ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Постановления  »  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Постановления

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 шілдедегі N 769 Қаулысы
"Қозғалыс дабылының, бөгеуінің, байланысының және оны ақпараттандырудың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы

«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған «Қозғалыс дабылының, бөгеуiнiң, байланысының және оны ақпараттандырудың қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар» техникалық регламентi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2010 жылғы 31 шiлдедегi
№ 769 қаулысымен
бекiтiлдi

«Қозғалыс дабылының, бөгеуiнiң, байланысының және оны ақпараттандырудың қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар» техникалық регламентi

1. Қолданылу саласы

1. Осы «Қозғалыс дабылының, бөгеуiнiң, байланысының және оны ақпараттандырудың қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар» техникалық регламентi (бұдан әрi - Техникалық регламент) Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметiнiң бiрыңғай тауар номенклатурасындағы (КО СЭҚ БТН) тауарлар жiктемесiне сәйкес жiктемен Техникалық регламентке қосымшада келтiрiлген темiр жол көлiгi қозғалыс дабылының, бөгеуiнiң, байланысының және оны ақпараттандырудың қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар жүйелерiне, сондай-ақ олардың тiршiлiк циклiнiң процестерiне (бұдан әрi - техникалық реттеу объектiлерi) қойылатын талаптарды белгiлейдi.
2. Алшақ болу жөн болып табылатын қауiптi факторлар (тәуекелдер) мыналар болып табылады:
1) дабылдық оттар мен бағдаршамдардың көрсеткiштерi көрiнiмiнiң бұзылуы;
2) радиобайланыс кедергiлерiнiң рұқсат етiлген деңгейден асып кетуi;
3) электр тiзбегiнде кернеудiң қауiптi деңгейi мен оның адамға және қоршаған ортаға керi әсер етуiнен нұқсан келу мүмкiндiгi.
3. Қозғалыстың дабылының, орталықтандыру, бөгеу, байланыс және ақпараттандыру жүйелерiн сәйкестендiру жиынтығында тану үшiн жеткiлiктi олардың мынадай сипаттайтын белгiлерi мен параметрлерi (көрсеткiштерi) бойынша жүргiзiледi.
1) жабдықтың, құрылғылардың, аппаратураның және элементтердiң тауарға iлеспе құжаттарға (тауар-көлiктiк жүкқұжатқа, қауiптер және қауiпсiз пайдалану шарттары туралы ескерту жазбаларына немесе белгiлерiне, паспортқа, өнiмнiң сериялық нөмiрлерiне, өндiрушiнiң iлеспе құжаттамасында ұсынылған ақпаратқа) сәйкестiгi;
2) жабдықтың, құрылғылардың, аппаратураның және элементтердiң өздерiнiң техникалық сипатына, негiзгi сипаттамаларға (параметрлер мен көрсеткiштерге) сәйкестiгi және жiктеу тобына (КО СЭҚ БТН) тиiстiлiгi;
3) қозғалыс дабылының, орталықтандыру, бөгеуiнiң, байланыс және ақпараттандыру жүйелерiнiң мақсаты.

2. Терминдер мен анықтамалар

4. Техникалық регламентте «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы, «Темiр жол көлiгi туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы, «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шiлдедегi заңдарында белгiленген, сондай-ақ мынадай терминдер мен анықтамалар пайданылады:
1) авария - белгiлi бiр аумақтың объектiсiнде адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төндiретiн және ғимараттардың, құрылыстардың, жабдықтың және көлiк құралдарының бұзылуына, өндiрiстiк және көлiктiк процестiң бұзылуына, сондай-ақ қоршаған табиғи ортаға залал келтiруге әкелетiн қауiптi техногендiк оқиға;
2) автоматты локомотивтiк дабыл (АЛД) - поездардың қозғалысы аралықта локомотивтiк бағдаршамдардың дабыл бойынша жүзеге асырылатын, ал бөлек пункттер ретiнде блок-учаскелердiң белгiленген шекаралары болып табылатын дабыл мен байланыстың дербес жүйесi;
3) блок-учаске - дербес дабыл құралы ретiнде қолданылатын, өтпелiк бағдаршамдармен (блок-учаскелердiң шекараларымен) немесе өтпелiк бағдаршаммен (блок-учаске шекарасымен) және станциямен шектелген автобөгеу кезiндегi немесе автоматты локомотивтiк дабыл кезiндегi станцияаралық аралықтың бөлiгi;
4) бағдаршамдардың дабылдық оттары - қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге арналған, сондай-ақ поездардың қозғалысын және маневрлiк жұмысты нақты ұйымдастыруға арналған дабылдар;
5) диспетчерлiк орталықтандыру - темiр жол учаскелерiндегi дабыл және бөгеу жүйесi;
6) жөндеу - жүйенiң, кiшi жүйенiң немесе жабдықтың, құрылғының, аппаратураның бақыланатын бiрлiгiнiң қажеттi жай-күйiн қалпына келтiру бойынша iс-шаралар;
7) қозғалыстың дабыл, орталықтандыру, бөгеу, байланыс және ақпараттандыру жүйесiнiң элементi - негiзгi немесе базалық сындарлы элемент болып есептелетiн өнiмнiң бiр белiгi;
8) орталықтандыру - темiр жол станцияларындағы дабыл және бөгеу жүйесi;
9) пайдалану құжаттамасы - техникалық реттеу объектiсiнiң жобалаушысы, дайындаушысы, пайдаланушысы нысаналы мақсаты бойынша қауiпсiз қолдануды қамтамасыз ету мақсатында әзiрлеген құжаттардың жиынтығы (өнiмге арналған жобалық құжаттар, монтаждау мен құрастыру бойынша нұсқаулықтар, қағидалар, сипаттамалар, сызбалар, схемалар, технологиялық карталар, жабдыққа, құрылғыға, аппаратураға және элементтерге арналған паспорттар және сәйкестiк сертификаттары және т.б.);
10) дабыл, орталықтандыру, бөгелту (ДОБ) жүйелерi - мыналарды қамтитын жүйелер: механикалық дабыл жабдығы, темiр жолдар үшiн қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге немесе қозғалысты бақылауға арналған құрылғылар, бағдаршамдар, бағдаршалдар, механикалық дабылдық дискiлер, өтпе жолдарға арналған тетiктер, дабылдар мен бағыттауышты басқару тетiктерi, бағыттауыш бақылау құлыптары, дөңестiк баяулатқыштар (бұдан әрi - жабдық); электр дабыл құрылғылары, темiр жолдар үшiн қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге және/немесе қозғалысты бақылауға арналған құрылғылар, тоннельдiк немесе көпiрлiк дабылының құрылғылары (бұдан әрi - құрылғы); дабылының, орталықтандыру, бөгеу аппаратурасы (электрмагниттiк реле, реле блоктары, трансформаторлар, түзеткiштер, қайта түрлендiргiштер, қорғау аспаптары); автоматты локомотивтiк дабылының аппаратурасы (дешифраторлар, күшейткiштер, сүзгiштер); тональды рельстiк тiзбектер аппаратурасы (генераторлар, қабылдағыштар, сүзгiштер) (бұдан әрi - аппаратура); станцияларда олар үшiн белгiленген маршруттар бойынша поездардың және маневрлiк құрамдардың қауiпсiз қозғалысын және поездардың аралықтарда интервалды айырылуын қамтамасыз ететiн олардың қүрамдас бөлiктерi және жинақтаушы бұйымдары (бұдан әрi - элементтер);
11) ұдайы жанып тұратын сигнал оттары - жылжымалы құрамның қозғалысына және тәулiктегi уақытқа қарамастан тұрақты жанып тұрған бағдаршамның дабыл оттары;
12) ұдайы жанып тұрмайтын дабыл оттары - жылжымалы құрам болмаған уақытта өшiрулi тұратын бағдаршамның дабыл оттары.

3. Қазақстан Республикасының нарығында қозғалыстың дабылының, бөгеуiнiң, байланысының және ақпараттандыру жүйелерi айналымының шарттары

5. Қозғалыстың дабылының, орталықтандыру, бөгеуiнiң, байланыс және ақпараттандыру жүйелерi, егер олар осы Техникалық регламенттiң, Қазақстан Республикасының темiр жол көлiгi, өнеркәсiп және өрт қауiпсiздiгi, байланыс саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келмесе және адам өмiрiне, денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтiруi мүмкiн болса, нарықта айналымға шығарылмайды.
6. Дайындаушы жеткiзетiн әрбiр жабдық, құрылғы, аппаратура және қозғалыстың дабылының, орталықтандыру, бөгеуiнiң, байланыс және ақпараттандыру жүйелерi элементтерiнiң таңбасы және пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде пайдалану құжаттамасы болуы тиiс.
Пайдалану құжаттамасы мынадай ақпаратты қамтиды:
1) қозғалыстың дабылының, орталықтандыру, бөгеуiнiң, байланыс және ақпараттандыру жүйелерiн штаттық пайдалану, пайдалану кезiнде сақталуы қажет қауiпсiздiктi қамтамасыз ету шаралары бойынша нұсқаулар (пайдалануға берудi, мақсаты бойынша пайдалануды, техникалық қызмет көрсетудi, жөндеудiң барлық түрлерiн, қорғаныш құралдарын, тасымалдау мен сақтауды қоса алғанда);
2) қызмет мерзiмiнiң белгiленген көрсеткiштерi немесе белгiленген ресурс;
3) сындарлы iстен шығудың, персоналдың аварияларға әкеп соқтыруы мүмкiн қателерiнiң, көрсетiлген қателердi болдырмайтын iс-қимылдардың тiзбесi;
4) шектiк жағдайлардың өлшемдерi.

4. Қозғалыстың дабылының, бөгеуiнiң, байланыс және ақпараттандыру жүйелерiне қойылатын жалпы қауiпсiздiк талаптары

7. Қозғалыстың дабылының, орталықтандыру, бөгеуiнiң және ақпараттандыру қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi жалпы талаптар мыналар болып табылады:
1) сенiмдi, мақсаты бойынша сәйкес келетiн және осы Техникалық регламенттiң талаптарына сәйкес қолданудың берiлген режимдерi мен шарттарында талап етiлетiн функцияларды орындауға қабiлеттiлiгiн сипаттайтын барлық параметрлердi белгiленген мәннiң шегiндегi уақыт iшiнде сақтауға қабiлеттi қозғалыстың дабылының, орталықтандыру, бөгеуiнiң, ақпараттандыру жүйелерiн пайдалану;
2) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу, өнеркәсiптiк қауiпсiздiк, өрт қауiпсiздiгi саласындағы, өлшемдер бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келетiн қозғалыстың дабылының, орталықтандыру, бөгеуiнiң, байланыс және ақпараттандыру жүйелерiнiң механикалық және климаттық әсерлерге төзiмдi құрылғыларын, аппараттарын, элементтерiн және жинақтаушы бұйымдарын пайдалану;
3) бөгде адамдарды диспетчерлiк басқару орталықтарынан (ДО) поездардың қозғалысын және тасымалдау процесiн басқаруға қатысатын қызметкерлердiң сөйлесулерiн, сондай-ақ поездардың қозғалысын қамтамасыз ететiн құрылғыларды техникалық ұстау және қызмет көрсету бойынша қызметкерлердiң сөйлесулерiн қамтамасыз ететiн байланыс құралдарына жiбермеу;
4) дабылдар көрсеткiштерiнiң айқын көрiнiмiн және радиобайланыстың жақсы естiлуiн қамтамасыз ету.
Мыналардың:
бағдаршамдардың және маршруттық нұсқағыштардың
бағыттауыш нұсқағыштардың, тастау құрылғыларының, жол қалқасының және станциялардағы гидравликалық бағаналар нұсқағыштарының
локомотив, вагон, жол және басқа да шаруашылықтардың жолдарындағы дабылдық аспаптардың уақтылы және үздiксiз жарықтандырылуы қамтамасыз етiлуi тиiс.

4.1. Дабылының жүйесiне қойылатын қауiпсiздiк талаптары

8. Тұрақты дабылдық аспаптар ретiнде бағдаршамдар қолданылады.
9. Поездардың қозғалысы және маневрлiк жұмыс кезiндегi қауiпсiздiк мынадай белгiленген дабылдық түстердi қолданумен қамтамасыз етiледi:
жасыл, қозғалысқа белгiленген жылдамдықта рұқсат етедi;
сары, қозғалысқа рұқсат етедi және жылдамдықты азайтуды талап етедi;
қызыл, тоқтауды талап етедi.
Мынадай түстердi пайдалануға жол берiледi:
айдай ақ - маневрлерге рүқсат етедi;
көк - маневрлерге тыйым салады.
10. Ұдайы жанып тұратын дабыл оттары бар бағдаршамдар қолданылады. Автобөгеу желiлерiнде олардың алдарындағы блок-учаскеге поезд кiрген кезде жанатын өтпелiк бағдаршамдарда ұдайы жанып тұрмайтын дабылдық оттарды қолдануға рұқсат етiледi.
11. Жолдың тiкелей учаскелерiндегi кiреберiстiк, ескерту, өтпелiк, қалқалау және жауып қою бағдаршамдарының дабылдық оттары күндiз де, түнде де жақындап келе жатқан поездың локомотивтi басқару кабинасынан кемiнде 1000 м қашықтықта айқын көрiнудi қамтамасыз етуi тиiс.
12. Жолдың қисық учаскелерiнде бұл бағдаршамдардың көрсеткiштерi, сондай-ақ бағдаршамдардағы дабылдық жолақтар кемiнде 400 м қашықтықта айқын көрiнуi тиiс. Қатты қиғашталған жерде (таулар, терең ойықтар) аталған бағдаршамдар көрсеткiштерiнiң 400 м-ден аз, бiрақ кемiнде 200 м қашықтықта көрiнуiне рұқсат етiледi.
13. Басты жолдардың шығу және маршруттық бағдаршамдарының көрсеткiштерi кемiнде 400 м қашықтықта айқын көрiнуi тиiс, бүйiрлiк жолдардың шығу және маршруттық бағдаршамдарының, сондай-ақ шақыру сигналдары мен маневрлiк бағдаршамдардың көрсеткiштерi кемiнде 200 м қашықтықтан айқын көрiнуi тиiс.
14. Локомотивтердегi, мотор-вагонды поездағы және арнайы жылжымалы құрамдағы автоматты локомотивтiк дабылының нақты белгiленген қозғалыс жылдамдықтарын, поездың өздiгiнен кетуiн және машинистiң қырағылығын кезеңдi тексерудi бақылауды қамтамасыз ететiн қауiпсiздiк құрылғыларымен толықтырылуы тиiс. Машинистiң локомотивтi, мотор-вагонды поезды, арнайы жылжымалы құрамды, ал дрезинаны - дрезина жүргiзушiсiнiң басқару қабiлетiн жоғалтуы кезiнде көрсетiлген құрылғылар тыйым салатын көрсеткiшi бар жол бағдаршамының алдында поездың автоматты тоқтауын қамтамасыз етуi тиiс.
15. Автоматты локомотивтiк дабылының кезiнде локомотивтiк бағдаршамдар поезд оларға қарай жақындап келе жатқан жол бағдаршамдарының көрсеткiштерiне сәйкес келетiн көрсеткiштердi көрсетуi тиiс.
Тек қана локомотивтiк бағдаршамдардың көрсеткiштерi бойынша қозғалыс кезiнде бұл бағдаршамдар алдында жатқан блок-учаскелердiң бос еместiгiне немесе бос болуына қарай көрсеткiштердi беруi тиiс.
16. Локомотивтiк бағдаршамдар локомотивтi, мотор-вагонды поезды, арнайы өздiгiнен жүретiн құрамды басқару кабинасына орнатылады және тiкелей машинистке немесе оның көмекшiсiне немесе дрезина жүргiзушiсiне және оның көмекшiсiне дабыл көрсеткештерiн бередi.
17. Автоматты өтпелi сигнал беру поездың темiр жол өтпесiне жақындауына дейiн темiр жол өтпесiн көлiк құралдарынан алдын ала босату үшiн қажеттi уақытқа автомобиль жолы жағына қарай тоқтау дабылының қамтамасыз етуi тиiс, ал автоматты шлагбаумдар жабылуға тиiс.
18. Автоматты өтпелi сигнал беру поездың темiр жол өтпесiн толық босатқанға дейiн жұмыс iстеп тұруы, ал автоматты шлагбаумдар жабық түрде болуы тиiс.

4.2. Бөгеуiнiң жүйесiне қойылатын қауiпсiздiк талаптары

19. Автоматты блоктау автоматты локомотивтiк дабылыныңмен және диспетчерлiк бақылау құрылғыларымен, ал жартылай автоматталған бөгеуiнiң - автоматты локомотивтiк сигнал берумен толықтырылуы тиiс.
20. Станциялық бөгеуiнiң мыналарды қамтамасыз етуi тиiс:
станция бойынша кезекшi тарапынан бекеттердiң поездарды қабылдау және жөнелту маршруттарын және станцияiшiлiк маршруттарды дұрыс дайындауын бақылауды;
әр түрлi бекеттерден басқарылатын бағыттауыштар мен дабылдардың өзара түйiсуiн.
21. Электрлiк орталықтандыру құрылғылары мыналарды қамтамасыз етуi тиiс:
бағыттауыштар мен бағдаршамдардың өзара түйiсуiн;
осы маршрутты қоршайтын бағдаршамның бiр уақытта жабылуымен бағыттауышың кiруiн бақылау;
басқару аппаратында бағыттауыштардың орнын және жолдар мен бағыттауыш секцияларының бос еместiгiн бақылау;
бағыттауыштар мен бағдаршамдарды маршруттық немесе бөлек басқару мүмкiндiгi;
маневрлiк бағдаршамдардың көрсеткiштерi бойынша маневрлiк қозғалысты iске асыру, қажет болған жағдайда бағыттауыштарды жергiлiктi басқаруға тапсыру.
22. Электрлiк орталықтандыру құрылғылары:
бос емес жолға қойылған маршрут кезiнде кiреберiс бағдаршамының ашылуына;
жылжымалы құрамның астында бағыттауышы ауыстыруға;
егер бағыттауыштар тиiстi күйге қойылмаған кезде осы маршрутқа сәйкес бағдаршамдардың ашылуына;
белгiленген маршрутты қоршайтын ашық бағдаршам кезiнде қарсы маршрут бағдаршамының ашылуына немесе маршрутқа кiретiн бағыттауышы ауыстыруға жол бермеуi тиiс.
23. Диспетчерлiк орталықтандыру құрылғылары:
бiр пункттен бiрқатар станциялар мен аралықтардың бағыттауыштары мен бағдаршамдарын басқаруды;
басқару аппаратында станциялар мен оларға жанасқан блок-учаскелердегi бағыттауыштардың орналасуы мен бос еместiгiн, аралықтардың, жолдардың бос еместiгiн, сондай-ақ кiреберiс, маршруттық және шығу бағдаршамдардың көрсеткiштерiн бақылауды;
поездарды қабылдау, жөнелту және маневрларды орындау бойынша бағыттауыштар мен бағдаршамдарды резервтiк басқаруға станцияларды беру немесе маневрларды орындау үшiн бағыттауыштарды жергiлiктi басқаруға беру мүмкiндiгiн;
поездардың орындалған қозғалыс кестесiн автоматты жазуды;
электр дабылының, автоматтық бөгелтуге, дербес дабылының құралы ретiнде қолданылатын автоматты локомотивтiк дабылының және поездың толық құрамда келуiн автоматты бақылауы бар жартылай автоматты блоктауға қойылатын талаптарды орындауды қамтамасыз етуi тиiс.
24. Диспетчерлiк орталықтандыру жүйелерi блок-учаскелердiң жалған бос болмауы кезiнде поезд диспетчерiнiң қозғалыс бағытын өзгерту мүмкiндiгiн және өтпелi дабылының дұрыс жұмыс iстеуiн бақылауды қамтамасыз етуi тиiс.
25. Жақын орналасқан станциялардың бағыттауыштары мен бағдаршамдарын телебасқару құрылғылары диспетчерлiк дабылының құрылғыларына қойылатын талаптардың орындалуын қамтамасыз етуi тиiс.
26. Дөңес орталықтандыру мыналарды қамтамасыз етуi тиiс:
бағыттауыштарды жеке басқару;
құрамды тарату жүргiзiлетiн барлық бағыттас бағыттауыштарды, сондай-ақ жылжымалы құрамның тарату аймағына шығуына жол бермейтiн қорғау бағыттауыштарын электрлi түйiстiру;
басқару тетiгiнде бағыттауыштардың орналасуын және бағыттауыш секцияларының бос еместiгiн бақылау.
27. Дөңес орталықтандыру жылжымалы құрамның астында бағыттауышы ауыстыруға жол бермеуi тиiс.
28. Бағыттауыштарды дөңес автоматтандырылған орталықтандыру мыналарды қамтамасыз етуi тиiс:
ағытудың бағдарламалық немесе маршруттық жұмыс режимi кезiнде жылжып кету процесiнде сорттау дөңесi бөлу аймағының бағыттауыштарын автоматты басқару;
үшкiр және рамалық рельстiң арасында бөгеттi ауыстыру сәтiнде оқшауланған бағыттауышық секцияға ағытудың болуына дейiн бағыттауышың бақыланатын жағдайына автоматты түрде қайтарылуы;
бағыттауыштарды жеке басқаруға жiберу процесi кезiнде ауысу мүмкiндiгi.

4.3. Қозғалыстың байланыс және ақпараттандыру жүйесiне қойылатын қауiпсiздiк талаптары

29. Поезд жүрiп келе жатқан кезде жылжымалы құрамның техникалық жағдайын автоматты түрде бақылайтын құралдар мыналарды қамтамасыз етуi тиiс:
алдында болатын станция бойынша кезекшiге, ал диспетчерлiк дабылыныңмен жабдықталған учаскелерде - поезд диспетчерiне поезда ақаулы жылжымалы құрамның болуы туралы және ақаудың түрi туралы ақпарат беру;
жанып тұратын нұсқағыш жолақтары арқылы поездарда ақаулы вагондардың болуы туралы ақпаратты немесе поезда ақаулы жылжымалы құрамның болуы туралы сөйлеу ақпараттандырушысының хабарламасын локомотив машинисiне беру;
алдында болатын станция бойынша кезекшiге, ал диспетчерлiк дабылыныңмен жабдықталған учаскелерде поезд диспетчерiне поезда ақаулы жылжымалы құрамның болуы және ақау түрi туралы хабар берiлгендiгiн тiркеу.
30. Автобөгеумен жабдықталған учаскелердегi поездардың қозғалысын диспетчерлiк бақылау құрылғылары белгiленген қозғалыс бағытын (бiр жолдық аралықтарда), аралық станцияларда блок-учаскелердiң, басты және қабылдау-жөнелту жолдарының бос еместiгiн, өтпелi, кiреберiсте және шығу бағдаршамдардың көрсеткiштерiн бақылауды қамтамасыз етуi тиiс.
Диспетчерлiк бақылау жүйелерi, осы тармақта аталған талаптардан басқа, сигнал беру, орталықтандыру және блоктау құрылғыларының техникалық жағдайын бақылауды қамтамасыз етуi тиiс.
31. Поездардың қарқынды қозғалысы және диспетчерлiк орталықтандыру бар темiр жол учаскелерiнде енгiзiлетiн поездық радиобайланыс жүйелерi аралықтардың ұзақтығына қарамастан, осы тармақта аталған жұмысшылардың екi жақты сенiмдi байланысын қамтамасыз етуi тиiс.
32. Станциялық радиобайланыс мынадай жүйелерде екi жақты байланысты қамтамасыз етуi тиiс: маневрлiк және дөңес радиобайланыс, станциялық технологиялық орталықтардың, вагондар мен локомотивтерге техникалық қызмет көрсету пункттерiнiң радиобайланысы, вагондарды, жүк аудандарын, контейнерлiк алаңдарды, техникалық құралдарға (дабылының, орталықтандыру және бөгеуiнiң, ақпараттандыру және байланыс, жол, жанасу жүйелерi және т.б.) қызмет көрсету және жөндеу бригадаларын, әскери (ведомстволық) қорғау бөлiмшелерiн коммерциялық қарау пунктерiнiң радиобайланысы.
33. Байланыстың екi жақты парктiк құрылғылары парк шегiнде жақсы естiлуiн қамтамасыз етуi тиiс. Бұл құрылғылар темiр жол аумағынан тыс жерде шуды азайтуға бағытталған iс-шараларды iске асыруы тиiс.
34. Поездық және маневрлiк жұмыстар туралы нұсқауларды беруге, сондай-ақ жолаушыларға ақпарат беруге қолданылатын байланыстың екi жақты парктiк құрылғылары тұрақты қосылып тұруы, байланыс арналарының үздiксiз қызметiн қамтамасыз етуi, оның қосылып тұрған жағдайын бақылауы тиiс.

5. Жобалау сатысында қозғалыс дабылының, бөгеуiнiң, байланыс және ақпараттандыру жүйелерiне қойылатын қауiпсiздiк талаптары

5.1. Жобалау кезiнде дабылына және бөгеуге қойылатын қауiпсiздiк талаптары

35. Бағдаршамдар олар арқылы берiлетiн дабылдар поездан iргелес жолдарға жататын дабыл ретiнде қабылдамайтындай етiп орналастырылуы тиiс.
36. Барлық кiреберiс және өтетiн бағдаршамдардың және жауып қойғыш бағдаршамдардың алдында ескертетiн бағдаршамдар жобалануы және орнатылуы тиiс. Автобөгеумен жабдықталған учаскелерде әрбiр өтпелi бағдаршам келесi бағдаршамға қатысты ескертушi болып табылады.
Автоматты локомотивтiк дабылының өзi жеке дабылының құралы ретiнде қолданылатын учаскелерде кiреберiс бағдаршамдарының алдында ескертетiн бағдаршамдарды орнатпауға болады.
37. Автобөгеумен жабдықталған желiлерде iргелес бағдаршамдардың арасындағы қашықтық толық қызметтiк тоқтау және барынша жоғары жылдамдықты iске асыру кезiнде бұл орын үшiн белгiленген тоқтату жолынан кем емес, бiрақ жолаушылар поездары үшiн 120 км/сағ және жүк поездары үшiн 80 км/сағ жылдамдықтан артық болмайтындай етiп жобалануы тиiс және бұдан басқа, поездың тоқтату жүйесiне автоматты локомотивтiк дабылының құрылғысына әсер ету үшiн қажет уақыт iшiнде поезд жүрiп өтетiн жолды ескере отырып, жедел тоқтату кезiндегi тоқтату жолынан кем болмауы тиiс. Бұл ретте дабылдардың көрiнуi 400 м-ден аз учаскелерде, сондай-ақ автоблоктаумен жаңадан жабдықталған желiлерде көрсетiлген арақашықтық 1000 м-ден кем болмауы тиiс.
38. Автобөгеумен жабдықталған желiлерде жеке бағдаршамдар қажеттi тоқтау жолынан кем қашықтықта жобалануы мүмкiн. Ондай бағдаршамда, сондай-ақ оған жасалған ескертетiн бағдаршамда түстiк көрсеткiштер жобалануы және орнатылуы тиiс. Станциялардағы түстiк көрсеткiштер басты жолдағы iргелес бағдаршамдардың (кiреберiс, маршруттық, шығу) арасындағы арақашықтық қажеттi тоқтау жолынан кем болған кезде қолданылады.
39. Жартылай автоматты бөгеумен жабдықталған учаскелерде кiреберiс, маршруттық, шығу бағдаршамдар арасындағы қашықтық толық қызметтiк тоқтау және ең жоғары жылдамдықты iске асыру кезiнде бұл орын үшiн белгiленген тоқтату жолынан кем емес, ал поездың тоқтату жүйесiне автоматты локомотивтiк дабылының құрылғысына әсер ету үшiн қажет уақыт iшiнде поезд жүрiп өтетiн жолды ескере отырып, жедел тоқтату кезiндегi тоқтату жолынан кем болмауы тиiс.
40. Автобөгеумен жабдықталмаған учаскелерде ескертетiн бағдаршамдар негiзгi бағдаршамдардан жедел тоқтау және ең жоғары жылдамдықты iске асыру кезiнде бұл орын үшiн белгiленген тоқтату жолынан кем емес, ал автоматты локомотивтiк дабылының жол құрылғыларының станцияға жақындаған учаскелерiнде - ең жоғары жылдамдықты iске асыру кезiнде поездың тоқтату жүйесiне автоматты локомотивтiк дабылының құрылғысына әсер ету үшiн қажет уақыт iшiнде поезд жүрiп өтетiн жолды ескере отырып, жедел тоқтату кезiндегi тоқтату жолынан кем болмауы тиiс.
41. Бағдаршамдар қозғалыс бағыты бойынша оң жақта немесе олар қоршаған жол өсiнiң үстiнде жобаланады және орнатылады. Қоршау бағдаршамдары және олардың ескерту бағдаршамдары дұрыс емес жолмен келе жатқан поездар үшiн темiр жол өтпелерi алдындағы аралықтарда қозғалыс бағытының сол жағында орналастырылуы мүмкiн.
42. Бағдаршамдарды оң жағынан орнату габариттерi болмаған мынадай жағдайларда сол жақтан орналастыруға рұқсат етiледi:
дұрыс емес жолмен келе жатқан поездарды, сондай-ақ аралықтан дұрыс емес жолмен қайтып келе жатқан итерушi локомотивтердi және шаруашылық поездарды станцияға қабылдау үшiн орнатылатын кiреберiс және олардың ескерту бағдаршамдары;
екiншi жолдарды салу кезеңiне уақытша орнатылатын кiреберiс және өтпелi бағдаршамдар.
Жекелеген станцияларда маневрлық жұмыстар технологиясының талаптарына байланысты дөңес бағдаршамдарды сол жақтан орнатуға рұқсат етiледi.
43. Кiреберiс бағдаршамдары бағытқа қарсы үшкiрден немесе бағаттас бағыттамалық бұрманың шектiк бағаншасынан есептегенде бiрiншi кiру бағыттамалық бұрмасына 50 м жақын емес қашықтықта жобалануы және орнатылуы тиiс.
Поездардың тоқтаусыз өтуi жүргiзiлетiн жолдарды қоспағанда, топтық шығу және маршруттық бағдаршамдарды жолдардың тобы үшiн орнатуға рұқсат етiледi. Топтық шығу және маршруттық бағдаршамдар поездың жөнелтiлуi рүқсат етiлетiн жолдың нөмiрi көрсетiлген маршруттық нұсқағыштармен толықтырылуы тиiс.
44. Автоматты бөгеуiнiң кезiнде өтпелi бағдаршамдар блок-учаскелер арасындағы шекарада орнатылады, ал жартылай автоматтандырылған бөгеуiнiң кезiнде бекет арасы аралықтарының шекарасында орнатылады.
Автоматты локомотивтiк дабылының өзi жеке дабыл құралы ретiнде қолданылатын учаскелерде, блок-учаскелердiң шекарасында «Блок-учаскенiң шекарасы» дабыл белгiлерi орнатылады.
Екi жолдық аралықтарда локомотивтiк бағдаршамның дабылдары бойынша дұрыс емес жолмен қозғалыс кезiнде блок-учаскенiң шекарасы дұрыс жолмен қозғалыс үшiн орнатылған автобөгеу бағдаршамы болып табылады.
45. Автоматты локомотивтiк дабылының өзi жеке дабылының құралы ретiнде қолданылатын учаскелерде екi iргелес блок-учаскелердiң ұзындығы поездың тоқтату жүйесiне автоматты локомотивтiк дабылының әсер ету үшiн қажет уақыт iшiнде поезд жүрiп өтетiн жолды ескергендегi жедел тоқтату кезiндегi тоқтату жолынан кем болмауы тиiс.
46. Станцияларда поездардың қабылдау және жөнелту маршруттарына жататын айырғыштар кiреберiс, шығатын жердегi және маршрут бағдаршамдармен өзара байланыста болуы тиiс.
Жолды бөгеуiнiң немесе электр жезлдық жүйе құрылғыларының болуы кезiнде аралықтардағы басты жолдан тарайтын бағыттауыштар ол қондырғылармен ең жақын жердегi өтпелiк немесе шығу бағдаршамын ашу немесе жезлдi алып тастау басты жолдағы бағыттауышың қалыпты жағдайында ғана мүмкiн болатындай байланыста болуы тиiс.
47. Бiр деңгейде қиылысу және желiлердiң тұтасуы, сондай-ақ айырылатын көпiрлер шектi бағандардан немесе көпiрдiң басынан тиiсiнше кемiнде 50 м қашықтықта екi жақтан орнатылған жабатын бағдаршамдармен қоршалуы тиiс.
Бiр деңгейде қиылысу және желiлердiң тұтасуы кезiнде жабатын бағдаршамдар бiреуiнiң ашылуы қарсы маршруттағы бағдаршамдардың тыйым салатын көрсеткiштерi кезiнде ғана мүмкiн болатындай өзара байланыста болуы тиiс.
Айырылатын көпiрлерде жабатын бағдаршамдардың ашылуы көпiрдiң келтiрiлген жағдайында ғана мүмкiн болуы тиiс.
48. Автоматты және жартылай автоматты бөгеуiнiң құрылғылары жылжымалы құрамның олармен қоршалған блок-учаскесiн (станцияаралық немесе бекетаралық аралықты) босатқанға дейiн шығатын жердегi немесе өтпелiк бағдаршамның ашылуына, сондай-ақ негiзгiден резерв электрмен қамтамасыз етуден немесе керi қарай ауысқанның нәтижесiнде бағдаршамның өздiгiнен жабылуына жол бермеуi тиiс.
49. Автоматты бөгеуiнiң кезiнде өтпелiк бағдаршамдар поездың олармен қоршалған блок-учаскелерiне кiретiн кезде, сондай-ақ бұл учаскелердегi рельс тiзбектерiнiң тұтастығы бұзылған жағдайда автоматты түрде рұқсат етпейтiн көрсеткiштi қабылдау керек.
50. Автоматты бөгеумен жабдықталған бiр жолдық желiлерде, сондай-ақ әрбiр жол бойынша екi жақты автоблоктауы бар екi жолды аралықтарда, маневр жасаушы құрамның станция шекарасынан шығумен маневр жұмысы жүргiзiлетiн станцияларда автоматты бөгеуiнiң қондырғылары қажет болған жағдайда олармен байланысқан маневрлiк бағдаршамдармен толықтырылады.
51. Автоматты локомотивтiк дабылының жол құрылғыларымен жартылай автоматты бөгеуiнiң кезiнде станциялардың жақындау учаскелерi мен басты жолдары жабдықталады.
52. Кiлттiк байланысы бар құрылғылар бақылау құлыптарының көмегiмен бағыттауыштар мен дабылдардың өзара тұйықталуын қамтамасыз етуi тиiс (рұқсат берiлмеген ауыстырып қосуды болдырмайтын құрылғылармен жабдықталған).
53. Автобөгеуы бар аралықтар және электр орталықтандырылған айырғыштары бар станциялар жолдарда жұмыстарды орындайтын жұмыскерлерге поездың жақындауы туралы хабарлайтын автоматтандырылған жүйемен жабдықталуы тиiс.
54. Мыналарға тыйым салынады:
бөгеттi немесе қозғалыс үшiн қауiптi жұмыстарды iске асыру орындарын дабылдармен қоршамас бұрын жұмыстарға кiрiсуге;
бөгеттi жойғанға дейiн, жұмыстарды толық аяқтағанға дейiн, жолдың жағдайын, түйiспе желiсiн және габариттiң сақталуын тексергенге дейiн бөгеттердi немесе жұмыстардың жүргiзiлу орнын қоршайтын дабылдарды алып тастауға.
5.2. Жобалау кезiнде қозғалыстың байланыс және ақпараттандыру жүйелерiне қойылатын қауiпсiздiк талаптары
55. Қозғалыстың байланыс және ақпараттандыру жүйесi поездардың қозғалысын және тасымалдау процесiн диспетчерлiк басқару орталықтарынан басқаруға қатысатын жұмыскерлердiң сөйлесуiн, сондай-ақ мынадай байланыс түрлерiн қолданатын поездардың қозғалысын қамтамасыз ететiн қондырғыларды техникалық ұстау және қызмет көрсету жөнiндегi жұмыскерлердiң сөйлесуiн қамтамасыз етуi тиiс:
поездардың қозғалысын басқаруға арналған поезд диспетчерiнiң байланыс;
энергиямен қамтамасыз ету құрылғыларымен техникалық жағдайын басқаруға арналған энергодиспетчерлiк байланыс;
жол шаруашылығының ағымдағы жағдайының мәселелерi бойынша жол жұмыскерлерiнiң сөйлесуiне арналған желiлiк жол байланысы;
СОБ қондырғыларының жағдайы жөнiндегi қызметтiк байланыс;
байланыс құрылғыларының жағдайы жөнiндегi қызметтiк байланыс;
локомотив диспетчерiнiң поезд локомотив машинистерiмен сөйлесуге арналған локомотивтiк диспетчерлiк байланыс;
ДО учаскесiнiң маневрлiк диспетчерiнiң маневр жұмыстарын жүргiзу мәселелерi бойынша станция бойынша кезекшi станция операторларымен, маневрлiк диспетчерлермен сөйлесуге арналған маневрлiк диспетчерлiк байланыс;
қорғалатын өтпе бойынша кезекшiнiң қозғалыс қауiпсiздiгiн және поездардың сыртқы жағдайын бақылауды қамтамасыз ету бойынша таяудағы станцияның кезекшiсiмен сөйлесуге арналған байланыс;
iргелес жеке пункттердiң (станциялардың) кезекшiлерi арасында поездардың қозғалысы жөнiнде қызметтiк сөйлесуге арналған поезд станция аралық байланыс;
аралықта орналасқан жұмыскерлердiң аралықты шектейтiн жеке пункттердiң кезекшiлерiмен, поезд және энергодиспетчермен, жол аралық диспетчермен, ақпараттандыру және байланыс диспетчерiмен және поездардың қозғалысы мен қондырғылардың техникалық жағдайының мәселелерi жөнiндегi сигнал беру қызметiнiң диспетчерiмен сөйлесуге арналған аралық байланыс;
аралық станциялардың (разъездер мен тоқтау пункттерi) жұмыскерлерiнiң өзара бiр-бiрiмен және учаскелiк және бөлiмдiк станциялардың жұмыскерлерiмен қызметтiк сөйлесуiне және поезд диспетчерлiк байланысы жұмыс iстемей қалған кезде поезд диспетчерiнiң резервiне арналған станциялық байланыс.
56. Қозғалыстың байланыс және ақпараттандыру жүйесi байланыстың басқа түрлерiнен тәуелсiз жобалануы мүмкiн және жалпы пайдаланатын байланыс желiсiне және басқа да желiлерге шыға алмайтын мүмкiн бөлiнген жеке желi бола алады.
57. Поезд радиобайланысы темiр жолдардың барлық учаскелерiнде жобалануы тиiс. Поезд радиобайланысы поезд локомотивтерi, мотор-вагонды, арнайы өздiгiнен жүретiн жылжымалы құрам машинистерiнiң мынадай екi жақты поездар байланысын қамтамасыз етуi тиiс:
барлық диспетчерлiк учаскенiң шегiнде поезд диспетчерiмен;
станция бойынша аралықты шектейтiн кезекшiлермен;
қарсы келе жатқан және iзiмен келе жатқан бiр аралықта орналасқан локомотивтердiң, мотор-вагонды поездардың, арнайы өздiгiнен жүретiн құрамдардың машинистерiмен;
өтпелер және депо бойынша кезекшiлермен; жөндеу жұмыстарының басшыларымен және сигнал берушiлермен;
поездардағы және объектiлердегi әскери (ведомстволық) қорғау айырғыштарымен;
кабинадан шыққан кездегi машинистiң көмекшiсiмен;
жолаушылар поезының бастығымен (механик-бригадирмен), вагондарды қарайтын жөндеушiлермен.
58. Аралықтардың ұзақтығы 15 км-ден артық болған кезде поезд локомотивтерiнiң, мотор-вагонды поездардың және арнайы өздiгiнен жүретiн жылжымалы құрамның машинистерiнiң аралық бойынша жүрген кезде тұрақты радиобайланыс болған жағдайда поезд радиобайланыс жүйелерiн енгiзгенге дейiн таяудағы станция бойынша кезекшiмен радиобайланысты қамтамасыз етуге рұқсат берiледi.
59. Поезд диспетчерлiк байланысына тек станция бойынша кезекшiлердiң, маневрлiк диспетчерлердiң, локомотивтiк депо, ауыстыру пункттерi бойынша кезекшi операторлардың, энергодиспетчерлердiң және локомотивтiк диспетчерлердiң, дабылының және байланыс диспетчерлерiнiң телефондарын қосуға жол берiледi.
60. Радиобайланысты жобалау кезiнде радиотаратушы құралдарының бөгеттер көзделуi тиiс. Станцияның және оған қызмет көрсетушi локомотивтердiң әрбiр маневрлiк ауданы үшiн бөлек радио жиiлiгi бөлiнедi.
61. Аспалы әдiспен орындалған кабельдiк байланыс желiлерi iлiну максималды жебесi кезiнде мынадай биiктiктен төмен орналаспауы тиiс:
елдi мекен болып табылмайтын жерлерде - жерден - 5,0 м;
елдi мекендегi бiрдей болғаны жөн - 6,0 м;
жолаушылар платформаларының бетiнен - 4,5 м;
темiр жол өтпелерiндегi автомобиль жолдарының төсемiнен - 7,0м.
Әуе байланыс желелерi, сондай-ақ сигнал беру, орталықтандыру және блоктау желелерi iлiнудiң максималды жебесi кезiнде мына көрсетiлген биiктiктен төмен орналаспауы тиiс:
елдi мекен болып табылмайтын жерлерде - жерде - 2,5 м;
елдi мекенде — бiрдей болғаны жөн - 3,0 м;
қиылысатын автомобиль жолдарының төсемiнен - 5,5 м;
электрлендiрiлмеген қиылысатын темiр жолдардың рельсi басынан жоғары - 7,5 м.
62. Темiр жолдары қиылысқан кезде СОБ және байланыстың әуе желiлерi сымдарының төменгi нүктесiнен рельс басының жоғары деңгейiне дейiнгi қашықтық кемiнде 7,5 м болуы қажет. Электрлендiрiлген темiр жолдардың СОБ және байланыстың әуе желiлерiмен қиылысуына жол берiлмейдi. Ондай қиылысулар жер асты кабельдi жанамалармен орындалады.
63. Сигнал беру, орталықтандыру және блоктау мен байланыс құрылыстары мен қондырғылары тартым тоғының, электр берiлiсi желiлерiнiң және найзағай разрядтарының әсерiнен қорғалуы тиiс.

6. Монтаждау және пайдалануға енгiзу кезiнде қозғалыстың дабылының, бөгеуiнiң, байланыс және ақпараттандыру жүйелерiне қойылатын қауiпсiздiк талаптары

64. Дабылының, орталықтандыру, бөгеуiнiң және байланыс жүйелерiнiң монтажы әзiрлеушiнiң техникалық құжаттамасына, өнеркәсiптiк қауiпсiздiк және техникалық реттеу талаптарын сақтай отырып, жобалық құжаттамаға сәйкес жүргiзiледi.
65. Жобалау ұйымымен келiспей жобалық құжаттамадан ауытқуға рұқсат берiлмейдi.
66. Дабылының, орталықтандыру, бөгеуiнiң және байланыс жүйелерiн монтаждау кезiнде техникалық құрылғылардың, аппараттардың, элементтердiң, жинақтаушы бұйымдар мен материалдардың, нормативтiк құжаттардың сапасын кiрiс бақылау, сонымен бiрге орындалған жұмыстардың сапасын операциялық бақылау арқылы жүзеге асырылады. Бақылау қорытындылары бұйымдар мен орындалған жұмыстардың сапасын растайтын барлық құжаттарды қоса тiркей отырып, актiмен ресiмделедi.
67. Пайдалану мерзiмi өткен бұйымдар мен материалдар тексеруден өткен, кемшiлiктерi жойылған, сынақтан, сараптамадан өткеннен кейiн және олардың сапасы мен пайдалану қауiпсiздiгiн растайтын басқа жұмыстарды жүргiзген соң монтажға тапсырылуы мүмкiн.
68. Коррозиямен зақымдалған немесе түрi өзгертiлген техникалық құрылғыларды, аппараттарды, дабылының, орталықтандыру, бөгеуiнiң және байланыс жүйелерi элементтерiн монтаждауға жол берiлмейдi.
69. Қозғалыстың дабылының, бөгеуiнiң, байланыс және ақпараттандыру жүйелерi орындалған жұмыстардың сапасын растайтын монтаж (құрастыру) жұмыстарын орындаған және құжаттарды ресiмдеген соң, көзбен шолып тексеруге және сынауға жатады.
70. Көзбен шолып тексеру кезiнде жөнделген құралдардың жобалық және құрылымдық құжаттамаға сәйкестiгi барлық жобалық бекiнiстердiң дұрыс орнатылуы тексерiледi.
71. Жүйе толық сынаудан өтедi.
72. Техникалық құралдар, аппараттар, элементтер, жиынтық бұйымдар, кабель өнiмдерi тексерiлу және қаралуы тиiс.
73. Ұйым пайдалану кезiндегi дабылының, бөгеуiнiң, байланыс және қозғалыс ақпараттандыру жүйелерiн қауiпсiз пайдалану шараларын қамтамасыз ететiн қауiптiлiктер тiзбесi бар ұйымның стандартын әзiрлейдi.

7. Пайдалану кезiнде қозғалыстың дабылының, бөгеуiнiң, байланыс және ақпараттандыру жүйелерiне қойылатын қауiпсiздiк талаптары

74. Қозғалыстың дабылының, орталықтандыру, бөгеуiнiң, байланыс және ақпараттандыру жүйелерiнiң қауiпсiздiгi темiр жол көлiгiнде пайдалану кезiнде мыналар арқылы қамтамасыз етiледi:
қозғалыстың дабылының, орталықтандыру, бөгеуiнiң, байланыс және ақпараттандыру жүйелерiн жобалық шешiмдерге сәйкес орнату;
қозғалыстың дабылының, орталықтандыру, бегеуiнiң, байланыс және ақпараттандыру жүйелерiн рұқсат берiлген нормаларға сәйкес пайдалану;
элементтерi жұмыс iстемей қалған жағдайда аппараттардың (аспаптар мен қорғағыштардың) неғұрлым қауiпсiз немесе неғұрлым қорғалған жағдайға өтуiн қамтамасыз ететiн дабыл және техникалық басқару қондырғылары мен аппараттарына (аспаптар мен қорғағыштарға) лайықты техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ бұл қондырғылар мен аппараттардың (аспаптар мен қорғағыштардың) дабыл көрсеткiштерiнiң қажетiнше тәулiк бойы көрiнуiн қамтамасыз ету;
дабылының, орталықтандыру және бегеуiнiң жүйелерi элементтерiнiң артықтығын және резервтеудi қолдану;
темiр жолының поездар қозғалысының қауiпсiздiгi мен үздiксiздiгiн қамтамасыз ететiн арнайы сақтандырғыш шараларын қолданумен, электр берiлiсi, байланыс, дабылының, орталықтандыру және бөгеуiнiң желiлерiмен әр түрлi деңгейде қиылысатын (бiр бiрiмен сәйкес келмейтiн) құрылғылар;
персоналдың Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау заңнамаларына сәйкес техникалық қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғау талаптарын орындау және олардың Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес жыл сайынғы медициналық тексеруден өтуi.
75. Пайдалану кезiнде тұрақты жанып тұрған дабылдық оттары бар бағдаршамдар қолданылады.
76. Басқару құрылғыларының бұзылғандығы пайда болған жағдайда бағдаршамдар рұқсат етпейтiн көрсеткiштi көрсетуi тиiс, ал ескерту бағдаршамдар - олармен байланысты негiзгi бағдаршамдардың рұқсат етпейтiн көрсеткiшiне сәйкес болатын көрсеткiштi көрсетiп тұруы тиiс.
77. Автобөгеумен жабдықталған учаскелерде өтпелiк бағдаршамдардың қалыпты көрсеткiшi рұқсат ететiн, ал кiреберiс, маршруттық және шығатын жердегi бағдаршамдардың - рұқсат етпейтiн көрсеткiш болып табылады.
Кiреберiс, маршруттық және шығу бағдаршамдары станция бойынша поездардың өтiп кетуi үшiн автоматты қызметке ауыстырыла алатын темiр жолдар учаскелерiнде рұқсат етушi көрсеткiш оларды автоматты қызметке ауыстырған кезде қалыпты болып табылады.
Автобөгеумен жабдықталмаған учаскелерде кiреберiс, маршруттық және шығу, өтпелiк бағдаршамдардың қалыпты көрсеткiшi рұқсат өтпейтiн көрсеткiш болып табылады.
78. Электрлендiрiлген темiр жолдар учаскелерiндегi кiреберiс бағдаршамдары, сондай-ақ «Станция шекарасы» дабыл белгiлерi аралықтардың жанасу жүйесiн станциялардың жанасу жүйесiнен бөлетiн ауа аралықтарының алдында (аралық жағынан) орнату қажет.
79. Шығу бағдаршамдары әрбiр тоқтау жолының соңында жөнелтiлетiн поезд локомотивiнiң тұрағына арналған орынның алдында орнатылуы тиiс.
Станцияларда жеткiлiктi ұзындығы жоқ жолдардан поездарды жөнелту кезiнде поездың басы шығу бағдаршамының артында болса, оның артқы жағында бағдаршамның қайталау басын орнатуға рұқсат етiледi.
80. Басқарудың, бақылау мен дабыл берудiң кiшi жүйесi қозғалысының байланыс және ақпараттандыру қауiпсiздiгi темiр жол көлiгiнде пайдалану сатысында мыналар арқылы қамтамасыз етiледi:
темiр жол көлiгiнде техникалық реттеу объектiлерiн пайдалануға байланысты хабарламаларды, командаларды және басқа ақпаратты берудi қамтамасыз ету үшiн темiр жол көлiгiнде техникалық реттеу объектiлерi арасында байланысты ұйымдастыру;
пайдалану құжаттамасы болмай және Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында көзделген нысандарға сәйкес бағалауды жүргiзбей, ақаулары бар және қозғалыс қауiпсiздiгiне қауiп төндiретiн техникалық реттеу объектiлерiн және олардың элементтерiн пайдалануға жiберудi болдырмау;
қозғалыстың электр байланысы мен ақпараттандыру жүйелер элементтерiнiң артықтығын және резервтеудi қолдану.
81. Өндiрiлген, сатып алынған, орнатылған, пайдалануға берiлген және пайдаланылатын электр байланысы және радиобайланысы жүйелерi мен құрылғылары, өлшеу құралдары мен қозғалысты ақпараттандырудың басқа да техникалық ақпараттандыру құралдарының барлық түрлерi үшiн техникалық құралдардың өздерiмен немесе олардың элементтерiмен белгiленген қызмет ету мерзiмi iшiнде (белгiленген ресурс iшiнде) туғызатын өрт, жарылыс, қызып кету тәуекелi пайдалануға берiлген нұсқаулыққа сәйкес осы техникалық регламентпен белгiленген нормалардан аспауы тиiс.

8. Сәйкестiктi растау

82. Осы Техникалық регламенттiң қосымша сәйкес құралдар қозғалысының дабылының, орталықтандыру, бөгеуiнiң, байланыс және ақпараттандыру жүйелерiнiң растау мiндеттi сертификаттау түрiнде жүзеге асырылады.
83. Сәйкестiктi растау «Сәйкестiктi растау рәсiмдерi» техникалық регламентiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 4 ақпандағы № 90 қаулысының талаптарына және Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
84. Шетелдiк мемлекеттердiң сәйкестiк сертификаттары, өнiмнiң сынау хаттамалары, сәйкестiк белгiлерi халықаралық шарттарға сәйкес танылады. Шетелдiк сәйкестiк сертификаттарды, сынақ хаттамаларын, сәйкестiк белгiлерiн және өзге де құжаттардың сәйкестiктi растау саласында тану тәртiбiн техникалық реттеу саласында уәкiлеттi орган айқындайды.

9. Өтпелi кезең

85. Осы Техникалық регламент ресми жарияланған күнiнен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Осы Техникалық регламент қолданысқа енгiзiлгенге дейiн, техникалық құралдар мен қозғалыстың дабылының, орталықтандыру жүйелерi құрылыстарының немесе олардың құрамдас элементтерi мен жинақтаушы бұйымдарының қауiпсiздiгiне қатысты талаптарды қоюдың қолданыстағы тәртiбi қолданылады.
86. Техникалық құралдар мен құрылыстар үшiн осы техникалық регламент қолданысқа енгiзiлгенге дейiн шығарылған және пайдалануға енгiзiлген қозғалыстың дабылының, орталықтандыру, бөгеуiнiң, байланыс және ақпараттандыру жүйелерiнiң немесе олардың құрамдас элементтерi мен жинақтаушы бұйымдарының сәйкестiгiн растайтын құжаттар оларда көрсетiлген мерзiм iшiнде өз күшiнде қалады.

«Қозғалыс дабылының, бөгеуiнiң,
байланысының және оны
ақпараттандырудың қауiпсiздiгiне
қойылатын талаптар»
техникалық регламентiне
қосымша

Қауiпсiздiк талаптары белгiленетiн өнiмдердiң тiзбесi

СЭҚ ТН коды

Позицияның атауы

Қос. өлш. бiрл.

8517

Ұялы байланыс желiлерiне немесе басқа сымсыз байланыс желiлерiне арналған телефон аппараттарын қоса алғанда, телефон аппараттары; 8443, 8525, 8527 немесе 8528 тауар позициясының аппаратурасын қоспағанда, сымды немесе сымсыз байланыс желiсiндегi (мысалы жергiлiктi немесе жаһандық байланыс желiсiндегi) коммуникацияға арналған аппаратураны қоса алғанда, дауысты, бейнелердi немесе басқа деректердi беруге немесе қабылдауға арналған басқа да аппаратура:

ұялы байланыс желiлерiне немесе басқа сымсыз байланыс желiлерiне арналған телефон аппараттарын қоса алғанда, телефон аппараттары:

8517 11 000 0

сымсыз тұтқасы бар сымды байланысқа арналған телефон аппараттары

дана

8517 12 000 0

ұялы байланыс желiлерiне немесе басқа сымсыз байланыс желiлерiне арналған телефон аппараттар

дана

8517 18 000 0

басқа да

дана

сымды немесе сымсыз байланыс желiсiндегi (мысалы жергiлiктi немесе жаһандық байланыс желiсiндегi) коммуникацияға арналған аппаратураны қоса алғанда, дауысты, бейнелердi немесе басқа деректердi беруге немесе қабылдауға арналған басқа да аппаратура:

8517 61 000

базалық станциялар:

8517 61 000 1

цифрлық сымды байланыс жүйелерiне арналған

дана

8517 61 000 9

басқа да

дана

8525

Радио хабарға немесе теледидарға арналған, беру, дыбыс жазу немесе дыбыс шығару аппаратурасын өзiнiң құрамына қосатын немесе қоспайтын беру аппаратурасы; теледидар камералары, цифрлық камералар және жазатын бейнекамералар:

дана

8525 50 000 0

беру аппаратурасы

дана

8525 60 000 0

қабылдау аппаратурасын өз құрамына қосатын беру аппаратурасы

дана

8530

Темiр жолдарға, трамвай жолдарына, автомобиль жолдарына, iшкi су жолдарына, тұрақ құрылыстарына, порттар мен әуеайлақтарға арналған сигнал берудiң, қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мен басқарудың электр құрылғылары (8608 тауарлық позициясының жабдығынан басқа):

дана

8530 10 000 0

темiр жол немесе трамвай жолдарына арналған жабдық

дана

8530 80 000 0

басқа да жабдық

дана

8530 90 000 0

бөлшектер

-

8608 00

Темiр жол немесе трамвай жолдарына арналған жол жабдығы және құрылғылары; механикалық (электр-механикалықты қоса алғанда) сигнал беру жабдығы, темiр жолдарда, трамвай жолдарында, автомобиль жолдарында, iшкi су жолдарында, тұрақ құрылыстарында, порттар мен әуеайлақтарда қауiпсiздiктi қамтамасыз ету немесе қозғалысты басқару құрылғылары; аталған құрылғылар мен жабдықтардың бөлшектерi:

8608 00 100 0

темiр жолдарға немесе трамвай жолдарына арналған жабдық

-

8608 00 300 0

басқа да жабдық

-

8608 00 900 0

бөлшектер

-


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina