Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 8 маусымдағы N 844 Қаулысы
Кеден одағы комиссиясы Кедендік статистика орталығының мәртебесі туралы хаттамаға қол кою туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Кеден одағы комиссиясы Кедендік статистика орталығының мәртебесі туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын. 2. Кеден одағы комиссиясы Кедендік статистика орталығының мәртебесі туралы хаттамаға қол қойылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов