Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 маусымдағы N 914 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Ўлттық қорынан берілетін кепілдік берілген трансферттің үш жылдық кезеңге арналған мөлшерін айқындау ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 24-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ўлттық қорынан берілетін кепілдік берілген трансферттің үш жылдық кезеңге арналған мөлшерін айқындау ережесі бекітілсін. 2. "Қазақстан Республикасының Ўлттық қорынан берілетін кепілдік берілген трансферттің үш жылдық кезеңге арналған мөлшерін айқындау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы N 813 қаулысының күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов