ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Постановления  »  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Постановления

Страницы 1 2

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 4 тамыздағы № 795 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жоспарлау жүйесi туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгiнiң 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекiтiлсiн.
2. «Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгiнiң 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2343 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиiс.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2010 жылғы 4 тамыздағы
№ 795 қаулысымен
бекiтiлген

Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгiнiң
2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары

1. Миссиясы мен пайымдауы

Миссиясы - ақпарат, байланыс және ақпараттандыру саласында қолжетiмдi және сапалы қызметтердi ұсынуға, инфокоммуникациялық инфрақұрылымды, отандық ақпараттық кеңiстiктi дамыту үшiн жағдай жасауға, сондай-ақ халыққа және бизнеске байланыс қызметiн көрсету мен электрондық қызметтi көрсетудiң нарығын дамыту бағытталған мемлекеттiк саясатты тиiмдi iске асыру.
Пайымдауы - мемлекеттiк басқару сапасын арттыруға ықпал ететiн дамыған әрi қолжетiмдi инфокоммуникациялық және пошта инфрақұрылымы, сондай-ақ қазiргi заманғы стандарттарға жауап беретiн және әлемдiк ақпараттық кеңiстiкке толыққанды кiрiгудi қамтамасыз ететiн қазiргi заманғы жалпыұлттық ақпараттық орта.

2. Ағымдағы жағдайды талдау және даму үрдiстерi

2.1. Халыққа, ұйымдарға мемлекеттiк электрондық қызметтер
көрсету және инфокоммуникация саласында бiлiм берудi
дамытуға қатысу

2.1.1. Электрондық қызметттердi және инфокоммуникация
саласындағы бiлiм берудi дамытудың негiзгi параметрлерi

Қазiргi уақытта халыққа және ұйымдарға мемлекеттiк электрондық қызметтер көрсету жағдайы келесi деректермен сипатталады:
1) орталық және жергiлiктi атқарушы органдар интернет ресурстар арқылы халыққа және бизнеске интерактивтi қызметтер көрсетуде (басшылар блогы, электрондық мемлекеттiк сатып алу, интерактивтi сұраулар және т.б.) және транзакциялық қызметтер көрсетуге көшiру жүзеге асырылуда;
2) «электрондық үкiметтiң» инфрақұрылымы құрылады, оның шеңберiнде 20 IТ-жоба өнеркәсiптiк пайдалануға енгiзiлген;
3) «электрондық үкiмет» веб-порталында жеке және заңды тұлғалар үшiн 1700 аса ақпараттық қызмет, iске асырылған 22 электрондық қызмет, 37 сервис ұсынылады;
4) жергiлiктi атқарушы органдарды Бiрыңғай көлiктiк ортаға, Электрондық құжат айналымының бiрыңғай жүйесiне және Мемлекеттiк органдардың куәландыратын орталығына қосылу жүргiзiлдi;
5) жергiлiктi атқарушы органдардың басшыларына «электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы азаматтардың электрондық өтiнiштерiнiң жүйесi құрылды, сондай-ақ пилоттық жобасы шеңберiнде Павлодар облысының базасында бес әлеуметтiк маңызы бар электрондық қызметтер енгiзiлдi;
6) «электрондық үкiмет» аясында көрсетiлетiн қызметтерге on-line режимiнде қолма-қол емес төлем жүйесiн автоматтандыру үшiн «Электрондық үкiметтiң» төлем шлюзi құрылды. Қазiргi уақытта салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң 120 түрiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Салық комитетiнiң порталы арқылы төлеуге болады;
7) халықтың компьютерлiк сауаттылығы шамамен 20% құрайды.
Инфокоммуникация саласында бiлiм берудi дамыту мақсатында келесi iс-шаралар жүргiзiлуде:
1) «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингi» АҚ жанынан «Халықаралық ақпараттық технологиялар университетi» АҚ (IТ-Университетi) құрылды, мемлекеттiк лицензия алынды, жоғары кәсiби оқытушылар штаты қабылданды, бағдарламалау бойынша бiлiм берудегi әлемдiк көшбасшы Carnegie Mellon (Питтсбург, АҚШ) университетiмен лицензиялық келiсiм жасалды;
2) мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде бакалавриаттың 1 курсында 4 мамандық бойынша ағылшын тiлiнде американдық Carnegie Mellon университетiнiң бағдарламалары бойынша 300 студент оқиды, сондай-ақ 2010 - 2011 оқу жылына 300 грант бөлу жоспарланды;
3) Малайзия, Сингапур, Корея және Ресей жоғары оқу орындары арасынан IТ-Университетi үшiн қосымша шетелдiк серiктестердiң iрiктеу жүргiзiлуде;
4) мамандырылған IТ-колледждердi ашу мәселесi пысықталуда.

2.1.2. Негiзгi проблемаларды талдау

Электрондық қызметтер көрсетудi дамытуды тежейтiн негiзгi проблемалар:
1) мемлекеттiк органдардың ақпараттық-коммуникациялық желiлерiнiң, ақпараттық жүйелерi мен ресурстарының қорғалу деңгейiнiң төмен болуы;
2) электронды түрде әлеуметтiк маңызы бар мемлекеттiк қызметтер көрсетудi реттейтiн нормативтiк-құқықтық базаның жетiлдiрiлмеуi;
3) түрлi әлеуметтiк топтардың инфокоммуникациялық технологияларды (бұдан әрi - ИКТ) пайдалану мүмкiндiктерiнiң тең болмауы болып табылады;
Инфокоммуникация саласында бiлiм берудi дамытудың негiзгi проблемалары:
1) республикада ақпараттық инфрақұрылымды құру үшiн бiлiктi мамандардың жетiспеушiлiгi;
2) халықтың компьютерлiк сауаттылығының жеткiлiксiз деңгейi болып табылады.

2.1.3. Негiзгi сыртқы және iшкi факторларды бағалау

Сыртқы факторлар:
инфокоммуникациялық технологияларды дамытудың жедел қарқыны;
ақпараттық қоғамға және инновациялық экономикаға қарай жылжу;
халықаралық нарықта IТ-мамандар даярлаудың жоғарғы бәсекелестiгi.
Iшкi факторлар:
электрондық қызметтер көрсетуге көшуге дайын мемлекеттiк органдар ақпараттық жүйелерiнiң бар болуы;
инфокоммуникация саласында бiлiм беру қызметтерiне сұраныстың тұрақты артуы.

2.2. Телекоммуникация және пошта байланысының тиiмдi және
сапалы жүйесiн құру

2.2.1. Телекоммуникация және пошта байланысы саласы дамуының
негiзгi параметрлерi

Телекоммуникация саласы Қазақстан экономикасының өсiп келе жатқан сегментi болып табылады, кәсiпорындардың жиынтық табысы 2009 жылы 441,3 млрд. теңгеге жеттi, бұл 2008 жылға қарағанда 8,3% асты. Сала табысының өсуi көрсетiлетiн қызметтерге ел тұрғындарының және бизнестiң артып келе жатқан қажеттiлiгiн көрсетедi. Телекоммуникация саласы қарқынды дамып келедi және инвестиция үшiн тартымды объект болып табылады.
Телекоммуникация саласының үрдiстерi телекоммуникацияның халыққа және ұйымдарға мультимедиалық қызметтердi ұсынуға бағытталған жоғары жылдамдықты оптикалық және сымсыз технологияларда негiзделген, инфрақұрылымын дамыту, сондай-ақ жергiлiктi телефон байланысын цифрландыру деңгейiн ұлғайту болып табылады.
Байланыс операторлары қалалық қолжетiмдiлiктiң мультисервистiк желiлерiн және қазiргi қалалық базасында талшықты-оптикалық инфрақұрылым базасында Metro Ethernet көлiктiк желiлерiн құру жүзеге асырып жатыр, бұл ADSL негiзiнде Интернетке жаппай кең ауқымды қолжетiмдiлiк, қалалық жоғары жылдамдықты каналдарды ұйымдастыру сияқты қызметтердiң жаңа түрлерiн енгiзудi ұйымдастыруға мүмкiндiк бередi.
«Востоктелеком» ЖШС ауылдық елдi мекендердi CDMA450 технологиясын пайдалана отырып, телефондандыру және интернетпен қамту үшiн байланыс желiсiн жалғастыруда.
«Қазақтелеком» АҚ (бұдан әрi - АҚ) NGN технология базасында жаңа буын желiсiн салу жөнiнде жұмысты жалғастыруда. NGN желiсiнiң жалпы сыйымдылығы 2009 жылдың аяғында 904 558 абоненттi құрады.
Азаматтық мақсатта радиожиiлiк жолақтарын босату бойынша жұмыстар жүргiзiлдi. Радиожиiлiктер жөнiндегi ведомствоаралық комиссия қосымша лицензиялық мiндеттемелерiмен UMTS/WCDMA үшiншi буынның ұялы байланыс стандартын енгiзу үшiн ақылы негiзде «Қазақтелеком ААҚ GSM Қазақстан» ЖШС, «Кар-Тел» ЖШС, «Мобайл-Телеком Сервис» ЖШС арасында 1920-1980 МГц, 2110-2170МГц 20МГц (қабылдау/тапсыру) диапазонында жиiлiктердi бөлу туралы 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 17-5/007-812 шешiмдi қабылдады.
Телекоммуникация саласын дамыту жөнiнде жүргiзiлген iс-шаралар 2009 жылы мынадай нәтижелерге қол жеткiзуге мүмкiндiк бердi:
тiркелген телефон желiлерiнiң тығыздығы - елдiң 100 тұрғынына 23,7;
ұялы байланыс абоненттерiнiң тығыздығы - елдiң 100 тұрғынына 95;
Интернет желiсiне кең жолақты қол жеткiзу пайдаланушылардың тығыздығы - елдiң 100 тұрғынына 10,1;
жергiлiктi телекоммуникация желiлерiн цифрландыру деңгейi - 91%.
Пошталық байланыс қызметi нарығының негiзгi жеткiзушiсi Ұлттық оператор болып табылатын, елдiң барлық аумағын қамтитын, желiсi 2800 астам пошта байланыс бөлiмшелерiне негiзделген «Қазпошта» АҚ болып қала бередi.
60 астам пошта операторы көбiнесе жедел және курьерлiк пошта қызметтерi секторында жұмыс атқарады.
Негiзiнде iрi қалаларда жеткiзушi қызметтер түрiнде (жергiлiктi пошта байланысы) қызметтердi жүзеге асыратын, жазба хат-хабарларды жiберу секторында балама қызметтердiң пайда болуы байқалуда. Олардың қажеттiлiгi дәстүрлi желi қызметтерiмен салыстырғанда хабарламаларды жеткiзу және жарнамалық материалдарды адрестiк жеткiзу бойынша қызметтердiң арзан болуынан туындады.

2.2.2. Негiзгi проблемаларды талдау

Телекоммуникация және пошта байланысы саласындағы негiзгi проблемалар:
Интернет желiсiне кең жолақты қолжетiмдiлiктiң жеткiлiксiз дамуы;
республиканың үй шаруашылықтарын телефон байланысы және Интернет желiсiне кең жолақты қолжетiмдiлiкпен жеткiлiксiз қамтылуы;
ауылдық елдi мекендердi пошта байланыс бөлiмшелерiмен жеткiлiксiз қамтамасыз етiлуi.

2.2.3. Негiзгi сыртқы және iшкi факторларды бағалау

Iшкi факторлар:
телекоммуникация саласының дамуы шектеулi ресурстарды (радиожиiлiк спектрiн, нөмiрлендiру ресурсын) қолданумен тiкелей байланысты;
тiркелген және ұялы байланыс нарығының дамуына байланысты ақпараттық технологиялармен олардың конвергенциялау негiзiнде жаңа қызмет түрлерi пайда болуда;
инфокоммуникацияның қазiргi заманғы құралдарының дамуы тұтынушылардың дәстүрлi пошта қызметтерiн қолдануды ынталандырмайды, iскерлiк және корпоративтiк сипаттағы, яғни коммерциялық жөнелтiмдерiн жiберу қызметтерi басым болады.
Сыртқы факторлар:
байланыс кәсiпорындарының табыстылығына халықтың саны, орналасуы және көшiп-қонуы әсер етедi, сондай-ақ телекоммуникация нарығының жағдайы республиканың экономикалық белсендiлiгiне тiкелей байланысты.

2.3. Отандық ақпараттық кеңiстiктiң орнықты дамуын қамтамасыз
ету және бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру

2.3.1. Ақпараттық кеңiстiк дамуының негiзгi параметрлерi

Қазiргi уақытта республикамызда 3018 бiрлiк бұқаралық ақпарат құралдары (бұдан әрi - БАҚ) жұмыс атқарады. Олардың құрылымы келесi түрде бөлiнген: жалпы санының 91%-ын газеттер (1873) мен журналдар (877) құрайды, 8,5%-ы - электронды БАҚ (63 телеарна, 42 радиокомпания, 146 кәбiлдi теледидар және 6 спутниктiк хабар тарату операторы) және 0,5% - ақпараттық агенттiктер (11). Баспа басылымдары арасында ең көп үлесiн қоғамдық-саяси (36%), ақпараттық (32%), ғылыми-талдамалық (27%) бағыттағы басылымдар алады. Мемлекеттiк емес БАҚ сегментi республиканың ақпараттық нарығында басым болды, оның үлесi 85% құрайды. Соңғы жылдары ақпараттық өрiстiң маңызды тақырыптық саралауы өттi, iрi медиа-компаниялар құрылды және жұмыс iстеуде.
Мұрағат саласының жұмыс iстеуiне қажеттi заңнамалық және нормативтiк құқықтық база құрылды.
Елде 2010 жылғы 1 қаңтардағы деректерi бойынша республиканың мемлекеттiк мұрағаттарының бiрыңғай желiсiн құрайтын, 234 мемлекеттiк мұрағаттық мекеме жұмыс iстейдi. Ұлттық мұрағаттық қорының және жеке құрам бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мұрағаттық мекемелерде сақталатын құжаттардың көлемi соңғы жылдары 16 360,4-тен 18 600,2-ға мыңға дейiн сақтау бiрлiктерiне өстi.
Қазақстанның кiтап басып шығару саласы бүгiнгi күнi белгiлi бiр жоғарылау кезеңiнде. Басылым шығарылатын әдебиеттердiң кең ассортименте қалпына келуде, полиграфиялық орындалуы және кiтаптардың көркемдiк өңделуi жақсаруда.
Республикада кiтап басып шығару iсiн дамытудың оңтайлы бағыттарының бiрi отандық кiтап басып шығарудың және оны әлемдiк стандарттарға негiздеудiң өзiндiк болмысын сақтау болып табылады.

2.3.2. Негiзгi проблемаларды талдау

Ақпараттық кеңiстiктi дамытудың негiзгi проблемалары:
отандық ақпараттық саланың бәсекеге қабiлеттiлiгiнiң төмен деңгейi;
медиялық инфрақұрылымның технологиялық артта қалуы, атап айтқанда отандық телерадио хабарын таратуды және оның тақырыптық саралауын одан әрi дамыту үшiн кедергi ретiндегi радиожиiлiк спектрiнiң шектелуi;
цифрлық телерадио хабарын таратудың болмауы;
Интернет желiсiнде қазақстандық сегменттiң жеткiлiксiз дамуы;
қазiргi заманғы ақпараттық технологиялар және Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын автоматтандырылған режимде орталықтандырылған мемлекеттiк есепке алудың болмауы;
Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын сақтау және сақталу үшiн жағдайлардың жетiспеушiлiгi;
қоғамның отандық ғылыми-техникалық, классикалық, көркемдiк, балалар және жасөспiрiмдер әдебиеттерiмен жеткiлiксiз қамтамасыз етiлуi;
қазақстандық кiтап нарығында шетелдiк (ресейлiк) кiтаптардың үстемдiгi.

2.3.3. Негiзгi сыртқы және iшкi факторларды бағалау

Сыртқы факторлар:
отандық баспа БАҚ-тың халық арасында барынша тиiмдi тарату мақсатында пошта қызметтерiнiң тарифiн төмендету мүмкiндiгi;
мемлекеттiк органдардың ақпараттық қызметiнiң белсендiлiгi;
отандық кiтап сауда нарығының өсуi.
Iшкi факторлар:
мемлекеттiк БАҚ-тың сапасын арттыру үшiн қазiргi заманғы мультимедиялық құралдарды белсендi қолдану;
отандық телерадиокомпаниялардың эфирiнде шетелде шығарылған бағдарламаларды қайта трансляциялау көлемiн азайтуға мүмкiндiк беретiн цифрлық телевизияны енгiзу;
Ұлттық мұрағат қорының сақталуын және орталықтандыруды қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн қазiргi заманғы инфокоммуникациялық технологиялардың болуы.

3. Қызметтiң стратегиялық бағыттары, мақсаттары, мақсатты
индикаторлары, мiндеттерi, iс-шаралары, нәтижелер
көрсеткiштерi

1. Халыққа, ұйымдарға мемлекеттiк электронды қызметтер көрсету және инфокоммуникация саласында бiлiм берудi дамытуға қатысу.
2. ИКТ саласында базалық қызметтердiң қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ететiн пошта байланысы мен телекоммуникацияның қолжетiмдi, тиiмдi және сапалы жүйесiн құру.
3. Отандық ақпараттық кеңiстiктiң орнықты дамуын қамтамасыз ету және бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру.

1-стратегиялық бағыт. Халыққа, ұйымдарға мемлекеттiк
электрондық қызметтер көрсету және инфокоммуникация
саласында бiлiм берудi дамытуға қатысу

1.1-мақсат. Әлеуметтiк маңызы бар қызметтер көрсету
үдерiстерiнiң ашықтығын, сапасы мен тиiмдiлiгiн арттыру
және бiлiктiлiгi жоғары IТ-мамандар даярлау

Бюджеттiк бағдарламаның осы мақсатқа қол жеткiзуге
бағытталған кодтары 010, 011, 012, 014

Мақсатты индикатор

Ақпар. көзi

Өлш. бiрл.

2009 жыл

Жоспарлы кезең

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1. Мемлекеттiк электрондық қызметтер саны 2015 жылы 50 бiрл. дейiн

БАМ ақпар.

бiрл.

2

10

10

10

10

10

1.1.1-мiндет. Азаматтарды және ұйымдарды цифрлық сертификаттар арқылы мемлекеттiк электрондық қызмет көрсетулерге қауiпсiз қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету

Тiкелей нәтижелер көрсеткiштерi

Ақпар. көзi

Өлш. бiрл.

2009 жыл

Жоспарлы кезең

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1. Берiлген электрондық құжаттар саны

Стат. дерек.

бiрл.

-

250000

250000

250000

250000

250000

Тiкелей нәтижелер көрсеткiштерiне қол жеткiзуге арналған iс-шаралар

Жоспарлы кезең

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

1

2

3

4

5

6

1. Мемлекеттiк қызметтер көрсетудi электрондық нысанға көшiру

х

х

х

х

х

2. «ҚР кейбiр заңнамалық актiлерiне «электрондық үкiметтi» дамыту мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» ҚР Заңын 2010 жылы қабылдау

х

-

-

-

-

3. Ұлттық куәландыру орталығының Тiркеу орталықтарын сүйемелдеу

х

х

х

х

х

4. «Электрондық үкiмет» веб-порталының үздiксiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету

х

х

х

х

х

1.1.2-мiндет. Халықтың компьютерлiк сауаттылығын арттыру және IТ-мамандар даярлау

Тiкелей нәтижелер көрсеткiштерi

Ақпар. көзi

Өлш. бiрл.

2009 жыл

Жоспарлы кезең

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1. Халықтың компьютерлiк сауаттылық деңгейi

БАМ ақпар.

%

-

-

25

28

32

40

2. iCarnegie сертификаттарын алған студенттердiң саны

БАМ ақпар.

бiрл.

-

-

-

-

300

300

Тiкелей нәтижелер көрсеткiштерiне қол жеткiзуге арналған iс-шаралар

Жоспарлы кезең

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

1

2

3

4

5

6

1. Халықты компьютерлiк сауаттылыққа оқыту

-

-

х

х

х

2. 2015 жылға кемiнде 3 IТ-колледж құру

-

-

х

х

х

2-стратегиялық бағыт. ИКТ саласында
базалық қызметтердiң қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ететiн
пошта байланысы мен телекоммуникацияның қолжетiмдi,
тиiмдi және сапалы жүйесiн құру

2.1-мақсат. Халыққа және
ұйымдарға мультимедиялық қызметтердi көрсетуге
бағдарланған қазiргi заманғы технологияларға негiзделген
байланыс инфрақұрылымын қалыптастыру

Бюджеттiк бағдарламаның осы мақсатқа қол жеткiзуге
бағытталған кодтары 001,006, 010, 017

Мақсатты индикатор

Ақпар. көзi

Өлш. бiрл.

2009 жыл

Жоспарлы кезең

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1. 2015 жылға жергiлiктi телефон байланысын цифрландыруды 100 пайыздық деңгейге жеткiзу

Стат. дерек.

%

90,0

91,0

95,0

97,0

98,0

100,0

ауылдық жерлерде

Стат. дерект.

%

88,5

90

94,7

96

97,5

100

2. Пошта байланысының салынған және жаңартылған ауылдық бөлiмшелерiнiң саны

Стат. дерек.

бiрл.

-

-

-

186

372

560

2.1.1-мiндет. Қазақстан Республикасының үй шаруашылықтарын телефон байланысымен, Интернетке кең жолақты қолжетiмдiлiкпен және пошта байланысын дамыту қызметтерiмен қамтуды 100 пайызға жеткiзу

Тiкелей нәтижелер көрсеткiштерi

Ақпар. көзi

Өлш. бiрл.

2009 жыл

Жоспарлы кезең

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1. Телефон байланысының тiркелген желiсiнiң тығыздығы

Стат. дерек.

100 адам.

23,0

24,1

24,6

24,9

25,2

25,4

ауылдық жерлерде

Стат. дерек.

100 адам.

13,3

13,89

14,05

14,26

14,39

14,47

2. Интернет желiсiне кең жолақты қолжетiмдiлiгi бар пайдаланушылардың тығыздығы

Стат. дерек.

100 адам.

10,1

12,1

13,9

16,5

19,6

22,0

3. Интернет пайдаланушылардың тығыздығы

Стат. дерек.

100 адам.

19,8

22,0

25,2

28,4

32,1

35,8

4. Ауылдық елдi мекендерде байланыстың әмбебап қызметтерiмен қамтылған абоненттердiң саны

Стат. дерек.

абон.

876 847

930 744

969 589

995 430

1021 959

1045 730

5. Облыс орталықтары мен аудандар арасында қарапайым пошта жөнелтiмдерi өтуiнiң бақылау мерзiмдерiн қысқарту

Стат. дерек.

абон.

-

-

-

-

-

1

6. Халықаралық пошта жөнелтiмдерi өтуiнiң бақылау мерзiмдерiн қысқарту

Стат. дерек.

абон.

-

-

-

-

-

1

Тiкелей нәтижелер көрсеткiштерiне қол жеткiзуге арналған iс-шаралар

Жоспарлы кезең

2010

2011

2012

2013

2014

1

2

3

4

5

6

1. Жергiлiктi телекоммуникация желiлерiнде цифрлық коммутациялық станцияларды орнату

х

х

х

х

х

2. Ауылдық жерлерде телекоммуникацияның әмбебап қызметтерiн көрсететiн байланыс операторларының шығындарын субсидиялау

х

х

х

х

х

3. Жергiлiктi деңгейде тiркелген телефон байланысы операторларының жалпы пайдаланатын/телекомуникация желiлерiне қосылуға төлемдi төмендету

х

х

х

х

х

4. Жеке тұлғалар үшiн Интернетке қосылу бағасының төмендеуi

х

х

х

х

х

5. CDMA технологияларын пайдалану арқылы ауылдық байланыс телекоммуникация желiсiн жаңғырту

х

х

х

х

х

6. Пошта-логистикалық жүйенi жаңғырту

-

-

х

х

-

2.1.2-мiндет. Тұрғындар саны 1000 адам және одан жоғары барлық елдi мекендердi ұялы байланыс қызметтерiмен қамтамасыз ету

Тiкелей нәтижелер көрсеткiштерi

Ақпар. көзi

Өлш. бiрл.

Жоспарлы кезең

2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1. Ұялы байланыс абоненттерiнiң тығыздығы

Стат. дерек.

100 адам.

96,0

99,0

104

107

109

111

Тiкелей нәтижелер көрсеткiштерiне қол жеткiзуге арналған iс-шаралар

Жоспарлы кезең

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

1

2

3

4

5

6

1. Ұялы байланыс операторлар арасында 1920-1980 МГц, 2110-2170 МГц -тен 20 МГц дейiн диапазонда (қабылдау/тапсыру) жиiлiктердi бөлу

-

х

х

-

-

2. Сапалы және үздiксiз радиобайланыс жұмысы үшiн стационарлық радиобақылау пунктiн (СРБП) техникалық сүйемелдеу

х

х

х

х

х

2.1.3-мiндет. Қазақстанның барлық аумағына цифрлық хабар таратуды ендiру

Тiкелей нәтижелер көрсеткiштерi

Ақпар. көзi

Өлш. бiрл.

2009 жыл

Жоспарлы кезең

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1. Қазақстанның аумағын эфирлi цифрлық телехабар таратумен қамту

Стат. дерек.

%

-

-

-

25

62

95

Тiкелей нәтижелер көрсеткiштерiне қол жеткiзуге арналған iс-шаралар

Жоспарлы кезең

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

1

2

3

4

5

6

1. Спутниктiк цифрлық хабар таратуды iске қосу

-

х

-

-

-

2. Эфирлiк цифрлық хабар таратуды енгiзудiң жиiлiк-аумақтық жоспарын әзiрлеу

-

х

-

-

-

2.1.4-мiндет. Қазақстан Республикасында ИКТ-ны дамытуға ықпал ететiн салалық стандарттардың деңгейiн халықаралық нормаларға дейiн жеткiзу және құқықтық негiздi қалыптастыру

ИКТ стандарттарының жалпы санынан үйлестiрiлген стандарттардың саны

Стат. дерек.

%

73

60

60

60

60

60

Тiкелей нәтижелер көрсеткiштерiне қол жеткiзуге арналған iс-шаралар

Жоспарлы кезең

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

1

2

3

4

5

6

1. Мынадай әдiстемелердi әзiрлеу:
1) радиожиiлiк спектрiн пайдаланғаны үшiн төлемдердi есептеу;
2) Қалааралық және халықаралық телефон байланысының операторларымен трафиктi өткiзу және қосу жөнiндегi тарифтердiң есептесу тетiктерi мен қағидаттарын анықтау.

-

х

х

х

х

2. Байланыс саласындағы мемлекеттiк стандарттарды әзiрлеу:
1) «Телефон аппараттары. Техникалық талаптар»;
2) «Ұялы байланыстың абоненттiк станциялары және терминалдары. Техникалық талаптар»;
3) «Автоматтандырылған есептеу жүйесiнiң биллинг жүйесi. Техникалық талаптар»;

х

х

х

х

х

3. Байланыс саласындағы нормативтiк-құқықтық базаны жетiлдiру (Заңды/НҚА әзiрлеу)

х

х

х

х

х

2.1.5-мiндет. Лицензияларды беру тәртiбiн оңайлату

Тiкелей нәтижелер көрсеткiштерi

Ақпар. көзi

Өлш. бiрл.

2009 жыл

Жоспарлы кезең

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Байланыс саласындағы рұқсат беру құжаттарын беру үдерiстерiн автоматтандыру

Стат. дерек.

%

-

10

20

30

60

100

Тiкелей нәтижелер көрсеткiштерiне қол жеткiзуге арналған iс-шаралар

Жоспарлы кезең

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

1

2

3

4

5

6

1. Байланыс саласындағы рұқсат беру құжаттарын электрондық түрде беру

х

х

х

х

х

3-стратегиялық бағыт. Отандық ақпараттық кеңiстiктiң орнықты
дамуын қамтамасыз ету және бәсекеге қабiлеттiлiгiн
арттыру

3.1-мақсат. Мемлекеттiк ақпараттық саясатты, баспа және
мұрағат iсiн iске асыру тиiмдiлiгiн арттыру

Бюджеттiк бағдарламаның осы мақсатқа қол жеткiзуге
бағытталған кодтары 005, 020, 021, 022, 023, 025, 029

Мақсатты индикатор

Ақпар. көзi

Өлш. бiрл.

2009 жыл

жоспарлы кезең

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1. Отандық ақпараттық өнiмге тұтынушылардың қажеттiлiк деңгейi

зерттеу

%

-

-

30

35

40

45

2. Қазақстандық сайттарды қараудың күн сайынғы саны

БАМ ақпар.

млн. қарау.

-

-

12,3

15,2

18,0

20,9

3.1.1-мiндет Электрондық және баспа БАҚ арқылы мемлекеттiк ақпараттық саясатты жүргiзу

Тiкелей нәтижелер көрсеткiштерi

Ақпар. көзi

Өлш. бiрл.

2009 жыл

жоспарлы кезең

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1. Жаңа отандық теледидар арналарының саны

БАҚ есебi

бiрл.

-

1

1

-

-

-

2. Мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде шығарылған отандық баспа БАҚ материалдарының көлемi (газеттер)

БАҚ есебi

А-2 форм. жолақ

12 685

13 240

12 400

12 400

12 400

12 400

3. Мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде шығарылған отандық баспа БАҚ материалдарының көлемi (журналдар)

БАҚ есебi

есеп-баспа парағы

875

970

875

875

875

875

4. Мемлекеттiк тапсырысты жүзеге асыру шеңберiнде шығарылған теледидар және радиохабар таратудың к-лемi

БАҚ есебi

сағ.

68708

68 708

81118

81118

82213

82213

Тiкелей нәтижелер көрсеткiштерiне қол жеткiзуге арналған iс-шаралар

Жоспарлы кезең

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

1

2

3

4

5

6

1. Тақырыптық бағыттардың тiзбесiн қалыптастыру

х

х

х

х

х

2. Қоғамдық-маңызды iс-шараларды ақпараттық сүйемелдеу бойынша әдiстемелiк ұсынымдарды әзiрлеу

х

х

х

х

х

3. Мемлекеттiк арналардың тақырыптық саралауының аяқталуы

х

х

-

-

-

4. Мемлекеттiк БАҚ теледидар және баспа өнiмдерiнiң контент сапасын арттыру

х

х

х

х

х

3.1.2-мiндет. Бұқаралық ақпарат құралдарының құқықтық мәдениетiн арттыру және заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету

Тiкелей нәтижелер көрсеткiштерi

Ақпар. көзi

Өлш. бiрл.

2009 жыл

Жоспарлы кезең

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1. Мониторингпен қамтылған электрондық БАҚ өнiмдерiнiң көлемi

монитор, жүргiз. мекеме есебi

caғ.

74460

74460

74460

74460

74460

74460

2. Мониторингпен қамтылған, баспа БАҚ өнiмдерiнiң көлемi

монитор, жүргiз. мекеме есебi

жолақ

20718

20718

20718

20718

20718

20718

Тiкелей нәтижелер көрсеткiштерiне қол жеткiзуге арналған iс-шаралар

Жоспарлы кезең

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

1

2

3

4

5

6

1. Мониторинг жүргiзуге арналған тақырыптық бағыттардың тiзбесiн анықтау

х

х

х

х

х

2. Мониторинг жүргiзуге арналған БАҚ тiзбесiн анықтау

х

х

х

х

х

3. БАҚ саласындағы заңнаманың сақталуын бақылау

х

х

х

х

х

4. Жүргiзiлген мониторинг қорытындысы бойынша әкiмшiлiк шаралар қабылдау

х

х

х

х

х

5. Нормативтiк-құқықтық базаны жетiлдiру

х

х

х

х

х

3.1.3-мiндет. Интернет желiсi қазақстандық сегментiнiң мемлекеттiк қолдау шаралар жүйесiн құру

Тiкелей нәтижелер көрсеткiштерi

Ақпар. көзi

Өлш. бiрл.

2009 жыл

Жоспарлы кезең

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1. Ұлттық мемлекеттiк интернет-ресурстарын дамыту

БАМ ақпараты

бiрл.

12

10

10

10

10

10

Тiкелей нәтижелер көрсеткiштерiне қол жеткiзуге арналған iс-шаралар

Жоспарлы кезең

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

1

2

3

4

5

6

1. Дамытуға арналған ұлттық мемлекеттiк және коммерциялық ресурстар тiзбесiн анықтау

х

х

х

х

х

2. Хостинг қызметiн көрсету үшiн серверлiк Интернет платформасын құру

-

-

-

х

-

3.1.4-мiндет. Ұлттық мұрағат қорының сақталуын қамтамасыз ету, құрамын және мазмұнын байыту

Тiкелей нәтижелер көрсеткiштерi

Ақпар. көзi

Өлш. бiрл.

2009 жыл

Жоспарлы кезең

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1. 2010-2014 жылдары пайдаланушылардың мұрағаттық ақпаратпен қанағаттандырылған сұраныстарының үлесi кемiнде 80% деңгейiнде қалады

мұрағат мекемел. есептерi

%

80

80

80

80

80

80

2. Ақпарат саласындағы министрлiкке ведомстволық бағынысты ұйымдарды жұмысқа керектi жабдықпен, бағдарламалық қамтамасыз етумен, жиһаз және ғимаратпен жабдықтау

мұрағат мекемел есептерi

дана

-

46

69

52

75

75

Тiкелей нәтижелер көрсеткiштерiне қол жеткiзуге арналған iс-шаралар

Жоспарлы кезең

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

1

2

3

4

5

6

1. Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын цифрлық форматқа көшiру

х

х

х

х

х

2.Ұлттық мұрағат қорының республикалық мекемелерiн толықтыру

х

х

х

х

х

3. Нормативтiк-құқықтық базаны жетiлдiру

х

х

х

х

х

4. Жабдықтар, компьютерлiк техника, бағдарламалық қамтамасыз ету, жиhаздар мен ғимараттарды сатып алу

х

х

х

х

х

3.1.5-мiндет. Азаматтарды әлеуметтi-маңызды әдебиетпен қамтамасыз ету

Тiкелей нәтижелер көрсеткiштерi

Ақпар. көзi

Өлш. бiрл.

2009 жыл

жоспарлы кезең

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1. Шығарылатын әлеуметтiк-маңызды әдебиеттер атауының саны

баспа есептерi

бiрл.

474

300

400

400

400

400

Тiкелей нәтижелер көрсеткiштерiне жетуге арналған iс-шаралар

жоспарлы кезең

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

1

2

3

4

5

6

1. Әлеуметтi-маңызды әдебиет басылымы бойынша тақырыптық бағыттарды анықтау

х

х

х

х

х

2. Кiтап баспа ұйымдарының тiзбесiн анықтау

х

х

х

х

х

3. Кiтаптар шығару

х

х

х

х

х

4. Кiтаптарды Республика кiтапханаларына тарату

х

х

х

х

х

3.2. Мемлекеттiк органның стратегиялық бағыттары мен
мақсаттарының мемлекеттiң стратегиялық мақсаттарына
сәйкестiгi

Мемлекеттiк органның стратегиялық бағыттары мен мақсаттары

Стратегиялық және бағдарламалық құжаттың атауы

1

2

Стратегиялық бағыт: Халыққа, ұйымдарға мемлекеттiк электрондық қызмет көрсету және инфокоммуникация саласында бiлiм берудi дамытуға қатысу

Мақсат: Әлеуметтiк-маңызды қызмет көрсету үдерiстерiнiң айқындылығын, сапасы мен тиiмдiлiгiн арттыру және жоғарғы бiлiктi IТ-мамандар даярлау

«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығы

Стратегиялық бағыт: ИКТ саласында базалық қызметтердiң қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ететiн телекоммуникация мен пошта байланысының тиiмдi және сапалы жүйесiн құру

Мақсат: Халыққа және ұйымдарға мультимедиялық қызметтер ұсынуға бағдарланған, қазiргi заманғы технологияларға негiзделген байланыс инфрақұрылымын қалыптастыру

«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығы

«Қазақстан Республикасын үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарлама туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығы

Стратегиялық бағыт: Отандық ақпараттық кеңiстiктiң тұрақты дамуын қамтамасыз ету және бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру

Мақсат: Мемлекеттiк ақпараттық саясатты, баспа және мұрағат iсiн жүзеге асыру тиiмдiлiгiн арттыру

«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығы

«Қазақстан Республикасын үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарлама туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығы

4. Функционалдық мүмкiндiктерiн дамыту

Стратегиялық бағыттың атауы және мемлекеттiк органның мақсаттары

Стратегиялық бағыт пен мемлекеттiк органның мақсаттарын iске асыру бойынша iс-шаралар

Iске асыру кезеңi

1

2

3

Стратегиялық бағыт:
Халыққа, ұйымдарға мемлекеттiк электрондық қызметтер көрсету және инфокоммуникация саласында бiлiм берудi дамытуға қатысу

Мақсат: Әлеуметтiк-маңызды қызмет көрсету үдерiстердiң айқындылығын, сапасы мен тиiмдiлiгiн арттыру және жоғарғы бiлiктi IТ-мамандар даярлау

Қызметкерлердi кеңестерге, семинарларға, бiлiктiлiктерiн арттыру бойынша, тәжiрибемен алмасу курстарына жiберу

жыл сайын

«Электрондық үкiмет» шлюзiмен ықпалдастыруды өзара әрекет ету форматтары мен техникалық талаптарын айқындау үшiн мемлекеттiк органдары ақпараттық жүйелерiнiң техникалық құжаттарын зерттеу

жыл сайын

Облыс әкiмдiктерiмен IТ-колледждер құруды пысықтау. IТ-колледждердiң ашылуы және студенттердiң қабылдануы

2012 - 2015 жылдары

Стратегиялық бағыт:
ИКТ саласында базалық қызметтердiң қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ететiн телекоммуникация мен пошта байланысының тиiмдi және сапалы жүйесiн құру

Мақсат: Халыққа және ұйымдарға мультимедиялық қызметтер ұсынуға бағдарланған, қазiргi заманғы технологияларға негiзделген байланыс инфрақұрылымын қалыптастыру

Байланыс операторларының әлеуетiн арттыруын көздейтiн, байланыс операторларымен өзара әрекетiнiң жаңа моделiн құрастыруға мүмкiндiк беретiн, байланыс саласындағы нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру бойынша шаралар қабылдау

2010-2015 жылдары

Байланыс саласындағы рұқсат беру құжаттарын беру және есепке алу үдерiсiн толық автоматтандыру үшiн байланыс саласындағы рұқсаттама құжаттарын есепке алудың ақпараттық жүйесiн жетiлдiру және техникалық сүйемелдеумен қамтамасыз ету

2010-2015 жылдары

Қызметкерлердi кеңестерге, семинарларға, бiлiктiлiктерiн арттыру бойынша, тәжiрибемен алмасу курстарына жiберу

жыл сайын

Жаңа құрал-жабдықтарды сатып алу арқылы ведомствоға бағынысты мекемелердiң материалдық-техникалық базасын нығайту

жыл сайын

Стратегиялық бағыт:
Отандық ақпараттық кеңiстiктiң тұрақты дамуын қамтамасыз ету және бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру

Мақсат: Мемлекеттiк ақпараттық саясатты, баспа және мұрағат iсiн жүзеге асыру тиiмдiлiгiн арттыру

Қызметкерлердi кеңестерге, семинарларға, бiлiктiлiктерiн арттыру бойынша, тәжiрибемен алмасу курстарына жiберу

жыл сайын

Мемлекеттiк ақпараттық саясат шеңберiнде өндiрiлген өнiмдерiнiң сапасын жақсарту бойынша электрондық, баспа БАҚ және мемлекеттiк емес БАҚ мониторингi

жыл сайын

Жаңа құрал-жабдықтарды сатып алу, күрделi жөндеу арқылы ведомстволық бағыныстағы мұрағаттық мекемелердiң материалдық-техникалық базасын нығайту

жыл сайын

Ақпараттық технологияларды енгiзу және мұрағат мекемелерiнiң қызметiн автоматтандыру

жыл сайын

Мемлекеттiк ақпараттық саясат шеңберiнде өндiрiлген өнiмдерiнiң сапасын жақсарту бойынша ведомствоға бағынысты электрондық, баспа БАҚ және мемлекеттiк емес БАҚ-пен тұрақты жұмысы

тұрақты

5. Ведомствоаралық өзара iс-қимыл

Мiндет көрсеткiштерiне қол жеткiзу үшiн қажеттi ведомтвоаралық өзара iс-қимыл

Ведомтвоаралық өзара iс-қимыл жүргiзiлетiн мемлекеттiк орган

Ведомтвоаралық өзара iс-қимыл орнатуға арналған болжамды шаралар

Стратегиялық бағыт:
Халыққа, ұйымдарға мемлекеттiк электрондық қызметтер көрсету және инфокоммуникация саласында бiлiм берудi дамытуға қатысу

Мақсат: Әлеуметтi-маңызды қызмет көрсету үдерiстердiң айқындылығын, сапасы мен тиiмдiлiгiн арттыру және жоғарғы бiлiктi IТ-мамандарды дайындау

Мемлекеттiк электрондық, оның iшiнде әлеуметтiк-маңызды қызмет көрсетулер санының ұлғаюы

Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi

Мемлекеттiк электрондық қызмет көрсетулер бойынша iс-шараларды iске асыру және автоматтандыруға жататын қызметтер тiзбесiн анықтау

2011 жылы жеке және заңды тұлғалар үшiн электрондық цифрлы қолтаңбаларды беруге арналған ұлттық куәландыру орталығымен куәландырылған кемiнде 3 мемлекеттiк электрондық қызметтердi ұсыну

Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi «Зерде» ҰАХ» АҚ

Автоматтандыруға жататын қызметтер тiзбесiн анықтау. Жеке және заңды тұлғалар үшiн электрондық цифрлы қолтаңбаларды беруге арналған ұлттық куәландыру орталығымен куәландырылған кемiнде 3 мемлекеттiк электрондық қызметердi енгiзу

Халықаралық ақпараттық технологиялар университетiнде оқыту

Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi «Зерде» ҰАХ» АҚ

Халықаралық ақпараттық технологиялар университетiнде студенттердi оқыту үшiн грантардың бөлiнуiне жәрдем ету
Студенттердiң оқуын қамтамасыз ету

Стратегиялық бағыт:
ИКТ саласында базалық қызметтердiң қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ететiн телекоммуникация мен пошта байланысының тиiмдi және сапалы жүйесiн құру

Мақсат: Халыққа және ұйымдарға мультимедиялық қызметтер ұсынуға бағдарланған, қазiргi заманғы технологияларға негiзделген байланыс инфрақұрылымын қалыптастыру

Телекоммуникацияның жергiлiктi желiсiн цифрландыру деңгейiн ұлғайту

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлiк қоғамы

Талшықты-оптикалық байланыс желiсiн өткiзу
Байланыс қызметiнiң сапасын арттыру
Интернетке қосылу жөнiндегi қызметтердi ұсыну
Телекоммуникация және пошталық байланыс саласының көрсеткiштерiне жетуге бағытталған iс-шаралар кешенiн өткiзу

Ұялы байланыс абоненттерiнiң тығыздығын ұлғайту

Телефон байланысының тiркелген желiсi тығыздығын ұлғайту

Интернет желiсi пайдаланушыларының тығыздығын ұлғайту

Интернет желiсiне кең жолақты қолжетiмдiлiгi бар пайдаланушылардың тығыздығын ұлғайту

Пошта байланысының ауылдық бөлiмшелерiн салу және жаңғырту

Қазақстан аумағын цифрлы телехабар таратумен қамту

ITU нысаны бойынша Ф1-Ф5 статистикалық деректер нысандарын бiр iзге салу

Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi

Дүниежүзiлiк экономикалық форумның бәсекеге қабiлеттiлiк глобалды индекс көрсеткiштерiн есепке алу үшiн ITU нысандарына статистикалық деректер нысандарын сәйкестiкке келтiру

Стратегиялық бағыт:
Отандық ақпараттық кеңiстiктiң тұрақты дамуын қамтамасыз ету және бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру

Мақсат: Мемлекеттiк ақпараттық саясатты, баспа және мұрағат iсiн жүзеге асыру тиiмдiлiгiн арттыру

Мемлекеттiк ақпараттық саясатты электрондық және баспа БАҚ арқылы жүргiзу

Орталық мемлекеттiк органдар, жергiлiктi атқарушы органдар

Орталық мемлекеттiк органдарының баспасөз қызметтерiн үйлестiру, мемлекеттiк ақпараттық саясат жүргiзу мәселелерi бойынша жергiлiктi атқарушы органдармен жұмыс iстеу

Халықты қоғамдық маңызды ақпаратпен қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi

БҒМ құзыретiне жататын «Мәдени мұра» бағдарламасы шеңберiнде әлеуметтiк-маңызды әдебиеттердi әзiрлеу

6. Тәуекелдердi басқару

Мүмкiн тәуекел атауы

Тәуекелдердi басқаруға арналған iс-шараларды қолданбаған жағдайында туындайтын мүмкiн әсерлер

Тәуекелдердi басқаруға арналған iс-шаралар

1

2

3

Стратегиялық бағыт:
Халыққа, ұйымдарға мемлекеттiк электрондық қызметтер көрсету және инфокоммуникация саласында бiлiм берудi дамытуға қатысу

Сыртқы тәуекелдер

- мемлекеттiк органдардың ақпараттық жүйелер уақытында құрылмауы;
- «электрондық үкiмет» құрамдауыштарымен ведомстволық ақпараттық жүйелерiнiң ықпалдастыруында мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдардың төмен белсендiлiгi;
- электрондық түрде берiлетiн мемлекеттiк қызмет көрсетулер саны мен дамудың төмен деңгейi;

«Халыққа, ұйымдарға мемлекеттiк электрондық қызметтер көрсету» стратегиялық бағыттың қойылған мақсаттарына жетпеуi

- инфокоммуникациялық технологиялар саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi жетiлдiру осы тәуекелдердiң төмендеуi үшiн ықпал етедi;
- мемлекеттiк және жергiлiктi органдар жүйелерiнiң және ақпараттық ресурстардың тиiмдi жұмыс iстеуi;
- электрондық форматта мемлекеттiк қызмет көрсетулердiң тиiмдiлiгiн бағалау.

Стратегиялық бағыт:
ИКТ-саласында базалық қызметтердiң қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ететiн телекоммуникация мен пошта байланысының тиiмдi және сапалы жүйесiн құру

Сыртқы тәуекелдер

- азаматтық тағайындаудың радиожиiлiк спектрiн босатпау мүмкiндiгi

«ИКТ саласында базалық қызметтердiң қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ететiн телекоммуникация мен пошта байланысының тиiмдi және сапалы жүйесiн құру» стратегиялық бағыттың қойылған мақсаттарына жетпеуi

- жобаның тiршiлiк айналымдарының әрбiр кезеңiнде мерзiмдердi жоспарлау және бақылау;
- халықты байланыс қызметiмен қамтамасыз ету үшiн РЖС қажеттiлiгiн негiздемесiмен радиожиiлiк спектрiнiң ведомствоаралық коммисиясы талқылауына радиожиiлiк спектрiн босату мәселелерiн қайта шығару мақсатымен тиiстi iс-шаралар өткiзу


Страницы 1 2
Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina