Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 қыркүйектегі N 1316 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 23 шілдедегі N 1122 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Екібастұз ГРЭС-2 үшінші блогын салу және кейіннен пайдалану туралы келісімге қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 23 шілдедегі N 1122 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен мақұлданған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Екібастұз ГРЭС-2 үшінші блогын салу және кейіннен пайдалану туралы келісімнің жобасы осы қаулының қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов