Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 маусымдағы N 840 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Литва Республикасының Үкіметі арасындағы Дипломатиялық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қою туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Литва Республикасының Үкіметі арасындағы Дипломатиялық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімнің жобасы мақұлдансын. 2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Марат Мұханбетқазыұлы Тәжинге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, ол Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Литва Республикасының Үкіметі арасындағы Дипломатиялық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қойсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов