ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Постановления  »  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Постановления

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 25 мамырдағы N 419 Қаулысы
Мүлiктi бағалау (зияткерлiк меншiк объектiлерiн, материалдық емес активтердiң құнын қоспағанда) және зияткерлiк меншiктi, материалдық емес активтердiң құнын бағалау жөнiндегi қызметтi лицензиялау және оған қойылатын бiлiктiлiк талаптары мәселелерi

РҚАО-ның ескертпесi!
Тақырып жаңа редакцияда көзделген - ҚР Үкiметiнiң 2011.11.11 N 1328 (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

Қолданушылар назарына!
Осы Қаулының қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 4-тармақтан қараңыз.

"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған:
РҚАО-ның ескертпесi!
1) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР Үкiметiнiң 2011.11.11 N 1328 (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
1) Мүлiктi бағалау (зияткерлiк меншiк объектiлерiн, материалдық емес активтердiң құнын қоспағанда) және зияткерлiк меншiктi, материалдық емес активтердiң құнын бағалау жөнiндегi қызметтi лицензиялау ережесi;
2) Мүлiктi бағалау (зияткерлiк меншiк объектiлерiн, материалдық емес активтердiң құнын қоспағанда) жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптары;
3) Зияткерлiк меншiктi, материалдық емес активтердiң құнын бағалау жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптары бекiтiлсiн.
2. "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мәселелерi"» туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы N 1120 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 41, 532-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Тiркеу қызметi комитетi туралы ережеде:
10-тармақтың 2) тармақшасының үшiншi абзацындағы»"мүлiктi бағалау" деген сөздерден кейiн "(зияткерлiк меншiк объектiлерiн, материалдық емес активтердiң құнын қоспағанда) және зияткерлiк меншiктi, материалдық емес активтердiң құнын бағалау" деген сөздермен толықтырылсын.
3. Мыналардың:
1)»"Мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметтi лицензиялаудың мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 2 қарашадағы N 1389 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 39, 490-құжат) 1-тармағы 1) тармақшасының
2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 2 қарашадағы N 1389 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 9 тамыздағы N 821 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 32, 438-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы ресми жариялануға тиiс және 2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2007 жылғы 25 мамырдағы
N 419 қаулысымен
бекiтiлген

Мүлiктi бағалау (зияткерлiк меншiк объектiлерiн, материалдық емес активтердiң құнын қоспағанда) және зияткерлiк меншiктi, материалдық емес активтердiң құнын бағалау жөнiндегi қызметтi лицензиялау ережесi

РҚАО-ның ескертпесi!
Қосымшаны алып тастау көзделген - ҚР Үкiметiнiң 2011.11.11 N 1328 (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

1. Осы Мүлiктi бағалау (зияткерлiк меншiк объектiлерiн, материалдық емес активтердiң құнын қоспағанда) және зияткерлiк меншiктi, материалдық емес активтердiң құнын бағалау жөнiндегi қызметтi лицензиялау ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына (бұдан әрi - заң) сәйкес әзiрлендi және мүлiктi бағалау (зияткерлiк меншiк объектiлерiн, материалдық емес активтердiң құнын қоспағанда) және зияткерлiк меншiктi, материалдық емес активтердiң құнын бағалау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензиялар беру тәртiбiн белгiлейдi.
2. Осы Ережеде пайдаланылатын ұғымдар:
лицензия - лицензиардың жеке немесе заңды тұлғаға мүлiктi бағалау (зияткерлiк меншiк объектiлерiн, материалдық емес активтердiң құнын қоспағанда) және/немесе зияткерлiк меншiктi, материалдық емес активтердiң құнын бағалау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға беретiн рұқсаты;
лицензиар - заңға сәйкес лицензиялауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Тiркеу қызметi және құқықтық көмек көрсету комитетi;
лицензиат - лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға;
уәкiлеттi органның бiлiктiлiк емтиханынан өткенi туралы шешiмi - бағалау қызметiмен айналысу құқығына үмiткер адамның бiлiктiлiк емтиханынан өткенiн растайтын құжат.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.03.28 N 300 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 5-тармақтан қараңыз), 2010.04.15 № 318 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулыларымен.
3. Лицензиар берiлген, қайта ресiмделген, қызметi тоқтатыла тұрған, қалпына келтiрiлген және қолданысы тоқтатылған лицензиялар туралы мәлiметтердi қамтитын лицензиялардың тiзiлiмiн (бұдан әрi - тiзiлiм) жүргiзедi. Мәлiметтер тiзiлiмге заңның 8-бабының 5) тармақшасына сәйкес енгiзiледi.
4. Лицензиар лицензияны мынадай қызмет түрлерi бойынша бередi:
1) мүлiктi бағалау (зияткерлiк меншiк объектiлерiн, материалдық емес активтердiң құнын қоспағанда);
2) зияткерлiк меншiктi, материалдық емес активтердiң құнын бағалау.
"Мүлiктi бағалау (зияткерлiк меншiк объектiлерiн, материалдық емес активтердiң құнын қоспағанда)" деп көрсетiлген лицензияның негiзiнде жылжымайтын мүлiктi (мүлiк кешенi ретiндегi кәсiпорынды қоспағанда) бағалау, жылжымалы мүлiктi (ақша мен бағалы қағаздарды қоспағанда) бағалау жүзеге асырылады.
"Зияткерлiк меншiктi, материалдық емес активтердiң құнын бағалау" деп көрсетiлген лицензияның негiзiнде зияткерлiк меншiк құқығы объектiлерiн, материалдық емес активтердiң құнын бағалау жүзеге асырылады.
1) және 2) тармақшаларға сәйкес мүлiктiң түрлерi көрсетiлген лицензиялардың негiзiнде жылжымайтын мүлiктi бағалау, жылжымалы мүлiктi бағалау, бағалы қағаздарды, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарындағы жарналарды, үлестердi (салымдарды) бағалау, зияткерлiк меншiк объектiлерiн, материалдық емес активтердiң құнын бағалау, сондай-ақ мүлiк кешенi ретiндегi кәсiпорынды бағалау жүзеге асырылады.
5. Лицензиялар қолданылу мерзiмi шектелмей берiледi және Қазақстан Республикасының бүкiл аумағына қолданылады.
6. Лицензия бланкiлерi қатаң есептегi бланкiлер болып табылады, олардың тiркеу нөмiрi болады.
7. Лицензиар лицензия бланкiлерiнiң есебiн алуды және сақтауды жүзеге асырады.

2. Лицензия беру тәртiбi

8. Лицензиялар мүлiктi бағалау (зияткерлiк меншiк объектiлерiн, материалдық емес активтердiң құнын қоспағанда) және зияткерлiк меншiктi, материалдық емес активтердiң құнын бағалау жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарына жауап беретiн жеке немесе заңды тұлғаларға берiледi.
9. Жеке тұлғалар лицензия алу үшiн лицензияларға мынадай құжаттарды:
1) белгiленген үлгiдегi өтiнiштi;
2) мүлiктi бағалау (зияткерлiк меншiк объектiлерiн, материалдық емес активтердiң құнын қоспағанда) және/немесе зияткерлiк меншiктi, материалдық емес активтердiң құнын бағалау жөнiндегi қызметпен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжатты;
3) өтiнiш берушiнiң жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн;
4) Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары берген дипломдардың көшiрмелерiн не Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде немесе халықаралық шарттарда (келiсiмдерде) көзделген тәртiппен және шарттарда шет мемлекеттiң Қазақстан Республикасында танылатын дипломдарының көшiрмелерiн;
5) мүлiктi бағалау (зияткерлiк меншiк объектiлерiн, материалдық емес активтердiң құнын қоспағанда) және/немесе зияткерлiк меншiктi, материалдық емес активтердiң құнын бағалау (егер оның болуы бiлiктiлiк талаптарында көзделсе) бойынша тағылымдамадан өткенiн растайтын құжаттардың көшiрмелерiн;
6) уәкiлеттi органның бiлiктiлiк емтиханынан өткенi туралы шешiмiнiң көшiрмесiн;
7) бүкiл республика бойынша мәлiметтердi көрсетiп, лицензиарға тапсырғанға дейiн кемiнде бiр ай бұрын өтiнiш берушiнiң тұрғылықты жерi бойынша берiлген соттылығының жоқ екендiгi туралы анықтаманы ұсынады.
Осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларында көрсетiлген құжаттардың түпнұсқалары салыстыру үшiн берiлмеген жағдайда жеке тұлғалар құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн ұсынады.
Құжаттарды өтiнiш берушiнiң өзi немесе оның уәкiлеттi өкiлi сенiмхат бойынша ұсынған жағдайда құжаттардың түпнұсқалары салыстырғаннан кейiн өтiнiш берушiге қайтарылады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2010.04.15 № 318 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2011.05.20 № 552 (ресми жариялағанынан кейiн жиырма бiр күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiлсiн) Қаулысымен.
10. Заңды тұлғалар лицензия алу үшiн лицензиарға мынадай құжаттарды:
1) белгiленген үлгiдегi өтiнiштi;
2) мүлiктi бағалау (зияткерлiк меншiк объектiлерiн, материалдық емес активтердiң құнын қоспағанда) және/немесе зияткерлiк меншiктi, материалдық емес активтердiң құнын бағалау жөнiндегi қызметпен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжатты;
3) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесiн. Шетелдiк заңды тұлға үшiн - шетелдiк заңды тұлғаның шет мемлекеттiң заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға болып табылатынын растайтын құжаттың көшiрмесiн;
4) мүлiктi бағалау (зияткерлiк меншiк объектiлерiн, материалдық емес активтердiң құнын қоспағанда) және/немесе зияткерлiк меншiктi, материалдық емес активтердiң құнын бағалау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы (-лары) бар жеке тұлғалардың тiзiмiн және олардың негiзiнде өтiнiш берушi заңды тұлғамен еңбек қатынастарында тұрған құжаттардың көшiрмесiн ұсынады.
Осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетiлген құжаттың түпнұсқасы салыстыру үшiн берiлмеген жағдайда заңды тұлғалар құжаттың нотариалды куәландырылған көшiрмесiн ұсынады.
Құжаттарды өтiнiш берушiнiң өзi немесе оның уәкiлеттi өкiлi сенiмхат бойынша ұсынған жағдайда құжаттың түпнұсқасы салыстырғаннан кейiн өтiнiш берушiге қайтарылады.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2010.04.15 № 318 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
11. Лицензия алу үшiн қажеттi құжаттарды өтiнiш берушiнiң өзi немесе оның уәкiлеттi өкiлi сенiмхат бойынша не тапсырыс хатпен ұсынады.
12. Өтiнiш берушi лицензия алу үшiн ұсынылған мәлiметтер мен құжаттардың анықтығына заңнамада белгiленген тәртiппен жауапты болады.
13. Лицензияны беру үшiн лицензиарға ұсынылған барлық құжаттар тiзiмдеме бойынша қабылданады, оның көшiрмесi құжаттарды қабылдаған күнi туралы белгi соғылып, өтiнiш берушiге жiберiледi (берiледi).
14. Лицензия беру туралы немесе беруден бас тарту туралы шешiм лицензиардың бұйрығымен ресiмделетiн өтiнiш берiлген күнiнен бастап он жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей қабылданады.
Ескерту. 14-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.04.15 № 318 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
15. Заңның 45-бабында көзделген негiздер бойынша Лицензиар лицензияны беруден бас тартады.
Лицензия беруден бас тартқан кезде өтiнiш берушiге лицензия беру үшiн белгiленген мерзiмде бас тарту себептерi көрсетiле отырып жазбаша түрде дәлелдi жауап берiледi (жiберiледi).
Бас тарту туралы шешiмге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шағымдануға болады.
16. Лицензиялар мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде ресiмделедi. Берiлген тiркеу нөмiрi бар лицензия өтiнiш берушiге немесе сенiмхат бойынша уәкiлеттiк берiлген өкiлге қол қойылып берiледi не тапсырыс хатпен жiберiледi.
17. Жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты өзгерген жағдайда, бiрiгу, бiрiктiру, бөлiну немесе қайта құру нысанында заңды тұлға қайта ұйымдастырылған, атауы өзгерген, сондай-ақ қызметiнiң түрi өзгерген кезде, егер мұндай өзгерiс қызмет түрi шеңберiнде орындалатын операциялар мәнiнiң өзгеруiне әкеп соқпаса, ол отыз күнтiзбелiк күн iшiнде көрсетiлген мәлiметтердi растайтын тиiстi құжаттарды қоса бере отырып, лицензияны қайта ресiмдеу туралы өтiнiш беруге мiндеттi.
18. Лицензияны қайта ресiмдеу лицензиат өтiнiш берген күнiнен бастап он жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырылады және оны алу үшiн белгiленген тәртiппен жүргiзiледi. Лицензиар лицензияны қайта ресiмдеу кезiнде тiзiлiмге тиiстi мәлiметтердi енгiзедi.
Лицензияның қайта ресiмделгенi үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және мөлшерде алым алынады.
19. Лицензиаттың лицензияны жоғалтқан, бүлдiрген кезiнде оның
телнұсқасын алуға құқығы бар.
Жоғалған, бүлiнген лицензия бланкiлерi лицензиат лицензиарға жазбаша өтiнiш (лицензияның және (немесе) лицензияларға қосымшалардың жоғалған, бүлiнген фактiсiн растайтын құжаттарды қоса бере отырып) берген күнiнен бастап жарамсыз деп танылады.
Лицензиар өтiнiш берген күнiнен бастап он жұмыс күнi iшiнде жаңа нөмiр берiп және жоғарғы оң жақ бұрышына»"Телнұсқа" деген жазбамен лицензияның телнұсқасын берудi жүргiзедi. Бұл ретте лицензиат мүлiктi бағалау (зияткерлiк меншiк объектiлерiн, материалдық емес активтердiң құнын қоспағанда) және/немесе зияткерлiк меншiктi, материалдық емес активтердiң құнын бағалау жөнiндегi қызметпен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым төлейдi.
20. Алып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2011.05.20 № 552 (ресми жариялағанынан кейiн жиырма бiр күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiлсiн) Қаулысымен.
21. Алып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2011.05.20 № 552 (ресми жариялағанынан кейiн жиырма бiр күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiлсiн) Қаулысымен.

3. Қорытынды ережелер

22. Лицензиаттар:
1) лицензияның күшiн тоқтата тұру, тоқтату немесе айыру мәселесi бойынша барлық материалдармен таныса;
2) лицензиардың заңсыз әрекеттерiне сот тәртiбiмен шағымдана алады.
Лицензиаттардың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген басқа да құқықтары бар.
23. Лицензиаттар лицензияның жоғалғаны туралы лицензиарға бiр ай мерзiмде хабарлайды.
Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2011.05.20 № 552 (ресми жариялағанынан кейiн жиырма бiр күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiлсiн) Қаулысымен.
24. Лицензияның қолданылуы мынадай жағдайларда:
1) лицензиядан айырғанда;
2) жеке тұлғаның қызметi тоқтатылғанда, заңды тұлға таратылғанда, бiрiгу, бiрiктiру, бөлiну немесе қайта құру нысанындағы қайта ұйымдастыруды қоспағанда, заңды тұлға қайта ұйымдастырылғанда;
3) лицензия лицензиарға ерiктi түрде қайтарылғанда;
4) лицензияланатындардың тiзбесiнен қызметтiң түрi алып тасталса тоқтатылады.
24-1. Лицензиат лицензияның қолданылуын тоқтатқан кезде 10 жұмыс күнi iшiнде лицензиарға лицензияны қайтарады.
Ескерту. Ереже 24-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2011.05.20 № 552 (ресми жариялағанынан кейiн жиырма бiр күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiлсiн) Қаулысымен.
25. Лицензиаттар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мүлiктi бағалау (зияткерлiк меншiк объектiлерiн, материалдық емес активтердiң құнын қоспағанда) және/немесе зияткерлiк меншiктi, материалдық емес активтердiң құнын бағалау жөнiндегi қызметтi жүзеге асырғаны үшiн жауапты болады.
26. Лицензиаттың мүлiктi бағалау (зияткерлiк меншiк объектiлерiн, материалдық емес активтердiң құнын қоспағанда) және/немесе зияткерлiк меншiктi, материалдық емес активтердiң құнын бағалау жөнiндегi қызметтi бақылауды лицензиар жүзеге асырады.
27. Лицензиар:
1) лицензиат қызметiнiң Қазақстан Республикасының бағалау қызметiн реттейтiн заңнамасына сәйкестiгiне тексеру жүргiзедi;
2) заңнаманың нақты бұзылуын көрсете отырып және нақты мерзiмде жою жөнiндегi ұсыныстармен тексерулердiң нәтижелерi негiзiнде актiлер (хаттамалар) жасайды;
3) анықталған бұзушылықты жоюға лицензиатты мiндеттейтiн шешiм
шығарады;
4) өз құзыретi шегiнде лицензиаттардан ақпарат сұратады.
28. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, одан айыру Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.
Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2011.05.20 № 552 (ресми жариялағанынан кейiн жиырма бiр күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiлсiн) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2007 жылғы 25 мамырдағы
N 419 қаулысымен
бекiтiлген

Мүлiктi бағалау (зияткерлiк меншiк объектiлерiн, материалдық
емес активтердiң құнын қоспағанда) жөнiндегi қызметке

қойылатын бiлiктiлiк талаптары

Ескерту. Бiлiктiлiк талаптары жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2010.04.15 № 318 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

1. Мүлiктi бағалау (зияткерлiк меншiк объектiлерiн, материалдық емес активтердiң құнын қоспағанда) жөнiндегi қызметпен айналысу құқығына лицензия бiлiктiлiк деңгейi осы талаптарға сәйкес келетiн өтiнiш берушiге берiледi.
2. Мүлiктi бағалау (зияткерлiк меншiк объектiлерiн, материалдық емес активтердiң құнын қоспағанда) жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру үшiн жеке тұлғаларға қойылатын бiлiктiлiк талаптары:
1) «бағалау» мамандығы бойынша жоғары бiлiмiнiң және (немесе) жоғары экономикалық немесе техникалық бiлiмiнiң болуы;
2) жоғары экономикалық және (немесе) техникалық бiлiмi бар тұлғалар үшiн мүлiктi бағалау (зияткерлiк меншiк объектiлерiн, материалдық емес активтердiң құнын қоспағанда) бойынша тағылымдамадан өтуi;
3) Бағалау қызметi жөнiндегi бiлiктiлiк комиссиясында бiлiктiлiк емтиханынан өтуi.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2011.05.20 № 552 (ресми жариялағанынан кейiн жиырма бiр күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiлсiн) Қаулысымен.
2-1. Мүлiктi бағалау (зияткерлiк меншiк объектiлерiн, материалдық емес активтердiң құнын қоспағанда) жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензия:
1) заңда белгiленген тәртiппен соттылығы өтелмеген немесе алынбаған;
2) белгiленген тәртiппен әрекет қабiлетi шектеулi немесе әрекетке қабiлетсiз деп танылған;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен лицензиясының қолданылуы тоқтатылған адамға берiлмейдi.
Ескерту. Бiлiктiлiк талаптары 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2011.05.20 № 552 (ресми жариялағанынан кейiн жиырма бiр күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiлсiн) Қаулысымен.
3. Заңды тұлғаның штатында мүлiктi бағалау (зияткерлiк меншiк объектiлерiн, материалдық емес активтердiң құнын қоспағанда) жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар не заңды тұлғаның директорын қоса алғанда, не кемiнде екi қызметкерi болған кезде заңды тұлға мүлiктi бағалау (зияткерлiк меншiк объектiлерiн, материалдық емес активтердiң құнын қоспағанда) жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензия алады.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2011.05.20 № 552 (ресми жариялағанынан кейiн жиырма бiр күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiлсiн) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2007 жылғы 25 мамырдағы
N 419 қаулысымен
бекiтiлген

Зияткерлiк меншiктi, материалдық емес активтердiң құнын
бағалау жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптары

Ескерту. Бiлiктiлiк талаптары жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2010.04.15 № 318 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

1. Зияткерлiк меншiктi, материалдық емес активтердiң құнын бағалау жөнiндегi қызметпен айналысу құқығына лицензия бiлiктiлiк деңгейi осы талаптарға сәйкес келетiн өтiнiш берушiге берiледi.
2. Зияткерлiк меншiктi, материалдық емес активтердiң құнын бағалау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру үшiн жеке тұлғаларға қойылатын бiлiктiлiк талаптары:
1) «бағалау» мамандығы бойынша жоғары бiлiмiнiң және (немесе) жоғары экономикалық немесе техникалық бiлiмiнiң болуы;
2) жоғары экономикалық және (немесе) техникалық бiлiмi бар тұлғалар үшiн зияткерлiк меншiктi, материалдық емес активтердiң құнын бағалау бойынша тағылымдамадан өтуi;
3) Бағалау қызметi жөнiндегi бiлiктiлiк комиссиясында бiлiктiлiк емтиханынан өтуi.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2011.05.20 № 552 (ресми жариялағанынан кейiн жиырма бiр күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiлсiн) Қаулысымен.
2-1. Зияткерлiк меншiктi, материалдық емес активтердiң құнын бағалау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензия:
1) заңда белгiленген тәртiппен соттылығы өтелмеген немесе алынбаған;
2) белгiленген тәртiппен әрекет қабiлетi шектеулi немесе әрекетке қабiлетсiз деп танылған;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен лицензиясының қолданылуы тоқтатылған адамға берiлмейдi.
Ескерту. Бiлiктiлiк талаптары 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2011.05.20 № 552 (ресми жариялағанынан кейiн жиырма бiр күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiлсiн) Қаулысымен.
3. Заңды тұлғаның штатында зияткерлiк меншiктi, материалдық емес активтердiң құнын бағалау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар не заңды тұлғаның директорын қоса алғанда, кемiнде екi қызметкерi болған кезде заңды тұлға зияткерлiк меншiктi, материалдық емес активтердiң құнын бағалау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензия алады.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2011.05.20 № 552 (ресми жариялағанынан кейiн жиырма бiр күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiлсiн) Қаулысымен.

Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina