Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 сәуірдегі N 588 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы "2009 - 2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Заңына, "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы N 220 қаулысына және Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ј. Назарбаевтың 2009 жылғы 9 сәуірдегі N 01-7.3 хаттамалық тапсырмасының 1.1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының ҮкіметіҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне Алматы қаласы метрополитенінің бірінші кезегінің құрылысын аяқтауға және іске қосуға Алматы қаласының әкіміне аудару үшін 2009 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен нысаналы даму трансферттері түрінде 14 000 000 000 (он төрт миллиард) теңге бөлінсін. 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация, Қаржы министрліктері аталған инвестициялық жобаны іске асыруға нысаналы даму трансферттері түрінде көзделген бюджет қаражатын толық игергеннен кейін және Алматы қаласының әкімдігі сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның бұйрығымен бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын ұсынған кезде осы қаулының 1-тармағында көрсетілген нысаналы трансферттерді аударуды жүзеге асырсын. 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
|