялық салықтық преференциялардың қолданылу мерзімдерін белгілеу туралы
"Инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы Заңы 14-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Мынадай заңды тұлғалар үшін берілетін инвестициялық салықтық преференциялардың қолданылу мерзімдері белгіленсін: 1) "Жұмыс істеп тұрған саз топырақ өндірісін 300 мың тоннаға дейін ұлғайту" инвестициялық жобасы бойынша "Қазақстан алюминийі" акционерлік қоғамына: корпоративтік табыс салығы бойынша - тіркелген активтерді іске қосқан жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап 10 (он) жыл; мүлік салығы бойынша - тіркелген активтерді іске қосқан жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап 5 (бес) жыл; 2) "Қорғас - Жетіген" жаңа темір жол желісін салу және пайдалану" инвестициялық жобасы бойынша "Жаңа темір жол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне: корпоративтік табыс салығы бойынша - тіркелген активтерді іске қосқан сәттен бастап 10 (он) күнтізбелік жыл; мүлік салығы бойынша - тіркелген активтерді іске қосқан сәттен бастап 5 (бес) жыл. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов