Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 маусымдағы № 500 Қаулысы
"Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесі Хатшылығының, оның персоналының және мүше мемлекеттері өкілдерінің артықшылықтары мен иммунитеттері туралы конвенцияға қол қою туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: «Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесі Хатшылығының, оның персоналының және мүше мемлекеттері өкілдерінің артықшылықтары мен иммунитеттері туралы конвенцияға қол қою туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесі Хатшылығының, оның персоналының және мүше мемлекеттері өкілдерінің артықшылықтары мен иммунитеттері туралы конвенцияға қол қою туралы
«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 мамырдағы Заңының 8-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қоса беріліп отырған Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесі Хатшылығының, оның персоналының және мүше мемлекеттері өкілдерінің артықшылықтары мен иммунитеттері туралы конвенцияның жобасы (бұдан әрі - Конвенция) мақұлдансын. 2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қанат Бекмырзаұлы Саудабаев Конвенцияның мәтініне қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізу құқығымен Конвенцияға Қазақстан Республикасы атынан қол қойсын. 3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев
Астана, Ақорда, 2010 жылғы №
|