Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 5 маусымдағы N 827 Қаулысы
Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттер кеден қызметтерінің ақпараттық өзара іс-қимылының бірыңғай қағидаттары туралы келісімге қол қою туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттер кеден қызметтерінің ақпараттық өзара іс-қимылының бірыңғай қағидаттары туралы келісімнің жобасы мақұлдансын. 2. Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттер кеден қызметтерінің ақпараттық өзара іс-қимылының бірыңғай қағидаттары туралы келісімге қол қойылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов