Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 қазандағы N 917 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Италия Республикасының Үкіметі арасындағы Ўйымдасқан қылмысқа, есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың және оларды өндіруге пайдаланылатын химиялық заттардың заңсыз айналымына, терроризмге және қылмыстың өзге де түрлеріне қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімге қол қою туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Италия Республикасының Үкіметі арасындағы Ўйымдасқан қылмысқа, есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың және оларды өндіруге пайдаланылатын химиялық заттардың заңсыз айналымына, терроризмге және қылмыстың өзге де түрлеріне қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Бауыржан Әлімұлы Мұхаметжановқа қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат ете отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Италия Республикасының Үкіметі арасындағы Ўйымдасқан қылмысқа, есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың және оларды өндіруге пайдаланылатын химиялық заттардың заңсыз айналымына, терроризмге және қылмыстың өзге де түрлеріне қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімге қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
|