Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 8 сәуірдегі N 489 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы N 1036 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. "Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан шикі мұнай мен мұнайдан жасалған тауарларды әкету кезінде кедендік баждарды алу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы N 1036 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 38, 533-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі екі апта мерзімде Еуразия экономикалық қоғамдастығы Интеграциялық Комитетінің Хатшылығына Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу жөніндегі шаралар туралы хабарласын. 3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 8 сәуірдегі N 489 қаулысына қосымша "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы N 1036 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетілетін, шикі мұнай мен мұнайдан жасалған тауарларға кедендік баж ставкалары СЭҚ ТН бойынша тауардың жіктеуіші | Тауардың қысқаша атауы* | Баж ставкасы (1000 кг үшін доллармен) | 2709 00 900 0 | Шикі мұнай | 0 | 2710 11 110 0 - 2710 11 900 0 | Жеңіл дистилляттар және өнімдер | 59,87 | 2710 19 110 0 - 2710 19 290 0 | Орташа дистилляттар: қайта өңдеудің ерекше процестері үшін; 2710 19 110 0 кіші қосалқы позицияда көрсетілгендерден басқа, процестердегі химиялық түрлендірулер үшін; өзге де мақсаттар үшін | 2710 19 410 0 - 2710 19 490 0** | Ауыр дистилляттар: газойлдар | 2710 19 510 0*** - 2710 19 550 0 | Ауыр дистилляттар: сұйық отын | 2710 19 610 0 - 2710 19 690 0**** | Ауыр дистилляттар: сұйық отын | 39,91 | 2713 20 000 0 - 2713 90 900 0 | Мұнай битумы | 39,91 | 2710 19 310 0 - 2710 19 350 0 | Ауыр дистилляттар: газойлдар | 39,91 | * әкету кедендік бажы ставкаларын қолдану мақсаты үшін тауарлар тек қана СЭҚ ТН кодтарымен айқындалады. Тауарлардың атаулары пайдалану қолайлылығы үшін келтірілген. ** СЭҚТН 2710 19 410 0 - 2710 19 490 0 кодтарынан басқа, жыл сайын 15 ақпан - 15 қазан кезеңінде. *** ауыр дистиллятталған сұйық отыннан басқа. **** жыл сайын 15 сәуір - 15 тамыз кезеңінен басқа
|