ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Постановления  »  Қазақстан Республикасының Ұлттық...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Постановления

  Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2009 жылғы 20 наурыздағы N 24 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2009 жылғы 20 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5637 болып енгізілді.
Қазақстан Республикасының Ўлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына исламдық арнайы қаржы компанияларының бухгалтерлік есебі және қаржылық есептілікті жасауы мәселелері жөнінде толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

"Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 32-6-бабының 13-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ўлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Ўлттық Банкі Басқармасының "Арнайы қаржы компанияларының жылдық қаржылық есебінің тізбесі және нысандары туралы" 2006 жылғы 27 қазандағы N 110 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4482 тіркелген; Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4905 тіркелген Қазақстан Республикасының Ўлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ўлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына ипотекалық ұйымдардың, арнайы қаржы компанияларының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есептілік нысандары бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 20 шілдедегі N 84 қаулысымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен қоса) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
тақырып "Арнайы қаржы компанияларының" деген сөздерден кейін "және исламдық арнайы қаржы компаниясының" деген сөздермен толықтырылсын;
кіріспедегі "және "Секьюритилендіру туралы" деген сөздер", "Секьюритилендіру туралы" және "Бағалы қағаздар рыногы туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақта:
бірінші абзац "Арнайы қаржы компанияларының" деген сөздерден кейін "және исламдық арнайы қаржы компаниясының" деген сөздермен толықтырылсын;
жетінші абзац мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
"Исламдық арнайы қаржы компаниясы жылдық қаржылық есептілікке қосымша 6-нысан бойынша жасалған бөлінген активтер бойынша бухгалтерлік баланс (осы қаулының 7-қосымшасы) және 7-нысан бойынша жасалған бөлінген активтер бойынша пайда мен шығын туралы есеп (осы қаулының 8-қосымшасы) ұсынады.";
1-4 қосымшалардағы "арнайы қаржы компаниясының" деген сөздер "(исламдық) арнайы қаржылық компанияның" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-қосымшада:
3-тармақта:
мемлекеттік тілдегі мәтіні мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен
толықтырылсын:
"5) арнайы қаржы компаниясының бөлінген активтер мен облигациялар бойынша бухгалтерлік балансында активтер мен міндеттемелер бойынша есепті жылы болған өзгерістер;";
мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) исламдық арнайы қаржы компаниясының бөлінген активтер бойынша бухгалтерлік балансында активтер мен міндеттемелер бойынша және исламдық арнайы қаржы компаниясының бөлінген активтер бойынша пайда мен шығын туралы есебінде кірістер мен шығыстар бойынша есепті жылы болған өзгерістер.";
мынадай мазмұндағы 7 және 8-қосымшалармен толықтырылсын:

"Қазақстан Республикасының
Ўлттық Банкі Басқармасының
2006 жылғы 27 қазандағы
N 110 қаулысына
7-қосымша

6-нысан

____________________________________________________________________
(исламдық арнайы қаржы компаниясының толық атауы)
20__жылғы "__"_________" жағдай бойынша бөлінген активтер
бойынша бухгалтерлік балансы

(мың теңгемен)

Баптардың атауы

Ескерту

Есепті кезеңнің аяғында

Өткен жылдың аяғында

1

2

3

4

Активтер

Банктердегі шоттардағы ақша

1

Екінші деңгейдегі банктердегі салымдар

2

Акциялар (қатысу үлестері)

3

Жалға берілген бөлінген активтер

4

Басқа да активтер

5

Активтердің жиынтығы

Міндеттемелер

Айналысқа шығарылған исламдық жалдау сертификаттары

6

Айналысқа шығарылған исламдық қатысу сертификаттары

7

Исламдық бағалы қағаздар бойынша кірісті төлеуге байланысты кредиторлық берешек

8

оның ішінде:

исламдық жалдау сертификаттары бойынша

9

исламдық қатысу сертификаттары бойынша

10

Комиссиялық сыйақылар бойынша кредиторлық берешек

11

Басқа да міндеттемелер

12

Міндеттемелердің жиынтығы

Бірінші басшы ______________ күні ___________________
Бас бухгалтер ______________ күні ___________________
Орындаушы ______________ күні ___________________
Телефон ______________ күні ___________________
Мөр орны

Қазақстан Республикасының
Ўлттық Банкі Басқармасының
2006 жылғы 27 қазандағы
N 110 қаулысына
8-қосымша

7-нысан

_____________________________________________________________________
(исламдық арнайы қаржы компаниясының толық атауы)

20__жылғы "__"________жағдай бойынша бөлінген активтер бойынша пайда және шығын туралы есебі

(мың теңгемен)

Баптардың атауы

Ескерту

Есепті жылы

Өткен жылы

1

2

3

4

Кірістер

1

Қаржылық жалдаудан кірістер

2

Операциялық жалдаудан кірістер

3

Инвестициялық жоба бойынша кірістер

4

оның ішінде:

акциялар бойынша дивидендтер түрінде

5

Басқа да кірістер (түсімдер)

6

Кірістердің жиынтығы

Шығыстар

7

Исламдық бағалы қағаздар бойынша кірістер төлеуге байланысты шығыстар

8

оның ішінде:

исламдық жалдау сертификаттары бойынша

9

исламдық қатысу сертификаттары бойынша

10

Комиссиялық сыйақылар

11

Операциялық шығыстар

12

оның ішінде:

амортизациялық аударымдар және тозу

13

ағымдағы салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер

14

Басқа да шығыстар

15

Шығыстардың жиынтығы

Резервтік қорды құрғанға дейінгі таза пайда

Резервтік қорды қалыптастыру

16

(қалпына келтіру) бойынша шығыстар

Таза пайда (шығын) жиынтығы

Бірінші басшы ______________ күні ___________________
Бас бухгалтер ______________ күні ___________________
Орындаушы ______________ күні ___________________
Телефон ______________ күні ___________________
Мөр орны".

2. Қазақстан Республикасының Ўлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы" 2008 жылғы 22 қыркүйектегі N 79 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5348 тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарында:
1-бөлімде:
1-тармақ "арнайы қаржы компанияларының" деген сөздерден кейін ", исламдық арнайы қаржы компанияларының" деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақтың 6-тармақшасы "Арнайы қаржы компанияларының" деген сөздерден кейін "және исламдық арнайы қаржы компанияларының" деген сөздермен толықтырылсын;
2-бөлімде:
1-тарауда:
1270 84 шотынан кейін мынадай мазмұндағы шотпен толықтырылсын:
"1270 91 Мүлікті жалға беруден есептелген кірістер";
1280 91 шотынан кейін мынадай мазмұндағы шоттармен
толықтырылсын:
"1280 92 Исламдық арнайы қаржы компаниясының бөлінген активтері
1280 93 Исламдық арнайы қаржы компаниясының жалға (қаржы лизингіне) берілген бөлінген активтері
1280 94 Исламдық арнайы қаржы компаниясының жалға берілген бөлінген активтерінің амортизациясы
1280 95 Исламдық арнайы қаржы компаниясының инвестициялық жобалардағы бөлінген активтері";
4-тарауда:
4030 93 шотынан кейін мынадай мазмұндағы шоттармен
толықтырылсын:
"4030 94 Айналысқа шығарылған исламдық жалдау сертификаттары
4030 95 Айналысқа шығарылған исламдық қатысу сертификаттары
4030 96 Исламдық бағалы қағаздар бойынша резервтік қор";
6-тарау 6240 24 шотынан кейін мынадай мазмүндағы шотпен
толықтырылсын:
"6240 91 Исламдық бағалы қағаздар бойынша резервтік қорды қалпына келтіруден (жоюдан) кірістер";
7-тарауда:
7310 92 шотынан кейін мынадай мазмұндағы шоттармен
толықтырылсын:
"7310 93 Исламдық жалдау сертификаттары бойынша кірісті төлеуге байланысты шығыстар
7310 94 Исламдық қатысу сертификаттары бойынша кірісті төлеуге байланысты шығыстар";
7440 47 шотынан кейін мынадай мазмұндағы шотпен толықтырылсын:
"7440 91 Исламдық бағалы қағаздар бойынша резервтік қорды қалыптастыру бойынша шығыстар";
9-тарауда:
8750 шотынан кейін мынадай мазмұндағы шотпен толықтырылсын:
"8760 Оригинаторға сенімгерлік басқаруға берілген акциялар (қатысу үлестері)";
3-бөлімде:
1270 84 шотының сипаттамасынан кейін 1270 91 шотының мынадай мазмұндағы атауымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
"1270 91 "Мүлікті жалға беруден есептелген кірістер" (активтік).
Мақсаты: мүлікті жалға беруден есептелген кірістердің сомаларын есепке алу.
Шоттың дебеті бойынша мүлікті жалға беруден есептелген кірістердің сомасы жазылады.
Шоттың кредиті бойынша мүлікті жалға беруден есептелген кірістердің сомалары төленген не төлеу кешіктірілген кезде оларды есептен шығару жүргізіледі.";
1280 91 шотының сипаттамасынан кейін 1280 92, 1280 93, 1280 94, 1280 95 шоттарының мынадай мазмұндағы атауларымен және сипаттамаларымен толықтырылсын:
"1280 92 "Исламдық арнайы қаржы компаниясының бөлінген активтері" (активтік).
Мақсаты: исламдық арнайы қаржы компаниясының исламдық жалдау сертификаттарын немесе қатысу сертификаттарын орналастыру нәтижесінде алынған ақшаға сатып алған мүлкін есепке алу.
Шоттың дебеті бойынша исламдық арнайы қаржы компаниясының бөлінген активтерінің құны жазылады.
Шоттың кредиті бойынша исламдық арнайы қаржы компаниясының бөлінген активтерінің құнын есептен шығару жүргізіледі.
1280 93 "Исламдық арнайы қаржы компаниясының жалға (қаржы лизингіне) берілген бөлінген активтері" (активтік).
Мақсаты: исламдық арнайы қаржы компаниясының жалға (қаржы лизингіне) берілген бөлінген активтерін есепке алу.
Шоттың дебеті бойынша исламдық арнайы қаржы компаниясының жалға (қаржы лизингіне) берілген бөлінген активтерінің құны жазылады.
Шоттың кредиті бойынша төлемдер алған (қаржы лизингі шарты бойынша) кезде исламдық арнайы қаржы компаниясының жалға (қаржы лизингіне) берілген бөлінген активтерінің құнын есептен шығару немесе N 1280 92 баланстық шотының есебіне шығару жүргізіледі.
1280 94 "Исламдық арнайы қаржы компаниясының жалға берілген бөлінген активтерінің амортизациясы" (контрактивтік).
Мақсаты: исламдық арнайы қаржы компаниясының жалға берілген бөлінген активтері бойынша есептелген амортизация сомаларын есепке алу.
Шоттың кредиті бойынша исламдық арнайы қаржы компаниясының жалға берілген бөлінген активтері бойынша есептелген амортизация сомасы жазылады.
Шоттың дебеті бойынша исламдық арнайы қаржы компаниясының жалға берілген бөлінген активтері бойынша есептелген амортизация сомалары іске асырылған немесе өзгедей шығарылған кезде, оларды есептен шығару жүргізіледі.
1280 95 "Исламдық арнайы қаржы компаниясының инвестициялық жобалардағы бөлінген активтері" (активтік).
Мақсаты: исламдық қатысу сертификаттарын орналастыру нәтижесінде алынған және инвестициялық жобаға инвестицияланған қаражатты есепке алу.
Шоттың дебеті бойынша инвестициялық жобаға салынған инвестициялардың сомасы жазылады.
Шоттың кредиті бойынша инвестициялық жобаға салынған инвестициялардың сомалары қайтарылған кезде оларды есептен шығару жүргізіледі.";
4030 93 шотының сипаттамасынан кейін 4030 94, 4030 95, 4030 96 шоттарының мынадай мазмұндағы атауларымен және сипаттамаларымен
толықтырылсын:
"4030 94 "Айналысқа шығарылған исламдық жалдау сертификаттары " (пассивтік).
Мақсаты: исламдық арнайы қаржы компаниясы шығарған исламдық жалдау сертификаттарының сомаларын есепке алу.
Шоттың кредиті бойынша исламдық арнайы қаржы компаниясы шығарған исламдық жалдау сертификаттарының номиналдық құны жазылады.
Шоттың дебеті бойынша исламдық арнайы қаржы компаниясы шығарған исламдық жалдау сертификаттарын өтеген кезде олардың номиналдық құнын есептен шығару жүргізіледі.
4030 95 "Айналысқа шығарылған исламдық қатысу сертификаттары" (пассивтік).
Мақсаты: исламдық арнайы қаржы компаниясы шығарған исламдық қатысу сертификаттарының номиналдық құнын есепке алу.
Шоттың кредиті бойынша исламдық арнайы қаржы компаниясы шығарған исламдық қатысу сертификаттарының номиналдық құны жазылады.
Шоттың дебеті бойынша исламдық арнайы қаржы компаниясы шығарған исламдық қатысу сертификаттарын өтеген кезде олардың номиналдық құнын есептен шығару жүргізіледі.
4030 96 "Исламдық бағалы қағаздар бойынша резервтік қор" (пассивтік).
Мақсаты: исламдық бағалы қағаздарды орналастырудан алынған ақшаны инвестициялау нәтижесінде туындайтын шығындарды жабуға арналған резервтік қордың номиналдық құнын есепке алу.
Шоттың кредиті бойынша исламдық бағалы қағаздарды орналастырудан алынған ақшаны инвестициялау нәтижесінде туындайтын шығындарды жабуға арналып құрылатын резервтік қордың сомасы жазылады.
Шоттың дебеті бойынша резервтік қордың сомалары жойылған немесе исламдық бағалы қағаздарды ұстаушыларға исламдық бағалы қағаздарды орналастырудан алынған ақшаны инвестициялау нәтижесінде туындаған шығындарды етеген кезде оларды есептен шығару жүргізіледі.";
6240 24 шотынан кейін 6240 91 шотының мынадай мазмұндағы атауымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
"6240 91 "Исламдық бағалы қағаздар бойынша резервтік қорды қалпына келтіруден (жоюдан) кірістер".
Мақсаты: исламдық бағалы қағаздарды орналастырудан алынған ақшаны инвестициялау нәтижесінде туындайтын шығындарды жабу үшін құрылған резервтік қордың қалпына келтірілген (жойылған) сомаларын есепке алу.
Шоттың кредиті бойынша исламдық бағалы қағаздарды орналастырудан алынған ақшаны инвестициялау нәтижесінде туындайтын шығындарды жабу үшін құрылған резервтік қорды қалпына келтіруден (жоюдан) кірістердің сомасы жазылады.
Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын N 5610 баланстық шотқа есептен шығару жүргізіледі.";
7310 92 шотының сипаттамасынан кейін 7310 93, 7310 94 шоттарының мынадай мазмұндағы атауларымен және сипаттамаларымен толықтырылсын:
"7310 93 "Исламдық жалдау сертификаттары бойынша кірісті төлеуге байланысты шығыстар".
Мақсаты: исламдық арнайы қаржы компаниясы айналысқа шығарған исламдық жалдау сертификаттарының ұстаушыларына кірістерді төлеуге байланысты шығыстардың сомаларын есепке алу.
Шоттың дебеті бойынша исламдық жалдау сертификаттары бойынша кірісті төлеуге байланысты шығыстардың сомасы жазылады.
Шоттың кредиті бойынша болған шығыстардың сомаларын N 5610 баланстық шотқа есептен шығару жүргізіледі.
7310 94 "Исламдық қатысу сертификаттары бойынша кірісті төлеуге байланысты шығыстар".
Мақсаты: исламдық арнайы қаржы компаниясы шығарған исламдық қатысу сертификаттарының ұстаушыларына кірістерді төлеуге байланысты шығыстардың сомаларын есепке алу.
Шоттың дебеті бойынша исламдық қатысу сертификаттары бойынша кірісті төлеуге байланысты шығыстардың сомасы жазылады.
Шоттың кредиті бойынша болған шығыстардың сомаларын 5610 баланстық шотқа есептен шығару жүргізіледі.";
7440 47 шотының сипаттамасынан кейін 7440 91 шотының мынадай мазмұндағы атауымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
"7440 91 "Исламдық бағалы қағаздар бойынша резервтік қорды қалыптастыру бойынша шығыстар".
Мақсаты: исламдық бағалы қағаздарды орналастырудан алынған ақшаны инвестициялау нәтижесінде туындайтын шығындарды жабуға арналған резервтік қорды қалыптастыру бойынша шығыстардың сомаларын есепке алу.
Шоттың дебеті бойынша исламдық бағалы қағаздарды орналастырудан алынған ақшаны инвестициялау нәтижесінде туындайтын шығындарды жабуға арналған резервтік қорды қалыптастыру бойынша шығыстардың сомасы жазылады.
Шоттың кредиті бойынша болған шығыстардың сомаларын N 5610 баланстық шотқа есептен шығару жүргізіледі.";
8750 шотының сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 8760 шотының атауымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
"8760 "Оригинаторға сенімгерлік басқаруға берілген акциялар (қатысу үлестері)".
Мақсаты: исламдық арнайы қаржы компаниясына тиесілі және инвестициялық жобаға қатысу үшін оригинаторға сенімгерлік басқаруға берілген акциялардың (қатысу үлестерінің) құнын есепке алу.
Шоттың кірісі бойынша исламдық арнайы қаржы компаниясы инвестициялық жобаға қатысу үшін оригинаторға сенімгерлік басқаруға берген акциялардың (қатысу үлестерінің) құны жазылады.
Шоттың шығысы бойынша ұйым инвестициялық жобаға қатысу үшін оригинаторға сенімгерлік басқаруға берген акцияларды (қатысу үлестерін) оригинатордың сенімгерлік басқаруынан алған кезде ұйымға тиесілі акциялардың (қатысу үлестерінің) құнын есептен шығару жүргізіледі.".
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Јділет министрлігінде
мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн еткеннен кейін
қолданысқа енгізіледі.
4. Бухгалтерлік есеп департаменті (Шалғымбаева Н.Т.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Јділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қабылдасын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Јділет министрлігінде
мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ўлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігіне және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ўлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ғалиеваға жүктелсін.

Ўлттық банк
Төрағасы Г. Марченко


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina