ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Постановления  »  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Постановления

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 4 тамыздағы № 792 Қаулысы
Жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және пошта жөнелтімдерін темір жол көлігімен, тасымалдау қауіпсіздігіне қойылатын талаптар техникалық регламентін бекіту туралы

«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған «Жолаушыларды, багажды, жүктердi, жүк-багажды және пошта женелтiмдерiн темiр жол көлiгiмен тасымалдау қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар» техникалық регламентi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2010 жылғы 4 тамыздағы
№ 792 қаулысымен
бекiтiлген

«Жолаушыларды, багажды, жүктердi, жүк-багажды және пошта
жөнелтiмдерiн темiр жол көлiгiмен тасымалдау қауiпсiздiгiне
қойылатын талаптар» техникалық регламентi

1. Қолданылу саласы

1. Осы «Жолаушыларды, багажды, жүктердi, жүк-багажды және пошта жөнелтiмдерiн темiр жол көлiгiмен тасымалдау қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар» техникалық регламентi (бұдан әрi - Техникалық регламент) жолаушыларды, багажды, жүктердi, жүк-багажды және пошта жөнелтiмдерiн темiр жол көлiгiмен тасымалдау процесiнiң қауiпсiздiгiне қойылатын ең төменгi талаптарды белгiлейдi.
2. Осы Техникалық регламенттiң техникалық реттеу объектiлерi мыналар болып табылады:
жолаушылар, багаж, жүк-багаж және пошта жөнелтiмдерiн тасымалдау процесi;
жүк тасымалдау процесi.
3. Адамның өмiрiне немесе денсаулығына, жүктердiң және пошта жөнелтiмдерiнiң сақталуына, адамдардың багажы, жүк-багажы, жүктер мен пошта жөнелтiмдерiнiң сақталуына, қоршаған ортаны қорғауға зиян келтiру мүмкiндiгiне қатысты тасымалдау процесi кезiнде болдырмау тиiс қауiптi факторлар (қауiп-қатерлер) мыналар болып табылады:
жолаушылардың тоқтатқыш кранды пайдалану салдарынан жарақат алу қаупi;
жолаушылардың жүрiп-тұруына қиын жағдайлар туғызған өтетiн жерлердегi кептелiстер;
тыйым салынған багажды, жүк-багажды және/немесе қауiптi жүктi тасымалдау салдарынан химиялық улану ықтималы;
тасымалдау кезiнде багаждың, жүктердiң, жүк-багаждың және пошта жөнелтiмдерiнiң бұзылу жағдайындағы олардың құндылықтарын жоғалту ықтималы.
4. Осы Техникалық регламенттiң техникалық реттеу объектiлерiн сәйкестендiру темiр жол саласындағы қызметiн жүзеге асыратын тасымалдаушылар, жолаушылар, ұйымдар, жүк жөнелтушiлер, жүк алушылар арасындағы қатынастарды реттеу кезiнде ұсынылған құжаттамаға сәйкес және көзбен шолып жүзеге асырылады.

2. Терминдер мен анықтамалар

5. Осы Техникалық регламентте мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) авария - белгiлi бiр аумақтағы объектiде адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төндiретiн және ғимараттардың, құрылыстардың, жабдықтың және көлiк құралдарының қирауына, өндiрiстiк және көлiктiк процестiң бұзылуына, сондай-ақ қоршаған табиғи ортаға зиян келтiруге әкелетiн қауiптi техногендiк оқиға;
2) жөндеу - бұйымдардың жарамдылығын немесе жұмысқа қабiлеттiлiгiн қалпына келтiру және бұйымдардың немесе олардың құрамдас бөлiктерiнiң ресурстарын қалпына келтiру бойынша операциялардың кешенi;
3) жолаушылар поезының қызмет көрсетушi персоналы - поезд бастығы, поездық электр механиктерi, вагондардың жолсерiктерi, вагон-ресторанның директоры және қызмет көрсетушi персоналы; пошталық вагондардың қызмет көрсетушi персоналы - вагон бастықтары, жолсерiк - пошталық вагондардың электр монтерi; сондай-ақ қызметтiк-техникалық вагондарға, жолаушылар вагондарының негiзiнде жабдықталған арнайы мақсаттағы вагондарға қызмет көрсетуге рұқсат етiлген тұлғалар;
4) куәландыру - қараулар, өлшеулер, жұмыс iстеу барысында сынау және тексерулер, сондай-ақ белгiленуiн және таңбалануын тексеру;
5) қауiптi жүк - өздерiне тән қасиеттерiне қарай көлiк процесiнде адамдардың және жануарлардың өлiмiне, жарақаттануына, улануына, сәулеленуiне, ауруға шалдығуына, сондай-ақ жарылысқа, өртке, құрылыстардың, көлiк құралдарының бүлiнуiне әкелуi мүмкiн заттар, материалдар және бұйымдар;
6) сенiмдiлiк - объектiнiң берiлген режимдерде және қолдану, техникалық қызмет көрсету, сақтау және тасымалдау жағдайларында талап етiлетiн функцияларды орындау қабiлетiн сипаттайтын барлық параметрлердiң мәнiн белгiленген шектердегi уақытта сақтау қасиетi;
7) санитарлық қорытынды - мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын объектiнiң, көлiк құралының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарына сәйкестiгiн растайтын, оларды пайдалануға немесе қолдануға құқық беретiн құжат;
8) техникалық қызмет көрсету - бұйымның мақсатқа сай пайдаланылуы, күту, сақталу және тасымалдау кезiнде жұмыс iстеу қабiлеттiлiгiн және жарамдылығын ұстау бойынша операция немесе операциялар кешенi.

3. Тасымалдауға қойылатын жалпы қауiпсiздiк талаптары

6. Тасымалдар кезiнде мынадай қауiпсiздiк талаптары қамтамасыз етiлуi тиiс:
жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және пошта жөнелтiмдерiн тасымалдау қауiпсiздiгi;
жүктердi тасымалдау қауiпсiздiгi;
өрт қауiпсiздiгi;
химиялық қауiпсiздiк;
санитарлық-эпидемиологиялық қауiпсiздiк;
экологиялық қауiпсiздiк.
7. Поездарға мыналарды тiркеуге және жол жүруге жiберуге жол берiлмейдi:
қозғалыс қауiпсiздiгiне қауiп төндiретiн және тасымалданатын жүктердiң сақталуын қамтамасыз етпейтiн жарамсыз вагондар;
жүккөтергiштiгiнен артық тиелген вагондар;
ашық жылжымалы құрамда жүктердi тиеу мен бекiтудiң техникалық шарттарын бұзумен жүк тиелген платформалар және ашық вагондар;
шанақтың қисаюын немесе вагонның жақтауы мен шанағының жүру бөлiктерiне соғылуын туындататын отырған серiппегiштерi бар вагондар, сондай-ақ табақтарының жұлыну қаупi бар жабыны ақаулы вагондар;
рельстен шығып кеткен немесе қираған поезда болған, оларды тексерiп, қозғалыс үшiн жарамды деп танығанға дейiнгi вагондар;
ерекше құжаттар бойынша жүретiн вагондарды қоспағанда, жөндеудiң белгiленген түрлерiнiң жүргiзiлуi туралы трафаретi жоқ вагондар (өз бiлiктерiндегi жүк сияқты);
егер осындай вагондардың жүретiнi туралы ерекше нұсқаулар берiлмесе, габариттi емес жүктерi бар платформалар, транспортерлер және ашық вагондар;
борттары жабылмаған және бекiтiлмеген платформалар, бункерлерi бекiтiлмеген вагондар, цистерналар, хопперлер, астық тасығыштар, цемент тасығыштар және үстiңгi және астыңғы тиеу-түсiру құрылғыларының қақпақтары ашық осындай жылжымалы құрам;
есiктерi мен люктерi ашық және жапқыш тетiгi бiр салмамен жабылған ашық вагондар;
ашық және есiктерi есiктiк салмаларымен жабылмаған бос жабық вагондар, сырғанау шеңберi бойынша доңғалақ жұптары битумнан тазаланбаған мұнай-битум тасымалдауға арналған вагондар.
8. Тасымалдау процесi кезiнде поездардағы өрт қауiпсiздiгi өртке қарсы алдын ала сақтандыру жұмыстарын жүргiзумен және жылжымалы құрамның поездарында өрт туындаған жағдайда оны сөндiрумен қамтамасыз етiледi.
9. Техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстары жүргiзiлгеннен кейiн бастапқы өрт сөндiру құралдарының толық жиынтығы жоқ, өрт сөндiру қондырғылары жарамсыз немесе толтырылмаған, өрт сигнализациясы ақаулы, сондай-ақ авариялық шығулары мен түтiн шығару жүйелерi ақаулы жылжымалы құрамды пайдалануға тыйым салынады.
10. Жылжымалы құрамның жүру жолында темiр жол жылжымалы құрамының кернеулi және электр тогымен зақымдалу көзi болуы мүмкiн электр жабдығының қорғалмаған (оқшауланбаған) бөлiктерiне қызмет көрсету персоналы мен жолаушылардың қол жеткiзуiнiң алдын алынуы тиiс.
11. Жүру жолында вагонда техникалық ақауларды анықтау кезiнде ақаулы вагонды жүру жолынан жақын арадағы техникалық қызмет көрсету пунктiне дейiн ағытусыз (жолаушылар вагонын 100 км/сағ. жоғары емес жылдамдықпен) жеткiзуге рұқсат етiледi.

4. Жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және пошта жөнелтiмдерiн
тасымалдау қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар

12. Поездарға электр-пневматикалық тежегiшiнiң, жылытудың, электр жабдығының, желдетудiң ақаулығы және жолаушылар тасымалдаудың қауiпсiз жағдайларын бұзатын басқа да ақаулықтары бар жолаушылар вагондарын, сондай-ақ жолаушылар поезы бастығының (бригадир-механиктiң) локомотив машинисiмен радиобайланысының ақаулығы бар радиокупелi (штабтық) жолаушылар вагондарын қосуға рұқсат етiлмейдi.
13. Алыс және жергiлiктi қатынастағы жолаушылар поездарына қызметтiк-техникалық мақсаттағы тұтас метал емес вагондарды тiркеуге рұқсат етiледi.
14. Басқа құрылымды және типтi жылжымалы құрам қосылған жолаушылар және пошта-багаж поездарының қозғалыс жылдамдығы осы жылжымалы құрам үшiн белгiленген жылдамдықтардан аспауы тиiс.
15. Жолаушылар, багаж, жүк-багажды және пошта жөнелтiмдерiн тасымалдау үшiн жолаушылар поездарында қызмет көрсетуге арналған перспективалық локомотивтердiң неғұрлым жоғары конструкциялық жылдамдықтарымен қауiпсiз және бiркелкi қозғалысты қамтамасыз ететiн вагондар жiберiледi.
16. Жылжымалы құрамның жолаушылар вагондарында жолаушылар мен қызмет көрсету персоналының мүмкiн болатын қозғалуы аймағында (бас, аяқ, дене деңгейiнде) оларды жарақаттауы мүмкiн конструкция мен жабдық элементтерi болмауы тиiс.
17. Жолаушылар вагондарында, дизель поездары және электр поездары вагондарында жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және пошта жөнелтiмдерiн темiр жол көлiгiмен тасымалдау кезiнде өту орындарын, тамбурлар мен шығу орындарын заттармен қамалауға жол берiлмейдi.
18. Жолаушылардың пайдалануына арналған кез келген құрылғы жолаушылардың денсаулығы мен қауiпсiздiгiне залал келтiрмей, осы құрылғының қауiпсiз жұмысын қамтамасыз етуi тиiс.
19. Жолаушылар үшiн қауiп болған жағдайда қызмет көрсету персоналына поезд бастығын және/немесе машинисттi осы қауiп туралы хабардар етуге, сондай-ақ ерекше қажеттiлiк кезiнде поезды тежеуге және/немесе есiк ашуға мүмкiндiк беретiн құрылғылар көзделуi тиiс.
20. Жолаушылар вагондарында тоқтатқыш кран тамбурларда, вагондардың iшiнде орнатылады және пломбаланады.
21. Вагондарды жөндеу кезiнде қолданылатын конструкциялық элементтер мен материалдар, сондай-ақ өртке қарсы қорғаныш жүйесi өрт қауiпсiздiгi талаптарына сәйкес келулерi тиiс және тұтану жағдайында от пен түтiннiң пайда болуын, таралуын және әсер етуiн шектеудi қамтамасыз етуi тиiс.
Өрт жағдайында материалдар зиянды және қауiптi түтiндердiң, бу мен газдардың шығарындыларын шектеулерi тиiс.
22. Жолаушылар поезының вагондарында жолаушылардың химиялық улануы және багажды, жүк-багажды және пошта женелтiмдерiн тасымалдаудың қауiпсiз жағдайларына қатер төндiруi мүмкiн нәрселердi, заттарды немесе басқа да материалдар мен бұйымдарды (жеңiлтұтанғыш сұйықтықтар, газдар, жарылғыш және улы заттар) тасуға жол берiлмейдi.
23. Багажбен, жүк-багажбен тасымалдауға өздерiнiң мөлшерi, орамасы, қасиеттерi бойынша багаж вагонына қиындықсыз тиелуi және орналастырылуы мүмкiн және тасымалдаушының мүлкiне, пошта жөнелтiмдерiне және басқа да жолаушылардың багажына, жүк-багажына зиян келтiрмейтiн заттар мен нәрселер қабылданады.
24. Жолаушылар поездарының вагондарында олардың жүру жолында мыналарға жол берiлмейдi:
токтың вагон корпусына жылыстауы бар вагонды пайдалану;
ақаулы электр жабдығын, жарықтандыру желiсiн, қыздыру аспаптарын пайдалану, сондай-ақ жұмыс iстеп тұрған электр жабдығын қараусыз қалдыру;
жанып кеткен электр шамдарын қуаттылығы жасаушы зауытта және схемада белгiленген қуаттылықтан жоғары басқа шамдармен ауыстыру;
осы тiзбек үшiн белгiленген номиналға сәйкес келмейтiн сақтандырғыштарды орнату;
аккумуляторлық батареяларды вагон жасаушы зауыттың үйлестiрiлген стандарттарында немесе нұсқаулығында белгiленбеген тәсiлмен зарядтау;
вагон жасаушы зауыттың схемасы мен нұсқаулығында көзделмеген қыздыру аспаптары мен басқа да электр аспаптарын қосу;
электр аппаратурасы бар қуыстарда бөгде заттарды сақтау, жанғыш материалдарды жылыту аспаптарына, электр жарықтандырғыштарына жақын сақтау;
жүру жолында вагондардағы тұрақтандырғыштардың қаптамаларын ашу және жөндеу мен ретке келтiрудi жүргiзу;
бұл ретте өлшеу құралдарын (вольтметрдегi, амперметрдегi көрсеткiштердi) тиiстi бақылаусыз вагонның ток тұтынғыштарын қосу;
желдетудiң жұмыс iстемеуi кезiнде электр калориферлердi қосу және олардың дистанциялық термометрдiң көрсеткiшi бойынша 28оС жоғары жол берiлетiн температурадан астам қызуына жол беру;
тоғы жоқ розеткалармен және сақтау қораптарымен сақтандырылмаған вагонаралық электр қосылыстарын (штепсельдердi, бастиектердi және басқаларды) пайдалану;
жарамсыз аккумуляторлық батареяларды пайдалану (қысқа түйiскен элементтерi, икемдi түйiспенiң немесе сымның 20% артық үзiлуi болған кезде, сақтандырғыштардың қақпақсыз немесе ашық қораптары, электролиттiң тығыздығы мен деңгейi сәйкес келмейтiн бұзылған немесе электролит құйылып кеткен тыстары).
25. Адамдарды, жануарларды, қауiптi және аса қауiптi жүктердi санитарлық-эпидемиологиялық қауiпсiздiк талаптарын сақтамай тасымалдауға жол берiлмейдi.

5. Жүктердi тасымалдау қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар

26. Жүктердi тасымалдау тек өз құрылысы, мақсаты және техникалық жай-күйi бойынша қауiпсiз және нақты жүктi сақтаулы тасымалдау үшiн арналған жылжымалы құраммен жүзеге асырылады.
27. Ашық жылжымалы құрамда тасымалданатын жүк (орау және бекiтудi ескергенде) тиеу габаритi шегiнде орналасуы тиiс.
28. Станциялар шегiнде габариттiк емес жүктерi бар поездар арнайы бөлiнген және техникалық басқару актiлерiнде көрсетiлген жолдар бойынша ғана өткiзiлуi тиiс.
Бұл жолдардың осьтерi арасындағы қашықтық кемiнде 4800 мм болуы тиiс. Осы жолдардың бойында биiк платформалар болмауы тиiс, ал барлық қалған құрылыстар мен құрылғылар белгiленген габаритке сәйкес келуi тиiс.
29. Габариттiк емес жүктерi бар вагондар тiркелген поездың номерi жүктiң габариттiк емес аймағы және дәрежесiн сипаттайтын индекспен толықтырылады. Тасымалдау құжаттарына поезда габариттiк емес жүгi бар вагондардың болуы туралы белгi қойылады.
30. Жүк жөнелтушi жүктiң деңгейi мен қауiптiлiгiне қарай Техникалық регламентке қосымшаға сәйкес қауiптi жүктердi белгiлi сыныпқа, кiшi сыныпқа, санатқа және топқа жатқызады.
31. Жүк жөнелтушiлер жүктердi, сондай-ақ қауiптi жүктердi ыдыста және орамда тасымалдауға ұсынуы тиiс. Қауiптi жүктердi бүлiнген немесе тығындары ашық (жапқыш, люктер) ыдыста тасымалдауға тыйым салынады.
32. Қауiптi жүктердi апару, тиеу, түсiру (жүк түсiру) сақтау және тасымалдау қауiпсiздiгi авариялық жағдайлар және олардың зардаптарын жоюға темiр жол бөлiмшелерiнiң қажеттi құралдар мен мобильдiк бөлiмшелердiң болуымен қамтамасыз етiледi.
33. Қауiптi жүктердi тасымалдау процесi кезiнде авариялық жағдай туындаған кезде тасымалдау процесiне қатысушылар көрсетiлген бөлiмшелердiң авария болған орнына дер кезiнде жiберiлуiн қамтамасыз етедi.
34. Қағазды, пергаменттi, тольдi және басқа да тез жанғыш материалдарды қолданумен оралған қауiптi жүктердi ашық жылжымалы құраммен тасымалдауға тыйым салынады. Мұндай материалдарды механикалық бүлiнуден және атмосфералық жауын-шашыннан қорғау ретiнде қолдану қажеттiлiгi болған жағдайда, жүк көп қабатты фанерадан немесе бiр-бiрiмен тығыз жанасқан сүрленген ағаштардан жасалған тығыз жәшiктерге салынуы тиiс.
35. Бақылау рамасымен келе жатқан жүктi тиiстi бiлiктiлiгi бар жол қашықтығының тәжiрибелi жұмыскерi алып жүруi тиiс.
36. Арнайы температуралық режимi сақталатын жүктер тек рефрижераторлық вагондармен тасымалдануы тиiс.
37. Бұрын қауiптi жүктер тасымалданған көлiк құралдарымен тағам өнiмдерiн тасымалдауға жол берiлмейдi.
38. Тағам өнiмдерiн тағамдық емес өнiмдермен бiрге тасымалдауға тыйым салынады. Бiр вагонда, контейнерде тағам өнiмдерiнiң әрбiр түрлерiн бiрге тасымалдау, оларды тасымалдауға бiрдей шарттары мен қызмет көрсету әдiсi бар темiр жол көлiгiндегi мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарымен келiсiм бойынша азық-түлiктердiң иiсiн бөлмейтiн және қабылдамайтын тағамдарға ғана қатысты рұқсат етiледi.
39. Темiр жолдар бойынша ерекше талаптармен вагон-цистерналарға және бункерлiк жартылай вагондарға құйылған сұйық жүктердi, оңай жанғыш жүктердi және басқаларды тасымалдауға жол берiледi.
40. Жүктердi ерекше талаптармен тасымалдауды ресiмдеу тәртiбi Қазақстан Республикасының темiр жол көлiгi саласындағы заңнамасында белгiленген сәйкес цистерна-вагондарда және бункерлiк жартылай вагондарға құйылған сұйық жүктердi тасымалдау ережесiмен, оңай жанғыш жүктердi тасымалдау ережесiмен белгiленедi.
41.Қауiптi жүктерден басқа сұйық жүктердi алғашқы сынбайтын ыдыстағы контейнерлерде (күбiлер, бидондар, канистралар, пластик ыдыстар), сондай-ақ көлемi 3 л аспайтын ұсақ шыны ыдыстарға бөлiп, қораптарға, орамдық торға және басқа да жеңiл орамға салып тасымалдауға жол берiледi. Ыдыс көрсетiлген сұйық жүктi тасымалдауға арналған болуы тиiс.
42. Ашық жылжымалы құрамда жүктердi орналастыру және бекiту тасымалдау кезiнде жүктердiң жылжып кетуiн және бүлiнуiн болдырмауы тиiс.
43. Вагондарда жүктердi орналастыру шарттары: бекiту деректемелерiн есепке алғандағы жүктiң массасы вагонның трафареттiк жүк көтергiштiгiнен аспауы тиiс. Жүк ауырлығының жалпы ортасынан вагонның көлденең және тiк осьтерiне қатысты ауытқуы, сондай-ақ вагон шанағының элементтерiне жүктемесi рұқсат етiлген мәндерден аспауы тиiс.
44. Сыртқы орамы қағаздан, пергаминнен және басқа да оңай жанғыш материалдардан болатын жүктердi ашық жылжымалы құрамда тасымалдауға жол берiлмейдi.
45. Контейнерлерде иiсi нашар, контейнердiң iшкi бетiн былғайтын жүктердi, тасымалданғаннан кейiн контейнердi жуу және дезинфекциялау талап етiлетiн жүктердi тасымалдауға жол берiлмейдi.
46. Радиациялық фактор бойынша нормаланатын жүктердi тасымалдағаннан кейiн барлық көлiк құралдары олардың одан кейiнгi пайдалануға қарамастан радиациялық бақылаудан өтуi тиiс.
47. Жүктердi және контейнерлердi вагондарға тиеумен және олардан түсiрумен байланысты операцияларды орындау үшiн жалпы пайдалануға арналған орындарда вагондарды, контейнерлердi үздiксiз, сақтай отырып өңдеуге, жүктердiң сақталуын қамтамасыз етуге арналған тиiстi түрде жабдықталған құрылыстар мен қондырғылар болуы тиiс, сондай-ақ олар қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнаманың талаптарына жауап беруi тиiс. Бұл операцияларды тиеп-түсiру машиналары және жабдықтары жүзеге асырады.

6. Өтпелi ережелер

48. Осы Техникалық регламент алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Осы Техникалық регламенттiң қолданысқа енгiзiлу сәтiнен бастап Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын нормативтiк құқықтық актiлер оларды осы Техникалық регламентке сәйкес келтiргенге дейiн осы Техникалық регламенттiң талаптарына қайшы келмейтiн және жолаушыларды, багажды, жүктердi, жүк-багажды және пошта жөнелтiмдерiн темiр жол көлiгiмен тасымалдау кезiнде ұлттық қауiпсiздiк мүдделерiн қорғау, адам өмiрiн немесе денсаулығын және қоршаған ортаның қауiпсiздiгiн немесе оны қорғауды қамтамасыз ету мақсаттарына сәйкес келетiн бөлiгiнде ғана орындалуы тиiс.
48. Жолаушыларды, багажды, жүктердi, жүк-багажды және пошта жөнелтiмдерiн темiр жол көлiгiмен тасымалдаудың қауiпсiздiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын осы Техникалық регламент қолданысқа енгiзiлгенге дейiн қабылданған тасымалдау құжаттары оларда белгiленген мерзiмнiң аяқталуына дейiн жарамды деп есептеледi.

«Жолаушыларды,
багажды, жүктердi, жүк-багажды
және пошта жөнелтiмдерiн темiр
жол көлiгiмен тасымалдау
қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар»
техникалық регламентiне
қосымша

Қауiптi жүктердi сыныптау

1-сынып - жарылғыш материалдар (ЖМ);
2-сынып - сығымдалған, сұйытылған және қысыммен ерiтiлген газдар;
3-сынып - тезтұтанғыш сұйықтықтар (ТТС);
4-сынып - тезтұтанғыш қатты заттар (ТҚЗ);
өздiгiнен тұтанғыш заттар (ӨТ);
сумен өзара әрекет кезiнде тұтанғыш заттар бөлiп шығаратын заттар;
5-сынып - тотықтырғыш заттар (ТЗ) және органикалық пероксидтер (ОП);
6-сынып - улы заттар (УЗ) және инфекциялық заттар (ИЗ);
7-сынып - радиоактивтi материалдар (РМ);
8-сынып - жебiр және (немесе) коррозиялық заттар (КЗ);
9-сынып - басқа да қауiптi заттар.

Қауiптi заттардың кiшi сыныбы

Нөмiр

Кiшi сыныптың атауы

сыныптың

кiшi сыныптың

1

1.1

Массасының жарылу қаупi бар жарылғыш материалдар

1.2

Массасы жарылмайтын жарылғыш материалдар

1.3

Массасы жарылмайтын өрт қаупi бар жарылғыш материалдар

1.4

Елеулi қауiп келтiрмейтiн жарылғыш материалдар

1.5

Онша сезгiш емес жарылғыш материалдар

1.6

Аса төмен сезгiш бұйымдар

2

2.1

Тұтанбайтын улы емес газдар

2.2

Улы газдар

2.3

Тұтанғыш (жанғыш) газдар

2.4

Улы және тұтанғыш газдар

3

3.1

Жабық тигелдегi минус 18 оС төмен температуралық жарқ етуiмен тезтұтанғыш сұйықтық

3.2

Жабық тигелдегi кемiнде минус 18оС, бiрақ 23оС төмен температуралық жарқ етуiмен тезтұтанғыш сұйықтық

3.3

Жабық тигелдегi кемiнде минус 23оС, бiрақ 61оС аспайтын температуралық жарқ етуiмен тезтұтанғыш сұйықтық

4

4.1

Тез тұтанғыш қатты заттар

4.2

Өздiгiнен жанғыш заттар

4.3

Сумен өзара әрекет кезiнде тұтанғыш газдар бөлiп шығаратын заттар

5

5.1

Тотықтырғыш заттар

5.2

Органикалық пероксидтер

6

6.1

Улы заттар

6.2

Инфекциялық заттар

7

-

Радиоактивтi материалдар кiшi сыныптарға бөлiнбеген

8

8.1

Қышқылдық қасиетi бар жебiр және (немесе) коррозиялық заттар

8.2

Негiзгi қасиеттерге ие жебiр және (немесе) коррозиялық заттар

8.3

Әр түрлi жебiр және (немесе) коррозиялық заттар

9

9.1

1-8-сыныптарға жатқызылмаған жүктер

9.2

Үйiп су көлiгiмен тасымалдаған кезде ғана қауiп тудыратын қауiп түрлерi бар жүктер


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina