Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 19 мамырдағы № 445 Қаулысы
Еуразиялық экономикалық қоғамдастықта агроөнеркәсіптік кешендерде пайдаланылатын ауыл шаруашылығы техникасының, машиналарының, тетіктерінің, жабдықтары мен көлік құралдарының халықаралық лизингін дамыту туралы келісімге қол қою туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық қоғамдастықта агроөнеркәсіптік кешендерде пайдаланылатын ауыл шаруашылығы техникасының, машиналарының, тетіктерінің, жабдықтары мен көлік құралдарының халықаралық лизингін дамыту туралы келісімге қол қою туралы келісімнің жобасы мақұлдансын. 2. Қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Еуразиялық экономикалық қоғамдастықта агроөнеркәсіптік кешендерде пайдаланылатын ауыл шаруашылығы техникасының, машиналарының, тетіктерінің, жабдықтары мен көлік құралдарының халықаралық лизингін дамыту туралы келісімге қол қойылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
|