Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы N 1297 Қаулысы
Инвестициялық салықтық преференциялардың қолданылу мерзімдерін белгілеу туралы "Инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы Заңы 14-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. "Балқаш ЖЭС-ын салу" инвестициялық жобасы бойынша "Балқаш жылу электр станциясы" акционерлік қоғамына берілетін инвестициялық салықтық преференциялардың мынадай қолданылу мерзімдері белгіленсін: 1) корпоративтік табыс салығы бойынша - тіркелген активтерді іске қосқан сәттен бастап 10 (он) жыл; 2) мүлік салығы бойынша - тіркелген активтерді іске қосқан сәттен бастап 5 (бес) жыл. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов