Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2008 жылғы 28 қарашадағы N 99 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 29 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5432 болып енгізілді.
Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы қорлары зейнетақы активтерімен жүзеге асыратын операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы қорлары зейнетақы активтерімен жүзеге асыратын операциялардың бухгалтерлік есебін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ўлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы қорлары зейнетақы активтерімен жүзеге асыратын операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін. 2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі. 3. Осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап: 1) Қазақстан Республикасының Ўлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы қорлары зейнетақы активтерімен жүзеге асыратын операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2006 жылғы 27 қазандағы N 107 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4458 тіркелген); 2) Қазақстан Республикасының Ўлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ўлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы қорлары зейнетақы активтерімен жүзеге асыратын операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2006 жылғы 27 қазандағы N 107 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2007 жылғы 27 тамыздағы N 96 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4957 тіркелген) күші жойылды деп танылсын. 4. Бухгалтерлік есеп департаменті (Шалғымбаева Н.Т.): 1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын; 2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ўлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне, жинақтаушы зейнетақы қорларына және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін. 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ўлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ақышевқа жүктелсін.