Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 4 тамыздағы № 785 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 маусымдағы № 531 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. «2010 жылға арналған мемлекеттiк кепiлдiкпен мемлекеттiк емес қарыздардың қаражаты есебiнен қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалардың тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 7 маусымдағы № 531 қаулысына мынадай толықтыру енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекiтiлген 2010 жылға арналған мемлекеттiк кепiлдiкпен мемлекеттiк емес қарыздар қаражаты есебiнен қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалардың тiзбесi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 2-жолмен толықтырылсын: « 2 | «Алматы қаласының электр көлiгiн дамыту» жобасын iске асыру | 8 137 700 | 2009 - 2012 | 5 400 000 | «Алматы электр көлiгi» коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорны | ». 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиiс. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi К. Мәсiмов
|