Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қазандағы N 1669 Қаулысы
"Тұрғылықты жерінен мекен-жай анықтамаларын беру" мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 34-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған "Тұрғылықты жерінен мекен-жай анықтамаларын беру" мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бекітілсін. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов