ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Постановления  »  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Постановления

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 мамырдағы № 476 Қаулысы
Бухгалтерлік есеп пен аудит саласында мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң 34-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Кәсiби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлiк беру;
2) Бухгалтерлердiң кәсiби ұйымын аккредиттеу туралы куәлiк беру;
3) Бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау жөнiндегi ұйымды аккредиттеу туралы куәлiк беру мемлекеттiк қызмет көрсету стандарттары бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi ведомстволық нормативтiк құқықтық актiлерiн осы қаулыға сәйкес келтiрсiн.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн еткен соң қолданысқа енгiзiледi

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2010 жылғы 26 мамырдағы
№ 476 қаулысымен
бекiтiлген

«Кәсiби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлiк беру»
мемлекеттiк қызметiн көрсету стандарты

1. Жалпы ережелер

1.«Кәсiби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлiк беру» мемлекеттiк қызмет стандарты (бұдан әрi - стандарт) Қазақстан Республикасының кәсiби аудиторлық ұйымдарын аккредиттеу туралы куәлiк беру тәртiбiн анықтайды (бұдан әрi - мемлекеттiк қызмет).
2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттiк қызмет «Аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 3) тармақшасының және «Кәсiби аудиторлық ұйымдарды аккредиттеу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2006 жылғы 18 шiлдедегi № 265 бұйрығының (бұдан әрi - Ереже) негiзiнде көрсетiледi.
4. Мемлекеттiк қызметтi Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8, Министрлiктер үйi, № 7 кiреберiс, 550-кабинет, электрондық мекенжайы www.minfin.kz мекенжайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қаржылық бақылау комитетi (бұдан әрi - ҚБК) көрсетедi.
5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң аяқталу нысаны болып оның қолданылу мерзiмi шектеусiз болады, кәсiби ұйымды аккредиттеу туралы куәлiк беру табылады, Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында қолданылады және аккредиттелген кәсiби ұйымдардың тiзiлiмiнде мiндеттi тiркеуге жатады.
6. Мемлекеттiк қызмет заңды тұлғаларға - аудиторлар мен аудиторлық ұйымдарды бiрiктiретiн коммерциялық емес ұйымдарға көрсетiледi.
7. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi өтiнiш пен осы стандарттың 12-тармағында көрсетiлген құжаттар қабылданған сәттен бастап он жұмыс күнiнен аспайды.
Кәсiби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлiк алу үшiн осы стандарттың 12-тармағында көзделген құжаттар тапсыру кезiнде кезек күтудiң ең көп рұқсат берiлген уақыты - 15 минут.
Кәсiби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлiк алу кезiнде кезек күтудiң ең көп рұқсат берiлген уақыты - 15 минут.
8. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
9. Мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлiгiнiң www.minfin.kz. интернет-ресурсында орналастырылған.
10. Құжаттарды қабылдауды ҚБК кеңсесi демалыс күндерiнен және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгiленген мереке күндерiнен басқа күндерi күн сайын сағат 9.00-ден 16.00-ге дейiн, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн үзiлiс, Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8, Министрлiктер үйi, № 7 кiреберiс, 554-кабинет мекенжайы бойынша жүзеге асырады.
Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады.
11. Мемлекеттiк қызметтi көрсету орындарының ерекше шарттары көзделмеген.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

12. Кәсiби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлiк алу үшiн мыналарды ұсыну қажет:
1) қағаз тасығыштарда:
Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
құрылтай құжаттарын, жарғының және мемлекеттiк тiркеу туралы, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн беру туралы куәлiктiң және статистикалық карточканың түпнұсқалары мен көшiрмелерi (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда осы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерi);
2) қағаз және электрондық тасығыштарда:
Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәсiби ұйымның құрамында аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың болуы туралы мәлiметтер;
Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құрылымы, жұмыс органдарының болуы туралы мәлiметтер.
Атауы немесе орналасқан жерi өзгерген жағдайда кәсiби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлiктi қайта ресiмдеу үшiн он күнтiзбелiк күн iшiнде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
1)кәсiби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлiктi қайта ресiмдеу туралы жазбаша өтiнiш;
2) құрылтай құжаттарын, жарғының және мен мемлекеттiк тiркеу туралы, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн беру туралы куәлiктiң және статистикалық карточканың нотариалды куәландырылған көшiрмелерi;
Кәсiби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлiктi жоғалтқан жағдайда оның телнұсқасын алу үшiн мыналарды ұсыну қажет:
1) мерзiмдi баспасөз басылымдарында нөмiрi мен берiлген күнiн көрсете отырып, аккредиттеу туралы куәлiктi жарамсыз деп тану туралы мәлiметтiң жариялануын растайтын құжат;
2) ҚБК-ге аккредиттеу туралы куәлiктi жарамсыз деп тану туралы және нөмiрi мен берiлген күнiн көрсете отырып, телнұсқа беру туралы өтiнiш.
Аккредиттеу туралы куәлiктiң телнұсқасы өтiнiш берген күннен бастап 10 (он) жұмыс күнi iшiнде берiледi.
13. Кәсiби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлiк алуға арналған өтiнiш үлгiсi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң www.minfin.kz. интернет-ресурсында орналастырылған.
14. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қажеттi құжаттар Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8, Министрлiктер үйi, № 7 кiреберiс, 554-кабинет мекенжайы бойынша ҚБК кеңсесiне тапсырылады.
Аккредиттелуге тапсырылған құжаттар тiзiмдеме бойынша қабылданады. Тiзiмдеменiң көшiрмесiн ҚБК кеңсесi құжаттардың қабылданған күнiн көрсете отырып, өтiнiш берушiге жолдайды (бередi).
Қабылданған құжаттар ҚБК кеңсесiмен қаралады, бақылауға қойылады. Тiркелген, тиiстi тәртiппен ресiмделген құжаттар ҚБК төрағасына, кейiн орындаушыға берiледi.
ҚБК құжат айналымын қамтамасыз ету қызметi хат-хабарды тiркеудi, бөлудi, ресiмдеу мен адресаттарға жеткiзудi ол ҚБК кеңсесiне түскен сәттен бастап екi сағат iшiнде жүзеге асырады.
15. Осы стандарттың 12-тармағында көрсетiлген құжаттардың (өтiнiштiң екiншi данасына немесе ұсынылатын құжаттарға iлеспе хатқа мөртаңба, кiрiс нөмiрi және тiркелген күнi қойылады) ҚБК кеңсесiнде тiркелуi тапсырылғанын растау болып табылады.
ҚБК өтiнiш берушiнiң құжаттарын қабылдаған сәттен бастап екi жұмыс күнi iшiнде құжаттардың толықтығын, олардың дұрыс толтырылуын және ұсынылған көшiрмелердiң түпнұсқаларға сәйкестiгiн тексеруге мiндеттi. Толық еместiгi туралы факт анықталған жағдайда (оның iшiнде мiндеттi жолақтардың, құжаттардың бекiтiлген нысандарының толтырылмай қалуы, ұсынылған құжаттар көшiрмелерiнiң түпнұсқаларына сәйкес келмеуi), ҚБК көрсетiлген мерзiм iшiнде бұдан әрi қараудан бас тарту туралы жазбаша, дәлелдi жауап бередi. Өтiнiш берушi көрсетiлген кедергiлердi жойғаннан кейiн құжаттар жалпы негiзде қаралады.
Салыстырып тексерiлгеннен кейiн құжаттардың түпнұсқасы өтiнiш берушiге қайтарылады.
Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн өтiнiш берушi тапсырған құжаттарды орындаушы өтiнiш берушiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестiгi нысанына қарайды.
Мемлекеттiк қызметтi алуға берiлген құжаттарды қарау нәтижесi оң болған жағдайда, орындаушы олардың Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкестiгi туралы, өзiнiң, ҚБК-нiң құрылымдық бөлiмше (басқарма) басшысының бұрыштамасы, күнi мен нөмiрi қойылатын және ҚБК төрағасының орынбасары қол қоятын қорытынды дайындайды.
Қорытынды негiзiнде ҚБК-мен Құқықтық қамтамасыз ету басқармасымен 3 (үш) жұмыс күнi iшiнде келiсiлетiн кәсiби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы ҚБК төрағасы бұйрығының жобасы дайындалады.
Бұйрыққа қол қойылғаннан кейiн ҚБК құжат айналымын қамтамасыз ету қызметi күнi мен нөмiрiн қойып, бұйрықтың тiркелуiн өткiзедi.
Бұйрық тiркелгеннен кейiн, сериясы мен реттiк нөмiрi, кәсiби аудиторлық ұйымның атауы, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi, орналасқан жерi, берiлу мерзiмi, аккредиттеу туралы куәлiктi берушi органның атауы, күнi мен берiлу жерi жазылатын аккредиттеу туралы куәлiк бланкiсi шығарылады. Аккредиттеу туралы куәлiк бланкiсiне ҚБК төрағасы қол қояды және ол ҚБК елтаңбалық мөрiмен расталады.
Аккредиттеу туралы куәлiктi беруден ҚБК бас тартқан жағдайда, өтiнiш берушiге өтiнiш қабылданған сәттен бастап он жұмыс күнi iшiнде жазбаша түрде дәлелдi жауап бередi. Аккредиттеу туралы куәлiктi беруден жазбаша дәлелдi бас тарту туралы хатқа ҚБК төрағасының орынбасары қол қояды, ол екi данада шығарылып, ҚБК-нiң ресми бланкiсiнде басылады. Бiрiншi дана өтiнiш берушiге ҚБК кеңсесi арқылы почтамен жiберiледi. Екiншi данада орындаушының және КБК-нiң құрылымдық бөлiмше (басқарма) басшысының бұрыштамалары болуы қажет.
Құжаттар өтуiнiң iшкi тәртiбi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қаржылық бақылау комитетiн төрағасының 2009 жылғы 7 шiлдедегi № 9 бұйрығымен бекiтiлген ҚБК Регламентiмен белгiленген.
16. Кәсiби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлiгi, берiлген аккредиттеу туралы куәлiктердiң журналына (жеке келiп немесе сенiмхат бойынша өкiлге) қол қою арқылы, Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8, Министрлiктер үйi, № 7 кiреберiс, 527-кабинет мекенжайы бойынша қолма-қол берiледi.
17. Осы мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту үшiн мыналар негiздеме болып табылады:
1) осы стандарттың 12-тармағында көзделген құжаттардың толық тiзбесi ұсынылмауы;
2) құжаттардың ресiмделуi осы стандарттың 12-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмеуi;
3) ұсынылған құжаттардың шынайы еместiгi анықталуы.
Көрсетiлген ескертулердi кәсiби аудиторлық ұйым ескергеннен кейiн кәсiби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлiктi алу туралы өтiнiшi жалпы негiзде қаралады.

3. Жұмыс қағидаттары

18. ҚБК қызметi мынадай қағидаттарға негiзделедi:
1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
2) қызметтiк борышты өтеу кезiнде заңдылықты сақтау;
3) сыпайылық
4) мемлекеттiк қызметтiң рәсiмi туралы толық ақпарат беру;
5) ақпаратты қорғау және құпиялылығын сақтау;
6) тұтынушымен тапсырылған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.

4. Жұмыс нәтижелерi

19. Тұтынушыларға мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерi осы стандартқа қосымшаға сәйкес сапа және қол жетiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.
20. «Кәсiби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлiк беру» мемлекеттiк қызметiн көрсететiн мемлекеттiк органның жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтердiң сапа және қол жетiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мақсатты мәндерi жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтарымен бекiтiледi.

5. Шағымдану тәртiбi

21. Мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң сапасы бойынша кiнәрат-талап болған жағдайда ҚБК қызметкерлерiнiң әрекетiне (әрекетсiздiк) шағым ҚБК басшысының атына берiледi. Шағымдану тәртiбi жөнiнде ақпаратты ҚБК Iшкi әкiмшiлендiру және ҚБК персоналымен жұмыс iстеу басқармасынан, мына телефондар арқылы 74-30-97, 74-32-75, 74-29-57, немесе Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8, Министрлiктер үйi, № 7 кiреберiс, 650-кабинет мекенжайы бойынша алуға болады.
22. Шағымдар жазбаша түрде почта немесе қолма-қол ҚБК кеңсесiнiң қызметкерi арқылы, демалыс күндерiнен және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгiленген мереке күндерiнен басқа күндерi күн сайын сағат 9.00-ден 16.00-ге дейiн, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн үзiлiс, Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8, Министрлiктер үйi, № 7 кiреберiс, 554-кабинет мекенжайы бойынша қабылданады; электрондық почта мекенжайы: administrator@minfin.kz.
23. Шағымның қабылданғанын растайтын ҚБК кеңсесiнде тiркелуi (екiншi данасына немесе шағым келiп түскен iлеспе хатқа мөртаңба, кiрiс нөмiрi және тiркелген күнi қойылуы) болып табылады. Шағымның қаралуы туралы ақпаратты ҚБК Iшкi әкiмшiлендiру және ҚБК персоналымен жұмыс iстеу басқармасы қызметкерлерiнен келесi телефондар арқылы бiлуге болады: 74-30-97, 74-32-75, 74-29-57.
Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртiппен және мерзiмдерде жүзеге асырылады.

6. Байланыс ақпараты

24. Барлық сұрақтар бойынша Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8,
Министрлiктер үйi, № 7 кiреберiс, 550-кабинет мекенжайы бойынша ҚБК-ға хабарласуға болады.
Жұмыс уақыты: демалыс күндерiнен және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген мереке күндерiнен басқа күндерi күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ге дейiн, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн үзiлiс.
Байланыс телефондары: 74-29-57, 74-35-60, 74-30-68, электрондық почта мекенжайы administrator@minfin.kz.

«Кәсiби аудиторлық ұйымды
аккредиттеу туралы куәлiктi беру»
мемлекеттiк қызмет көрсету
стандартына қосымша

Кесте. Сапа және қол жетiмдi көрсеткiштердiң мәнi

Сапа және қолжетiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi

Көрсеткiштiң келесi жылғы нысаналы мәнi

Көрсеткiштiң есептi жылдағы ағымдағы мәнi

1

2

3

4

1. Уақтылығы

1.1. Құжатты тапсырған сәттен бастап белгiленген мерзiмде қызмет көрсету жағдайларының %-ы (үлесi)

100%

1.2. Қызмет алуды кезекте 40 минуттан көп емес күткен тұтынушылардың %-ы (үлесi)

Кезек жоқ

2. Сапасы

2.1. Қызмет көрсету үдерiсiнiң сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)

100%

2.2. Лауазымды адам құжаттарды дұрыс ресiмдеген жағдайлардың (жүргiзiлген есептеулер, есеп айырысулар және т.б.) %-ы (үлесi)

100%

3. Қолжетiмдiлiк

3.1. Қызмет көрсету тәртiбi туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)

100%

3.2. Тұтынушының бiр дегеннен дұрыс толтырған және тапсырған құжаттар жағдайлардың %-ы (үлесi)

50%

3.3. Ақпаратқа интернет арқылы қол жеткiзуге болатын қызметтердiң %-ы (үлесi)

100%

4. Шағымдану үдерiсi

4.1. Қызметтiң осы түрi бойынша қызмет көрсетiлген тұтынушылардың жалпы санына негiздi шағымдардың %-ы (үлесi)

0,1%

4.2. Белгiленген мерзiмде қаралған және қанағаттандырылған негiзделген шағымдардың %-ы (үлесi)

100%

4.3. Шағымданудың қолданыстағы тәртiбiне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)

100%

4.4. Шағымдану мерзiмiне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)

100%

5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)

100%

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2010 жылғы 26 мамырдағы
№ 476 қаулысымен
бекiтiлген

«Бухгалтерлердiң кәсiби ұйымын аккредиттеу туралы
куәлiк беру» мемлекеттiк қызметiн көрсету стандарты

1. Жалпы ережелер

1. «Бухгалтерлердiң кәсiби ұйымын аккредиттеу туралы куәлiк беру» мемлекеттiк қызмет стандарты (бұдан әрi - стандарт) Қазақстан Республикасының бухгалтерлердiң кәсiби ұйымдарын аккредиттеу туралы куәлiк беру тәртiбiн анықтайды (бұдан әрi - мемлекеттiк қызмет).
2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттiк қызмет «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы Заңының 20-бабының 5-тармағы 10) тармақшасы мен «Бухгалтерлердiң кәсiби ұйымдарын және бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2007 жылғы 22 мамырдағы № 183 бұйрығы негiзiнде көрсетiледi (бұдан әрi - Аккредиттеу ережесi).
4. Мемлекеттiк қызметтi Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8, Министрлiктер үйi, № 7 кiреберiс, 552-кабинет, электрондық мекенжайы www.minfin.kz мекенжайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қаржылық бақылау комитетi (бұдан әрi - ҚБК) көрсетедi.
5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң аяқталу нысаны болып бес жыл мерзiмге берiлетiн және Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылатын бухгалтерлердiң кәсiби ұйымын аккредиттеу туралы куәлiк беру табылады.
6. Мемлекеттiк қызмет заңды тұлғаларға - бухгалтерлер мен бухгалтерлiк ұйымдарды бiрiктiретiн коммерциялық емес ұйымдарға көрсетiледi.
7. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi өтiнiш пен осы стандарттың 12-тармағында көрсетiлген құжаттар қабылданған сәттен бастап отыз күнтiзбелiк күннен аспайды.
Бухгалтерлердiң кәсiби ұйымын аккредиттеу туралы куәлiк алу үшiн осы стандарттың 12-тармағында көзделген құжаттар тапсыру кезiнде кезек күтудiң ең көп рұқсат берiлген уақыты - 15 минут.
Бухгалтерлердiң кәсiби ұйымын аккредиттеу туралы куәлiк алу кезiнде кезек күтудiң ең көп рұқсат берiлген уақыты — 15 минут.
8. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
9. Мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң www.minfin.kz. интернет-ресурсында орналастырылған.
10. Құжаттарды қабылдауды ҚБК кеңсесi демалыс күндерiнен және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгiленген мереке күндерiнен басқа күндерi күн сайын сағат 9.00-ден 16.00-ге дейiн, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн үзiлiс, Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8, Министрлiктер үйi, № 7 кiреберiс, 554-кабинет мекенжайы бойынша жүзеге асырады.
Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады.
11. Мемлекеттiк қызметтi көрсету орындарының ерекше шарттары көзделмеген.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

12. Бухгалтерлердiң кәсiби ұйымын аккредиттеу туралы куәлiк алу үшiн мыналарды ұсыну қажет:
1) Аккредиттеу ережесiне 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
2) мына құжаттардың түпнұсқалары мен нотариалды куәландырылған көшiрмелерi: жарғы мен мемлекеттiк тiркеу туралы, салық төлеушiге тiркеу нөмiрiн беру туралы куәлiктер және статистикалық карточка (сәйкестендiру үшiн түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда осы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерi);
3) ұйымның жарғысына сәйкес бекiтiлген халықаралық практикаға сәйкес келетiн және оның барлық мүшелерi үшiн мiндеттi болып табылатын кәсiби бухгалтерлердiң этика Кодексi;
4) Аккредиттеу ережесiне 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәсiби ұйымының құрамы туралы мәлiметтер;
5) Аккредиттеу ережесiне 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәсiби ұйымдардың жұмыс органдарының бар болуы туралы мәлiметтер;
6) өз мүшелерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру жүйесiнiң бар болуын растайтын құжаттар.
4)-6) тармақшаларда айтылған құжаттар қағаз және электрондық тасығыштарда ұсынылады.
Атауы (оның iшiнде ұйымдастыру-құқықтық нысаны), заңды мекенжайы өзгерген жағдайда бухгалтерлердiң кәсiби ұйымын аккредиттеу туралы куәлiктi қайта ресiмдеу үшiн он бес күнтiзбелiк күн iшiнде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
1) тиiстi өзгерiстер туралы жазбаша хабарлама;
2) бухгалтерлердiң кәсiби ұйымын аккредиттеу туралы куәлiктi қайта рәсiмдеу жөнiндегi өтiнiш;
3) осы стандарттың 12-тармағына сәйкес құжаттар.
Бухгалтерлердiң кәсiби ұйымы аккредиттеу туралы куәлiктi жоғалтқан жағдайда оның телнұсқасын алу үшiн мыналарды ұсыну қажет:
1) жоғалғаны белгiлi болғаннан кейiн бес күнтiзбелiк күн iшiнде мерзiмдi баспа басылымдарында сериясын, нөмiрiн және берiлген күнiн көрсете отырып, аккредиттеу туралы куәлiктi жарамсыз деп тану туралы мәлiмет жариялау;
2) ҚБК-ға аккредиттеу туралы куәлiктi жарамсыз деп тану туралы және телнұсқасын беру туралы өтiнiш беру.
Аккредиттеу туралы куәлiктiң телнұсқасы өтiнiш берiлген күннен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде берiледi.
13. Кәсiби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлiк алуға арналған өтiнiш үлгiсi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң www.minfin.kz. интернет-ресурсында орналастырылған.
14. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қажеттi құжаттар Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8, Министрлiктер үйi, № 7 кiреберiс, 554-кабинет мекенжайы бойынша ҚБК кеңсесiне тапсырылады.
Аккредиттелуге тапсырылған құжаттар тiзiмдеме бойынша қабылданады. Тiзiмдеменiң көшiрмесiн ҚБК кеңсесi құжаттардың қабылданған күнiн көрсете отырып, өтiнiш берушiге жолдайды (бередi).
Қабылданған құжаттар ҚБК кеңсесiмен қаралады, бақылауға қойылады. Тiркелген, тиiстi тәртiппен ресiмделген құжаттар ҚБК төрағасына, кейiн орындаушыға берiледi.
ҚБК құжат айналымын қамтамасыз ету қызметi хат-хабарды тiркеудi, бөлудi, ресiмдеу мен адресаттарға жеткiзудi ол ҚБК кеңсесiне түскен сәттен бастап екi сағат iшiнде жүзеге асырады.
15. Осы стандарттың 12-тармағында көрсетiлген құжаттардың (өтiнiштiң екiншi данасына немесе ұсынылатын құжаттарға iлеспе хатқа мөртаңба, кiрiс нөмiрi және тiркелген күнi қойылады) ҚБК кеңсесiнде тiркелуi тапсырылғанын растау болып табылады.
ҚБК өтiнiш берушiнiң құжаттарын қабылдаған сәттен бастап екi жұмыс күнi iшiнде құжаттардың толықтығын, олардың дұрыс толтырылуын және ұсынылған көшiрмелердiң түпнұсқаларға сәйкестiгiн тексеруге мiндеттi. Толық еместiгi туралы факт анықталған жағдайда (оның iшiнде мiндеттi жолақтардың, құжаттардың бекiтiлген нысандарының толтырылмай қалуы, ұсынылған құжаттар көшiрмелерiнiң түпнұсқаларына сәйкес келмеуi), ҚБК көрсетiлген мерзiм iшiнде бұдан әрi қараудан бас тарту туралы жазбаша, дәлелдi жауап бередi. Өтiнiш берушi көрсетiлген кедергiлердi жойғаннан кейiн құжаттар жалпы негiзде қаралады.
Салыстырып тексерiлгеннен кейiн құжаттардың түпнұсқасы өтiнiш берушiге қайтарылады.
Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн өтiнiш берушi тапсырған құжаттарды орындаушы өтiнiш берушiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестiгi нысанына қарайды.
Мемлекеттiк қызметтi алуға берiлген құжаттарды қарау нәтижесi оң болған жағдайда, орындаушы олардың Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкестiгi туралы, өзiнiң, ҚБК-нiң құрылымдық бөлiмше (басқарма) басшысының бұрыштамасы, күнi мен нөмiрi қойылатын және ҚБК төрағасының орынбасары қол қоятын қорытынды дайындайды.
Қорытынды негiзiнде ҚБК-мен Құқықтық қамтамасыз ету басқармасымен 3 (үш) жұмыс күнi iшiнде келiсiлетiн бухгалтерлердiң кәсiби ұйымын аккредиттеу туралы ҚБК төрағасы бұйрығының жобасы дайындалады.
Бұйрыққа қол қойылғаннан кейiн ҚБК құжат айналымын қамтамасыз ету қызметi күнi мен нөмiрiн қойып, бұйрықтың тiркелуiн өткiзедi.
Бұйрық тiркелгеннен кейiн, сериясы мен реттiк нөмiрi, бухгалтерлердiң кәсiби ұйымының атауы, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi, орналасқан жерi, берiлу мерзiмi, аккредиттеу туралы куәлiктi берушi органның атауы, күнi мен берiлу жерi жазылатын аккредиттеу туралы куәлiк бланкiсi шығарылады. Аккредиттеу туралы куәлiк бланкiсiне ҚБК төрағасы қол қояды және ол ҚБК елтаңбалық мөрiмен расталады.
Аккредиттеу туралы куәлiктi беруден ҚБК бас тартқан жағдайда, өтiнiш берушiге өтiнiш қабылданған сәттен бастап он жұмыс күнi iшiнде жазбаша түрде дәлелдi жауап бередi. Аккредиттеу туралы куәлiктi беруден жазбаша дәлелдi бас тарту туралы хатқа ҚБК төрағасының орынбасары қол қояды, ол екi данада шығарылып, ҚБК-нiң ресми бланкiсiнде басылады. Бiрiншi дана өтiнiш берушiге ҚБК кеңсесi арқылы почтамен жiберiледi. Екiншi данада орындаушының және ҚБК-нiң құрылымдық бөлiмше (басқарма) басшысының бұрыштамалары болуы қажет.
Құжаттар өтуiнiң iшкi тәртiбi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қаржылық бақылау комитетiн төрағасыны 2009 жылғы 7 шiлдедегi № 9 бұйрығымен бекiтiлген ҚБК Регламентiмен белгiленген.
16. Бухгалтерлердiң кәсiби ұйымын аккредиттеу туралы куәлiгi, берiлген аккредиттеу туралы куәлiктердiң журналына (жеке келiп немесе сенiмхат бойынша өкiлге) қол қою арқылы, Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8, Министрлiктер үйi, № 7 кiреберiс, 537-кабинет мекенжайы бойынша қолма-қол берiледi.
17. Осы мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту үшiн мыналар негiздеме болып табылады:
1) осы стандарттың 12-тармағында көзделген тиiстi құжаттардың толық тiзбесi ұсынылмаса;
2) ұсынылған құжаттардың шынайы еместiгi анықталса;
3) келесiнi қамтитын Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмесе:
бухгалтерлердiң кәсiби ұйымының құрамында бухгалтерлiк есеп немесе аудит саласында кемiнде екi жыл расталған жұмыс тәжiрибесi бар кемiнде үш жүз мүшесiнiң болуы;
халықаралық практикаға сәйкес келетiн және оның барлық мүшелерiне мiндеттi болып табылатын, ұйымның жарғысына сәйкес бекiтiлген кәсiби бухгалтерлердiң әдеп Кодексiнiң болуы;
өз мүшелерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру жүйесiнiң болуы;
Аккредиттеу ережелерiне сәйкес болуы;
бухгалтерлердiң кәсiби ұйымының құрылымы мен жұмыс органдары оның жарғысымен анықталады және Аккредиттеу ережелерiне сәйкес болуы қажет;
бухгалтерлердiң кәсiби ұйымының басшысы төрт жылдан аспайтын мерзiмге сайланады және қатарынан екi мерзiмге қайта сайлана алмайды.
Көрсетiлген ескертулердi кәсiби аудиторлық ұйым ескергеннен кейiн кәсiби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлiктi алу туралы өтiнiшi жалпы негiзде қаралады.

3. Жұмыс қағидаттары

18. ҚБК қызметi мынадай қағидаттарға негiзделедi:
1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
2) қызметтiк борышты өтеу кезiнде заңдылықты сақтау;
3) сыпайылық
4) мемлекеттiк қызметтiң рәсiмi туралы толық ақпарат беру;
5) ақпаратты қорғау және құпиялылығын сақтау;
6) тұтынушымен тапсырылған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.

4. Жұмыс нәтижелерi

19. Тұтынушыларға мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерi осы стандартқа қосымшаға сәйкес сапа және қол жетiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.
20. «Бухгалтерлердiң кәсiби ұйымын аккредиттеу туралы куәлiк беру» мемлекеттiк қызметiн көрсететiн мемлекеттiк органның жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтердiң сапа және қол жетiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мақсатты мәндерi жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтарымен бекiтiледi.

5. Шағымдану тәртiбi

21. Мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң сапасы бойынша кiнәрат-талап болған жағдайда ҚБК қызметкерлерiнiң әрекетiне (әрекетсiздiк) шағым ҚБК басшысының атына берiледi. Шағымдану тәртiбi жөнiнде ақпаратты ҚБК Iшкi әкiмшiлендiру және ҚБК персоналымен жұмыс iстеу басқармасынан, мына телефондар арқылы 74-30-97, 74-32-75, 74-29-57, немесе Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8, Министрлiктер үйi, № 7 кiреберiс, 650-кабинет мекенжайы бойынша алуға болады.
22. Шағымдар жазбаша түрде почта немесе қолма-қол ҚБК кеңсесiнiң қызметкерi арқылы, демалыс күндерiнен және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгiленген мереке күндерiнен басқа күндерi күн сайын сағат 9.00-ден 16.00-ге дейiн, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн үзiлiс, Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8, Министрлiктер үйi, № 7 кiреберiс, 554-кабинет мекенжайы бойынша қабылданады; электрондық почта мекенжайы: administrator@minfin.kz.
23. Шағымның қабылданғанын растайтын ҚБК кеңсесiнде тiркелуi (екiншi данасына немесе шағым келiп түскен iлеспе хатқа мөртаңба, кiрiс нөмiрi және тiркелген күнi қойылуы) болып табылады. Шағымның қаралуы туралы ақпаратты ҚБК Iшкi әкiмшiлендiру және ҚБК персоналымен жұмыс iстеу басқармасы кызметкерлерiнен келесi телефондар арқылы бiлуге болады: 74-30-97, 74-32-75, 74-29-57.
Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртiппен және мерзiмдерде жүзеге асырылады.

6. Байланыс ақпараты

24. Барлық сұрақтар бойынша Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8, Министрлiктер үйi, № 7 кiреберiс, 552-кабинет мекенжайы бойынша ҚБК-ға хабарласуға болады.
Жұмыс уақыты: демалыс күндерiнен және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген мереке күндерiнен басқа күндерi күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ге дейiн, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн үзiлiс.
Байланыс телефондары: 74-29-57, 74-35-60, 74-30-68, электрондық почта мекенжайы administrator@minfin.kz.

«Бухгалтерлердiң кәсiби ұйымын
аккредиттеу туралы куәлiктi беру»
мемлекеттiк қызмет көрсету
стандартына қосымша

Кесте. Сапа және қол жетiмдi көрсеткiштердiң мәнi

Сапа және қолжетiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi

Көрсеткiштiң келесi жылғы нысаналы мәнi

Көрсеткiштiң есептi жылдағы ағымдағы мәнi

1

2

3

4

1. Уақтылығы

1.1. Құжатты тапсырған сәттен бастап белгiленген мерзiмде қызмет көрсету жағдайларының %-ы (үлесi)

100%

1.2. Қызмет алуды кезекте 40 минуттан көп емес күткен тұтынушылардың %-ы (үлесi)

Кезек жоқ

2. Сапасы

2.1. Қызмет көрсету үдерiсiнiң сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)

100%

2.2. Лауазымды адам құжаттарды дұрыс ресiмдеген жағдайлардың (жүргiзiлген есептеулер, есеп айырысулар және т.б.) %-ы (үлесi)

100%

3. Қолжетiмдiлiк

3.1. Қызмет көрсету тәртiбi туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)

100%

3.2. Тұтынушының бiр дегеннен дұрыс толтырған және тапсырған құжаттар жағдайлардың %-ы (үлесi)

30%

3.3. Ақпаратқа интернет арқылы қол жеткiзуге болатын қызметтердiң %-ы (үлесi)

100%

4. Шағымдану үдерiсi

4.1. Қызметтiң осы түрi бойынша қызмет көрсетiлген тұтынушылардың жалпы санына негiздi шағымдардың %-ы (үлесi)

0,1%

4.2. Белгiленген мерзiмде қаралған және қанағаттандырылған негiзделген шағымдардың %-ы (үлесi)

100%

4.3. Шағымданудың қолданыстағы тәртiбiне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)

100%

4.4. Шағымдану мерзiмiне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)

100%

5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)

100%

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2010 жылғы 26 мамырдағы
№ 476 қаулысымен
бекiтiлген

«Бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау жөнiндегi ұйымды
аккредиттеу туралы куәлiк беру» мемлекеттiк
қызметiн көрсету стандарты

1. Жалпы ережелер

1. «Бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау жөнiндегi ұйымды аккредиттеу туралы куәлiк беру» мемлекеттiк қызмет стандарты (бұдан әрi - стандарт) Қазақстан Республикасының бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау жөнiндегi ұйымдарға аккредиттеу туралы куәлiк беру тәртiбiн анықтайды (бұдан әрi - мемлекеттiк қызмет).
2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттiк қызмет «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы Заңының 20-бабының 5-тармағы 10) тармақшасы мен «Бухгалтерлердiң кәсiби ұйымдарын және бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2007 жылғы 22 мамырдағы № 183 бұйрығы негiзiнде көрсетiледi (бұдан әрi - Аккредиттеу ережесi).
4. Мемлекеттiк қызметтi Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8, Министрлiктер үйi, № 7 кiреберiс, 552-кабинет, электрондық мекенжайы www.minfin.kz мекенжайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қаржылық бақылау комитетi (бұдан әрi - ҚБК) көрсетедi.
5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң аяқталу нысаны болып үш жыл мерзiмге берiлетiн және Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылатын бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау жөнiндегi ұйымын аккредиттеу туралы куәлiк беру табылады.
6. Мемлекеттiк қызмет кәсiби бухгалтерлерге үмiткерлердi сертификаттауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларға көрсетiледi.
7. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi өтiнiш пен осы стандарттың 12-тармағында көрсетiлген құжаттар қабылданған сәттен бастап отыз күнтiзбелiк күннен аспайды.
Бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау жөнiндегi ұйымды аккредиттеу туралы куәлiк алу үшiн осы стандарттың 12-тармағында көзделген құжаттар тапсыру кезiнде кезек күтудiң ең көп рұқсат берiлген уақыты - 15 минут.
Бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау жөнiндегi ұйымды аккредиттеу туралы куәлiк алу кезiнде кезек күтудiң ең көп рұқсат берiлген уақыты - 15 минут.
8. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
9. Мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң www.minfin.kz. интернет-ресурсында орналастырылған.
10. Құжаттарды қабылдауды ҚБК кеңсесi демалыс күндерiнен және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгiленген мереке күндерiнен басқа күндерi күн сайын сағат 9.00-ден 16.00-ге дейiн, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн үзiлiс, Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8, Министрлiктер үйi, № 7 кiреберiс, 554-кабинет мекенжайы бойынша жүзеге асырады.
Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады.
11. Мемлекеттiк қызметтi көрсету орындарының ерекше шарттары көзделмеген.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

12. Бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау жөнiндегi ұйымды аккредиттеу туралы куәлiк алу үшiн мыналарды ұсыну қажет:
1) Аккредиттеу ережесiне 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
2) мына құжаттардың түпнұсқалары мен нотариалды куәландырылған көшiрмелерi: қызметiнiң негiзгi түрлерiнiң бiрi болып бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау жөнiндегi ұйым ретiндегi қызмет етуi көзделген жарғы мен мемлекеттiк тiркеу туралы, салық төлеушiге тiркеу нөмiрiн беру туралы куәлiктер және статистикалық карточка (сәйкестендiру үшiн түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда осы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерi);
3) Аккредиттеу ережесiне 4, 4-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сертификаттау жөнiндегi ұйымдардың құрылымы және жұмыс органдарының бар-жоғы, материалдық-техникалық жарақтарының бар-жоғы туралы мәлiметтер;
4) осы тармақшада көрсетiлген пәндер бойынша оқудан тәуелсiз емтихандық жүйесiнiң бар екендiгiн растайтын құжаттар, оның iшiнде:
кәсiби бухгалтердi сертификаттау жөнiндегi емтихандарды ұйымдастыру және өткiзу тәртiбi туралы бекiтiлген ереже мыналардың көрсетiлуiмен:
тест сұрақтары мен ахуалдық мiндеттердi қамтитын емтихандық модульдердiң құрылымы;
сертификаттау пәндерi бойынша емтихандардың ұзақтығы;
кәсiби бухгалтерлiкке кандидаттардың жұмыстарына тексерулер жүргiзу мерзiмдерiн;
кандидат нәтиженi бекiткен күннен бастап келесi үш жылдың iшiнде ғана жарамды деп танылатын «Қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарына сәйкес бухгалтерлiк есеп» пәнi бойынша, нәтиженi бекiткен күннен бастап келесi бес жылдың iшiнде ғана жарамды деп танылатын «Салық және салық салу» және «Азаматтық құқық» пәндерi бойынша оң нәтиже алуы;
жекелеген пәндер бойынша үш жылдың iшiнде қатарынан үш реттен астам терiс нәтиже алған кезде қайта толық оқудан өтуi;
кәсiби бухгалтерлiкке кандидаттардың құқықтары, мiндеттерi мен жауапкершiлiктерi;
Аккредиттеу ережесiне 4-2-қосымшаға сәйкес емтихан комиссиясының (бұдан әрi - комиссия) төрағасының, оның мүшелерiнiң, тәуелсiз бақылаушылардың құқықтарын, мiндеттерi мен жауапкершiлiктерiн және оның құрамын көрсете отырып, комиссия туралы бекiтiлген ереже;
комиссияның (кеңестiң) арызы мен шешiмiн қарау мерзiмiн, нысанын белгiлей отырып, емтихандардың нәтижелерi бойынша апелляциялық комиссияның (кеңестiң) құрамын, арыздарды беру мерзiмiн және арыздарды сотқа дейiн қарауды жүргiзу тәртiбiн көрсете отырып, ол туралы бекiтiлген ереже;
Аккредиттеу ережесiне 4-3-қосымшаға сәйкес оқытушылар туралы мәлiметтер;
кандидаттарды сертификаттау жөнiндегi күндiзгi оқыту түрi бойынша, Аккредиттеу ережесiне 4-4-қосымшаның талаптарына сәйкес емтихандарды тапсыру үшiн қажеттi мынадай пәндердi қамтитын бекiтiлген бағдарламалары:
«Қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарына сәйкес бухгалтерлiк есеп»,
«Салық және салық салу»,
«Азаматтық құқық»;
үш жылдық кезеңге пәндер бойынша емтихандар өткiзудiң бекiтiлген кестесi. Емтихандарды өткiзу Аккредиттеу ережесiнiң 10-2-тармағының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады;
5) Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк заңнамасын шолуды қамтитын және мыналардың болуын растайтын:
«Қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарына сәйкес бухгалтерлiк есеп» пәнi бойынша кемiнде 200 тест сұрақтары мен 100 мiндеттен, Аккредиттеу ережесiне 4-5-қосымша бойынша тақырыптар тiзбесiне сәйкес әрбiр ХҚЕС бойынша кемiнде бiр мiндеттен тұратын емтихандық модульдер; «Салық және салық салу» және «Азаматтық құқық» пәндерi бойынша - Аккредиттеу ережесiне 4-6 және 4-7-қосымшалардың тақырыптар тiзбесiне сәйкес кемiнде 500 мiндет және/немесе тест сұрақтары;
қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарында және/немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгерiс болған жағдайда емтихандық модульдер мен сертификаттау жөнiндегi бағдарламаларды жаңартып отыру;
6) кәсiби бухгалтерлiкке кандидаттарды сертификаттау бағдарламасы бойынша дәрiс курстары мен практикалық курстарға (есеп жинақтары) шолуларды қамтитын бекiтiлген материалдар;
7) Аккредиттеу ережесiне 7-қосымшаға сәйкес кәсiби бухгалтерлiкке кандидат сертификатының жобасы.
3)-7) тармақшаларда санамаланған құжаттар қағаз және электрондық тасығыштарда берiледi.
Атауы (оның iшiнде ұйымдастыру-құқықтық нысаны), заңды мекен-жайы өзгерген жағдайда бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау жөнiндегi ұйымды аккредиттеу туралы куәлiктi қайта рәсiмдеу үшiн он бес күнтiзбелiк күн iшiнде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
1) тиiстi өзгерiстер туралы жазбаша хабарлама;
2) бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау жөнiндегi ұйымды аккредиттеу туралы куәлiктi қайта рәсiмдеу жөнiндегi өтiнiш;
3) осы стандарттың 12-тармағына сәйкес құжаттар.
Бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау жөнiндегi ұйым аккредиттеу туралы куәлiктi жоғалтқан жағдайда оның телнұсқасын алу үшiн мыналарды ұсыну қажет:
1) жоғалғаны белгiлi болғаннан кейiн бес күнтiзбелiк күн iшiнде мерзiмдi баспа басылымдарында сериясын, нөмiрiн және берiлген күнiн көрсете отырып, аккредиттеу туралы куәлiктi жарамсыз деп тану туралы мәлiмет жариялау;
2) уәкiлеттi органға аккредиттеу туралы куәлiктi жарамсыз деп тану туралы және телнұсқасын беру туралы өтiнiш беру.
Аккредиттеу туралы куәлiктiң телнұсқасы өтiнiш берiлген күннен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде берiледi.
13. Бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау жөнiндегi ұйымды аккредиттеу туралы куәлiк алуға арналған өтiнiш үлгiсi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң www.minfin.kz. интернет-ресурсында орналастырылған.
14. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қажеттi құжаттар Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8, Министрлiктер үйi, № 7 кiреберiс, 554-кабинет мекенжайы бойынша ҚБК кеңсесiне тапсырылады.
Аккредиттелуге тапсырылған құжаттар тiзiмдеме бойынша қабылданады. Тiзiмдеменiң көшiрмесiн ҚБК кеңсесi құжаттардың қабылданған күнiн көрсете отырып, өтiнiш берушiге жолдайды (бередi).
Қабылданған құжаттар ҚБК кеңсесiмен қаралады, бақылауға қойылады. Тiркелген, тиiстi тәртiппен ресiмделген құжаттар ҚБК төрағасына, кейiн орындаушыға берiледi.
ҚБК құжат айналымын қамтамасыз ету қызметi хат-хабарды тiркеудi, бөлудi, ресiмдеу мен адресаттарға жеткiзудi ол ҚБК кеңсесiне түскен сәттен бастап екi сағат iшiнде жүзеге асырады.
15. Осы стандарттың 12-тармағында көрсетiлген құжаттардың (өтiнiштiң екiншi данасына немесе ұсынылатын құжаттарға iлеспе хатқа мөртаңба, кiрiс нөмiрi және тiркелген күнi қойылады) ҚБК кеңсесiнде тiркелуi тапсырылғанын растау болып табылады.
ҚБК өтiнiш берушiнiң құжаттарын қабылдаған сәттен бастап екi жұмыс күнi iшiнде құжаттардың толықтығын, олардың дұрыс толтырылуын және ұсынылған көшiрмелердiң түпнұсқаларға сәйкестiгiн тексеруге мiндеттi. Толық еместiгi туралы факт анықталған жағдайда (оның iшiнде мiндеттi жолақтардың құжаттардың бекiтiлген нысандарының толтырылмай қалуы, ұсынылған құжаттар көшiрмелерiнiң түпнұсқаларына сәйкес келмеуi), ҚБК көрсетiлген мерзiм iшiнде бұдан әрi қараудан бас Тарту туралы жазбаша, дәлелдi жауап бередi. Өтiнiш берушi көрсетiлген кедергiлердi жойғаннан кейiн құжаттар жалпы негiзде қаралады.
Салыстырып тексерiлгеннен кейiн құжаттардың түпнұсқасы өтiнiш берушiге қайтарылады.
Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн өтiнiш берушi тапсырған құжаттарды орындаушы өтiнiш берушiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестiгi нысанына қарайды.
Мемлекеттiк қызметтi алуға берiлген құжаттарды қарау нәтижесi оң болған жағдайда, орындаушы олардың Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкестiгi туралы, өзiнiң, ҚБК-нiң құрылымдық бөлiмше (басқарма) басшысының бұрыштамасы, күнi мен нөмiрi қойылатын және ҚБК төрағасының орынбасары қол қоятын қорытынды дайындайды.
Қорытынды негiзiнде ҚБК-мен Құқықтық қамтамасыз ету басқармасымен 3 (үш) жұмыс күнi iшiнде келiсiлетiн бухгалтерлердiң кәсiби ұйымын аккредиттеу туралы ҚБК төрағасы бұйрығының жобасы дайындалады.
Бұйрыққа қол қойылғаннан кейiн ҚБК құжат айналымын қамтамасыз ету қызметi күнi мен нөмiрiн қойып, бұйрықтың тiркелуiн өткiзедi.
Бұйрық тiркелгеннен кейiн, сериясы мен реттiк нөмiрi, бухгалтерлердiң кәсiби ұйымының атауы, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi, орналасқан жерi, берiлу мерзiмi, аккредиттеу туралы куәлiктi берушi органның атауы, күнi мен берiлу жерi жазылатын аккредиттеу туралы куәлiк бланкiсi шығарылады. Аккредиттеу туралы куәлiк бланкiсiне ҚБК төрағасы қол қояды және ол ҚБК елтаңбалық мөрiмен расталады.
Аккредиттеу туралы куәлiктi беруден ҚБК бас тартқан жағдайда, өтiнiш берушiге өтiнiш қабылданған сәттен бастап отыз күнтiзбелiк күн iшiнде жазбаша түрде дәлелдi жауап бередi. Аккредиттеу туралы куәлiктi беруден жазбаша дәлелдi бас тарту туралы хатқа ҚБК төрағасының орынбасары қол қояды, ол екi данада шығарылып, ҚБК-нiң ресми бланкiсiнде басылады. Бiрiншi дана өтiнiш берушiге ҚБК кеңсесi арқылы почтамен жiберiледi. Екiншi данада орындаушының және ҚБК-нiң құрылымдық бөлiмше (басқарма) басшысының бұрыштамалары болуы қажет.
Құжаттар өтуiнiң iшкi тәртiбi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қаржылық бақылау комитетiн төрағасының 2009 жылғы 7 шiлдедегi № 9 бұйрығымен бекiтiлген ҚБК Регламентiмен белгiленген.
16. Бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау жөнiндегi ұйымды аккредиттеу туралы куәлiгi, берiлген аккредиттеу туралы куәлiктердiң журналына (жеке келiп немесе сенiмхат бойынша өкiлге) қол қою арқылы, Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8, Министрлiктер үйi, № 7 кiреберiс, 537-кабинет мекенжайы бойынша қолма-қол берiледi.
17. Осы мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту үшiн мыналар негiздеме болып табылады:
1) осы стандарттың 12-тармағында көзделген тиiстi құжаттардың толық тiзбесi ұсынылмаса;
2) ұсынылған құжаттардың шынайы еместiгi анықталса;
3) сертификаттау жөнiндегi емтихандық модулдер мен оқу бағдарламаларының мазмұны қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттары мен Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына жауап бермесе;
4) заңсыз, авторлық және сабақтас құқық бұзушылықпен, сертификаттау жөнiндегi емтихан модульдерiн толық және пәндер бойынша қолданылса;
5) келесiнi қамтитын Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмесе:
оқудан тәуелсiз емтихандық жүйесiнiң бар болуы;
Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасын қамтитын емтихандық модульдер, және олардың жаңару жүйесiнiң бар болуы;
бiр немесе бiрнеше бухгалтерлердiң кәсiби ұйымдармен өзара iс-қимылдары туралы келiсiмнiң бар болуы;
уәкiлеттi органмен бекiтiлген Аккредиттеу ережесiне сәйкес болуы.
Көрсетiлген ескертулердi бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау жөнiндегi ұйым ескергеннен кейiн бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау жөнiндегi ұйымды аккредиттеу туралы куәлiктi алу туралы өтiнiшi жалпы негiзде қаралады.

3. Жұмыс қағидаттары

18. ҚБК қызметi мынадай қағидаттарға негiзделедi:
1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
2) қызметтiк борышты өтеу кезiнде заңдылықты сақтау;
3) сыпайылық
4) мемлекеттiк қызметтiң рәсiмi туралы толық ақпарат беру;
5) ақпаратты қорғау және құпиялылығын сақтау;
6) тұтынушымен тапсырылған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.

4. Жұмыс нәтижелерi

19. Тұтынушыларға мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерi осы стандартқа қосымшаға сәйкес сапа және қол жетiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.
20. «Бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау жөнiндегi ұйымды аккредиттеу туралы куәлiк беру» мемлекеттiк қызметiн көрсететiн мемлекеттiк органның жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтердiң сапа және қол жетiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мақсатты мәндерi жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтарымен бекiтiледi.

5. Шағымдану тәртiбi

21. Мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң сапасы бойынша кiнәрат-талап болған жағдайда ҚБК қызметкерлерiнiң әрекетiне (әрекетсiздiк) шағым ҚБК басшысының атына берiледi. Шағымдану тәртiбi жөнiнде ақпаратты ҚБК Iшкi әкiмшiлендiру және ҚБК персоналымен жұмыс iстеу басқармасынан, мына телефондар арқылы 74-30-97, 74-32-75, 74-29-57, немесе Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8, Министрлiктер үйi, № 7 кiреберiс, 650-кабинет мекенжайы бойынша алуға болады.
22. Шағымдар жазбаша түрде почта немесе қолма-қол ҚБК кеңсесiнiң қызметкерi арқылы, демалыс күндерiнен және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгiленген мереке күндерiнен басқа күндерi күн сайын сағат 9.00-ден 16.00-ге дейiн, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн үзiлiс, Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8, Министрлiктер үйi, № 7 кiреберiс, 554-кабинет мекенжайы бойынша қабылданады; электрондық почта мекенжайы: administrator@minfin.kz.
23. Шағымның қабылданғанын растайтын ҚБК кеңсесiнде тiркелуi (екiншi данасына немесе шағым келiп түскен iлеспе хатқа мөртаңба, кiрiс нөмiрi және тiркелген күнi қойылуы) болып табылады. Шағымның қаралуы туралы ақпаратты ҚБК Iшкi әкiмшiлендiру және ҚБК персоналымен жұмыс iстеу басқармасы қызметкерлерiнен келесi телефондар арқылы бiлуге болады: 74-30-97, 74-32-75, 74-29-57.
Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртiппен және мерзiмдерде жүзеге асырылады.

6. Байланыс ақпараты

24. Барлық сұрақтар бойынша Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8, Министрлiктер үйi, № 7 кiреберiс, 552-кабинет мекенжайы бойынша ҚБК-ға хабарласуға болады.
Жұмыс уақыты: демалыс күндерiнен және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген мереке күндерiнен басқа күндерi күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ге дейiн, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн үзiлiс.
Байланыс телефондары: 74-29-57, 74-35-60, 74-30-68, электрондық почта мекенжайы administrator@minfin.kz.

«Бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау
жөнiндегi ұйымды аккредиттеу туралы
куәлiктi беру» мемлекеттiк қызмет
көрсету стандартына қосымша

Кесте. Сапа және қол жетiмдi көрсеткiштердiң мәнi

Сапа және қолжетiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi

Көрсеткiштiң келесi жылғы нысаналы мәнi

Көрсеткiштiң есептi жылдағы ағымдағы мәнi

1

2

3

4

1. Уақтылығы

1.1. Құжатты тапсырған сәттен бастап белгiленген мерзiмде қызмет көрсету жағдайларының %-ы (үлесi)

100%

1.2. Қызмет алуды кезекте 40 минуттан көп емес күткен тұтынушылардың %-ы (үлесi)

Кезек жоқ

2. Сапасы

2.1. Қызмет көрсету үдерiсiнiң сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)

100%

2.2. Лауазымды адам құжаттарды дұрыс ресiмдеген жағдайлардың (жүргiзiлген есептеулер, есеп айырысулар және т.б.) %-ы (үлесi)

100%

3. Қолжетiмдiлiк

3.1. Қызмет көрсету тәртiбi туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)

100%

3.2. Тұтынушының бiр дегеннен дұрыс толтырған және тапсырған құжаттар жағдайлардың %-ы (үлесi)

30%

3.3. Ақпаратқа интернет арқылы қол жеткiзуге болатын қызметтердiң %-ы (үлесi)

100%

4. Шағымдану үдерiсi

4.1. Қызметтiң осы түрi бойынша қызмет көрсетiлген тұтынушылардың жалпы санына негiздi шағымдардың %-ы (үлесi)

0,1%

4.2. Белгiленген мерзiмде қаралған және қанағаттандырылған негiзделген шағымдардың %-ы (үлесi)

100%

4.3. Шағымданудың қолданыстағы тәртiбiне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)

100%

4.4. Шағымдану мерзiмiне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)

100%

5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)

100%


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina