Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 9 қыркүйектегі N 1336 Қаулысы
Америка Құрама Штаттары немесе оның атынан басқалар Қазақстан Республикасында сатып алатын материалдық-техникалық құралдар мен қызметтерді салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден босату ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 2 маусымдағы Заңымен ратификацияланған Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының арасындағы континентаралық баллистикалық ракеталардың шахталық ұшыру қондырғыларын, апатты жағдайлардың салдарын жоюға және ядролық қарудың таралуына жол бермеуге қатысты келісімге Түзетулердің 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының арасындағы континентаралық баллистикалық ракеталардың шахталық ұшыру қондырғыларын, апатты жағдайлардың салдарын жоюға және жаппай қырып-жоятын қарудың таралуына жол бермеуге қатысты келісімнің XII бабының 1-тармағына сәйкес Америка Құрама Штаттары немесе оның атынан басқалар Қазақстан Республикасында сатып алатын материалдық-техникалық құралдар мен қызметтерді салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден босату ережесі бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов