Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 мамырдағы № 421 Қаулысы
"Кеден одағында тауарлардың экспорты мен импорты кезінде жанама салықтар алу тәртібі мен олардың төленуін бақылау тетігі туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: «Кеден одағында тауарлардың экспорты мен импорты кезінде жанама салықтар алу тәртібі мен олардың төленуін бақылау тетігі туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі К. Мәсімов