ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Постановления  »  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Постановления

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 қаңтардағы N 19 Қаулысы
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдаланудың кейбір мәселелері туралы

"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 473-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру ережесі бекітілсін.
2. "Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдаланудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 21 тамыздағы N 932 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы 2002 ж., N 28, 311-құжат) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшалары алып тасталсын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 19 қаңтардағы
N 19 қаулысымен
бекітілген

Телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру ережесі

1. Осы Телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсаттар (рұқсаттар телнұсқаларын) беру тәртібін анықтайды.
2. Телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдары радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсатты ресімдеу үшін байланыс саласындағы уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшесіне радиожиілікті тағайындауға арналған өтінімді үш данада ұсынады.
3. Радиожиілікті тағайындауға арналған өтінімге мынадай құжаттар қоса берілуі тиіс:
1) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
2) заңды тұлғаның статистикалық карточкасының нотариалды куәландырылған көшірмесі;
3) телевизия және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөніндегі қызметке берілген лицензияның көшірмесі;
4) антенна бағытталуының нормаланған диаграммалары қоса берілген белгіленген үлгідегі радиоэлектрондық құралға арналған сауалнама;
5) сұралатын жиілік белдеуінің негіздемесі келтірілетін, жоспарланған радиоторабының (радиожелісі) мақсаты мен сипаты, қолдануға жоспарланған радиоэлектрондық құралдардың техникалық параметрлері туралы мәліметтер нақты жазылған түсіндірме жазба, байланыс ұйымының схемасы;
6) телевизия (радио хабарларын тарату) станцияларын орнату орны көрсетілген болжамды қызмет көрсету аумағының жергілікті жері картасының көшірмесі;
7) бұқаралық ақпарат құралын есепке қою туралы куәліктің көшірмесі;
8) азаматтық мақсаттағы радиоэлектронды құралдардың қолданыстағы және пайдалану үшін жоспарланатын радиоэлектронды құралдармен электр магниттік үйлесімділігі сараптамасының қорытындысы.
4. Байланыс саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі радиожиілікті тағайындауға арналған өтінімнің және оған қоса берілген құжаттардың жинақталуын әрі дұрыс ресімделуін тексереді.
Радиожиілікті белгілеуге арналған өтінімді қарау мерзімі оның тіркелген күнінен бастап он жұмыс күнінен аспауы тиіс.
Өтінім толық жинақталмаған немесе дұрыс ресімделмеген кезде ол қажетті толықтырулар және/немесе түзетулер енгізу үшін телевизия немесе радио хабарларын тарату ұйымына қайтарылады.
Радиожиілікті тағайындауға арналған өтінім қайта берілген жағдайда оны қарау мерзімі жаңартылады.
Ереженің 3-тармағында көрсетілген радиожиілікті тағайындауға арналған өтінімнің бір данасы байланыс саласындағы уәкілетті органға жіберіледі, екінші данасы байланыс саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде қалады, үшінші данасы қорытынды алу үшін ұйымға жіберіледі.
5. Байланыс саласындағы уәкілетті орган Ереженің 4-тармағының бесінші абзацында көрсетілген құжаттарды алғаннан кейін белгіленген тәртіппен жиіліктер, радиожиіліктер (радиожиілік арналары) белдеулерін тағайындау рәсімін жүргізеді және Халықаралық электр байланысы одағының радиобайланыс регламентіне сәйкес радиожиіліктерді халықаралық үйлестіру және радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсатты ресімдеу жөніндегі іс-шараларды орындайды.
Өтінім жасалған радиожиілік (радиожиілік арнасы) бос болған жағдайда, сондай-ақ радиожиіліктерді келісуді және халықаралық үйлестіруді жүргізуде қажеттілік болмаса, байланыс саласындағы уәкілетті орган белгіленген үлгідегі өтінім түскен күннен бастап екі ай мерзімнен кешіктірмей радиожиілік спектрін пайдалануға арналған тиісті рұқсатты ресімдейді. Өзге жағдайда байланыс саласындағы уәкілетті орган радиожиіліктерді радиожиілік органдарымен келісу рәсімін және Халықаралық электр байланысы одағының радиобайланыс регламентіне сәйкес радиожиіліктерді шектес мемлекеттермен (Қазақстан Республикасының шекара маңындағы аймақтарында) халықаралық үйлестіруді жүргізеді, бұл ретте өтінімді қарау мерзімі тиісінше отыз күнге және төрт айға дейін ұзартылады.
Байланыс саласындағы уәкілетті орган радиожиіліктерді шектес мемлекеттермен халықаралық үйлестіруді жүргізу кезінде өтінім иесіне өтінішті қарау мерзімін ұзарту туралы алдын ала жазбаша нысанда хабарлама береді. Радиожиіліктерді келісу және халықаралық үйлестіру нәтижелері бойынша радиожиілік спектрін пайдалануға тиісті рұқсат ресімделеді не жазбаша дәлелді бас тарту беріледі.
6. Радиожиілік спектрін пайдалануға берілген рұқсат міндетті түрде мынадай мәліметтерді қамтуы тиіс:
1) жиілік, радиожиілік (радиожиілік арнасы) белдеуі және қолданылу түрі;
2) техникалық құралдардың орналасқан жері, оның ішінде географиялық координаталарды көрсете отырып, антенна құрылғыларының орналасуы;
3) хабар беруші құралдың нақты қуаты.
7. Радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат телевизия немесе радио хабарларын тарату ұйымына беру үшін байланыс саласындағы уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшесіне жіберіледі. Рұқсатты алғаннан кейін аумақтық бөлімше үш күн мерзімде өтініш берушіге олардан келіп, тағайындалған радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсатты алу қажеттілігі туралы хабарлайды.
8. Телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат бергені үшін алынатын алымды бюджетке енгізгенін растайтын құжатты ұсынғаннан кейін беріледі.
9. Радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат жоғалған, бүлінген немесе жойылған жағдайда, телевизия немесе радио хабарларын тарату ұйымдары байланыс саласындағы уәкілетті органға және оның тиісті аумақтық бөлімшесіне телнұсқасын беруге жазбаша өтініш береді.
"Телнұсқа" деген белгісі бар радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсаттың телнұсқасын төлеуші телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсаттың телнұсқасын бергені үшін алынатын алым ставкасына сәйкес телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат бергені үшін алынатын алымның бюджетке енгізілгенін растайтын құжаттарды бергеннен кейін байланыс саласындағы уәкілетті орган өтінішті алған күннен бастап 15 күннің ішінде береді.

Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina