Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 маусымдағы № 608 Қаулысы
Төтенше жағдайлар кезінде медициналық көмек ұсыну ережесін, оның түрлері мен көлемін бекіту туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 51-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Төтенше жағдайлар кезінде медициналық көмек ұсыну ережесі, оның түрлері мен көлемі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар, Денсаулық сақтау министрліктері, мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдар үш ай мерзімде осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. 3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
|