ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Постановления  »  Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Постановления

Страницы 1 2 3 4

  Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 10 сәуірдегі N 74 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 20 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5678 болып енгізілді.

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйымдардың, және бағалы қағаздар рыногындағы кәсіби қызмет түрлерін қосып атқарушы ұйымдардың қызметін пруденциалдық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы


Жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйымдардың, және бағалы қағаздар рыногындағы кәсіби қызмет түрлерін қосып атқарушы ұйымдардың қызметін пруденциалдық реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған пруденциалдық нормативтердiң нормативтiк маңызы, олардың есебiнiң әдiстемесi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" Агенттік Басқармасының 2008 жылғы 22 тамыздағы N 117 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5321 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың және бағалы қағаздар рыногындағы кәсіби қызметтің түрлерін қоса атқаратын ұйымдардың қызметін пруденциалдық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Агенттік Басқармасының 2008 жылғы 29 қазандағы N 164 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5405 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйымдардың, және бағалы қағаздар рыногындағы кәсіби қызмет түрлерін қосып атқарушы ұйымдардың қызметін пруденциалдық реттеу мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Агенттік Басқармасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 247 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5514 тіркелген) енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен бірге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген Жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған пруденциалдық нормативтердiң нормативтiк маңызы, олардың есебiнiң әдiстемесi туралы Нұсқаулықта:
2-тармақта:
1) тармақшаның бірінші сөйлеміндегі "валюталық тәуекел" деген сөздер "айырбастау бағамының өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекел (валюталық тәуекел)" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшаның екінші сөйлемі алынып тасталсын;
7) тармақшадағы:
бірінші абзацтағы "пайыздық тәуекел" деген сөз "сыйақы ставкасының (пайыздық тәуекел) нарықтық тәуекел" деген сөзбен ауыстырылсын;
үшінші абзацтағы "ерекше" деген сөз "айрықша" деген сөзбен ауыстырылсын;
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"8) қаржы құралының нарықтық құнының өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекел (қор тәуекелі) – қаржы құралының нарықтық құнына ықпал ететін қаржы нарықтарының талаптары өзгерген жағдайда пайда болатын қаржы құралы құнының өзгеруі салдарынан пайда болатын шығыстар (шығындар) тәуекелі.";
2-1-тармағы "қаулысы" деген сөзден кейін "(бұдан әрі - N 225 қаулы)" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-2, 2-3, 2-4, 2-5, 2-6, 2-7-тармақтармен толықтырылсын:
"2-2. Қордың меншікті активтері есебінен жасалған мәмілелер N 225 қаулымен белгіленген ұқсас тәртіп бойынша жасалады.
Қордың ұйымдастырылмаған бастапқы рыноктағы мемлекеттік емес бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерін (оларды орналастырған кезде) Қор дербес жүзеге асырады.
2-3. Қордың қайталама рыноктағы меншікті активтер есебінен мемлекеттік бағалы қағаздармен және мемлекеттік емес бағалы қағаздармен мәмілелерін Қор тек бағалы қағаздардың ұйымдасқан рыногында ғана мына жағдайларды қоспай жасайды:
1) эмитенттің Қордың инвестициялық портфеліндегі бар облигацияларды акцияларға айырбастауы;
2) басымдығы бар сатып алу құқығын іске асыру;
3) Қордың хеджирлеу құралдарымен мәмілелер жасауы. Хеджирлеу құралдары ретінде өтімді активтер, оның ішінде базалық активі осы Нұсқаулықтың 6-тармағында көрсетілген өтімді активтер болып табылатын туынды қаржы құралдары танылады. Хеджирлеу операциялары бойынша қабылданған барлық шешімдер инвестициялық шешімдерді есепке алу журналында тіркеу жолымен Қорда сақталады;
4) Қор "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңының 27-бабында көзделген тәртіп пен мерзімде эмитенттің инвестициялық портфеліндегі бар акцияларын сатып алу жөнінде талап етуіне болады;
5) сауда-саттық ұйымдастырушысы листинг болмаған кездегі тартқан бағалы қағаздарды сату.
2-4. Қордың меншікті активтерінің қатысуымен ұйымдасқан бағалы қағаздар рыногында жасалған мемлекеттік және мемлекеттік емес бағалы қағаздарды сатып алу-сату мәмілелері ашық сауда-саттық әдісімен жасалады. Қордың меншікті активтерінің қатысуымен жасалатын "кері репо" мәмілелері отыз күннен аспайтын мерзімге жасалуы мүмкін.
Меншікті активтердің қатысуымен Қордың жасаған "кері репо" операцияларының мәні болып Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары жүреді.
2-5. Қордың аффилиирленген тұлғалармен, Қордың ірі акционеріне тиесілі акцияларды сенімгерлік басқарушылармен, және осы Нұсқаулықтың 2-3-тармағының 1), 2), 4) және 5) тармақшаларымен көзделген жағдайларды және ұйымдасқан бағалы қағаздар нарығындағы мәмілелерді қоспағанда, Қордың ірі акционеріне тиесілі акцияларды сенімгерлік басқарушы аффилиирленген тұлғалармен Қордың ірі акционерлеріне тиесілі акцияларды сенімгерлік басқарушы аффилиирленген тұлғалармен қаржы құралдарын сатып алу және(немесе) иеліктен шығару жөніндегі меншікті активтер есебінен мәміле жасауына тыйым салынады.
2-6. Бір эмитенттің екінші деңгейдегі бір банктегі мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарға салған салымындағы қор инвестициясының мөлшері Қор үшін белгіленген пруденциалдық нормативтермен белгіленген шектеулерге сәйкес келуі тиіс.
Қор егер сауда-саттықты ұйымдастырушы осы бағалы қағаздармен сауда-саттықты тоқтата тұрған жағдайда бастапқы нарықтағы сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми тізіміне енгізілген мемлекеттік емес бағалы қағаздарды сатып ала алмайды.
2-7. Эмитент шығарылым талаптарында көзделген мерзімде борыштық бағалы қағаздар бойынша міндеттемелерін орындамаған жағдайда, Қор осындай міндеттемелерді орындау мерзімі өткен күннен бастап, осы бағалы қағаздарды сатып алу жөніндегі меншікті активтер есебінен, оның ішінде "кері репо" операцияларын жасау жолы арқылы инвестициялық шешімдер қабылдауға құқылы емес.";
3-тармақтың екінші абзацы алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Осы Нұсқаулықтың 1-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициентінің жиынтық мәні күн сайын зейнетақы жарналары мен зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамту жөніндегі қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиядан айырылған жинақтаушы зейнетақы қорының қабылдаған зейнетақы активтері мен міндеттемелері оларды берген күннен бастап алты ай ішінде Қор үшін 0,01 кем болмайды. Зейнетақы активтері мен міндеттемелерді берген күннен кейін алты ай аяқталған соң Қор үшін меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициентінің жиынтық мәні осы Нұсқаулықтың 3-тармағында көрсетілген мән болып табылады.";
4-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші, алтыншы және жетінші абзацтармен толықтырылсын:
"Активтерi Ўйымның инвестициялық басқаруында тұрған Қордың К1 коэффициентiнiң мәнi меншiктi капиталдың жеткiлiктiлiк жиынтық коэффициентiнің алпыс пайызынан кем болмауы тиіс.
Қордың К1 коэффициентiнiң мәнi меншiктi капиталдың жеткiлiктiлiк жиынтық коэффициентiнің жиырма пайызынан кем болмауы тиіс.
Ўйымдағы Қордың меншiктi капиталының жеткiлiктiлiк жиынтық коэффициентi жүз пайыз болады.";
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
"4-1. Қор мен Ўйым меншiктi капиталдың жеткiлiктiлiк жиынтық коэффициентiн сақтамаған жағдайында, Қор мен Ўйымның меншiктi капиталының жеткiлiктiлiк жиынтық коэффициентi орындалмаған болып белгіленеді.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Қордың меншiктi капиталының жеткiлiктiлiк коэффициентi К1 коэффициентiмен сипатталады.
K1 коэффициенті мына формула бойынша есептеледі:
К1 = (ӨА-М)/ MЗA, мұнда
ӨА – осы Нұсқаулықтың 6 және 7 тармақтарымен белгіленген өтімді және басқа активтер;
M - міндеттемелер ("репо" операциясын ашық сауда әдісімен өткізгенде, міндеттемелерге тек "репо" ашу сәтіне қор биржасының ішкі ережелеріне сәйкес анықталған "репо" объектісінің нарықтық құнының дисконт сомасы ғана кіреді);
МЗА - мына формула бойынша есептелетiн тәуекел дәрежесi бойынша мөлшерленген қордың инвестициялық портфелiндегi қаржы құралдарының құны:
МЗА = Ктк + Нтк + Отк, мұнда
Ктк – осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары бойынша өтелгенге дейін ұсталатын санатқа жатқызылған борыштық бағалы қағаздар, шетелдік эмитенттер және "саудаға арналған" және "сату үшін қолда бар" санатында 1 жылдан астам тұрған Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған борыштық бағалы қағаздар, тәуекел дәрежесі бойынша сараланған депозиттер, тазартылған қымбат металдар, металл депозиттер, "кері репо" операциялары бойынша есептелетін кредиттік тәуекел;
Нтк - "саудаға арналған" және "сату үшін қолда бар" санатына қойылған борыштық бағалы қағаздар, акциялар, пайлар, туынды қаржы құралдары бойынша есептелетін нарықтық тәуекел.
Рыноктық тәуекел 10-ға тең келтіру коэффициенті сияқты мына сома бойынша есептеледі:
сыйақы ставкасының (пайыздық тәуекелдің) өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелі бар қаржы құралы бойынша тәуекел;
нарықтық құнның (қор тәуекелінің) өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелі бар қаржы құралы бойынша тәуекел;
валюталардың айырбас бағамдары мен қымбат металдардың бағамдарының (валюталық тәуекел) өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелі бар қаржы құралы бойынша тәуекел.
Сыйақы ставкасының (пайыздық тәуекелдің) өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелі бар қаржы құралы бойынша тәуекел есебі айырықша пайыздық тәуекелдің және жалпы пайыздық тәуекелдің сомасын білдіреді.
Айырықша пайыздық тәуекел осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасына сәйкес қаржы құралы рейтингіне қатысты айырықша пайыздық тәуекел коэффициенті бойынша сараланған сыйақы ставкасының (пайыздық тәуекелдің) өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелі бар бірыңғай қаржы құралдарының сомасын білдіреді.
Сыйақы ставкасының (пайыздық тәуекелдің) өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелі бар бірыңғай қаржы құралдары болып, мынадай талаптарға сәйкес келетін қаржы құралдары танылады:
бір эмитент шығарған;
тең кірістілік мөлшері бар;
нарықтық құны сол сияқты бір валютада көрсетілген;
өтелгенге дейінгі бірдей мерзімі бар.
Туынды қаржы құралдары айырықша пайыздық тәуекел есебіне енгізілмейді.
Жалпы пайыздық тәуекел мына соманы білдіреді:
осы Нұсқаулықтың 4-қосымшасына сәйкес уақытша аралықтар бойынша тәуекелдің барлық аймақтары бойынша сараланған қаржы құралдары сомасының 10 пайызын;
осы Нұсқаулықтың 4-қосымшасына сәйкес 1 аймақтың уақытша аралықтары бойынша сараланған қаржы құралдары сомасының 40 пайызын;
осы Нұсқаулықтың 4-қосымшасына сәйкес 2 аймақтың уақытша аралықтары бойынша сараланған қаржы құралдары сомасының 30 пайызын;
осы Нұсқаулықтың 4-қосымшасына сәйкес 3 аймақтың уақытша аралықтары бойынша сараланған қаржы құралдары сомасының 30 пайызын.
Қаржы құралының (қор тәуекелінің) нарықтық құнының өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекел қаржы құралының құнын рыноктық тәуекел коэффициентімен жасауды білдіреді және борыштық бағалы қағаздар бойынша айырбасталатын акциялар (сыйақы ставкасының өзгеруіне байланысты айырбасталмайтын артықшылықты акцияларды қоспағанда), және осы Нұсқаулықтың 5-қосымшасына сәйкес базистік активі аталған бағалы қағаздар болып табылатын акциялар, туынды қаржы құралдары, депозитарлық қолхаттар болып есептеледі.
Валюталық айырбас бағамдарының және қымбат металл бағамдарының (валюталық тәуекел) өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекел шетел валютасында номинирленген қаржы құралдарының сомасын жасауды, сондай-ақ 0,04 валюталық тәуекел коэффициентіне тең осы бағалы қағаздардың барлық айналыс кезеңінде ұлттық валюталық бағаммен белгіленген осы құрал бойынша ақша ағынын белгілейтін шығарылым талабын көздейтін қаржы құралдарын қоспағандағы шетел валюталарының, қымбат металдардың, шетелдік қолма-қол валютаның бағамдарының өзгеруін индекстеген номиналды және/немесе купонды сыйақыны білдіреді.
Рыноктық тәуекел есебіне тәуекелдерді хеджирлеу мақсаты үшін сатып алынған мынадай туынды қаржы құралдары енгізіледі:
сыйақы ставкасының өзгеруіне байланысты туынды қаржы құралдары – базистік активі пайыздық кіріс алып келетін қаржы құралы болып табылатын келісім-шарт, немесе талаптары бойынша қаржы ағыны пайыздық ставка немесе өзге пайыздық келісім-шарт негізінде есептесетін келісім-шарт;
базистік активі нарықтық құнның өзгеруіне байланысты туынды қаржы құралдары – базистік активі қор құндылықтары (акциялар) немесе қор индексі болып табылатын келісім-шарт;
Отк – операциялық тәуекел, 0,04 операциялық тәуекел коэффициентіне тең соңғы өткен үш жыл ішінде алынған жылдық жалпы өнімнің орташа шегін келтіретін 10-ға теңдестіру коэффициентін білдіреді.
Соңғы өткен үш жыл ішіндегі жылдық жалпы өнімнің орташа шегі өткен үш жыл ішіндегі жылдық жалпы өнімнің сомасына қатысты ретінде есептеледі, оның әр қайсысы бойынша Қордың таза кіріс алған жылдарының санына сай кіріс алынған.
Жаңадан құрылған қорлар үшін операциялық тәуекел қаржы жылының аяқталуы бойынша есептеледі, және жылдық жалпы өнімнің орташа шегі өткен жылдардың санын негізге ала отырып, есептеледі.
2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап нарықтық тәуекел есебі кезінде көрсетілген келтіру коэффициенті 25 болады.";
6-тармақта:
3) тармақшаның төртінші абзацындағы "енгізілген" деген сөздің алдынан "жай акциялар" деген сөздермен толықтырылсын;
19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"қызметкерлердің және басқа тұлғалардың дебиторлық берешектерін шегергенде, Қорға қатысты аффилирленген тұлғалар болып табылмайтын заңды тұлғалардың қордың шартты міндеттемелері бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыру кезінде (ықтимал шығындарға резервтерді шегеріп), К2 номиналды кіріс коэффициентін өтеу жөніндегі Ўйым талаптарын қоспағандағы дебиторлық берешек, оның ішінде:";
отыз бесінші абзацтағы "." деген тыныс белгісі ";" деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы отыз алтыншы абзацпен толықтырылсын:
"Қордың ірі акционерлеріне тиесілі акцияларды сенімгерлік басқарушылар және Қордың ірі акционерлеріне тиесілі акцияларды сенімгерлік басқарушы аффилиирленген тұлғалар шығарған бағалы қағаздарды сатып алу.";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Қорда күнтізбелік жыл соңында Қордың номиналды кірістілік көрсеткіші мен кірістіліктің барынша төмен мәні арасындағы теріс айырма болған жағдайда Қор осы айырманы Қордың кастодиан банктегі инвестициялық шотына тиісті меншікті капитал есебінен ақша сомасын аударым жасау жолымен өтейді.
Осы тармақтың бірінші абзацымен белгіленген талап зейнетақы активтері мен міндеттемелер қабылданған күнтізбелік жыл соңындағы кірістіліктің барынша төмен мәні мен Қордың номиналды кірістілігі көрсеткіші арасындағы теріс айырмасы бар зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті атқаруға берілетін лицензиядан айырылған жинақтаушы зейнетақы қорының міндеттемелері мен зейнетақы активтерін қабылдайтын Қорға қолданылмайды.";
мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:
"13-1. Қор ай сайын бағалы қағаздардың құнсыздануы жөнінде тесттер жүргізеді және N 118 қаулыға сәйкес олардың құнсыздануына байланысты болуы мүмкін жоғалтуларға қарсы резервтер (провизиялар) қалыптастырады.";
мынадай мазмұндағы 13-2-тармақпен толықтырылсын:
"13-2. К2 номиналдық кіріс коэффициенті орташа номинирленген кіріс коэффициентінің түзетілген мәнінен ауытқыған кезде және Қорда шартты міндеттемелер талаптары пайда болған кезде Қор N 118 қаулыға сәйкес есептелген шартты міндеттемелер бойынша бағалау резервін қалыптастырады.";
14-тармақта:
2) тармақшадағы "4) тармақшасының екiншi абзацымен" деген сөздер алынып тасталсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) екінші деңгейдегі банк болып табылмайтын эмитенттің бағалы қағаздарына – мынадай талаптарды сақтаған кезде Қордың меншікті активтері көлемінің он пайызынан:
бiрақ мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздарға салынған осы инвестициялардың мөлшері осы эмитенттiң меншiктi капиталы мөлшерiнiң жиырма пайызынан артық болмауы (қаржылық агенттiктерiнен, ипотекалық облигациялардан және мемлекеттiң немесе қаржы агенттiгiнiң кепiлдiгiмен шығарылған облигациялардан басқа) немесе осы эмитенттiң мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздарының бір шығарылымының жалпы көлемiнiң (аталған шамалардың қайсысы мейлiнше кем болатындығына қатысты) жиырма бес пайызынан аспауы керек;
эмитенттің дауыс беруші акцияларындағы инвестициялардың мөлшері осы эмитенттің дауыс беруші акцияларының жалпы санының он пайызынан кем болады;";
4) тармақша алынып тасталсын;
5) тармақшадағы "он бес пайызынан аспайтын мөлшерде" деген сөздер "- көлемінің он пайызы" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
"5-1) Қордың меншікті активтерінің көлемінің он пайызы – бір заңды тұлғаның жарғы капиталындағы және осы заңды тұлға шығарған бағалы қағаздардағы қатысу үлесі;";
6) тармақшадағы "Қордың меншiктi активтерiнiң көлемiнiң он бес пайызынан, бiрақ" деген сөздер "Қордың меншiктi активтерiнiң көлемiнiң он пайызынан кем емес" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
"6-1) Қордың меншiктi активтерiнiң көлемiнiң он пайызын – басқарушы компаниясы қор биржасының ресми тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға болып табылатын бір басқарушы компанияда басқаруда болып отырған аралық инвестициялық пай қорларының пайларымен, және осы басқарушы компания шығарған бағалы қағаздармен;"
7) тармақшада:
"он бес пайызынан," деген сөздер "он пайызынан," деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
"7-1) Қордың меншiктi активтерiнiң көлемiнiң он пайызын – халықаралық шәкіл бойынша "BBBm-"-тен кем емес "Standard & Poor"s principal stability fund ratings" не "BBBf-"-тен кем емес "Standard & Poor"s Fund credit quality ratings" рейтингтік бағасы бар бір басқарушы компанияның басқаруында тұрған және осы компания шығарған инвестициялық қорлар пайларына;";
8) тармақшадағы "." деген тыныс белгісі ";" деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 9) және 10) тармақшалармен толықтырылсын:
"9) Қордың меншiктi активтерiнiң көлемiнiң он пайызын – тазартылған қымбат металдармен және металл депозиттермен;
10) Қордың меншiктi активтерiнiң көлемiнiң он пайызын – халықаралық қаржы ұйымдары шығарған борыштық бағалы қағаздармен.";
15-тармақтың 4) тармақшасындағы "және 4) тармақшасымен" деген сөздер алынып тасталсын;
19-тармақтың бірінші абзацындағы "1-7" деген цифр "1, 3, 4, 5, 6, 7" деген цифрлармен ауыстырылсын;
1-қосымшада:
кестеде:
мынадай мазмұндағы 3-2-реттік нөмірлі жолмен толықтырылсын:

"

3-2

"Кері репо" операциялары

0

";
8-реттік нөмірлі жол алынып тасталсын;
10-реттік нөмірлі жолдағы "ВВВ-"-төмен емес" деген сөздер "А-"-тен "ВВВ-" дейінгі" деген сөздермен ауыстырылсын;
17-реттік нөмірлі жол мынадай редакцияда жазылсын:

"

17

Қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, ол бойынша мемлекеттің тапсырмасы бар, мөлшері инфрақұрылымдық облигациялар шығарылымының толық көлеміне сәйкес келетін Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған инфрақұрылымдық облигациялар

20

";
21-реттік нөмірлі жолдағы "kzАА+"-тен бастап "kzАА-" дейінгі" деген сөздер "kzВВВ+" бастап "kzВВВ-" дейінгі" деген сөздермен ауыстырылсын;
23-реттік нөмірлі жолдағы "kzАА+" тен бастап "kzАА-" дейінгі" деген сөздер "kzВВВ+"-тен бастап "kzВВВ-" дейінгі" деген сөздермен ауыстырылсын;
25-реттік нөмірлі жол алынып тасталсын;
29-реттік нөмірлі жолдағы "kzBB-"-тен төмен емес" деген сөздер "kzВВ+"-тен бастап "kzBB-"-ке дейінгі" деген сөздермен ауыстырылсын;
31-реттік нөмірлі жол мынадай редакцияда жазылсын:

"

31

Инфрақұрылымдық міндеттемелер шығарылымының толық емес көлемі бойынша мемлекеттің кепілдігі бар, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасы ұйымдарының инфрақұрылымдық облигациялары

100

";
32-реттік нөмірлі жол алынып тасталсын;
33-реттік нөмірлі жол алынып тасталсын;
35-реттік нөмірлі жолдағы "енгізілген" деген сөздің алдынан "жай акциялар" деген сөздермен толықтырылсын;
37-реттік нөмірлі жол алынып тасталсын;
39-реттік нөмірлі жолдың "Тәуекел дәрежесі пайызбен" бағанындағы "200" деген цифр "150" деген цифрмен ауыстырылсын;
39-1, 40, 41, 43-реттік нөмірлі жолдардағы "Тәуекел дәрежесі пайызбен" бағанындағы "300" деген цифр "200" деген цифрмен ауыстырылсын;
42-реттік нөмірлі жол алынып тасталсын;
44-реттік нөмірлі жолдардың "Пайыздардағы тәуекел деңгейі" бағанындағы "250" деген цифр "200" деген цифрмен ауыстырылсын;
Кестені толтыру бойынша түсіндірмелерде:
төртінші-он бірінші абзацтар алынып тасталсын;
он үшінші абзацтағы:
"кредиттік тәуекел" деген сөздердің алдынан "халықаралық және ұлттық шәкіл бойынша рейтинг бағасы болған кезде" деген сөздермен толықтырылсын;
"борыштық бағалы қағаздың" деген сөздер алынып тасталсын;
2-қосымша алынып тасталсын;
3-қосымша осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;
4-қосымша осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;
5-қосымша осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;
6-қосымшаның:
кестесінде:
4-реттік нөмірлі жолдағы "енгізілген" деген сөздің алдынан "жай акциялар" деген сөздермен толықтырылсын;
27-реттік нөмірлі жол мынадай редакцияда жазылсын:

"

27

Кредиттік тәуекел

";
28-реттік нөмірлі жол мынадай редакцияда жазылсын:

"

28

Нарықтық тәуекел (жол жиынтығы 28.1-28.3)

";
мынадай мазмұндағы 28.1, 28.2 және 28.3-реттік нөмірлі жолдармен толықтырылсын:

"

28.1

Сыйақы ставкасының өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекел (пайыздық тәуекел)

28.2

Қаржы құралының нарықтық құнының өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекел (қор тәуекелі)

28.3

Валюталардың айырбас бағамы және қымбат металдардың бағамының өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекел (валюталық тәуекел)

";
29-реттік нөмірлі жол мынадай редакцияда жазылсын:

"

29

Операциялық тәуекел

";
30-реттік нөмірлі жол мынадай редакцияда жазылсын:

"

30

К1 (24-жол - 25-жол)/26-жол

";
7-қосымшада:
кестеде:
8027-реттік нөмірлі жолдағы "енгізілген" деген сөздің алдынан "жай акциялар" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 8035-реттік нөмірлі жолмен толықтырылсын:

"

8035

Басқа салымдар

";
мынадай мазмұндағы 8036-реттік нөмірлі жолмен толықтырылсын:

"

8036

Қызметкерлер мен басқа тұлғалардың дебиторлық берешектерін шегергендегі Қорға қатысты аффилиирленген тұлғалар болып табылмайтын заңды тұлғалардың қордың шартты міндеттемелері бойынша (болуы мүмкін жоғалтуларға арналған резервтерді шегеріп) резервтерді (провизияларды) қалыптастыру кезіндегі К2 номиналды кіріс коэффициентін өтеу бойынша ұйымның талаптарын қоспағандағы дебиторлық берешек

";
осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес редакцияда 8-қосымшамен толықтырылсын;
осы қаулының 5-қосымшасына сәйкес редакцияда 9-қосымшамен толықтырылсын".
2. "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәндері, оларды есептеу әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Агенттік Басқармасының 2008 жылғы 22 тамыздағы N 118 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5322 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың және бағалы қағаздар рыногындағы кәсіби қызметтің түрлерін қоса атқаратын ұйымдардың қызметін пруденциалдық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Агенттік Басқармасының 2008 жылғы 29 қазандағы N 164 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5405 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйымдардың, және бағалы қағаздар рыногындағы кәсіби қызмет түрлерін қосып атқарушы ұйымдардың қызметін пруденциалдық реттеу мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Агенттік Басқармасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 247 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5514 тіркелген) енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен бірге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәндері, оларды есептеу әдістемесі туралы Нұсқаулықта:
1-тармақта:
1) тармақшаның бірінші сөйлеміндегі "валюталық тәуекел" деген сөздер "айырбастау бағамының өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекел (валюталық тәуекел)" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшаның екінші сөйлемі алынып тасталсын;
5) тармақшадағы:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"сыйақы ставкасының (пайыздық тәуекел) өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекел – сыйақы мөлшерлемесінің тиімсіз өзгеруі салдарынан шығыстардың (шығындардың) пайда болу тәуекелі, оған мыналар кіреді:";
үшінші абзацтағы "ерекше" деген сөз "айырықша" деген сөзбен ауыстырылсын;
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"12) қаржы құралының нарықтық құнының өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекел (қор тәуекелі) – қаржы құралының нарықтық құнына ықпал ететін қаржы нарықтарының талаптары өзгерген жағдайда пайда болатын қаржы құралы құнының өзгеруі салдарынан пайда болатын шығыстар (шығындар) тәуекелі;";
мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:
"14) шартты міндеттеме – өткен жағдайлар кезінде пайда болатын және Қордың толық бақылауында бола алмайтын бір немесе одан да көп болашақтағы анық емес оқиғалардың пайда болуы (пайда болмауы) кезінде бар екендігі расталатын болуы мүмкін міндеттеме.";
3-тармақтың екінші абзацы алынып тасталсын;
4-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші, алтыншы және жетінші абзацтармен толықтырылсын:
"Активтерi Ўйымның инвестициялық басқаруында тұрған Қордың К1 коэффициентiнiң мәнi меншiктi капиталдың жеткiлiктiлiк жиынтық коэффициентiнің алпыс пайызынан кем болмауы тиіс.
Қордың К1 коэффициентiнiң мәнi меншiктi капиталдың жеткiлiктiлiк жиынтық коэффициентiнің жиырма пайызынан кем болмауы тиіс.
Ўйымдағы Қордың меншiктi капиталының жеткiлiктiлiк жиынтық коэффициентi жүз пайыз болады.";
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
"4-1. Қор мен Ўйым меншікті капитал жеткіліктілігінің жиынтық коэффициентін сақтамаған жағдайда Қор мен Ўйымның меншікті капитал жеткіліктілігінің жиынтық коэффициентін орындамағандығы анықталады.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Ўйымның меншікті капиталының жеткіліктілігі K1 коэффициентімен сипатталады.
K1 коэффициенті мынадай формула бойынша есептеледі:
К1 = (ӨА-М)/ MЗA, мұнда
ӨА – осы Нұсқаулықтың 6 және 7 тармақтарымен белгіленген өтімді және басқа активтер;
M - міндеттемелер ("репо" операциясын ашық сауда әдісімен өткізгенде, міндеттемелерге тек "репо" ашу сәтіне қор биржасының ішкі ережелеріне сәйкес анықталған "репо" объектісінің нарықтық құнының дисконт сомасы ғана кіреді);
МЗА - мына формула бойынша есептелетiн тәуекел дәрежесi бойынша мөлшерленген қордың инвестициялық портфелiндегi қаржы құралдарының құны:
МЗА = Ктк + Нтк+ Отк, мұнда
Ктк – осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары бойынша өтелгенге дейін ұсталатын санатқа жатқызылған борыштық бағалы қағаздар, шетелдік эмитенттер және "саудаға арналған" және "сату үшін қолда бар" санатында 1 жылдан астам тұрған Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған борыштық бағалы қағаздар, тәуекел дәрежесі бойынша сараланған депозиттер, тазартылған қымбат металадар, металл депозиттер, "кері репо" операциялары бойынша есептелетін кредиттік тәуекел;
Нтк - "саудаға арналған" және "сату үшін қолда бар" санатына қойылған борыштық бағалы қағаздар, акциялар, пайлар, туынды қаржы құралдары бойынша 10-ға тең келтіру коэффициентін жасау ретінде есептелетін нарықтық тәуекел, ол мына сома бойынша есептеледі:
сыйақы ставкасының (пайыздық тәуекелдің) өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелі бар қаржы құралы бойынша тәуекел;
нарықтық құнның (қор тәуекелінің) өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелі бар қаржы құралы бойынша тәуекел;
валюталардың айырбас бағамдары мен қымбат металдардың бағамдарының (валюталық тәуекел) өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелі бар қаржы құралы бойынша тәуекел.
Сыйақы ставкасының (пайыздық тәуекелдің) өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелі бар қаржы құралы бойынша тәуекел есебі айырықша пайыздық тәуекелдің және жалпы пайыздық тәуекелдің сомасын білдіреді.
Айырықша пайыздық тәуекел осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасына сәйкес қаржы құралы рейтингіне қатысты айрықша пайыздық тәуекел коэффициенті бойынша сараланған сыйақы ставкасының (пайыздық тәуекелдің) өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелі бар бірыңғай қаржы құралдарының сомасын білдіреді.
Сыйақы ставкасының (пайыздық тәуекелдің) өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелі бар бірыңғай қаржы құралдары болып, мынадай талаптарға сәйкес келетін қаржы құралдары танылады:
бір эмитент шығарған;
тең кірістілік мөлшері бар;
нарықтық құны сол сияқты бір валютада көрсетілген;
өтелгенге дейінгі бірдей мерзімі бар.
Туынды қаржы құралдары айрықша пайыздық тәуекел есебіне енгізілмейді.
Жалпы пайыздық тәуекел мына соманы білдіреді:
осы Нұсқаулықтың 4-қосымшасына сәйкес уақытша аралықтар бойынша тәуекелдің барлық аймақтары бойынша сараланған қаржы құралдары сомасының 10 пайызын;
осы Нұсқаулықтың 4-қосымшасына сәйкес 1 аймақтың уақытша аралықтары бойынша сараланған қаржы құралдары сомасының 40 пайызын;
осы Нұсқаулықтың 4-қосымшасына сәйкес 2 аймақтың уақытша аралықтары бойынша сараланған қаржы құралдары сомасының 30 пайызын;
осы Нұсқаулықтың 4-қосымшасына сәйкес 3 аймақтың уақытша аралықтары бойынша сараланған қаржы құралдары сомасының 30 пайызын.
Қаржы құралының (қор тәуекелінің) нарықтық құнының өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекел қаржы құралының құнын рыноктық тәуекел коэффициентімен жасауды білдіреді және борыштық бағалы қағаздар бойынша айырбасталатын акциялар (сыйақы ставкасының өзгеруіне байланысты айырбасталмайтын артықшылықты акцияларды қоспағанда), және осы Нұсқаулықтың 5-қосымшасына сәйкес базистік активі аталған бағалы қағаздар болып табылатын акциялар, туынды қаржы құралдары, депозитарлық қолхаттар болып есептеледі.
Валюталық айырбас бағамдарының және қымбат металл бағамдарының (валюталық тәуекел) өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекел шетел валютасында номинирленген қаржы құралдарының сомасын жасауды, сондай-ақ 0,04 валюталық тәуекел коэффициентіне тең осы бағалы қағаздардың барлық айналыс кезеңінде ұлттық валюталық бағаммен белгіленген осы құрал бойынша ақша ағынын белгілейтін шығарылым талабын көздейтін қаржы құралдарын қоспағандағы шетел валюталарының, қымбат металдардың, шетелдік қолма-қол валютаның бағамдарының өзгеруін индекстеген номиналды және (немесе) купонды сыйақыны білдіреді.
Рыноктық тәуекел есебіне тәуекелдерді хеджирлеу мақсаты үшін сатып алынған мынадай туынды қаржы құралдары енгізіледі:
сыйақы ставкасының өзгеруіне байланысты туынды қаржы құралдары – базистік активі пайыздық кіріс алып келетін қаржы құралы болып табылатын келісім-шарт, немесе талаптары бойынша қаржы ағыны пайыздық ставка немесе өзге пайыздық келісім-шарт негізінде есептесетін келісім-шарт;
акциялардың нарықтық құнының өзгеруіне байланысты туынды қаржы құралдары – базистік активі қор құндылықтары (акциялар) немесе қор индексі болып табылатын келісім-шарт;
Отк – операциялық тәуекел, 0,04 операциялық тәуекел коэффициентіне тең соңғы өткен үш жыл ішінде алынған жылдық жалпы өнімнің орташа шегін келтіретін 10-ға теңдестіру коэффициентін білдіреді.
Соңғы өткен үш жыл ішіндегі жылдық жалпы өнімнің орташа шегі өткен үш жыл ішіндегі жылдық жалпы өнімнің сомасына қатысты ретінде есептеледі, оның әр қайсысы бойынша Қордың таза кіріс алған жылдарының санына сай кіріс алынған.
Жаңадан құрылған қорлар үшін операциялық тәуекел қаржы жылының аяқталуы бойынша есептеледі, және жылдық жалпы өнімнің орташа шегі өткен жылдардың санын негізге ала отырып, есептеледі.
2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап нарықтық тәуекел есебі кезінде көрсетілген келтіру коэффициенті 25 болады.";
6-тармақта:
3) тармақшаның төртінші абзацындағы "енгізілген" деген сөздің алдынан "жай акциялар" деген сөздермен толықтырылсын;
отыз бесінші абзацтағы "." деген тыныс белгісі ";" деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы отыз алтыншы абзацпен толықтырылсын:
"Қордың ірі акционерлеріне тиесілі акцияларды сенімгерлік басқарушылар және Қордың ірі акционерлеріне тиесілі акцияларды сенімгерлік басқарушы аффилиирленген тұлғалар шығарған бағалы қағаздарды сатып алу.";
мынадай мазмұндағы 4-1 және 4-2 тараулармен толықтырылсын:

"4-1-тарау. Бағалы қағаздардың құнсыздануынан пайда болуы мүмкін жоғалтуларды жабатын резервтерді (провизияларды) қалыптастыру

21-1. Ўйым ай сайын бағалы қағаздардың құнсыздануына тест жүргізеді және эмитент бағалы қағаздар бойынша міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамағандығының салдарынан құнын жоғалту кезінде бағалы қағаздардың құнсыздануына байланысты болуы мүмкін жоғалтуларды жабатын резервтерді (провизияларды) қалыптастырады.
21-2. Құнсыздану тестілеріне өтелгенге дейін ұсталатын, Ўйымның инвестициялық басқаруында бар қордың қаржы құралдары жатқызылады.
21-3. Бағалы қағаздардың құнсыздануы жөніндегі тестісінде құнсызданды деп танылған мынадай критерийлер белгіленеді:
1) эмитенттің қаржылық жағдайы;
2) төлемдердің кез-келгенін өтеу кезіндегі мерзімді өткізіп алу;
3) кепілдіктің болуы;
4) белсенді нарықтың болуы;
5) рейтингтің болуы.
Акциялардың құнсыздану тестілері кезінде 1, 4 және 5 критерийлері қолданылады.
Әрбір критерий бойынша осы Нұсқаулықтың 10-қосымшасына сәйкес балл беріледі. Балл сомасы бағалы қағаздардың біліктілік санаттарын анықтау кезінде пайдаланылады. Актив бойынша алынған баллдардың санын негізге алып, осы Нұсқаулықтың 11-қосымшасына сәйкес оның біліктілік санаты және қажетті провизиялардың (резервтердің) мөлшері белгіленеді.
21-4. Эмитенттің қаржылық жай-күйі Ўйымның басқару органы бекіткен (бекіттірген) әдістемеге (әдістемелерге) (бұдан әрі - Әдістеме) сәйкес бағаланады және Ўйымның ішкі ережесінің ажырамайтын толықтырылуы болып табылады. Қор Әдістемені Ўйыммен келісе отырып, осы Нұсқаулықтың талаптарын ескеріп, дербес әзірлейді және қаржылық жай-күйге баға берудің тәртібін, әдісін, кезеңділігін (тоқсанына бір реттен кем емес), тәсілдерін, қажетті құжаттардың тізбесін, эмитенттің қаржылық жай-күйін анықтауға мүмкіндік беретін өзге қолайлы ақпаратты енгізуі тиіс. Әдістемеде эмитенттің мынадай негізгі көрсеткіштері болуы тиіс:
1) төлем қабілеттілігі - Ўйымның Әдістемесінде белгіленген коэффициенттердің тиісті жиынтығын негізге алып, Ўйым лайықты деп отырған өз міндеттемелеріне қызмет жасаудағы эмитенттің қабілеттілігін ашады;
2) қаржылық тұрақтылық - Ўйымның Әдістемесінде белгіленген коэффициенттердің тиісті жиынтығын негізге алып, Ўйым лайықты деп отырған капитал құрылымын, кірістілік деңгейін (соңғы күнтізбелік жылдағы динамикасы бойынша), тиімділікті (динамикасындағы) ашады;
3) эмитенттің өз қаржылық жағдайын жақсарту үшін қабылдаған шаралары.
Қаржылық жай-күй былайша жіктеледі:
1) тұрақты - эмитенттің қаржылық жай-күйі тұрақты:
эмитент төлемге қабілетті;
әдістемеге сәйкес лайықты деп есептелген коэффициенттердің мәні жалпы қабылданған нормалар шегінде;
бизнесті дамытудың оң нарықтық талаптары, сондай-ақ нарықта жақсы бәсекелестік позицияны иемденеді;
ресурстарға және капитал нарығына еркін ену мүмкіндігі бар, бағалы қағаздарды шығару мерзімі аралығында эмитенттің қаржылық жай-күйін қомақты түрде төмендетуге қабілетті сыртқы немесе ішкі факторлар анықталмаған;
эмитенттің өз міндеттемесі бойынша лайықты мүмкіндігі күмән туғызбайды;
эмитенттің активтері және міндеттемелері бойынша мерзімдерін салыстыруға келеді;
2) қанағаттанарлық – осы санатты эмитенттің қаржылық жай-күйі "тұрақты" сипаттамаға жақын, бірақ оның осы деңгейді ұзақ уақыт бойы ұстап тұруы жөнінде болжал жасау төмен болып табылады;
3) тұрақты емес – эмитенттің мынадай факторларға байланысты өзінің міндеттемелері бойынша есептесе алмайтындығы жөнінде белгілі бір болжам бар:
эмитенттің қаржылық жай-күйі тұрақты және мәнді түрде нашарлап отырғандығының белгілері бар (эмитенттің қолданып отырған шараларының қаржылық жай-күйді тиімді тұрақтандыра алатындығына сенім жоқ);
эмитентке материалдық зиян әкеліп отырған төтенше жағдайлар, сондай-ақ өзге де жағдайлар бар, бірақ ол оның қызметін тоқтатуға душар етіп отырған жоқ;
4) сыни сәт - эмитенттің қаржылық жай-күйінің тұрақты төмендеуі сыни деңгейге душар болды:
төлем қабілетсіздігі, эмитенттің банкрот болу мүмкіндігі немесе өзге қайта ұйымдастырылу мүмкіндігі;
шарт талаптарының бұзылуы (пайыздардың немесе борыштың негізгі сомасының төленбеуі немесе төлем жасау мерзімдерінің бұзылуы);
қағазды ұстаушының басқаша жағдайда жасалмауы мүмкін мүмкіндікті эмитентке жасауы;
эмитентте оған материалдық зиян әкеліп отырған және (немесе) оның қызметін жалғастыруына мүмкіндік бермей отырған төтенше жағдайлар бар.
21-5. Ашық сауданы тоқтату нәтижесінде қаржы құралы үшін белсенді нарықтың жоғалуы құнсыздануды растау болып табылмайды. Эмитенттің кредиттік рейтингінің төмендеуі өзінен-өзі құнсыздануды растау болып табылмайды. Қаржы құралының әділ құнының нақты шығындардан немесе тозу құнынан ары төмендеуі міндетті түрде құнсыздануды растау болып табылмайды. Жоғарыда аталған жағдайлардың бәрін жиынтықты түрде басқа қол жетімді деректермен бірге алып қарау қажет.
21-6. Болуы мүмкін жоғалтуларға қарама-қарсы резервтер (провизиялар) зейнетақы активтері бойынша шығыстар есебінен қалыптасады.
21-7. Ўйым осы Нұсқаулықтың 10 және 11-қосымшаларына сәйкес болуы мүмкін жоғалтуларға қарсы барлық қажетті, лайықты резервтер (провизиялар) мөлшерін бухгалтерлік есепте ескереді және оны толық көлемде тиісті шоттардағы шығыстарда көрсетеді.
21-8. Осы Нұсқаулықтың 11-қосымшасына сәйкес болуы мүмкін жоғалтуларға қарсы резервтер (провизиялар) мөлшері барынша төмен мөлшерде қалыптасады.
Қор қажет болған жағдайда осы Нұсқаулықтың 11-қосымшасында белгіленген барынша төмен мөлшерден асатын болуы мүмкін жоғалтуларға қарсы резервтерді (провизияларды) құрады. Ўйымның резервтерінің (провизияларының) мөлшері айдың соңғы жұмыс күніне дейінгі 7 (жеті) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қалыптасуы тиіс.
21-9. Бағалы қағаздар бойынша қажетті резервтер (провизиялар) мөлшері бағалы қағаздардың ағымдағы (баланстық) құны бойынша есептеледі.

4-2-тарау. Қордың К2
номиналды кіріс коэффициентін өтеу бойынша шартты міндеттемелердің резервтерін (провизияларын) қалыптастыру

21-10. Орташа алынған номиналды кірістің түзетілген коэффициентінің мәнінен Қордың К2 номиналды кіріс коэффициенті ауытқыған жағдайда Қорда болашақтағы болуы мүмкін өтеу бойынша шартты міндеттемелер пайда болады.
Ўйым шартты міндеттемелерді жабу үшін шартты міндеттемелер бойынша жүз пайыз мөлшерінде бағалау резервін қалыптастырады және оны "Міндеттемелер" бөліміндегі бухгалтерлік баланста көрсетеді.
21-11. Ўйым қорға номиналды кірістің түзетілген коэффициенті мен номиналды кірістілік көрсеткіші арасындағы теріс айырманы қордың екінші деңгейдегі банктердегі банктік шотына тиісті ақша сомасын аудару жолымен өтейді.
21-12. Ўйым ай сайын болуы мүмкін өтем жасау сомасын орташа алынған номиналды кірістің түзетілген коэффициентінен он бес және одан артық пайызға теріс ауытқуы кезінде мынадай формула бойынша есептейді:
S = (Сср - Сt)* Yei, мұнда
Сср –зейнетақы активтерінің кірістілігінің барынша төмен мәні мен қордың К2 коэффициенті арасындағы теріс айырма алынып тасталатын Ўйымның инвестициялық басқаруында тұрған қордың зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің қажетті орташа құны;
Ct – есеп айырысу жасалған күні Ўйымның инвестициялық басқаруында тұрған қордың зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің орташа құны;
Yei - есеп айырысу жасалған күні Ўйымның инвестициялық басқаруында тұрған қордың зейнетақы активтерінің шартты бірліктерінің жалпы саны.
Сср мәні мына формула бойынша есептеледі:
Сср > = ((Кор - К қор) + 100) / 100 * Со, мұнда
Кср – есеп айырысу жасалған күнге сәйкес келетін жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері бойынша орташа алынған номиналды кірістің түзетілген коэффициентінің мәні;
Кқор – есепті күнге номиналдық кіріс коэффициентінің мәні;
Со – қорда есеп айырысу жасау күнінің алдындағы алпыс және одан артық ай бұрын тұрған қордың зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің орташа құны.
21-13. Қормен орташа алынған номиналды кірістің түзетілген коэффициентінен теріс ауытқу кезіндегі болуы мүмкін өтем сомасы бойынша ай сайын осының алдындағы есепті ай үшін ағымдағы айда есеп жасалады және ол есепті күні меншікті активтер бойынша шартты міндеттемелерде көрініс табады.
21-14. Орташа алынған номиналды кірістің түзетілген коэффициентінен теріс ауытқу кезіндегі болуы мүмкін өтем сомасы мына формула бойынша есептеледі:
n
ОS = ------- * S
12
мұнда ОS - орташа алынған номиналды кірістің түзетілген коэффициентінен ауытқу кезіндегі болуы мүмкін өтем сомасы;
n - есепті жылдағы өткен айлар саны.
21-15. Қор баға беру резервін ай сайын әрбір есепті күн бойынша қайта есептеуі және мейлінше жоғары есеп айырысу бағасын ескеріп, түзетіп отыруы тиіс. Айдың басында қалыптасқан баға беру резервінде осының алдындағы айға жасалған баға беру резервінің мөлшері ескеріледі.
Егер міндеттемелерді реттеу үшін экономикалық тиімділігі бар ресурстарды жоғалту қажет болып, одан артық болжам мүмкін болмайтын болса, онда баға беру резерві қалпына келтірілуі тиіс.";
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"25. Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі болып табылмайтын эмитенттің бағалы қағаздарына салынған Ўйымның инвестицияларының жиынтық мөлшері мынадай мәндерден аспауы тиіс:
зейнетақы активтері есебінен - Ўйымның инвестициялық басқаруындағы әрбір жеке қордың зейнетақы активтері көлемінің он пайызынан;
меншікті активтер есебінен - Ўйымның меншікті активтері көлемінің он пайызы есебінен.
Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі болып табылмайтын эмитенттің жиынтықты түрдегі зейнетақы және меншікті активтерінің есебінен бағалы қағаздарға салынған Ўйымның инвестициясының мөлшері:
эмитенттің борыштық бағалы қағаздарына - осы эмитенттің меншікті капиталы мөлшерінің жиырма бес пайызынан (қаржылық агенттіктерді, ипотекалық облигацияларды, инфрақұрылымдық облигацияларды және қаржылық агенттіктің кепілімен шығарылған облигацияларды қоспағанда) немесе осы эмитенттің мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздарының бір шығарылымының жалпы көлемінің жиырма бес пайызынан аспауы тиіс (көрсетілген шамалардың қайсысы ең төменгі болып саналатындығына байланысты);
эмитенттің дауыс беруші акциялары – осы эмитенттің дауыс беруші акцияларының жалпы санының он пайызынан кем болмауы тиіс.
Ўйымның инвестицияларының жиынтықты мөлшерімен эмитенттің екінші деңгейдегі банк болып табылмайтын мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздарымен есеп айырысуы кезінде мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздардың номиналдық құны пайдаланылады.
Ўйымның инвестицияларының жиынтықты мөлшері мен акциялармен есеп айырысу кезінде осы Нұсқаулықтың 31-тармағының талаптарын ескере отырып, алпыс күннен аспайтын уақыт кезеңі ішінде үш пайыздан аспайтын белгіленген мәннен артып кетуіне жол беріледі.";
26-тармақ алынып тасталсын;
27-тармақтың екінші абзацындағы "Ўйымның" деген сөз "Ўйымдағы" деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 27-1, 27-2, 27-3, 27-4, 27-5 және 27-6 тармақтармен толықтырылсын:
"27-1. Осы басқарушы компания шығарған бағалы қағаздар және қор биржасының ресми тізіміне кіргізілген Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға болып табылатын бір басқарушы компанияның аралық пай инвестициялық қорларының пайларындағы Ўйымның инвестицияларының жиынтығы негізінен алғанда мына мәндерден аспауы тиіс:
зейнетақы активтері есебінен - N 225 қаулының 1-қосымшасының 2-тармағымен көзделген талаптарды сақтай отырып, Ўйымда инвестициялық басқаруда тұрған әрбір жеке қордың зейнетақы активтері көлемінің он пайызынан;
меншікті активтер есебінен - Ўйымның меншікті активтерінің көлемінің он пайызынан.
27-2. Халықаралық шәкіл бойынша "BBBm-"-тен кем емес "Standard & Poor"s principal stability fund ratings" не "BBBf-"-тен кем емес "Standard & Poor"s Fund credit quality ratings" рейтингтік бағасы бар инвестициялық қорлар пайларындағы инвестиция мөлшері мынадай мәндерден аспауы тиіс:
зейнетақы активтері есебінен - Ўйымда инвестициялық басқаруда тұрған әрбір жеке қордың зейнетақы активтері көлемінің он пайызынан;
меншікті активтер есебінен - Ўйымның меншікті активтерінің көлемінің он пайызынан.
Халықаралық шәкіл бойынша "BBBm-"-тен кем емес "Standard & Poor"s principal stability fund ratings" не "BBBf-"-тен кем емес "Standard & Poor"s Fund credit quality ratings" рейтингтік бағасы бар инвестициялық қордың пайларындағы меншікті және зейнетақы активтері есебінен Ўйым инвестициясының жиынтық мөлшері осы инвестициялық қордың активтері көлемінің он пайызынан аспауы тиіс.
27-3. Халықаралық шәкіл бойынша "BBBm-"-тен кем емес "Standard & Poor"s principal stability fund ratings" не "BBBf-"-тен кем емес "Standard & Poor"s Fund credit quality ratings" рейтингтік бағасы бар инвестициялық қордың пайларындағы Ўйым инвестициясының жиынтық мөлшері және осы басқарушы компания шығарған бағалы қағаздар мынадай мәндерден аспауы тиіс:
зейнетақы активтері есебінен - Ўйымда инвестициялық басқаруда тұрған әрбір жеке қордың зейнетақы активтері көлемінің он пайызынан;
меншікті активтер есебінен - Ўйымның меншікті активтерінің көлемінің он пайызынан.
27-4. Ўйымның мемлекеттік мәртебесі бар, шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған бағалы қағаздарға салған инвестицияларының жиынтық мөлшері мынадай мәндерден аспауы тиіс:
зейнетақы активтері есебінен - Ўйымда инвестициялық басқаруда тұрған әрбір жеке қордың зейнетақы активтері көлемінің он пайызынан;
меншікті активтер есебінен - Ўйымның меншікті активтерінің көлемінің он пайызынан.
27-5. Ўйымның тазартылған қымбат металдарға және металл депозиттерге салған инвестицияларының жиынтық мөлшері мынадай мәндерден аспауы тиіс:
зейнетақы активтері есебінен - Ўйымда инвестициялық басқаруда тұрған әрбір жеке қордың зейнетақы активтері көлемінің он пайызынан;
меншікті активтер есебінен - Ўйымның меншікті активтерінің көлемінің он пайызынан.
27-6. Ўйымның халықаралық қаржы ұйымдары шығарған борыштық бағалы қағаздарға салған инвестицияларының жиынтық мөлшері мынадай мәндерден аспауы тиіс:
зейнетақы активтері есебінен - Ўйымда инвестициялық басқаруда тұрған әрбір жеке қордың зейнетақы активтері көлемінің он пайызынан;
меншікті активтер есебінен - Ўйымның меншікті активтерінің көлемінің он пайызынан.";
28-тармақтың 4) тармақшасындағы "25-тармағының төртінші абзацымен және 26-тармағының төртінші абзацымен" деген сөздер "25-тармағының төртінші, бесінші және алтыншы абзацтарымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
31-тармақтағы "26" деген цифр "25" деген цифрмен ауыстырылсын;
33-тармақтың 1) тармақшасындағы "1-4" деген цифр "1, 3, 4" деген цифрлармен ауыстырылсын;
40-тармақтағы "31" деген цифр "32" деген цифрмен ауыстырылсын;
1-қосымшада:
кестеде:
мынадай мазмұндағы 3-2-реттік нөмірлі жолмен толықтырылсын:

"

3-2

"Кері репо" операциялары

0

";
8-реттік нөмірлі жол алынып тасталсын;
10-реттік нөмірлі жолдағы "ВВВ-"-төмен емес" деген сөздер "А-"-тен "ВВВ-" дейінгі" деген сөздермен ауыстырылсын;
17-реттік нөмірлі жол мынадай редакцияда жазылсын:

"

17

Қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, ол бойынша мемлекеттің тапсырмасы бар, мөлшері инфрақұрылымдық облигациялар шығарылымының толық көлеміне сәйкес келетін Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған инфрақұрылымдық облигациялар

20

";
21-реттік нөмірлі жолдағы "kzАА+"-тен бастап "kzАА-" дейінгі" деген сөздер "kzВВВ+" бастап "kzВВВ-" дейінгі" деген сөздермен ауыстырылсын;
23-реттік нөмірлі жолдағы "kzАА+" тен бастап "kzАА-" дейінгі" деген сөздер "kzВВВ+"-тен бастап "kzВВВ-" дейінгі" деген сөздермен ауыстырылсын;
25-реттік нөмірлі жол алынып тасталсын;
29-реттік нөмірлі жолдағы "kzBB-"-тен төмен емес" деген сөздер "kzВВ+"-тен бастап "kzBB-"-ке дейінгі" деген сөздермен ауыстырылсын;
31-реттік нөмірлі жол мынадай редакцияда жазылсын:

"

31

Инфрақұрылымдық міндеттемелер шығарылымының толық емес көлемі бойынша мемлекеттің кепілдігі бар, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасы ұйымдарының инфрақұрылымдық облигациялары

100

";
32-реттік нөмірлі жол алынып тасталсын;
33-реттік нөмірлі жол алынып тасталсын;
35-реттік нөмірлі жолдағы "енгізілген" деген сөздің алдынан "жай акциялар" деген сөздермен толықтырылсын;
37-реттік нөмірлі жол алынып тасталсын;
39-реттік нөмірлі жолдың "Тәуекел дәрежесі пайызбен" бағанындағы "200" деген цифр "150" деген цифрмен ауыстырылсын;
39-1, 40, 41, 43-реттік нөмірлі жолдардағы "Тәуекел дәрежесі пайызбен" бағанындағы "300" деген цифр "200" деген цифрмен ауыстырылсын;
42-реттік нөмірлі жол алынып тасталсын;
44-реттік нөмірлі жолдардың "Пайыздардағы тәуекел деңгейі" бағанындағы "250" деген цифр "200" деген цифрмен ауыстырылсын;
Кестені толтыру бойынша түсіндірмелерде:
төртінші-он бірінші абзацтар алынып тасталсын;
он үшінші абзацтағы:
"кредиттік тәуекел" деген сөздердің алдынан "халықаралық және ұлттық шәкіл бойынша рейтинг бағасы болған кезде" деген сөздермен толықтырылсын;
"борыштық бағалы қағаздың" деген сөздер алынып тасталсын;
2-қосымша алынып тасталсын;
3-қосымша осы қаулының 6-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;
4-қосымша осы қаулының 7-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;
7-қосымша осы қаулының 8-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;
8-қосымшаның:
кестесінде:
4-реттік нөмірлі жолдағы "енгізілген" деген сөздің алдынан "жай акциялар" деген сөздермен толықтырылсын;
27-реттік нөмірлі жол мынадай редакцияда жазылсын:

"

27

Кредиттік тәуекел

";
28-реттік нөмірлі жол мынадай редакцияда жазылсын:

"

28

Нарықтық тәуекел (жол жиынтығы 28.1- 28.3)

";
мынадай мазмұндағы 28.1, 28.2 және 28.3-реттік нөмірлі жолдармен толықтырылсын:

"

28.1

Сыйақы ставкасының өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекел (пайыздық тәуекел)

28.2

Қаржы құралының нарықтық құнының өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекел (қор тәуекелі)

28.3

Валюталардың айырбас бағамы және қымбат металдардың бағамының өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекел (валюталық тәуекел)

";
29-реттік нөмірлі жол мынадай редакцияда жазылсын:

"

29

Операциялық тәуекел

";
30-реттік нөмірлі жол мынадай редакцияда жазылсын:


Страницы 1 2 3 4
Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina