ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Постановления  »  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Постановления

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы N 64 Қаулысы

Мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерiнiң мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң шамасынан төмен отбасылардан шыққан бiлiм алушылары мен тәрбиеленушiлерiне және жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемдi талап ететiн отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлiнетiн қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларын бекiту туралы

Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.02.22 № 255 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
"Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерiнiң мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң шамасынан төмен отбасылардан шыққан бiлiм алушылары мен тәрбиеленушiлерiне және жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемдi талап ететiн отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлiнетiн қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидалары бекiтiлсiн.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.02.22 № 255 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
2. Мыналардың:
1) "Қазақстан Республикасында орта бiлiм жүйесiн одан әрi реформалау жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 28 тамыздағы N 812 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 29, 258-құжат), 1-тармағының, 3-тармағы 2) тармақшасының
2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 28 тамыздағы N 812 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 10 шiлдедегi N 1047 қаулысының 1-тармағы 3) тармақшасының күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануы тиiс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2008 жылғы 25 қаңтардағы
N 64 қаулысымен
бекiтiлген
Мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерiнiң мемлекеттiк атаулы
әлеуметтiк көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ
мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алмайтын, жан басына
шаққандағы табысы ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң шамасынан
төмен отбасылардан шыққан бiлiм алушылары мен
тәрбиеленушiлерiне және жетiм балаларға, ата-анасының
қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше
жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемдi талап ететiн
отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы бiлiм
алушылар мен тәрбиеленушiлерге қаржылай және материалдық көмек
көрсетуге бөлiнетiн қаражатты қалыптастыру, жұмсау
бағыты мен оларды есепке алу қағидалары
Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.02.22 № 255 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
1. Осы Қағидалар "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi Заңының 4-бабының 21) тармақшасына сәйкес әзiрленген және мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерiнiң бiлiм алушылары мен тәрбиеленушiлерiнiң мынадай санаттарына:
1) мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға;
2) мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға;
3) жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға;
4) төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемдi талап ететiн отбасылардан шыққан балаларға;
5) бiлiм беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердiң өзге де санаттарына (бұдан әрi - бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлер) қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлiнетiн қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен есепке алу тәртiбiн айқындайды.
2. Бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлiнетiн қаражат жергiлiктi атқарушы органдардың бюджетiнде көзделген жалпы бiлiм беретiн мектептердi ағымдағы ұстауға арналған шығыстар сомасының кемiнде бiр пайыз мөлшерiндегi аударымдар есебiнен қалыптастырылады.
3. Бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлiнетiн қаражат:
1) киiм, аяқ киiм, оқулықтар, оқу құралдарын, мектеп-жазу құралдарын сатып алуға;
2) оқитын жерiнде тамақтандыруды ұйымдастыруға;
3) қаржылай көмек көрсетуге;
4) санаторий-курорт ұйымдары мен демалыс лагерьлерiне жолдамалар сатып алуға;
5) бiлiм алушылардың мәдени-бұқаралық және спорттық iс-шараларға қатысуына жұмсалады.
4. Бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражат ата-аналарының немесе олардың орнындағы адамдардың не кәмелеттiк жасқа жеткен бiлiм алушының өтiнiшi негiзiнде бөлiнедi. Ата-аналардың немесе олардың орнындағы адамдардың не кәмелеттiк жасқа жеткен бiлiм алушының өтiнiшi осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша бiрiншi басшының атына бiлiм беру ұйымына берiледi. Өтiнiштi алқалы орган өтiнiштi алған күннен бастап күнтiзбелiк 15 күн iшiнде қарайды.
Ата-аналардың немесе олардың орнындағы адамдардың не кәмелеттiк жасқа толған бiлiм алушының өтiнiшiне төмендегi растау құжаттары қоса берiледi:
1) осы Қағидалардың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген санаттағы тұлғалар үшiн өтiнiш иесiнiң (отбасының) жергiлiктi атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алушыларға тиесiлiлiгiн растайтын анықтама;
2) осы Қағидалардың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген санаттағы тұлғалар үшiн алынған табысы туралы мәлiметтер (жұмыс iстейтiн ата-аналардың немесе олардың орнындағы адамдардың жалақысын, кәсiпкерлiк және өзге де қызмет түрлерiнен түсетiн табыс, балаларға және асырауындағы өзге де адамдарға алименттер түрiндегi табыс);
3) осы Қағидалардың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген санаттағы адамдар үшiн жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыда тәрбиеленетiн балалар үшiн қорғаншылықты (қамқоршылықты), патронаттық тәрбиелеудi бекiту туралы уәкiлеттi органның шешiмi;
4) осы Қағидалардың 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетiлген санаттарды отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын тексерiп-қарау негiзiнде алқалы орган айқындайды. Көрсетiлген санаттарға қаржылай және материалдық көмек көрсету туралы шешiм қабылдау үшiн алқалы орган қажет болған жағдайда қажеттi құжаттарды сұратады.
Жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөрiс деңгейiнен төмен, мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алмайтын отбасылардың жан басына шаққандағы орташа табысы қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражат тағайындауға (өтiнiш берген айды қоса алғанда) өтiнiш берген сәтке дейiнгi табыс сомасын жыл басынан айлар санына және отбасы мүшелерiнiң санына да бөлу жолымен анықталады.
Отбасы құрамындағы орташа жан басына шаққандағы табысты есептеу кезiнде ата-аналар (асырап алушылар) және олардың асырауындағы жасы 18-ге толмаған балалар ескерiледi.
5. Бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлiнетiн қаражаттың жұмсалуын бiлiм беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайды және бiлiм беру ұйымында құрылған алқалы басқару органдарымен келiсiм бойынша қабылданатын бiлiм беру ұйымының бiрiншi басшысының шешiмiмен бекiтiледi.
6. Бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлiнетiн қаражаттың мақсатты жұмсалуын бiлiм беру ұйымдарының бiрiншi басшылары қамтамасыз етедi.
7. Бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлiнетiн қаражаттың түсiмдерiн және пайдаланылуын есепке алуды бiлiм беру ұйымының қаржы қызметi жүзеге асырады.
Бiлiм беру ұйымы жыл сайын жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 20 шiлдеге және 20 қаңтарға дейiнгi мерзiмде жүргiзiлген жұмыс қорытындылары бойынша есептiлiктi жергiлiктi атқарушы органға еркiн нысанда ұсынады.
Мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерiнiң
мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алуға
құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ
мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алмайтын,
жан басына шаққандағы табысы ең төменгi
күнкөрiс деңгейiнiң шамасынан
төмен отбасылардан шыққан бiлiм алушылары
мен тәрбиеленушiлерiне және жетiм балаларға,
ата-анасының қамқорлығынсыз қалып,
отбасыларда тұратын балаларға, төтенше
жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемдi
талап ететiн отбасылардан шыққан балаларға және
өзге де санаттағы бiлiм алушылар мен
тәрбиеленушiлерге қаржылай және
материалдық көмек көрсетуге бөлiнетiн қаражатты
қалыптастыру, жұмсау бағыты мен
оларды есепке алу қағидаларына
қосымша
_______________________________
ұйымының басшысы ______________
_______________________________
(Т.А.Ә.)
_______________________________
(өтiнiш берушiнiң Т.А.Ә.)
_______________________________
(мекенжайы)
Өтiнiш
Сiзден ____________ сынып оқушысы ___________________________________
_____________________________________________________________________
(Т.А.Ә.)
жалпыға мiндеттi оқу қорынан ________________________________________
_____________________________________________________________ түрiнде
материалдық көмек беруiңiздi сұраймын.
Себебi, _______________________________________________________
(себебi көрсетiледi)
20____ жылғы "___" ___________ ________________________
(күнi, Т.А.Ә., қолы)


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina